Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


Қабылдаулар мен салтанаттар



Pdf көрінісі
бет67/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

Қабылдаулар мен салтанаттар. Ресми іс-шараларға ұлттық мерекелер
тарихи мерейтой күндері, шетел делегациясының, мемлекет және үкімет 
басшыларының келу жағдайлары бойынша өткізілетін әртүрлі қабылдаулар 
мен салтанаттар жатады. Біздің уақытымызға қалыптасып қалған протоколдың 
ережелері мен нормалары іс жүзінде дипломатиялық тәжірибенің барлық 
сыртқы нысандарын реттейді. Белгілі бір елмен қарым-қатынасқа байланысты 
протокол Ережесін қолдану кезінде оларға көп не аз мөлшерде салтанат 


89 
беріледі, ресми тұлғалардың қатысу саны мен деңгейі кеңейеді не азаяды. 
Мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастың маңызды нысандарының 
бірі дипломатиялық өкілдіктері бар мемлекеттік қызмет басшыларының 
кездесулері мен сұхбаттары болып саналады. Тараптар, кездесудің не 
сұхбаттасудың күні, сағаты, орны туралы алдын ала келіседі, сондай-ақ 
келіссөздер тақырыптары және оған қатысушылардың саны белгіленеді. 
Сұхбаттасудың бастамашысы кез келген тарап болуы мүмкін. Қабылдаулар, 
сондай-ақ ресми таңертеңгілік, түстік не кешкі астарды мемлекет, үкімет, 
министрлік басшылары, сондай-ақ елдің шетелдегі елшіліктері, консулдықтары, 
сауда өкілдері жүргізеді. Қабылдауларды, достық сапармен шетелдік базаларда 
болған әскери атташелер, кеме командирлері, сондай-ақ жергілікті әскери 
командование мен азаматтық биліктің өкілдері келген әскери қонақтарға 
құрмет тәртібінде өткізеді.
Дипломатиялық 
қабылдаулар белгілі бір оқиғаларға қарамай-ақ 
күнделікті дипломатиялық жұмыс тәртібінде жүргізіледі. Дипломатиялық 
өкілдіктердің тәжірибесінде бұл қабылдаулар едәуір кең таралған болып 
саналады. Саны жағынан көп емес шақырылған тұлғаларға бұл қабылдаулар 
қатынас орнату, байланысты нығайту мен кеңейту, қажетті ақпаратты алу, 
қажетті бағыттағы жергілікті ортаға әсер ету үшін қолайлы мүмкіндік 
туғызады. Дипломатиялық қабылдаулардың түрлері әртүрлі, оларды дайындау 
мен өткізудің негізіне халықаралық сыпайылық қағидатына негізделген 
хаттаманың жалпы қабылданған Ережелері мен нормалары салынған. 
Қабылдаулар, өткізудің уақыты мен тәсіліне қарай күндізгі және кешкі, үстелге 
отырғызу және отырғызусыз қабылдаулар болып бөлінеді. Қабылдауды таңдау 
жағдай бойынша себебіне қарай таңдалынады. Едәуір салтанатты (едәуір 
құрметті де) деп кешкі қабылдаулар саналады. Қабылдаудың тиісті түрін 
таңдау кезінде тиісті елдің протоколдық Ережелерін, ұлттық әдет-ғұрыптары 
мен салт-дәстүрлерін ескерген жөн. Белгілі бір қабылдаудың түрін таңдау 
бірқатар протоколдық формалдылықтармен, оны дайындаумен және өткізумен 
тікелей байланысты (шақыру және оған жауап, киім нысаны, келу және кету 
тәртібі, қонақтарды қарсы алу және шығарып салу, мәзірді жасау, үстелді 
сервирлеу, тосттар). Күндізгі қабылдауға «шампан бокалы» (немесе «шарап 
бокалы») мен «таңертеңгілік асты» жатқызу қабылданған. Кешкі қабылдауға – 
«шай», «коктейль», «фуршет», «түскі ас» (немесе «түскі ас-буфет» және 
«кешкі ас») жатады. Таңертеңгілік, түскі және кешкі ас қатаң түрде отырғызу 
арқылы өткізіледі. Онда әрбір қонаққа протоколдық үлкендік ескеріле отырып, 
үстелден арнайы орын беріледі. Түскі ас-буфет немесе шай ұйымдастырылған 
кезде отырғызу еркін. «Шампан бокалы» ереже бойынша сағат 12.00-де 
басталады және 1 сағатқа жуық созылады. Қонақтарды қабылдау уақытында 
шампанмен қатар басқа да сусындар ұсынылуы мүмкін (шарап, шырындар, 
минералды сулар). Қабылдау түрегелген түрдегі ұстанымда жүргізіледі. Киім 
нысаны – күнделікті костюм (көйлек). Ұйымның көзқарасы бойынша бұл – 
күрделі және ұзақ дайындалуды қажет етпейтін қарапайым ғана нысан. «Түскі 
ас» сағат 12.00 және 13.00 арасында жүргізіледі. Әдетте таңертеңгілік астың 


90 
басталуы 12.30-13.00-дің арасында жоспарланады. Ұзақтығы, ереже бойынша, 
бір сағат-жарты сағат, оның ішінде бір сағатқа жуығы – үстел үстінде және 
шамамен 15-30 минуты – кофемен (шаймен) болады. Таңертеңгілік астың мәзірі 
ұлттық салт-дәстүрлер ескеріле отырып жасалады. Мәзірге бір-екі суық 
тісбасар (закуска) енгізілуі мүмкін, біреуі балық не еттен жасалған тағам және
тоқбасар (десерт). Таңертеңгілік аста бірінші ас немесе ыстық тісбасар 
(закуска) берілуі мүмкін. Қонақтар жиналған кезде оларға аперитив 
ұсынылады. Таңертеңгілік ас барысында құрғақ жүзім шарабы, ал аяқ жағында 
– шампан, кофе, шай ұсынылуы мүмкін. Минералды су, шырындар 
таңертеңгілік астың барысында беріледі. Күтудің бастамасы – басты қонақта 
болады. Қонақтар, ереже бойынша, таңертеңгілік асқа егер де шақыруда өзге 
арнайы киім нысаны көрсетілмесе, оған күнделікті киімімен келеді. «Коктейль» 
сағат 17.00 және 18.00 арасында басталады және екі сағатқа жуық созылады. 
Қабылдау түрегеп тұру ұстанымында өтеді. Шақыруда қабылдаудың басталу 
және аяқталу уақыты белгіленеді (17.00-19.00, 18.00-20.00). Бір сағатқа жуық 
қабылдауда болған кез дұрыс болып есептеледі. Қабылдауға кешікпей келіп, 
соңында белгіленген уақытта кету – қожайынға деген ерекше құрметті білдіреді 
деп есептеу қалыптасқан. «Фуршет» түрінде қабылдау, «Коктейль» сияқты 
уақытта жүргізіледі. Қабылдаудың бұл түрінің қалыптасқан дәстүр ерекшелігі – 
«Коктейль» қабылдауында әдетте сусындар және тағамдар әкелінеді, ал 
«фуршеттік» қабылдауда тісбасар (закуска) ассортименті едәуір мол болады. 
Фуршеттік қабылдауда үстелдерге ыстық тағамдармен қоса тісбасарлар 
қойылады. Коктейльде және фуршетте киім нысаны – күнделікті костюм. 
Кейде, нақты жағдайға қарай, шақыруда өзге киім нысаны көрсетілуі мүмкін. 
«Түскі ас» әдетте сағат 12.00-13.00-ден басталады. Түскі астың мәзіріне – бір-
екі суық тағам, сорпа, ыстық балық немесе ет тағамдары, тоқбасар (десерт) 
кіреді. Түскі ас кезінде қонақтарға аперитив беріледі. Түскі астың ұзақтығы –
2,5-тен 3 сағатқа дейін созылады. Осыған орай қонақтар үстел басында бір 
сағаттан артық уақыт болады, ал қалған уақытта – қонақ бөлмесінде болады. 
Протоколдық тәжірибе түскі асқа киім нысанын көрсетуді ұсынады. Ерлер 
үшін, бұл ереже бойынша, кешкі костюм, ал салтанатты жағдайларда – смокинг 
немесе, тіпті фрак. Әйелдер үшін – кешкі көйлек. «Кешкі ас» түскі астан 
басталу уақытымен ерекшеленеді – сағат 21.00-ден кеш емес уақытта 
жүргізіледі. Протоколдық тәжірибеде дипломатиялық қабылдаудың «кешкі ас» 
сияқты түрін қазіргі уақытта өте сирек пайдаланылады. Ресми түскі астың 
басталуының протоколдық уақыты бұрынғыдай қатал емес түрде жүргізіледі. 
Ол сағат 19.00-ден бастап жүргізілуі мүмкін.
Соңғы жылдары протоколдық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «обед-
буфет» сияқты қабылдаудың түрі жиі пайдаланылады, онда қонақтар жалпы 
үстелден қалаған тағамдарын таңдайды, содан кейін өз қалауы бойынша кез 
келген орынға еркін жайғасады. Қабылдаудың осындай түрі концерттен, 
музыкалық 
кештен 
немесе 
белгілі 
бір 
салтанатты 
актіден 
соң 
ұйымдастырылады. Протоколды жақсы білу тек қана дипломат үшін ғана емес, 
сонымен бірге халықаралық-экономикалық ынтымақтастық мәселелерімен 


91 
айналысатын әрбір мемлекеттік қызметкерге, бұдан басқа өзінің шетелдік 
әріптестерімен табысты ынтымақтастықты қажет еткен әрбір бизнесменге де 
қажет.
Қазіргі заманға сәйкес дипломатиялық және іскерлік протоколдың 
Ережелерін және нормаларын сауатты меңгеру – қарым-қатынастың қолайлы 
климатын жасайды, дипломатиялық немесе экономикалық ведомоствоның, 
сонымен бірге жалпы мемлекеттің беделін арттырады.
(Орыс тілінен аударылып берілді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет