Дипломатиялық және сауда қатынастарымен шектелді


) Қазақстан Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан



бет2/10
Дата21.12.2023
өлшемі4.5 Mb.
#487379
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
№26 Кіші жүздің Ресейге қосылуы

1) Қазақстан Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан және т.б. Азиялық мемлекеттерге әскери іс-әрекеттерін одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы аумақ еді. Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен – ағылшын-орыс бәсекелестігі болды.
2) Ресей фабрика- зауыт өнімдерін өткізу үшін Қазақ хандығы үлкен нарық саналды.
3) Қазақ даласы болашақта Ресейге түрлі шикізат, пайдалы қазбалар және мал шаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын аймақ болар еді.
4) Өзге де империялар сияқты Ресей де көшпелілерді өзіне бағыныштылар, алым-салық төлеудің қайнар көзі деп білді. Шыңғыс ұрпақтары арасындағы ішкі ыдырауда Ресейдің дипломатиялық, әскери-барлау қимылдарын жандандыруына түрткі болды.
Патша үкіметінің әскери бекіністер желісін салуы
Жәміш бекінісінің салынуы
  • І Петр 1714 жылы 22 мамырда И.Д.Бухгольц бастаған экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа қол қойды.
  • Подполковник И.Д.Бухгольц бастаған 2800 адамы бар әскери экспедиция 1715 жылы маусым айында жорыққа шықты.
  • Қазан айында Жәмішев (Ямышевск) бекінісінің іргесі қаланды. Бекініс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты.Бекіністің құрылысы қоршауға алынды.Келесі жылы аман қалған 700 адаммен Бухгольц кері қайтуға мәжбүр болды.
  • Жәмішев бекінісі – қазіргі Павлодар облысының Жәмішев (Ямышево) ауылы.
  • «1716 жылы князь Гагарин өзінің жіберген қателігін түзетіп, жүзбасы Чередов арқылы қоңтайшыға Жәмішев бекінісінің салыну себебін оның өздері шабуылға айдап салып отырған қырғыздар тарапынан жасалатын шабуылдан қорғану үшін деп түсіндірді, содан кейін бояр ұлы Мартемьяниковты қоңтайшыға жіберіп, одан қазына-мүлік пен тұтқындарды қайтарып беруді талап етті».

Омбы бекінісі
  • Жоңғарлар қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатқан Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жеткенде қосымша көмек келіп жетті.
  • 1716 жылы 20 мамырда И. Бухгольц отряды Омбы бекінісінің негізін қалады. Енді осыларда әскер ұстаған патша өкіметі қазақ жеріне тереңдеп кіре бастады.
  • Кейінірек, патша үкіметі қазақ-жоңғар әскери-саяси қайшылығы жағдайында Ертіс жағалауы аймағына басқа да бекіністер салды.
  • Ертіс өзенінің жағалауына патша өкіметі тұрғызған бекіністер: 
  • 1716 жылы Жәміш;
  • 1716 жылы Омбы;
  • 1717жылы Железинск;
  • 1718 жылы Семей (Семипалатинск);
  • 1720 жылы Павлодар, Өскемен, Чернорецк, Коряковск.
  • 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсатыҚазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
  • Бекіністердің арасында шағын бекіністер мен редуттар пайда болды. Жоңғар билеушілеріне бекіністердің салыну себептерін патша әкімдігінің өкілдері қазақтардың шапқыншылығынан қорғаныс деп, ал қазақтарғажоңғар шапқыншылығынан қорғану шаралары деп түсіндірді.
  • Алайда бекіністер Ертіс өзені бойындағы патшалықтың жағдайын күшейтуге қолайлы еді. Ондағы негізгі мақсаты Қазақ хандығы мен Жоңғар қоңтайшысына тиесілі жерлерді өзіне қосып алу еді.
  • Мұндай шаралар Кіші жүзбен шектесетін қазақ қоныстарының солтүстік-батыс шегарасында да жүргізілді.
  • Орыс зерттеушісі Н.Коншин: «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті- оң жағауындағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау еді»-деп жазды.
  • Н.Я.Коншин (1864–1937) белгілі орыс ғалымы, тарихшы әрі фольклоршы, Орыс география қоғамы Семей бөлімінің мүшесі. Ол Семей қаласында өлкетану мәселесімен айналысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет