Әскери шептер салудың кеңеюі
- ХVІІІ ғасырдың 40-50жылдары солтүстік-шығыс Қазақстан бекіністер, шептермен қоршалды.
- Горькая шебі -Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекініс аралығын қамтыды.Бойында көптеген ащы сулы көлдер бар бұл шепті халық деп атады. «Қасірет белдеуі»(Горькая линия)
- Ертіс шебі- Омбы бекінісінен Кіші Нарын бекінісіне дейін созылды.
- Колыван шебі- Өскемен бекінісінен Кузнецк шебімен жалғасты.
- ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарының басында жоңғар-қытай, жоңғар-қазақ қатынастарының шиеленісуіне байланысты Ресей Звериноголовск редутынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта 1752-1755 жылдары қосымша бекіністерден тұратын Есіл немесе Пресногорьковск шебін құрды.
- Осы бекіністердің ең ірісі- Петропавл (жергілікті аты-Қызылжар) 1752 жылы тұрғызылды.
- Тобыл өзенінен тартылған Ой шебі біртіндеп Жаңа Есіл шебімен жалғасты. Патша өкіметі осылайша қазақ жерін бекіністер арқылы отарлаудың шешуші кезеңін аяқтады.
- Сыртқы iстер министрлiгi алқасының Орта жүз қазағының Ертiстiң оң жағалауына өтуіне тыйым салған жарғысы шықты.
1755 жылы
Қазақтардың Ресейдiң қол астына өтуiнiң салдары
- Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуiне байланысты жағымсыз салдар орын алды.
- Қазақ халқы бiрте-бiрте өз тәуелсiздiгiнен айырыла бастады.
- Патша үкiметi хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзiнiң айтқанын екi етпейтiн бағынышты шенеунiктеріне айналдырып алды.
- Патша үкiметi жалпықазақ хандығы болуын мойындамау арқылы Қазақ мемлекетiнiң аумақтық тұтастығын бұзып, бiрлiгiн ыдырата бастады.
- Iс жүзiнде қазақтардың билеушiлерiмен ешқандай келiсiмсіз-ақ, қазақ-орыс шегарасының бүкiл өн бойына әскери бекiнiстер, қамалдар, далалық шағын бекiнiстер салуды үстi-үстiне үдете бердi.
- Жайылымдық жерлердiң тарыла түсуi мал өсiрумен айналысатын көшпелi және жартылай көшпелi қазақтардың шаруашылық негiзiн қатты шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшiн шегара шебiндегi аймақтарға көшiп баруына рұқсат етiлмедi.
- Қазақстанның Ресей ықпалына көнуi кейiнгi жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерiмен қарым-қатынасының едәуiр нашарлап кетуiне әкеліп соқты. Хиуа мен Бұхардың әскерлерi Оңтүстiк Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлеттi.
- Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi. Сондықтан жоңғарлардың билеушiсi Галдан Церен Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |