1730жыл қыркүйек
- 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын протектораттық құқықтарымен Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды.
- Протекторат- мемлекетаралық қатынастар түрі. Бір елдің ішкі істерінде автономиялылығын және өз билеуші әулетін сақтай отырып, халықаралық қатынастарда басқа елдің өзінен жоғары екендігін мойындайды.
- 1731 жылы 30 сәуірде Петербургтен шоқынған татар А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді.
- Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.
- Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды. Ол үшін
1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді.
- Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.
- Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін жинауға- жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы мәліметтер жинауға тиіс болды.
А.И.Тевкелев елшілігі
Тевкелев Алексей Иванович (1674–1766)
Ресей дипломаты, Сыртқы iстер алқасының аудармашысы, генерал әрi iрi помещик, Кiшi жүз қазақтарының Ресей қол астына өтуiне түрлі айла-шарғымен ықпал еткен.
- Барақ — қазақ сұлтаны. Шыңғыс ханның тұқымы. Жәдік әулетінен. Әкесі — Тұрсын хан. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың басты бақталасына айналады.
- Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды.
- Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілқайырдың ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |