1731 жылы
- Орта жүздің қазақтары да патша үкіметінің әскери-отаршыл күштерінің ілгері жылжуын тоқтатуға тырысты.
- Омбы бекінісінің маңында қазақтар мен әскери гарнизонның арасында қанды қақтығыс болды.
КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ
Қазақ жүздерінің жағдайы
- Аңырақай шайқасындағы жеңіске қарамастан қазақ елінің жағдайы күрделі күйінде қала барды.
- Тәуке ханның ұлы Болат ханның орнына аға хан ретінде Әбілмәмбет сайланды.
- Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Әбілқайырды Кіші жүздің көптеген рулары хан ретінде мойындаған жоқ. Орта жүзде екі хан және бірнеше ірі сұлтандар билікте болды. Ұлы жүздің де жеке ханы болды.
Әбілқайыр хан
(1680-1748)
- 1710 жылы Қарақұм құрылтайында бүкіл халықтық жауынгерлік жасаққа басшылық ету сеніп тапсырылды. Кіші жүз әскерінің қолбасшысы болып сайланды.
- 1718-1748 жылдары Кіші жүз ханы.
- 1726 жылы Ордабасы құрылтайында бас қолбасшы болып сайланды.
- 1730 жылы көктем Аңырақай шайқасында қолбасшылық етіп жеңіске жетеді.
- «Ресей бодандығын» қабылдаған кезде Ресей империясы өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатынын күтпеді. Далалықтардың мал жайылымдарының біртіндеп қысқаруына және Ресей бекіністерінің салынуына қарсы шықты. Ресей империясы Әбілқайырдың билігін әлсіретіп, кейін оны биліктен мүлдем аластатуға тырысты. Ресей ұлын аманатқа алып, империя бодандығындағы басқа халықтарды Әбілқайырға айдап салып отырды.
Әбілхайыр ханның мақсаттары
1. Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру және қалмақтар мен башқұрттардың елді мазалауын тоқтату.
2. Ресейге арқа сүйеп, өзінің жеке қарсылықтарының сағын сындырып, өз беделін көтеру.
3. Жайық, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақ руларына мал шаруашылығын дамыту үшін бейбіт өмір қажет болды. Сол үшін Ресеймен келісімге келу.
4. Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
- 1730 жылы Кіші жүз ақсүйектері Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құру талабын қойды.
- Хан билер мәжілісінің шешімін бұзып, Петерборға аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің қол астына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.
- Батыр Сейітқұл Құндағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы елшілігі Кіші жүзді Ресей қарамағына алу туралы өтінішпен Санкт-Петербургке келді.
- Әбілқайыр елшілігіне зор құрмет көрсетілді. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин кінәздігі қосылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |