Экономика тақырыбы бойынша:
«Ақ алтынның» құны көк тиын болғаны ма?
Отанымыз тек оңтүстік қана ма?
Облыс астанаға орын босатса
Жас бала жалаңаш әйел
Өзіміз өндірмей, өрісіміз кеңеймейді
Қазақтың тойы: жиналыс, ысырап және тыраштану
Жүзінде бір мұң жататын
«Қазақ» көшесінен «Қазақстан» астанасына
Қазақты оятқан қоңырау
Мал ашуы – жан ашуы
Ұлыққа емес, сотқа бар
Үміт үзілмек емес
Соттан әділдік таппаған адам
Екі кемемен қатар жүзген ептілер
Кадр ойыны орға жығып жүрмесін
Әкеден қалған орын ба?
Ұжым дағдарды, қосшы қиналды
Жылы орынға жылжыту
Еуропа төріндегі киіз үй
Өзбек өз ағамыз емес
Бас қамын ойлаған басшылар
Жанам деген жүрекке от берейік
Екі мешіт еліне сапар
Жат елінде сұлтан болған
Табыс көзі – тәртіпте
Тосқауыл
Сынаған сайын бүлдіріп жатыр
«Жедел жәрдемдер» адасып жүр
Мұртын балта шаппайды
Күнгей мен көлеңке
Ордабасы: тойдан кейінгі тосырқау
Ерлік есеппен жасалмайды
Ұлы ұстаздың қайта оралуы
Қазақты жарылқаушылар көп
Публицист, журналист Еркін Қыдыр туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егемен Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Еркін Қыдырды жақсы білесіздер. Оның экономика және саяси тақырыптарға жазған жарияланымдар дестесі өздеріңізге жақсы таныс. Еркін республика аймақтарының өміріне жақсы қанық. Сол себепті оның жазған мақалаларында жергілікті мәселелер мемлекеттік биік деңгейден екшелінеді. Ол нарықтық экономика, шаруашылықты жүргізудің осы заманғы әдіс-тәсілдеріне де жетік. Газет басшыларының бірі бола тұра таза әкімдерлікпен айналысып кетпей қолынан қаламын тастамауының өзі Еркіннің жақсы қасиеті деуіміз кереу. Осылай жұмыс істей бер енді, Еркін» деп жылы тілегін 1999 жылы 26 шілдеде арнаған екен [8, 52].
Ал Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртаза да Еркін Қыдыр туралы «Ұлтына құрмет лебі бар» деген тақырыппен: «Президент сыйлығының лауреаты, белгілі журналист Еркін Қыдырдың бұл кітабы еліміздің тәуелсіздік алғанынан бері «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде жарық көрген үздік мақалаларының жинағы. Қай кезде болмасын өзіндік шынайылығымен, әділ көзқарасымен ерекшеленген автордың Қазақстан Республикасының еңселі ел, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде билік басында отырған ірі лауазым иелері туралы, қоғам мен саясат туралы, халықтың әлеуметтік жағдайы мен тыныс-тіршілігі туралы жазған өткір сындары мен журналистік сараптамалары оқырманға түсінікті, қарапайым тілде жазылған, көз алдынан өткен көріністей әсер қалдыратын, көпшілік пікірін ұйымдастырып, адамдардың санасына сәуле түсіретін ерекше, тың дүниелер. Мемлекетіміздің жаңа тарихын келесі ұрпақтарға жеткізетін, қазақ журналистикасының дамуына үлкен үлес қосар мықты кітап деп есептеймін. Қоғамымызда орын алып отырған әр түрлі оқиғаларды жан-жақты саралай келе, автор қарапайым халық мүддесін қорғауды басты мақсат етіп алған. Еңбектерінің қайсысына болмасын көз жүгіртсеңіз, өз ұлтына деген құрмет пен сүйішпеншілік лебін аңғарасыз» [18,96] деп Еркін Қыдырдың шығармашылығына өте жоғары баға береді.
Еркін Сағындықұлы Қыдырдың «Ұсақтама үкімет» атты кітабын талдап көрсек келесідей материалдарға көз жеткіземіз. Оның «Үкімет: ұмытқаны мен ұтқаны», «Ескі үкіметтің алғашқы бомбасы», «Сөзге сараң үкімет», «Үндемейтін үкімет», «Белгілілердің берекесіз бейнелері», «Жұрт ертең сен туралы не айтады? Билік тізгінін ұстағандардың барлығы бірдей басшы борышына адал ма?», «Кабинетшіл реформаторлар», «Қаратай Тұрысов кешірім сұрады, ал Үкіметтің ұяты неге оянбайды?», «Премьер-министр демалыста. Оның орынтағына көз салушылар көбейіп барады», «Төртінші билік, төрге шық!», «Өндіріс өрге басса, жайма базарға жай түсе ме?», «Теңге тағы сынға түсті», «Жүз күннің жүгі», «Үкімет отаншылдарға үміт артса», «Әкім бол, халқыңа жақын бол!», «Елге етене Елбасы», «Қызмет екеу болғанмен, басшы – біреу», «Әкім мен төраға – бір қызмет», «Терещенко не демек болды екен?», «Әкімдердің аяғы үзеңгіде», «Әкім болдым-ау, қанша күнге?», «Жеке жауапкершіліктен жалтармаймын», «Жанам деген жүрекке от берейік», «Бейнет пен бедел», «Табыс көзі – тәртіпте», «Бас қамын ойлаған басшылар ел қиналып жатса да айылын жияр емес», «Билікке деген сенім әкімдер әрекетімен өлшенеді», «Күншығыстағы қуатты ел», «Қызмет қолдың кірі емес», «Депутат атын жамылып», «Билік тасасында байлық бар», «Жездем әкім болды, мен де жерде қалмаспын», «Ұлыққа емес, сотқа бар», «Басшы болдың ба – бас қамын ұмыт», «Сыбайластардың сағы сынған жоқ» т.б [15,25].
«Абай телеарнасында» «Сенде бір кірпіш дүниеге» атты хабары бар. Сол бағдарламаға елдің алдында жүрген белгілі азаматтар өз ойларын ортаға салып, елдің бүгіні мен ертеңі туралы ой бөліседі. Сол бағдарламаға Еркін Қыдыр да қатысқан болатын. Оның інжу-маржан ойларын осы жерге түсіріп, талдап көрсек дұрыс болушы еді деп ойлаймыз. Еркін Қыдыр ол бағдарламада «Ұлы Абайдың бұл сөзі үлкен мәнмен айтылған. Егер кірпіш дұрыс қаланса, адамның болашағы дұрыс жоспарланады, дұрыс бағытталады, адам дұрыс кетігін таба білуі керек. Абайдың бұл сөзі үлкен даналыққа толы мәнді сөз. Әр кірпіш дұрыс қаланса, қоғам мен мемлекет дұрыс болады. Әр кірпіш дұрыс жатса, одан кейінгі кірпіштердің де дұрыс қалануына себепші болады» дейді. Ол бағдарламада журналист Еркін Қыдыр қазіргі қоғамда «жаман» болмаудың бірден-бір жолы білімді болу екендігіне кеңінен тоқталады. Сонымен қатар ол білім алу мен баланы дұрыс оқыту мәселесіне де ерекше тоқталады. Ел ішіндегілер кей жағдайларда оқыту деп шартты түрде оқытқанды айтатын сияқтымыз. Қазіргі заманда диплом бөлек, мамандық пен кәсіп бөлек болып кеткен заман болды. Осыдан туындаған мәселе қажеттілігі жоқ мамандықтар қаптап кетті. Яғни, қолдарында дипломы көп, қажет емес мамандықтар көбейді. Қоғамда дипломы көп жұмыссыздар пайда болды. Дипломы бар бірақ мамандығы бойынша емес, басқа салада еңбек етіп жүргендер пайда болды. Демек, қоғамда «оқу үшін оқу керек» дегендер де көбейді. Бұл бағдарлама ютуб арнасында бар. Қызық болса, ашып кеңірек танысуға болады [24, 40].
«Публицист Еркін Қыдырдың тағы бір бағыты ол – кадрлық мәселелерді де қалдырмай талдап жазып отыруы дер едік. Себебі, елдің жағдайына алаңдап, оның болашағына тікелей жауапты да кадрлар десек артық айтқандық емес [30,22]. Сөзіміз дәлелді болсын десек, оның «Кадр “ойыны" орға жығып жүрмесін» атты мақаласын талдап көрелік. «Ресми мәліметтерге сүйенсек, қылмыстық жауапкершілікке тартылған он жемқордың бірі полиция қызметкері екен. Олардың қатарынан сот, прокуратура, қаржы полициясы, кеден, салық қызметкері де жиі орын алып жатады. Өкінішке орай, біздің құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде қорғаушы мен сақшының емес көзтүрткінің кейпі басымдық алып тұр. Бұл үлкен алаңдаушылық туғызатын құбылыс [25,84]. Бүгін Астанада өтетін алқалы жиын құқықтық мемлекеттің қуаттылығын арттыру, әділеттілікті қалпына келтіру ісінде елеулі орын алатын, қалың ел үлкен үміт күтетін іс-шара болады деп сенеміз.Осыдан бес-алты ай бұрын “Время” апталығы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының бастығы генерал Т.Рахымжанов зейнеткерлікке шыққанда бұрынғы бала-бақша ғимаратын жекешелендіріп, пәтерге айналдырды, су жаңа шетелдік қызмет көлігін міне кетті деп шу көтерді. Көп ұзамай “жоқ, көлікті қайтарыпты, сірә жоғарыдан тапсырма болған-ау” деп ақталғандай сыңай танытты. Бірақ біздің айтпағымыз генерал да, оның кең сарайдай үйі де, көлігі де емес. Соңғы оншақты жыл ішінде бұл облыста ішкі істер басқармасына оныншы басшы келіп отыр, ол — Ерлан Тұрғымбаев. Он жылда — он басшы.Әлгі зейнет демалысына кеткен генерал соңғы қызметінде 1 жыл 2 ай ғана, ал оның алдындағы басшы М.Жаманбаев он бір ай ғана істеді. Бұған дейін бірқатар облыстық құрылымдарды басқарған Жаманбаевтың соңынан жаман сөз еріп үлгерген жоқ. Осы дәрежелес қызметке ауысты, әйтсе де оның не жамандығы не жақсылығы туралы ресми дерек болмады. Ал оның орнына көп ұзамай зейнет демалысына кететін адамның тағайындалуы да (Төлеген Рахымжанов Петропавлға келгенге дейін Атырау облыстық ішкі істер басқармасын тоғыз ай басқарған екен) оң-солын ажырата алатын адамға түсініксіз, яғни қисынға келе бермейтін сияқты. Сірә, оның астарында кадр “ойынының” қатпары қалың құпиялары жатыр-ау...Өкініштісі, бұл тек бір облысқа ғана тән құбылыс емес. Біз жер-жердегі меншікті тілшілерімізге сұрау салып, журналистік зерттеу жүргізгенде осыны айқын аңғардық. Айталық Қарағанды облысында да соңғы үш жылда ішкі істер басқармасының бастығы үш рет ауыскан. Тілті үш-төрт жылдан бері бір облыстық құрылымды тапжылмай басқарып келе жатқан басшыны бұл салада некен-саяқ кездестіресің. Әйтеуір сапырылыс. Бұл ауыс-түйістің астарында не жатыр? Құқық қорғау органы қызметкерлері мемлекет мүддесін көздеуге тиіс болғанымен мемлекеттік қызметкер санатына жатпайды. Бос орынға талпынып, біліктілігі мен білімін таразыға салып, конкурсқа қатыспайды, кадр таңдауда жариялылық жоқ. Бәлки бұл саладағы сапырылыстың бір сыры осында ма екен? Яғни, кадр саясатын жоғары шенді басшылар жеке-дара жүргізгенінің салқыны шығар бұл.Мұндай келеңсіз жайттар құқық қорғау органдарының өзге салаларын да айналып өткен жоқ [29, 75]. Мәселен, соңғы 4-5 жыл бедерінде облыс прокуроры Оңтүстік Қазақстан облысында 4 рет, ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Ақмола облыстарында 3 рет, Батыс Қазақстан облысында 2 рет ауысқан. Жамбыл облысында соңғы төрт жыл бедерінде облыс прокуроры үш рет, ұлттық қауіпсіздік, салық комитетінің, қаржы полициясының басшылары да үш реттен ауысып үлгерді. Әйтсе де облыстағы қылмыстық ахуал сауықпай отыр. Әсіресе мұнда погон тағып, жол бойын торуылдап, өз қызметін оңай нәпақа табу кәсібіне айналдырғандар азаяр емес. Елбасы алқалы жиындарда атап көрсетіп сынаса да, министр Сүлейменов күпайке киіп, түрін өзгертіп, “КамАЗ-ға” мініп рейд жасаса да мұнда оң өзгерістер орын алмай отыр, “баяғы жартас бір жартас” күйінде. Тіпті облыстық ішкі істер басқармасының басшылары министрдің басы артық бекеттерді жою жөніндегі бұйрығын құлағына қыстырмайды. Онсыз да басы артық бес полиция бекеті бола тұра, көші-қонға бақылау жасайтын, қосымша тоғыз бекет орнату осының айғағы емес пе? Былықшылық, бопсалау кең етек алып, бүкіл полиция атына кір келтірген қызметкерлерді, оларды бетімен жіберген басшыларды қатаң жазалау, тіпті органнан аластау орнына министр Сүлейменов былқылдақ бұйрық шығарып, үркітумен шектеліп отыр. Сосын іс қалай түзелсін?Өткен жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің республикалық кеңесінде “Құқық қорғау органдарын соңғы жылдары толық мәніндегі кадр “ойыны” басып алды. Бұл әсіресе жекелеген басшылары қызметке бар-жоғы бірнеше айға тағайындалған қаржы полициясы мен басқа органдарға қатысты” деп айтқан еді. Шын мәнінде мәселе осылай болып тұр, бұл тұрғыда әлі түбегейлі бетбұрыс жасалған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясын Жүсіп Болат 8 ай, С.Гаврилов 3 ай басқарса, Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасын Боранов деген азамат 2 ай ғана басқарған екен. Мұндай мысалдарды кеден, салық саласынан да көптеп кездестіруге болады. (Журналистік зерттеу барысында сот саласының кадрлар сапырылысынан аман екеніне көз жеткіздік. Мұның өзі Елбасы тапсырмасымен жүргізіліп жатқан сот реформасының бір жемісі болса керек. Бұл салада кадр тағайындау, оның білім мен біліктілігін тексерудің бірнеше сатылы алқалы құрылымдары құрылған). Сонда тегеурінді, маңызды құқық корғау органдарының сынақ полигоны немесе уақытша қонатын әуежай болғаны ма? Ай сайын басшы ауысса жұмыста не береке болмақ [31,62]. Соның нақты дәлелдері мынадай: деректерге сараптама жасайтын болсақ ішкі істер органының қызметкерлері жыл басынан бері 172 қылмыс жасаған, оның 85-і сыбайлас жемқорлық сыйпатында. Еліміздегі өрбір 10 жемқордың бірі — погон таққан полиция қызметкері. Олар сонда қылмысты ауыздықтайды, жемқорларға қармақ салады дегенге кім сенеді? Осы орайда әсіресе Алматы мен Астана қаласының, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облыстарының полицейлері “алғы шепте” екен. Қылмысты істі қысқарту үшін 1500 АҚШ долларын талап еткен Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданы ішкі істер бөлімінің тергеушісі Әбішев ақпан айында қолға түсті, 1000 доллар пара алған астаналық тергеуші де тұзақтан құтылмады.Биыл көктемде төрт адамның қанын жүктеген, кісі ұрлау мен өзге де аса ауыр қылмыстармен айналысқан қарақшы топ қолға түсті. Топ басшысының бірі Астана қалалық қылмыстық полиция бастығының орынбасары полиция подполковнигі Евгений Соболевский екен. Бұл топта кұқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлері бар екен. Подполковниктің мүлкі тәркіленіп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың тағы бір басшысы УҚК-нің бұрынғы полковнигі Анатолий Адамов 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Иә, олар жазасын алды, бірақ офицер деген атаққа өшпестей кір түсірді [30,29]. Кезінде істі болып сотталған, мерзімін өтеген полиция майоры Виталий Корнейцовтың кадрлар бөлімінің мұрағаты мен компьютеріндегі өмірбаянында ешбір мін жоқ, тіпті арнайы полицияда қызмет еткен. Және оған аса күрделі міндеттер сеніп тапсырылған. Міне полицияның “қырағылығы” осындай. Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов өзі басқаратын салада заңды бұзушылықпен және тәртіп бұзушылармен аяусыз күрес жүретінін өткен жылы мәлімдеген еді. Соңғы екі жыл ішінде жағымсыз қылықтар үшін 1154 адам жұмыстан шығарылып, 380 қызметкердің ісі сотқа өткен, оның 164-іне сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысы бар деген айып тағылды. Соңғы 5-6 жыл ішінде ішкі істер органдарынан 42 мыңнан астам қызметкер жұмыстан шықса, оның 20 мыңнан астамы офицерлер. Бұлардың орнына басқалар келіп жатыр. Мамандарды даярлау бағдарламасы, оқу базасы бәрі де жеткілікті. Бірақ адамдарға деген құрмет пен адамгершілік жағы кемшіндеу соғып жатыр.Өткен жылы прокуратура органдары ішкі істер бөлімі тергеушілерінің қылмыстық істі қысқартқан 1456 қаулысының күшін жойды. Керісінше, қылмыстық іс қозғауды тоқтатқан 919 қаулының да күші жойылды. Елбасы Н.Назарбаевтың өткен жылғы кеңесте “Азаматтардың тағдыры неліктен оқа таққан алаяқтарға, жалқаулар мен сауатсыздарға сеніп тапсырылады? Оларға кұқықтық білім туралы дипломдарды кім берген” деген сөзін бүгін тағы да еске салудың реті келіп отыр. Жоғарыдағы деректерде сауатсыздыққа қоса, жемқорлықтың да сызаты жатқан сияқты [30, 87]. Өткен жылы полиция қызметкерлері 44 рет заңсыз тексеру-тінту жүргізгені анықталды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 17-ге көп. Мұндай әдісті әсіресе Алматы мен Қарағанды облысының полицейлері жиі қолданатын көрінеді. Осындай кездерде көрсеткіш болсын деп “қалтаға наша салу” сияқты “озық әдісті” пайдаланушылар да аз емес. Таяуда осы әдісті пайдаланып, жазықсыз жанның тағдырына балта шақпақ болған қызылордалық қос полиция қызметкерінің тиісті жазасын алғаны туралы газетімізде хабарланды.Көрсеткіш қуамыз деп әкімшілік тәртіп бұзғандар тізімін қолдан жасап, “өлі жандарды” тізіп шығып, олар үшін 100 теңге айыппұлды өз қалталарынан төлеп, сөйтіп 200-ге жуық адамды қиялынан туғызған шымкенттік 32-і полиция қызметкеріне әкімшілік шара көріліп, 4 қылмыстық іс қозғалды. Міне жұртшылық әділдік сақшысы деп жүрген қызметкерлер осылайша Гогольдің кейіпкеріне айналған [31,81]. Өткен жылы прокуратураның араласуымен полиция қылмыс жасады деген күмәнмен уақытша тергеу изоляторына қамаған 95 адам босатылды. Мұндай келеңсіз жай әсіресе Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында жиі көрініс берген. 95 адам — 95 тағдыр қаншама уақыт тәлкекке түсті десеңізші. “Құкық қорғау органдары мемлекеттің жазалау саясатының құралы ғана болмауы тиіс. Қылмыстық жазаларды қолдана отырып, формадағы адамдар бұл әдістер жалаң мақсат емес, азаматтардың кұқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың құралы екенін есте сақтауы керек” деп Елбасы қатаң ескерткен еді. Өкінішке орай, біздің көптеген полиция қызметкерлері бұдан сабақ алып отырған жоқ. Сонымен біз құқық қорғау саласындағы кадрлар былық-шылығын тілге тиек еткенде әсіресе полицияға көбірек шүйліктік. Рас, өзге буындарда да погонына қара күйе жағып жүрген, қолының бүрі бар “қызметкерлер” аз емес. Дегенмен осындайда халықпен етене жұмыс жүргізетін, қоян-қолтық араласып жатқан полицияның 100 мыңдық армиясы алдымен көзге түседі, алдымен сөзге ілінеді. Алғысты да естиді, қарғысты да естиді. Солардың әрекетіне қарап, жұртшылық бүкіл құқық қорғау органының қызметіне баға беретіні жасырын емес. “Біздің полицейде көзтүрткінің емес, қорғаушы мен көмекшінің кейпі болуы тиіс” деп талап қойған еді Елбасы. Ендеше, полициядағы кадр саясатын қитұрқы “ойынға” айналдырмай, салиқалы да сындарлы мақсатты іс-шараға ұластырып, жұртшылықтың сетінеген сенімін қалпына келтіру үлкен міндет. Мұны шұғыл түрде қолға алмаса, кадр “ойыны” орға жығатыны ақиқат [32, 49].
Достарыңызбен бөлісу: |