Дипломдық ЖҰмыс «5В050400 Журналистика»


ЕРКІН ҚЫДЫР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 3 НЕГІЗГІ БАҒЫТ



бет6/10
Дата05.07.2022
өлшемі117.41 Kb.
#459610
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Еркін Қыдыр - публицист СОҢҒЫ

2.2 ЕРКІН ҚЫДЫР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 3 НЕГІЗГІ БАҒЫТ

Шын мәнінде, «Баспасөз – қуатты қару» десті кешегі коммунистер. Олар сол қаруды тек мақсаттарына ғана пайдаланатын. Бағыт беріп, жөн сілтеп, коммунизм мұраттарынан ауытқымауын қатаң қадағалайтын еді, сол үшін қаншама адам жалақы алатын. Басқа идеялар ықпалында кетпеуі үшін ақпарат құралдарының санына шектеу қойылатын және олар күндіз-түні мүлгімейтін жітікөз цензураның бақылауында болды. Тоталитарлық заманда ақпарат көздері билік иелерінің қолындағы құрал болса, демократиялық қоғамда ол биліктің бір буынына айналуы тиіс. Екі ғасырдан астам тарихы бар АҚШ Конституциясына енгізілген ең бірінші түзетуде «Конгресс сөз немесе баспасөз бостандығын шетейтін бірде-бір заңды қабылдамауы тиіс» деп жазылған екен. Қазақстан Республикасының конституциясының 20-бабында «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар» деп көрсетілген. Яғни, демократиялық қоғамның іргетасын қалардағы айналып өтуге болмайтын басты қаиданың бірі осы[17,85]. Публицист Еркін Қыдыр 1998 жылы, 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде «Төртінші билік, төрге шық» деп айқайлатып тақырып қойып осындай тақырыппен мақала жариялаған болатын. Мақалада: «Біздің елімізде саяси көзқарасы үшін ешкім қысым көрмейді, бұл себеппен шетелге қуылып, жатқан да ешкім жоқ. Дегенмен кей жағдайларда БАҚ-қа жасалған қысым жөнінде тіркелмеген деректерді естіп қалып жатамыз» деп жазады. Журналист Еркін Қыдыр өзінің журналистік жолында 3 негізгі бағытты қатаң ұстанғаны белгілі. Олардан ең алдымен биліктің мәселесі. Яғни үкімет тақырыбы. Екінші экономика тақырыбы, үшінші сыбайлас жемқорлық тақырыбы дер едік. Мәселен біз танысып шыққан мақалалар соны айғақтайды десек артық айтқандық емес. Енді мақалалардың хронологиясын беріп шықсақ.


Үкімет тақырыбы бойынша:
2. Үкімет: ұмытқаны мен ұтқаны;
3. Еліміз Үкіметін кім басқарды
4. Ескі Үкіметтің алғашқы бомбасы
5. Сөзге сараң Үкімет
6. Үндемейтін Үкімет
7. Белгілілердің берекесіз бейнелері
8. Жұрт ертең сен туралы не айтады?
9. Кабинетшіл реформаторлар
10. Қаратай Тұрысов кешірім сұрады
11. Премьер-министр демалыста
12. Төртінші билік, төрге шық
13. Өндіріс өрге басса
14. Теңге тағы сынға түсті
15. Жүз күннің жүгі
16. Үкімет отаншылдарға үміт артса


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет