Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын 
қалыптастыру 
Елбасымыз Қ.К.Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Бұқаралық 
дене шынықтыруды ӛркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын 
пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп 
келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды», деген болатын.[10]
Жастар арасында салауатты ӛмір салтын қалыптастыру- қазіргі 
уақыттағы ең кӛкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің 
маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі 
уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың ӛз 
денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта 
түсуде. Адамның ӛз денсаулығына кӛзқарасын ӛзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік 
мәселе болып табылады. Әрине, жастардың дені сау болмаса, экономикалық 
міндеттерді шешу мүмкін емес. Ӛз денсаулығы үшін ынтымақты 
жауапкершілік қағидаты мемлекеттік жастар саясатының ажырамас бӛлігіне 
айналуға тиіс. Қазіргі таңда жастар профилактикалық іс-шараларды назарға 
ала отырып, зиянды әдеттерден бас тартуы, салауатты ӛмір салтын ұстануға 
ұмтылуы қажет. Спортпен және дене шынықтырумен айналысу ерекше 
басымдықта болуы тиіс. "Жастар" және "дене шынықтыру" ұғымдары жас 
қазақстандықтардың ӛмір салтының ажырамас бӛлігіне айналуға тиіс. Осы 
негізде жастарда профилактикалық іс-шаралар мен екпелерді үнемі алып 
отыру дағдысын қалыптастыру қажет. Медицина мен психолог мамандары 
жастар арасында кеңінен таралып жатқан психологиялық күйзелісті, яғни 
стрессті, депрессияны, жан дертіне ұшырауды қалай алдын алуға болатынын 
немесе ол жағдайлардан қалай жеңіл шығуға болатынына бағыт беріп, ӛз ақыл-
кеңестерімен бӛлісуді кеңейту қажет. Сонымен қатар бейнеролик кӛрсетіліп, 
жастар арасында түрлі мотивациялық ойындар ойнатылуы да жастардың 
медициналық сауаттылығын арттырады.
Қазіргі кезде кейбір мәліметтер бойынша жастардың 52-55 пайызы 
салауатты ӛмір салтын ұстауға тәуелді болады екен. Бұл мәлімет бойынша бiз 
салауатты ӛмір салты қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Бiзге мысалға 
түрлі ауруларды алдын алу үшін организмдi үнемі шынықтыру қажет. 
Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт 
ӛзгеруiне бейiмделедi. Организм жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатын болады. 


18 
Бiзге ескеру қажет жағдайлар: жасы, денсаулығы, шынығуға бейiмделу 
дәрежесі және т.б ескеру қажет.
Жастар арасындағы қазіргі кездегі проблемалардың бірі: артық салмақ. 
Кӛпшілігi қазіргі кезде бұдан айырылу жолын «диета» деген әдiспен кӛреді. 
Бiрақ бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Денсаулықты сақтауда уақытымен дұрыс 
тамақтану абзал. Қазіргі таңда елімізде жасӛспірімдер мен жастар арасында 
(10-19 жас аралығындағы балалар) 5 %-ы семіздікке шалдыққан және 
балалардың 20 %-ында артық салмақ бар. Бұған себеп басты факторлар: жоғары 
қан қысымы, темекі, алкоголь, қанда холестериннің кӛп болуы, артық салмақ, 
жемістер мен кӛкӛністерді аз тұтыну, қозғалыссыз ӛмір салты. Айталық, 
қазақстандық Қазақстанда тұзды тұтыну ДДҰ ұсынатын кӛрсеткіштен, кейбір 
деректер бойынша, тӛрт есе артық. Қазақстандықтардың жемістер мен 
кӛкӛністерді күнделікті тұтынуы орташа еуропалық кӛрсеткішке қарағанда 
тӛмен. Екінші үлкен мәселе: зиянды әдеттерден зардап шегуші жастар бар. 
Бұған қарамастан адамдар оны тоқтатар емес. Мысалы: темекі шегу, iшiмдiк, 
есiрткi тағысын тағы. Бұл әдет ауруымен ауырып жүрген тек ер адамдар емес, 
онымен қатар әйел қауымы да қосылып кеткен. Қазақстанда темекі шегудің 
таралуы ерлер арасында 42,4 %-ды және әйелдер арасында 4,5 %-ды құрайды. 
Бұл денсаулықка зиян келтіріп жатқандар арасынан бiз жастарды да кӛріп 
жатамыз. Қазіргі қоғамда яғни бұл үлкен проблемаға айналып кеткен. Үшінші 
ауқымды проблема: күйзеліс (стресс). Кӛп адамдар қазіргі кезде осыдан зардап 
шегіп, денсаулығына зиян келтірiп жатыр. Бұл жағдайға тағы да жастарды 
кiргiземiз. Себебі, қазіргі таңда жастардың ой саналары басқа жаққа қарай ӛтiп 
кеткен. Депрессияға түсу, кӛңіл-күйлерiн бағындыра алмау, бұл осының бәрі 
психиканың бұзылуына үлкен мүмкіндік жасайды. Осыдан қазіргі жастардың 
ӛзіне қол жұмсау (суицид), ӛзіне қиянат жасау секілді нәрселер туады. 
Суицидтің таралуы Қазақстан жастарының арасындағы маңызды әлеуметтік 
проблема болып отыр. 2018 жылы тіркелген суицидтер саны 3471 оқиғаны 
құрады. 15-17 жас аралығындағы жасӛспірімдер тобында болған суицид саны 5 
жылда 50,9 %-ға және суицидке әрекеттену саны 49,3 %-ға тӛмендеді.
Сонымен 
қатар 2018 жылы Қазақстанда 15-18 жас шамасындағы қыздарда 3,4 мың 
жүктілік жағдайы және 1237 аборт тіркелген. Еліміздің барлық ӛңірлерінен 15-
19 жас аралығындағы 4,3 мың жасӛспірім қатысқан қоғамдық пікірді зерттеу 
орталығының әлеуметтік сауалнамасының деректері бойынша жастардың 
үштен бірі сексуалдық тұрғыдан белсенді. Қалалық жасӛспірімдер арасында 
қауіпті мінез-құлық факторлары (жыныстық серіктестердің орташа саны – 4) 
байқалады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 10 %-ы ғана АИТВ-ға қарап-
тексерілген. Сауалнама жүргізілгендердің 73,5 %-ы АИТВ-ға жасырын түрде 
қай жерде қарап-тексерілуге болатынын білмейді және 15 – 24 жас 
аралығындағы жастардың кӛпшілігі (91 %) АИТВ-ның негізгі берілу жолдары 
туралы тиісті дәрежеде хабардар емес. 
Алдағы уақытта жастар арасында ӛршіп тұрған осындай кемшіліктерді 
қолға алу, қауіп- қатер кӛрсеткішін тӛмендету мақсатында Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 


19 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жастар денсаулығын 
нығайту [11], олардың тәни және психикалық саулығы үшін біршама мақсат- 
міндеттер жоспарланған. Мәселен, әрбір жас қазақстандық денсаулықты 
таңдап, ӛз мінез-құлқын ӛзгертуі үшін денсаулық мәселелері бойынша 
сауаттылығын арттыру шаралары қабылданатын болады. Әрбір нысаналы 
аудитория үшін неғұрлым сұранысқа ие ақпарат алмасу арналары арқылы 
саламатты ӛмір мәдениеті қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар,
бұқаралық ақпарат құралдарында саламатты ӛмір салтын насихаттау 
жӛніндегі жобалар іске асырылу жоспарлануда. Азаматтардың денсаулығын 
сақтауға және саламатты ӛмір салтын қалыптастыруға әрі қауіпті жүріс-тұрыс 
пен зиянды әдеттерден бас тартуға арналған бұқаралық іс-шаралар да жолға 
қойылған. Тағы айта кететін жаңалық, сектораралық ӛзара іс-қимыл 
шеңберінде ДДҰ-ның "Денсаулық барлық саясатта" ұсынымы негізінде ел 
ӛңірлерінде "Салауатты қалалар, ӛңірлер"; "Денсаулықты нығайтуға ықпал 
ететін мектептер"; "Салауатты университеттер" жобалары іске асырылатын 
болады. Сонымен қатар бағдарлама аясында "Салауатты қалалар, ӛңірлер" 
жобасын енгізу жоспарланған. Бұл дегеніміз жасыл аймақтар мен белсенді 
саламатты демалыс орындарының қолжетімділігін жақсарту, қалалар мен 
жолдар инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру. Ӛздеріңіз білетіндей 
елімізде жастар үшін 2005 жылдан бастап «Жасыл ел» қозғалысы жұмыс 
атқарып келеді. Бұл жобаның мақсаты тек жастарды жұмыспен қамтуға, жаңа 
буынды тәрбиелеуге,студенттердің патриоттық рухын кӛтеруге ғана емес, 
әрбір ӛңірдің кӛгалдануы мен тазалығына үлес қосу. Жоғары аталған 
«Салауатты қалалар, ӛңірлер» жобасы осы «Жасыл ел» бағдарламасынан 
бастау алатындығы, ал жасылелдік жастар бұл жобаны арттыруда ӛз үлестерін 
қосатыны сӛзсіз.
Сондай- ақ жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік орта білімнен 
кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін «Салауатты 
университеттер» жобасы іске асырылып, саламатты ӛмір салтын ұстануды 
қалыптастыру үшін жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, дұрыс 
тамақтануға қол жеткізу, дене шынықтыру сабақтарына жағдай жасау арқылы. 
Жобаға қатысатын оқу орындары студенттердің ғана емес, оқытушылар 
құрамының да денсаулығын дамытатын болады. Мектеп жасындағы жастарға 
да "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы арнайы 
құрылған. Бұл жоба шеңберінде оқушылар ерте жастан бастап дұрыс әдеттерді 
қалыптастыра бастайды. Мектеп басшыларына жоба бойынша ДДҰ 
ұсынымдары оқытылатын болады. 
Жасӛспірімдердің арасындағы суицид профилактикасы бойынша 
шараларды іске асыру мақсатында да біршама жұмыстар жоспарланған. Атап 
айтқанда, жасӛспірімдердің арасында суицид қаупін ерте анықтау үшін мектеп 
психологтары, МСАК медицина жұмыскерлері оқытылады; сондай-ақ ата-
аналар хабардар етіледі. Ата-аналар, оның ішінде ата-аналар комитеттері мен 
мессендждердегі чаттар арқылы, күйзеліс кезінде балаларға қолдау кӛрсету, 
қауіпсіз орта және зорлық-зомбылықты болдырмау, психологиялық кӛмекке 


20 
жүгінудің кӛрсеткіштері мен суицидке бейім ой белгілері бойынша 
оқытылады.[11] 
Елбасымыз айтқандай, «Жастар мәселесі жәй ғана мәселе емес, ол - ел 
болашағы». Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру жӛніндегі басымдықта - 
салауатты ӛмір салтын бірінші кезекте балалар мен жастар үшін насихаттау, 
салауатты ӛмір салты мен дұрыс тамақтанудың стандарттарын әзірлеу және 
енгізу, спорттық - сауықтыру ғимараттарының желісін кеңейту және бұқаралық 
спортты дамыту, зиянды әдеттерге қарсы күрес жӛнінде мәселелер, сонымен 
қатар спорт залдарын жаңарту жӛніндегі және білім беру жүйесі ұйымдарын 
спорт мүлкімен жабдықтау жӛніндегі бағдарламаларды кеңейту, жаппай 
спортпен айналысу үшін спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз 
ету, белсенді ӛмір салтын дамыту және патриоттықты нығайту мақсатында 
жаңа бағыттар әзірлеп және олардың танымалдылығын арттыруға қол жеткізе 
отырып, отандық экологиялық туризмді насихаттау жастар саясатының басты 
бағыттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет