Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау 
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық шарттарда мемлекеттік жастар 
саясатын жүзеге асыру басым бағыттарының бірі жастардың жұмыспен 
қамтылуы болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан жастары қазақстандық 
қоғамның даму келешегін анықтайтын, негізгі факторларының бірі болып 
табылатын, халықтың үлкен әлеуметтік тобы. Қолымызға диплом алып, бір-
бір мамандықтың иесі атанғаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналасуға 
тиіспіз. Бұл мемлекет бағдарламасында алға қойылған басты міндеттердің 
бірі. 
2018 жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 
атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Елбасы
ӛз сӛзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар 
әзірлеп, ел болашағы, жас буын ӛкілдеріне жан-жақты қолдау кӛрсетіп, қоғам 
ӛміріндегі белсенділігін арттыруды нықтап тапсырған болатын. «Жастар мен 
отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына 
айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық 
қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» 
деген болатын.[12] 
Қазіргі таңда оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – 
оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа 
орналасуы. Ӛз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу 
орындарының жартысы ғана 60% деңгейге ғана жетіп отыр. Сол себепті де 
мемлекет басшысы олардың санын қысқарту мәселесін қарастырып отыр. 2019 
жылғы І тоқсанда жұмыссыз жастар саны 83,7 мың адамды құрады (2018 
жылғы І тоқсанда - 83,8 мың адам). 2019 жылдың І тоқсанында жастар 
арасындағы жұмыссыздық 3,9% деңгейінде қалыптасты (2018 жылдың ұқсас 
кезеңімен салыстырғанда 0,1% тӛмендеді). Ӛңірлік бӛліністе жұмыссыздықтың 
жоғары деңгейі Алматы қаласында – 6,4%, Қарағанды облысында – 4,7%, Нұр-


21 
сұлтан қаласында – 4,5%, Түркістан облысында – 4,5% және Қызылорда 
облысында – 4,2% байқалады. NEET жастардың үлесі 2019 жылдың І 
тоқсанында 7,6% құрады (2018 жылдың І тоқсаны – 8,9%, 2018 жылдың ұқсас 
кезеңімен салыстырғанда 1,3% тӛмендеді). Ӛңірлік бӛліністе NEET жастар 
үлесінің жоғары деңгейі Алматы облысында – 11,8%, Қарағанды облысында – 
11,6%, Түркістан облысында – 10,5% және Шымкент қаласында – 8,8% 
байқалады.[13] 
Мемлекет NEET жастар үлесінің кӛрсеткішін тӛмендету, жастарды 
жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуға жәрдем кӛрсету мақсатында 
біршама мемлекеттік бағдарламаларды қолға алды. Оның ең бастысы – 
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» жобасы. Ол арқылы дипломын 
қолына жаңа алған түлектер ӛздерінің мамандықтары бойынша алты ай бойы 
іс-тәжірибеден ӛтуге жіберіледі. Сол жерде кәсібінің қыр-сырын меңгеріп, әрі 
қарай жұмысқа орналасуға да мүмкіндік алады. Бұл - жастарды жұмыспен 
қамтудың бүгінгі күні бірден-бір тиімді жолы. ҚР «Халықты жұмыспен қамту 
туралы» Заңының (2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ.) 21-бабында 
«Жастар практикасын ұйымдастыру» мәселесі қаралған. Яғни, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма 
тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы
алған 
кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілген.[14]
Елімізде сонымен қатар кешегі түлек, бүгінгі маманға «Дипломмен 
ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастардың кадрлық қоры», «Жасыл ел», 
«Дипломмен ауылға», «Мәңгілік ел жастары- индустрияға «Серпін-2050», 
«Сәтті қадам», «Жас маман», «Еңбекке жолдама», сынды мемлекеттік 
бағдарламалар кӛмекке келеді.
Еліміздің экономикасын үдемелі инновациялық индустрияландыру
ауыл шаруашылығын жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, 
мемлекеттік қызмет деңгейінің сапасын арттыру мақсатында жастар үшін
«Бизнестің жол картасы-2020», «Бизнестің жаңа жол картасы», «Жас 
кәсіпкер», «Даму» сынды бағдарламалар, «STARTUP«BOLASHAK» стартап-
жобалардың байқаулары мен мемлекет тарапынан берілетін мемлекеттік 
инновациялық гранттар саны жыл сайын артуда.
Осы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ұлттық 
компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бизнес-қауымдастық 
ӛкілдері белсенді түрде жұмыс атқаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет