Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Зерттеу әдiстерi. Жұмыста баяндау, тарихи-салыстырмалы, типологиялық, 
талдау, жинақтау, қорыту әдiстерi қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар 
еңбектері негізінде жастармен әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізудің теориялық-
методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу 
деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, ӛзекті проблемалары 
мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу 
жұмысында мынадай жаңалықтар бар: 
– рухани ӛмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы 
тұрғысынан еліміздегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің тарихи даму белестеріне 
кең кӛлемде талдау жасалған
– кеңес кезеңіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің сәтті тұстары 
аңғарылып, тиісті баға берілген; 
– әлеуметтік-саяси жұмыстың теориялық және методологиялық 
мәселелері тиісінше молынан талданған; 


10 
– Қазақстандағы жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың 
бет-болмысы толықтай ой елегінен ӛткізіліп, соны пайымдаулар жасалған; 

Жастар саясатының жергілікті жерлерде жүзеге асу деңгейіне 
тәжірибелік зерттеулер жүргізілген; 
– жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиясы қарастырылып, 
шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған. 
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. 
Дипломдық жұмыс Жастардың саяси мәселелерін, олардың саяси 
бағдарын, олармен әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман 
талабына сай, жаңаша кӛзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра 
түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды әлеуметтік 
жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар 
социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық 
жұмыстарда пайдалануға болады. 
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бӛлімнен, 
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет