Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы


 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

1.2 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі 9 бағыты бар. Бұл бағыттар 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңнамасында
және "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында толық ашылып 
кӛрсетілген. Негізгі бағыттар:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-
техникалық әлеуетті дамыту; 
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты ӛмір салтын 
қалыптастыру; 
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау; 
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау; 
5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді 
тұрғын үй жүйесін дамыту; 
6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық 
кӛріністеріне тӛзбеушілікке тәрбиелеу; 
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу
9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету 
болып табылады. 
Мемлекет тарапынан Жастар саясатының негізгі бағыттарын жүзеге 
асыру мақсатында әр бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жоспарланған болатын. 
Соларға қысқаша тоқтала кетсек: 
Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-
техникалық әлеуетті дамыту 
Еліміздің жастары ӛзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің 
озық инновацияларға сай ӛркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім 
және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет [5], деп мемлекет 
басшысы 
Қасым-Жомарт 
Тоқаев 
атап 
ӛткендей,білім 
мемлекеттің 
экономикалық қорын шешетін ӛндірістің түйінді факторы ретінде 
қарастырылады. Басты құзыреттерді меңгеруге бағытталған сапалы білім беру, 
функционалды сауаттылық, кәсіби дағды, кәсібиліктің жоғары деңгейі жастарға 
бәсекеге қабілетті болуға және еңбек нарығында қажетті болуға мүмкіндік 
береді.
«Білім-ғылым-инновация» үштігі – Қазақстан Республикасы саясатының 
негізгі діңгегі. Бұл дегеніміз бүгінгі таңда білім мен кәсіпқойлық үшінші 
мыңжылдыққа апарар жол болып табылатыны сӛзсіз. Осыған байланысты білім 
беру жүйесі сапалы жаңғыртуды талап етеді, әрі ол нарық қажеттіліктері мен 
экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.


16 
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: 
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында: «Дуальды 
кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының 
жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік 
орталықтары қажет», -деді. [6] Колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу 
туралы нақты тапсырма жүктеді. ҚХА 19-шы сессиясында Самрұқ-Қазына 
қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуальды модельді бірте- бірте 
енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Техникалық және кәсіптік 
білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының 
және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сӛзсіз. Қазіргі 
таңда елімізде шамамен 588 мыңдай студент жастар техникалық және кәсіптік 
білім беру саласында білім алуда.[7] Қарағанды облысы бойынша 31 колледжде 
1506 студент түрлі біліктіліктер бойынша дуальды жүйеде білім алуда.[8] 
Еліміздегі нарықтық- экономикалық талаптарды ескере отырып, кәсіптік білім 
берудің дуальді жүйесін дамытуды қамтамасыз ету ӛндіріс, білім алушының 
және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің 
түрі боып табылады. Бұл ӛндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. 
Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Ал білім 
алушы жастар үшін ӛмірдегі ӛз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа 
ерте араласып, бейімделеді.
Қазіргі таңда нарық қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік білім 
беру тапсырысын орналастыруды техникалық және кәсіптік білімі бар 
мамандарды даярлауға қайта бағдарлау жұмыстары да кеңінен жолға 
қойылғанын байқауға болады. Мәселен, нәтижелі жұмыспен қамтуды және 
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" 
мемлекеттік бағдарламасының негізінде елімізде қаншама жастар мемлекет 
тарапына білім алуда, сонымен қатар Техникалық және кәсіптік білімі бар 
кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын және 
қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау, "100/200" қағидаты бойынша 
"Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті 
кадрлар даярлау жастар саясатында кӛрсетілген негізгі басты бағыттардың бірі.
Сонымен қатар, Елбасының тікелей тапсырмасымен 2017 жылдан бастап 
еліміздің жастары тегін кәсіптік-техникалық білім ала бастады. "Баршаға 
арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы шеңберінде 94,8 мың 
орынға мемлекеттік тапсырыс бӛлінді. Жоғары оқу орындарының 
академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы заң қабылданды. 3 
жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 8,9 мың адамға артты (2016 жылы – 
12 837 адам, 2017 жылы – 13 898 адам, 2018 жылы – 21 727 адам). [9] «Серпін- 
2050» бағдарламасы бойынша республикамыздың 8 облысында орналасқан оқу 
орындарында студенттерге тегін білім берілуде. Жастарға білім беру 
саласындағы тағы бір қосымша мүмкіндік -«Болашақ» Халықаралық 
стипендиясы.
Жастарды ғылымға тарту, ғылыми кадрлардың сабақтастығын 
қамтамасыз ету және дарынды жас ғалымдар үшін жағдай жасау және оларды 


17 
қолдау мақсатында мемлекетімізде түрлі стартап конкурстар мен жобаларға 
арнайы гранттар бӛлінді. Жас ғалымдарды барлық кезеңдерде белсенді қолдау
негізде PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар саны ұлғайды, жас 
ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бӛлініп, қазақстандық жобаларды 
іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады. 
Алдағы уақытта жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар 
қауымдастығы құрылады, сонымен қатар ғылым саласын кӛтеру және жас 
ғалымдардың санын арттыру үшін ӛңірлік ғылыми форумдар ӛткізіледі, 
ғылыми-танымал журналдар шығарылып және ғалым кәсібінің беделін 
барынша насихаттау жүзеге асыру мемлекет тарапынан жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет