Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Омоним аффикстер оқытуда пайдаланылатын амал-тәсілдер



бет18/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
диплом-Жупар

2.1 Омоним аффикстер оқытуда пайдаланылатын амал-тәсілдер
Омоним аффикстерін оқытуда ең тиімді технологияларының бірі - ұжымдық оқыту технологиясы. Онда оқушылардың танымдық қабілеті мен ақыл - ойын дамыту, сөздік қорын молайту бір-бірімен ұштастырыла берілгендіктен оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөздік қорын молайтуға, дамытуға, өздерінің пікірін, оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу мен тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Ұжымдық оқытудың әдісін ұйымдастыруда әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады. Жұмыс топтық, жұптық, ұжымдық, жекелей топтарға беру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылар тақырыппен алмасады, білімдерін есепке алады, өз-өздерін тексереді, жазбаша жұмыстар орындайды. Ұжымдық оқыту кезінде оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды және талдау кезінде барлық бала сөйлейді, бірін-бірі тыңдайды, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне үйретеді. Ойлайды, қорытындылайды және бағалайды, талдау кезінде оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды.
Сабақта жұптағы әр бала берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, сонан соң бір-біріне айтып, ортаға салады. Содан соң жұп өз қалаулары бойынша келесі жұпқа барып тапқандары бойынша пікір алмасады.
Жұптың бұл түрі - өзгеріп отыратын жұп. Жұптағы әр оқушы әрекет жасайды. Топ тапсырмаларын орындап біткеннен соң топ жетекшісі немесе топ мүшесінің бірі ұжымға хабарлайды.
Ұжымдық оқыту логикалық ойлау, байланыстыра сөйлеу, салыстыру, дәлелдеу, елестету дағдыларын қалыптастырады.
Бұл тәсілдің тиімділігі, әсіресе, мәтінмен жұмыс жүргізгенде байқалады. Әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіруге негізделеді. Әсіресе, төменгі сыныптарда осы тәсілмен жұмыс жүргізу нәтижелі болмақ.
Ұжымдық оқыту тәсілі оқушылардың сөздік қорының байлығына байланысты сатылы өтеді, яғни, төменгі сыныптарда жекелеген сөйлемдер арқылы жасалса, ал жоғарғы сыныптарда белгілі тақырып бойынша абзац арқылы жасалады.
Әр оқушы абзац бойынша берілген тапсырманы орындау үшін өзіне жұп таңдайды. Олар мәтінді оқып, аударып, жан-жақты талдайды, жетекші сұрақтар арқылы абзацтың қысқышы мазмұнын белгілейді және абзацқа тақырып береді.
Жетекші сұрақтың жауабы мен абзацтың тақырыбын дәптерлеріне енгізеді. Абзац жан-жақты талданғаннан кейін жұп бөлініп, екінші абзацпен жұмыс жасап жатқан оқушымен алмасады. Оқушы бірінші абзацтан алғанын жаңа серігіне түсіндіреді, екінші абзацты бірігіп оқып аударып, талдап, бір -бірін толықтырады. Сөйтіп, оқушылар мәтін біткенше жұптарын ауыстырып оқып отырып, аударып, талдайды да, соңында жұптың жетік білетін өкілі мәтінді қорытындылап, оқушылардың қойған сұрағына жауап береді, яғни, мәтін бойынша алған білімін қорғайды. Сонымен қатар мәтінде кездескен омонимдерді сөйлем барысындағы мағынасын ашып отырып, омонимді тез айыруға үйренеді.
Ұжымдық оқыту тәсілі жаңа тақырыпты тез қарқынмен игеріп, аз уақыт ішінде терең білім бере отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, есте сақтауын, елестетуін, зейінін, ой- өрісін дамытуға бағыттайды.
Бұл тәсіл тек мәтінмен жұмысқа шегеленіп қойылған тәсіл емес, мұны оқушылардың сауаттылығын арттыру жолында да пайдалануға болады. Ұжымдық оқыту тәсілі бойынша сауаттылықты арттыру, грамматикалық ережелерді меңгертуге де болады.
Тіл дамытуда ұжымдық оқыту әдісінің тиімділігі: оқушылар бетпе-бет кездесіп, бір -бірінің білімдерін тексеріп, сынап, дәлелдеп, толықтырып бағалайды. Қатал білім сайысына түскен балалар келешекте ұятқа қалмау үшін өз бетімен ізденіске түседі. Білім деңгейін бағалауда балалар бір -біріне өте қатал келеді. Жаңа сабақты игеруде бірде -бір оқушы сабақтан тыс қалмай, өз білімдерінің деңгейін сезінеді.
Ұжымдық оқыту тәсілінің ұтымдылығы: барлық оқушы ынталанып, белсене қатысады, қорытынды жасауға, өз пікірлерін айтуға белсенділік көрсете біледі, жұмыстың жүргізілу барысында топ мүшелері достық қарым -қатынаста болады; жолдасының сөзін бөлмеуге, оны көңіл қойып тыңдай білуге төселеді ұйымдастырушылық қабілеті жетіледі оқушы өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуға дағдыланады, өзіне деген сенімділік қалыптасады, оқуға деген қызығушылықтары артады.
Ұжымдық оқыту технологиясыныда мынадай басты талаптар қойылады:
-әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
- өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
-өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
-серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
-әрбір оқушы кезектесіп (ауысып) не оқушы, не мұғалім болады;
-әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді;
Әдістеменің ерекшелігі:
-жекелеу оқыту;
-қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
-топпен оқыту;
-ұжымдық оқыту.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады.
Мәселен, төмендегі тапсырмаларға көңіл аударайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет