Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет21/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
диплом-Жупар

7-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздікпен танысыңыз. Омонимдердің жасалуын түсіндіріңіз.
Наурыз сөздігі
1. Әз – халық аңызында күн мен түннің дәлме дәл теңелер сәтінде бір гуіл ғана естіледі. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана байқауы мүмкін» деген сөз бар. Осы гуілді Наурыздың 22-сіне дейінгі үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз: «Әз болмай, мәз болмайды», – деген. Сол үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды.
2. Наурыз – парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні жаңа күн.
3. Наурыз-бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі сүрленген қазы-қарта, жал-жая... берілетін арнаулы бата.
4. Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл – Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі.
5. Наурыз көже – арнаулы тағам. Оған жеті түрлі: бидай, тары, бұршақ, сүт, тұз сияқты тағамдар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атай береді.
6. Наурыз мейрамы (Наурыз тойы) – күн-түннің теңелетін күні – 22 наурызда болатын ұлы мереке.


8-тапсырма. Көршіңізден сұхбат алыңыз. Омоним сөздерді пайдалануға тырсыңыз.

  1. Сіз Наурыз мерекесін қалай тойладыңыз?

  2. Сіз Наурыз көже дайындадыңыз ба?



9-тапсырма. Сауатты сөйлеуге, жазуға дағдыланыңыз. Омонимдерді қолдануға тырысыңыз.
1. Газет материалдарын пайдалана отырып, елімізде мерекелерге қалай әзірленетінін айтып беріңіз.
2. Жолдастарыңыздың біріне Наурыз мерекесін қалай атап өткеніңіз жайында хат жазыңыз.


10-тапсырма. Төмендегі құттықтауды мәнерлеп оқып, мағынасына көңіл бөліңіз.

Қарияларға тілек
Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
Немерелерің жұбаныш әкелсін,
Орындарың төр болсын,
Дастархандарың мол болсын.
Қатарларың көп болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
Зұлымдардың жаласын көрмеңдер.
Еліңде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет