Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет16/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
диплом-Жупар

Ойбөліс (дебат) – оқушы тілін дамытудың бір жолы. Оқушы ойбөліс кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойын дәлелдеуге, басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге жаттығу арқылы шебер сөйлеуге жаттығады, дағдыланады. Ойбөлісте оқушылардің сөйлеу мәдениетін арттырып, олардың топ алдында өзін- өзі талдай білуге, басқаны тыңдай білуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге, сауатты сөйлей білуге үйрететін тапсырмалар берілді.Ойбөліс кезінде оқушы ойлана отырып, шебер сөйлеуге деген мүдделілігі арттырылды.
Ойбөліс арқылы бірнеше шешімі бар, күрделі, қайшылықтардан тұратын мәселелерді шешуге үйренуге болады. Осы орайда ойбөліс оқушыті өз ойын басқаға дұрыс жеткізе білуге, дәлелдей білуге, пікір таластыра білуге бағыттайды. Сондықтан ойбөліс арқылы оқушыті мәдениетті, шебер сөйлеуге, тілі дамып, өз ойын анық, дәл жеткізуге, өз көзқарастарын дәлелдей білуге дағдыландыруға мүмкіндік бар. Ойбөліс кезінде оқушы әр аргументке дәлелді пікір айтып, тақырыпқа қатысты өз ойларын жеткізе білулері тиіс. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, яғни тақырып болған мәселені оқушы ойлау арқылы жинақтап, қабылдайды, қорытады; тақырыпқа сай жинаған деректерін өзі айтатын дәлелге қатысты жүйелейді; ойын қорыта отырып, белгілі бір шешімге келеді; оқушы пікір айтуға тиісті мәселеге, сұраққа өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді, дәлелдейді. Оқушылардің шығармашылық тұрғыда ізденіп, ойлау қабілеттері жетілуіне ықпал ететін әдістің бірі – ойталқы. Ойталқы кезінде оқушылар ойланып сөйлеуге дағдыланып, сөздік қорын толықтыруға да мүмкіндік алады. Ойталқының басты ерекшелігі – онда бірыңғай пікірге келмеген күрделі мәселе талданады және өзінің құрылымы жағынан да басқаша болады. Ойталқы оқушы тілін дамытуға игі әсері бар, өйткені талқылау, пікір айту кезінде оқушы сөзге араласып, өз ойын дәлелдей білуі тиіс.
Ғылыми әдістемелік зерттеудің сипаты эксперимент арқылы анықталуға тиісті. Омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесіне мәселесіне қатысты жүргізілген зерттеу жұмысы үш мектепте эксперименттен өткізілді: 1) №9 ЖББОМ 2) №20 ЖББОМ 3) №22 ЖББОМ-да.
Омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесінің эксперименттік жүйесі үш кезеңде ұйымдастырылды: 1) анықтау; 2) қалыптастырушы; 3) қорытынды. Анықтау эксперименті барлық оқушылар топқа бөлінбей тұрғанда, толық жүргізілді. Алдымен оқушының тәжірибеге дейінгі білімі анықталды. Анықтау эксперименті барысында жұмыс түрлері мына тәртіппен ұйымдастырылды: оқушыларге арнайы жасалған анкета ұсыну; бақылау және тәжірибе топтарын белгілеу; эксперименттік оқытуға қажетті материалдарды дайындау; оқыту экспериментіне дейінгі кезеңдегі оқушылардің білім деңгейін анықтау. Оқушытің оқыту экспериментіне дейінгі тілінің даму дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл мақсатта оқушының сөздік қоры, билердің шешендік үлгісімен таныстығы, ғылыми жаңа терминдермен, ғылыми жұмыс түрлерімен таныстығы және топ алдында сөйлеу, сұрақ қоя білу, өз пікірін дәлелдеу қабілеттері тексерілді. Ол үшін, сұрақтар, карточкалар, әңгімелесу, жаттығулар, ойбөліс, ойталқы қолданылды.
Орыс мектептеріне, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарламаларға, оқулықтарға талдау жасалды. Талдау нәтижесінде мектеп бағдарламасында, соған сәйкес оқулықтарда омоним, синоним, антоним 5-8-сынып оқулықтарында 1 сағаттан берілген және онда негізінен мәтін мазмұнын баяндау, сөздерге сөйлем құрау, ұсынылған тақырыптарға шағын әңгіме құрастыру, мәтінге тақырып ойлап табу, суретке қарап әңгіме, шығарма жазу, қатарларды толтыру, сәйкестендіру түріндегі тапсырмалар қамтылғаны байқалды. Ал жоғары оқу орындарында оқытылатын Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі пәнінің типтік бағдарламасында омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту мәселесі қарастырылмағандығы анықталды.
Сондықтан бұл анықтаулар оқушылардің сөздік қорлары жұтаң, сөйлеу шеберліктері төмен екендігін байқатты.
2. Оқушылардің сөйлеу шеберліктерін анықтау мақсатында ауызша және анкета түрінде тапсырмалар берілді.
Анықтау экспериментінде берілген тапсырмалар онша қиын болмағанмен, оқушылардің жауаптары ойдағыдай болмады. Оның нәтижесі 1-кестеде берілді. Сондықтан омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту арқылы оқушылар тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, жұмыс түрлерін айқындау қажет болды.
Анықтау экспериментінде сөздік қор мәселесін тексеру мынадай нәтиже берді:
3-кесте – Сөз мағынасын түсіну бойынша
1. №9 ЖББОМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет