Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет19/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
диплом-Жупар

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Жұптасып, абзацқа бөліңіз, әр абзацқа атау беріңіз. Қарамен белгіленген сөздердің мағынасын ашыңыз, ол сөздерді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын анықтаңыз.
Қазақ елі – менің Отаным
«Отан – отбасынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Елбасы – президентінің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан өткізді. Өйткені ол соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды.
Ал, соңғы 74 жылда Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлдем жоғалтты.
Дербес, тәуелсіз ел болу деген бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүниежүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.


2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Екі оқушыдан жұптасып, қарамен белгіленген сөздердің қайсысы омоним, қайсысы көп мағыналы сөз екенін дәлелдеңіз.
Тәуелсіздік – жыр-әнім
Тәуелсіз ел Қазақстан – тұрағым,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағын.
Көкбайрағым еркіндікті паш етіп,
Қыран қанаткөкке самғар жыр-әнім.
Тәуелсіздік – еліміздің ұлы әні,
Аңсап күткен бар Алаштың ұланы.
Болса да елім көп ұлыстың құрамы,
Бір кісідей тату-тәтті,
Жарасқандай ынтымағы,
Достық туын жоғары ұстап тұрады.
(Әли Ысқақбай)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет