№
|
Ойындар
|
Ойындардың сипаты
|
1
|
Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа)
|
Бұл ойындар балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.
|
2
|
Үстел үстіндегі - баспа ойындары
|
Заттармен ойналатын ойындар секілді, көрнекілік принципіне негізделген, алайда мұндай заттың өзі қолданылмай, оның бейнесі ғана беріледі.
|
3
|
Сөздік ойындар
|
Осы ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді
|
Ойынның атауы
|
Ойынның барысы
|
«Аңшылар» ойыны
|
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5 - 10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады, - бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.
|
«Айголек» ойыны
|
«Айголек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15 - 20 адым, қаз - қатар тұрып, бір - бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:
«Айгөлек –ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.
Екінші топтың ойын бастаушысы:
«Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |