Зерттеудің нысаны: жасөспірімдердің мінез-құлқындағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер.
Зерттеудің пәні: жасөспірімдер психологиясындағы агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: психологиялық оңды өзгерістерге жеткізер психологиялық-педагогикалық жолдар мен амалдарды нақтылау үшін агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің болжамы: егер, жасөспірімдерде мінез-құлықты реттеудің жеткіліксіз деңгейі болса, дәлме-дәл емес мазасыздық орын алса, олар әлеуметтік ортада агрессиялық танытуға бағыттылығын айқын көрсететін қылықтармен ерекшеленсе, онда жасөспірім жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқы тұрақтылық сипатпен анықталады. Психологиялық-педагогикалық әсер ету жолдарын арнайы ұйымдастыру дәлме-дәл өзіндік бағалауды қалыптастыруға, мінез-құлық және қарым-қатынастағы агрессиялықты жеңуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің міндеттері:
- агрессивті мінез-құлықтың психологиялық теорияларын талдау;
- жасөспірімдердің мінез-құлқындағы агрессиялық сипаттарды қарастыру;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін жолдар мен амалдарды қарастыру;
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымының жоғары сынып оқушылары.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, С.Л. Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің бірлігі теориясы, А. Басстың агрессия жайлы еңбектері, И.С. Конның жасөспірімдердің психологиясы жайлы жасаған қорытындылары.
Зерттеуде қолданылған әдістемелер мен әдістер:
1. «Жасөспірімдердің агрессиялық деңгейін диагностикалау» - Басса-Дарки сұрақнамасы.
2. Розенцвейг модификациялаған «Агрессивтілік» әдістемесі.
3. Ч.Д. Спилбергердің мазасыздық деңгейін анықтау шкаласы.
4. Ассингер тесті (қарым-қатынастағы агрессивтілікті анықтау).
5. Агрессиялықты төмендету мақсатымен жүргізілетін белсенді топтық әдістер – психологиялық-педагогикалық тренингтер.
Достарыңызбен бөлісу: |