1.5. 1-Бөлім бойынша қорытынды
Қызылоданың мұнай базасы «Қуатамлонмұнай» ЖШС әр түрлі мұнай өнімдерін жеткілікті көлемде сақтап, тұрғындардың көліктерін, өндіріс орындарын және ауыл шаруашылығын қамтамасыз етіп отырған маңызды нысан болып саналады.
Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғандай, мұнай базасында сақталған мұнай өнімдері тез тұтанатын жанғыш сұйықтар. Сұйықтардан шыққан бу ауада тарайтын еркін кеңістік болған жағдайда, жұмыс температурасы жанудың төмен және жоғары температуралық шегінен асқан жағдайда тез тұтанатын қоспалар түзуі мүмкін.
Мұнай өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдау кезінде немесе сорғымен айдау кезінде төгілуі мүмкін. Агрегаттардың бұзылуы немесе авария кезінде тұтану көздері бар болса өртенуі мүмкін.
Негізгі технологиялық жабдықтардың өрт-жарылыс қаупіне келесі бөлімдерде толығығрақ талдау жасалады. Өрттен қорғанудың инженерлі-техникалық шешімдері құрастырылады.
2-Бөлім.Технологиялық үрдістің өрт-жарылыс қауіпінің анализі, өртке қарсы қорғаныстың ұсынылатын инженерлі-техникалық шешімдері
2.1. Нысанның алдын-алу жұмысының жағдайы
«Қуатамлонмұнай» ЖШС Қызылордалық мұнай базасын Қызылорда қаласының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі тексереді.
Өрт сөндіру-техникалық тексерулерді өткізу барысында Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі инспекторлары бірқатар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және тиісті нормалар мен ережелер талаптарына сәйкессіздікті анықтайды. Нұсқамалардың негізгі пунктілері келесі мазмұнда:
Бекінулер биіктігінің тұтастығын қалпына келтіру (негізі ҚР ӨҚҚ 08-97 81 п. 2.)
Сұйыққоймаларды тікелей күн сәулесі әсерінен жарық шағылыстыратын бояумен жабу (негізі СПП ч. 3. П. 4.2.4)
Өрт сөндіру гидранттары, сұйыққоймалардың орналасу орындарына жарықтандыру және флуоресцентті көрсеткіштерді орнату. Қысқы уақытта жүйелі түрде қар мен мұздан тазарту. (негізі ҚР ӨҚҚ 08-97 8.7 п. 2)
Бекінулер арқылы өту үшін, сондай-ақ сұйыққоймаларға топырақ себуге көтеру үшін ені 0,7 м кем емес саны 4 саты-өткелдер – сүйыққоймалар тобына орнату (негізі ҚНжЕ 2.11. 03-93 т.б. 3.11)
Сұйыққоймалар жиынтығы территориясын құрғақ шөп пен бұталардан тазарту. Алаңдарда тұтанғыш және жанғыш газдар мен судың жиналу орны болуы мүмкін шұңқырлардың пайда болуын болдырмау (негізі СППБ ч. 3. П. 4.2.25)
Азық-түлік сорғыш станцияның үй-жайында автоматты гозанализаторларын орнату немесе ауа ортасы жағдайын бақылау үшін лабораториялық анализ жасап тұру (негізі ППБ РК 08-97 8.1. п.)
Объектіде сұйыққоймалар жиынтығындағы өртті сөндіруге қажетті көбіктендіргіштің екі есе қорын қамтамасыз ету.
Электршаруашылығының толық тексерісін өткізу. Акт жасап оқшауландыру мен жарықтандыру желілерінің кедергісін, электр жабдықтардың жерге тұйықтау контурын тексеру.
Сұйыққоймалар жиынтығының бірнеше жерінде п.3.6 ҚНжЕ 2.11.03-93 талабы сақталмаған: көлемі 3000 м3 дейін сұйыққоймаларда қабырғасынан бекінулердің ішкі еңісінің табандарына немесе қоршау қабырғаларына дейінгі ара қашықтық 3 м кем емес қабылдануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |