Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы


Өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша инженерлі-техникалық және жедел тактикалық шешімдерді бағалау



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#124676
түріДиплом
1   2   3   4   5   6



3. Өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша инженерлі-техникалық және жедел тактикалық шешімдерді бағалау.


3.1. Хабарлау автоматикасы.

Зауыт кешенінің ғимаратында жылулық хабарлағышымен автоматикалық өрт дабылы қарастырылған.

Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Құрылыс нормасы 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт дабылымен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау қажеттілігін ескеру негізінде өрт хабарлағышын орнату. Өрт хабарлағышы жануды табуға және жағдайды бақылау үшін арналған және әртүрлі ғимараттар мен имаратардағы жабық бөлмелерде түтіннің пайда болуын және «Өрт», «Шаң», «Назар сал», «Бұзылу», «Сөну» хабарларын беруге арналған.


Қамтамасыз етеді:

  • өртті ерте табу;

  • «күн-түн» түтіндену деңгейінің бағдарламалық қондырғысын;

  • алдын-ала «Назар сал» хабарын;

  • жұмыс қабілеттілікті бақылау;

  • шаңдануды бақылау;

  • түтін концентрациясының ағымды мағынасын бақылау;

  • екі сымды байланыс сызығы бойыша қоректену;

  • 127 хабарлағышқа дейін екі сымды сызықты қосу;

  • кезекші режимнің жарықтық индикациясы, «өрт» режиміне және ақаулар режиміне ауысуын;

  • магнитпен жұмыс қабілеттілігін тексеру;

  • жәндіктерден сенімді қорғаныс;

  • құрылыс және жөндеу кезндегі шаңдардан қорғаныс;

  • қызықтыратын дизайн.


Техникалық сипаттамалары:

Хабарлағыштың сезімталдығы қоршаған ортаның түтіндеуі оптикалық тығыздығы – 0,05 кем емес және 0,2 дБ/м артық емес сәйкес келеді. Қоршаған орта үдемелі оптикалық тығыздығы шегіне жеткен кездегі хабарлағыштың жұмыс жасау инерциясы 10 секундтан аспайды. Шлейфтен хабарлағышқа қажетті тоқ - 600 мкА көп емес. Хабарлағыштың техникалық дайындық уақыты - 60 секундтан көп емес.



  • Жұмыс температураларының диапазоны - -10°С-ден +55°С-ге дейін.

  • Хабарлағыштың розеткамен бірге габаритті өлшемдері:

  • диаметр - 100 мм көп емес,

  • биіктігі - 30 мм көп емес,

  • хабарлағыш массасы - 0,2 кг көп емес.

Хабарлағыштардың барлық сәулелерін ППС-3 өрт дабылының пультына шығару.

ППС-3, өрт хабрлағыштарынан (ИП 105-2/1, ИП 104-1, ДИП-3, РИД-6М, ДИП-2) дыбыстарды қабылдап және өңдеу үшін арналған. ППС-3 күзетілетін нысандардан хабардың түсуін қаматамасыз етеді, өрт сөндіру қондырғыларының қосылу мүмкіндігін, түтінді жою және басқа қондырғылардың жұмыс жасауын қаматамасыз етеді. ППС-3 жұмысы дыбысты сызықтарда электрлік режимдерді тұрақты бақылауында негізделген.

Пульт 20 дыбысты сызыққа базалы құрылғыдан және сызықты блоктан тұрады. Базалы құрылғы 10 қабылдау және тіркеу блогын қосады, олардың әрқайсысына екі дыбысты сызық қосылады. Сонымен бірге бақылау және басқару блогы, қоректендіру блогы, релелі блок қосылады.

Базалы құрылғы қабырғалы шкаф түрінде жасалған. Қабылдау және тіркеу блоктары бұрылыс рамасында бекітілген.

Сызықты блок конструкциясы базалы құрылғыға сәйкес.
Техникалық сипаттама


Максималды дыбысты сызық саны, шт

60

ДИП-2 хабарлағыштарының бір шлейфте (сызықта) қосылуының максималды саны, шт

20

Бір шлейфте контактті максималды қосылатын хабарлағыштардың саны, шт

40

Дыбысты сызықтың кедергісі, Ом

500-ге дейін

Қоректендіру кернеуі, В:

ауыспалы тоқ жүйесінен

резервті тұрақты тоқ көзінен


220 +22-33

24±2,4


Кезекші резжимдегі қажетті қуат:

ауыспалы тоқ жүйесінен, ВА

тұрақты тоқ көзінен, Вт

40

40



Жұмысшы температура диапазоны, `С

0...+40

Қоршаған орта рұқсат етілетін қатысты ылғалдығы, %

80

Габаритті өлшемдері, мм

560х320х250

Масса, кг:

20 сызыққа

60 сызыққа


25

50

Жеткізу комплектіне 1...2 сызықты блоктың базалы құрылысы, ЗИП, паспорт, техникалық сипаттау және пайдалануы бойынша нұсқауы кіреді.

4. Жылжымалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру. (1-ші нұсқа)

Өрт 2-ші қабатта зауыттың бөлмелерінде коймада пайда болды, келесі өрттің даму шарттарын қабылдаймыз:


  • сыртқы ауа температурасы + 00;

  • өнімдерді сақтау бөлмесінде адамдар бар;

  • өрт тарауының сызықты жылдамдығы л = 1,2 м/мин;

  • өрт зауыттың ортасында пайда болды.

Нысанның жедел-тактикалық қатынаста меңгеру қорытындысында келесілер анықталды, ғимараттың зауыт бөлмелерінде өрт пайда болған кезде қатты түтінденуден аса қиын жағдай туындайды және ғимаратқа үлкен материалды шығын әкеледі. Өрт ауыртпалығы 100 кг/м2 дейін құрайды.

Өрттің үлкен ауданы- өрт зауыттың ортасында пайда болған жағдайда болуы мүмкін, өрт әртүрлі материалдармен максималды жылдамдықпен тараған кезде.
1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан ӨСБ-11 сөндіруге оқпандарды бергенге дейін).

tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР

мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин.;

tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;

tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;

tСБ – жиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);

tсл–өрт орнына жету уақыты.

tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин.

tСВ = 3 + 1,5 + 0,5 + 1 + 3 + 3 = 12 мин.

Vсл.

мұндағы: L - өрт бөлімінен нысанға дейінгі арақашықтық, км;

Vсл - ӨА жылдамдығының орташа жылдамдығы, км/сағ;

2. Өрттің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:

L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1,2 + 2*2 = 10 м [4.3]

мұндағы: 1 = 10 мин0,5Vл жылдамдығымен өрттің тарау уақыты, анықталмаған кестелі көлемінің температуралық режимінен.

Өрттің пайда болу орынынан от сауда залының барлық жағына тарады және төмендегі уақыт ішінде:

0,5Vл 0,5Vл

мұндағы: а – бөлменің ені, м;

б – бөлменің ұзындығы, м.

Оқпандарды берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.

3. Өрт ауданын анықтаймыз:

SП = а*b [4.4]

мұндағы: а – өрт шебінің ені;



b – бөлме ұзындығы.

SП = 10*14 = 140 м2

Қол оқпандарының аса эффективті сөндіру тереңдігі hm = 5 м, а лафетті опан - hm = 10 м.

4. Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз:

SТ = n*a*h=2*10*5=100 м [4.5]

5. Бөлменің өртті сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарының (су) қажетті шығынын анықтаймыз:

QТТР = Sп * JТР = 100 * 0,2 = 20 л/(м2*с) [4.6]

мұндағы, Jтр – су берудің қажетті интенсивтілігі, л/(с м2),

Jтр = 0,2 л/(м2*с)

6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз:

QЗТР = Sт * JТР/4 = 100*0,2/4 = 10л/(м2*с) [4.7]

7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз:

Q = Q + Q [4.8]

Q = 40+10= 50 л/(м2*с)

8. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын анықтаймыз:

N = Q/qСТ = 24/7 = 4 оқпан. «А».

9.Көрші бөлмелерді қорғау үшін олқпандар санын анықтаймыз:

N = Q/qСТ [4.9]

N = 6/3,5 = 3 оқпаны. «Б»

Зауыттың жедел-тактикалық меңгеріп, көрші бөлмелерді қорғау үшін 2 «Б» оқпанын аламыз, яғни 1 оқпанды көрші бөлмелерді қорғауға және 2 оқпанды 2-ші қабатты қорғауға аламыз.

10. Судың нақты шығынын анықтаймыз:

Q = NТСТ * qСТ + NЗСТ * qСТ [4.10]

Q = 3* 7 + 3 * 3,5 = 31,5 л/с

Салыстырамыз: Q и Q

31,5 > 30 теңестіру орындалды.

11Нысанның сумен қамтылуын анықтау:

QВ = (VВ*dСЕТИ) [4.11]

мұндағы: QВ – су тарату жүйесінің су беруі

VВ – құбыр бойымен судың қозғалу жылдамдығы,

dСЕТИ – құбыр диаметрі труб, дюйм (1 дюйм = 25,4).

QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с

Нысан сумен қамтылған.

12. Қажетті өрт машиналар санын анықтау: [4.12]

NМ = Q/0,8*QН

где QН – өрт автомобилінің сорғышының шығыны, л/с.

NМ = 31,5/0,8 * 40 = 1 ПА

13. Өрт бөлімшелерінің санын анықтау: [4.13]

NОТД = Q/QОТД

мұндағы: QОТД - бір бөлімше бере алатын өрт сөндіру заттарының шығыны, л/с.

NОТД = 31,5/14 = 3 отд.



Ірі өрттерді сөндірудің практикалық икемділігінен шыға отырып, түтінденген бөлмеде жұмыс жасап жатқан ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыруға резерв қарастыру керек. Резерв өрт сөндіруде жұмыс жасап жатқандардың ГТҚҚ буынының санынан 30 % құрауы қажет.

NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 30 % = 5 + 1,2 = 6,0 (6 ГТҚҚ буынын қабылдаймыз)

14. Қажетті жеке құрам санын анықтыймыз:

NЛС = N*3 + N*2 + NМ + NПБ + NСВ + NРАЗ =

4*3 + 2*2 + 1 + 6 + 2 + 2 = 27 адам. [4.14]

мұндағы: N*3 – өрт сөндіру бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса (ГТҚҚ буындары да ескерілген)

N*2 – қорғау бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса;

NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);

NПБ – қауіпсіздік бекетіндегі адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);

NСВ – байланысшылар саны;

NРАЗ – таратқышта және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.

15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесете бойынша өртке шақыру номерін анықтау:

NОТД = NЛС/4 [4.15]

NОТД = 27/4 = 7 отд.

16. Өрт сөндіру құралдарын беру бойынша шекті арақашықтықты анықтау:

LПР = [HН - (HР ± ZМ ± ZСТ)/SQ²]*20 [4.16]

мұндағы: HН – сорғыштағы қысым, м.;

HР – таратқыштағы қысым, м., (HР = HПР + 10);

ZМ – шекті арақашықтықтағы жергілікті жердің аса жоғары көтерілу (+) немесе түсу (-), м.;

ZСТ – таратқышты орнату орынынан немесе өрттегі жергілікті жердің аса жоғары оқпандардың көтерілуі немесе түсуі, м.;

S – бір өрт жеңінің кедергі келтіруі;

Q – бір аса жүктелген магистралды жең сызығының суммарлы су шығыны, л/с.;

SQ² - бір магистралды жең сызығындағы қысымның жоғалуы, м.

LПР = [90 - (50 + 0 + 4)/0,015 * 10,52]*20 = 208 м.

17. АЦ-да ӨСБ-1 бөлімшесі екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. ӨСБ-11 бөлімшесі түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда:

Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 7 * 3 * 3,5 = 73 л/с,

мұндағы: Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;

qст – оқпандағы су шығыны, л/с;

nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға);

Qф = 73 л/с Qтр = 30 л/с

Сәйкесінше, өртке бірінші келген өрт бөлімі өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.

Бірінші келген өрт бөлімінің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдайы және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер:



  1. барлау барысында анықталды;

  • жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;

  • зауыт бөлмесіндегі өрт ауданы 100 м2 құрады;

  • өрттің тарау жылдамдығы 1,2 м/мин.

Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жұмсалады.

Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:

АЦ-40, АЦ-40, АЦ-40.

Өрттегі жағдайды және МЖ-1 жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін есекре отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге үш РС-70, бір РС-50 оқпаны берілді. 2-ші ӨСБ КҚЖБО-на қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарлатылған номерін хабарлайды.



4.1.Адамдарды ғимараттан көшіру.

Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, өзінің спецификалары бар болғандықтан үлкен қиындықты тудырады. Көшірудің қажетті уақыты - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде өрттің қауіпті факторлары пайда болатын уақыт. Көшірудің қажетті уақытын анықтау үшін өрттің қауіпті факторларының мағынасын білуі қажет, және одан басқа өрт кезінде осы мағыналардың пайда болу уақытын анықтай білу керек. Өрттің қауіпті факторларының құрамына қоршаған орта температурасы, сәулелі ағындар, жанудың улы өнімдері және түтіндену саладарынан көрінудің жоғалуы жатады. Қоршаған орта температурасы. Аса қауіптілікті қыздырылған ауаны жұту болып табылады, ол жоғарғы дем алу жолдарына зиян тигізеді, түншықтырады және өлімге әкеледі. 1000С жоғары температура әсері есінен танып қалуына және бірнеше минуттан кейін өлімге әкеліп соғады. Сонымен қатар тері күйіктері қауіпті. Медицинаның күйіктерді емдеуінің үлкен жетістіктеріне қарамастан 2 дәрежелі денесінде 30% күйік алса, тірі қалуға оның мүмкіндігі аз.

Кестеде қоршаған ортадан 2 дәрежелі күйік алған уақыттағы байланыстылығы келтірілген.

Қоршаған орта температурасы,0С

1093

371-482

176

100

71

2 дәрежелі күйік алған уақыты, с

1

3

7

15

26

Канадада жүргізілген зерттеулермен анықталған, ылғал атмосферада екінші дәрежелі күйікті 550С температура 20 с. әсер еткен кезде тудырады және 700С кезінде 1 с. әсер еткен кезде тудырады, және өрт жағдайында 69-710С кезінде бірнеше минут адам өміріне кауіп төндіреді.

Сәулелі ағындар. Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі ағындар қауіп төндіреді. Зерттеумен анықталғандай, сауда мекемелерінде әртүрлі заттар мен материалдардың көшіру жолында жануы кезінде өрттің 0,5 мин кейін көшіріліп жатқан адамдарға сәулелі ағын қауіп төндіреді. Сәулелі ағындарды тағы бір үлкен интенсивтілігі әртүрлі технологиялық қондырғылдардың жануы кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда арнайы қорғаныс құралдарынсыз адам мұндай қондырғыларға 10м жерден жықындай алмайды.

Кестеде адам үшін қауіпті сәулелі ағындардың мағыналары келтірілген.

Жылулық радияцияның интенсивтілігі

Вт/м2



840

1400

2100

2800

3500

7000

8750

Орын ауыстыру уақыты,с

360

150

40-60

30-40

10-30

5-11

3-8

Жанудың улы өнімдері. Полимерлі және синтетикалық өнімдері көп сауда мекемелеріндегі өрт адам өміріне жанудың улы өнімдері қатты әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінің құрамында уландыру әсері бар 50-100 химиялық қоспалар түрі бар болады, әртүрлі мемлекеттің ғалымдарының айтуы бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімінің негізгі себебі көміртегі тотығынан улану болып табылады.

Көміртегі тотығы қан гемоглобинімен оттегінен гөрі 200-300 есе жақсы әсер етеді, артынша адам ағзасы оттегімен қамтылуынан айырылады. Оттегі жетіспеушілігі, ойлау қабілетін жоғалтады, адам ештеңе сезбейді, қауіптіліктен қашуға тырыспайды, басы айналады, қозғалыс координациясы бұзылады, ал тыныс алуы тоқтаған кезде - өлім келеді.

Кестеде өрттің қауіпті факторларының жобалы критикалық мағыналары келтірілген.


Өрттің қауіпті факторлары

Өлшемі

Критикалық мағынасы

Қоршаған орта температурасы

Сәулелі ағындар

орта әлсіреуі коэфф.

Ауадағы заттар концентр.:

цианистті сутегі

фосген


азот тотығы

күкірт сутегі

хлорлы сутегі

көміртегі тотығы

күкірт ангидриді

көміртегі екітотығы

оттегі


0С

Вт/м2

м-1

г/м3



70

3000


0,46
0,2

0,2


1

1,1


3

3,6


8

162


214 (немесе 15%)

№ 2 жоғарылатылған шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу сәтіне дейінгі өрттегі жағдайды анықтау

1.№2 шақыру бойынша келген өрттің пайда болуынан соңғы бөлім оқпандарын бергенге дейінгі өрттің даму уақытын анықтаймыз:

τсв2 = τсв1 - τсл2 + τбр [2.1]

tсв2=10,5 -1,5 + 3=12мин.

мұндағы: τсл = 60 *34,5мин.

40

t2=12 + 4,5= 16,5мин.



2. №2 шақыру бойынша келген ӨСБ-11 оқпандарды беру сәтіне дейінгі өрттің ауданын анықтаймыз.

Қойманың және көрші бөлмелердің қабырғаларының отқа төзімділік шегі 0,75 сағ. тең, яғни 45 мин, ал қосымша күштер мен құралдар өрт пайда болғаннан 10,5 минуттан кейін келеді, сонда өрттің дамуы өзгермейді, сондықтан: Sт = 200 м2 Qтр = 30 л/с



Қорытынды: Қарастырылған шығу кестесімен өрт бөлімдерінің №2 шақыруы залдағы сәтті сөндіруді қамтамасыз етеді. Күш пен құралдардың орналасуы.


Өрттегі орташа көлемді температураны анықтаймыз.

Жылу алмасу беткі қабатын анықтаймыз:

S = Sпол + Sпер + Sст, [2.2]

мұндағы: Sпол , Sпер , Sст - еден, аражапқыш және бөлме қабырғаларыны

ауданы, м2.

Sпол = 12* 24 = 288 м2

Sпер = Sпол = 96 м2

Sст, = 12 32 = 72 м2

S = 288 + 96 + 72 = 456 м2

Жылулық ағын тығыздығын анықтаймыз:

q = *Vм*Sп*Qнр



3,6 S [2.3]

мұндағы, - химиялық толық жанбаған коэффициенті;

Vм – материалдың жаппай жану жылдамдығы, кг/( м2 ч);

Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;

Qнр - жанудың төмен массалық жылулығы, кДж/кг;

= 0,95, Vм = 0,84 кг/( м2.мин);



Qнр = 16500,0 кдж/кг; Sп = 288 м2;

Газ алмасуда қатысатын қуыстар бір деңгейде орналасқан, сәйкесінше ақпалы қуыстар ауданын S1 қуыстар ауданының 1/3 тең аламыз.

S1 = 45,4 м2

Алынған мағыналар бойынша S1 және V0

S

кестеге сәйке (қосымша 7 /14/), табамыз



мұндағы, V0 = 5,30 м3/кг- жануға ауа шығыны.

S1 = 45,4 = 1

S 456 2
Sпола = 288 м2



m = 2.2

Жылулық ағын тығыздығын ауа шығынының коэффициенті және өрттің мүмкін даму уақытын біле отырып «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетулер номограммасы бойынша өрттің орта көлемді температурасын анықтаймыз.

Есептеулер көрсеткендей өрттің ауданы бірінші келген бөлім сәтінен соңғы келген сәтіне дейінгі мезгілде өзгермеген, сонымен бірге ағу қуыстары мен жылу алмасу беттерінің ауданы өзгермеген. Сәйкесінше орта көлемді температураны тек қана келесі уақыт аралықтарында анықтаймыз:

2 мин. – бөлімнің келу уақыты



tср12 = 550оС; tср16,5 = 625оС;

Өрт сөндіруді ұйымдастыру.

№1 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес өрт орынына келесі техникалар келеді:

шақырудың 1-ші номері

  1. АЦ-40 ӨСБ-11

  2. АЦ-40 ӨСБ-11

Жеке құрам 49 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-70 3 оқпанымен және қорғауға көрші бөлмелер мен жоғарға қабатқа РС-50 3 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ КҚЖБО-на күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.

Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСБ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.

Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:

адамдарға қауіптің төнуін;

олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;

өрт орны мен өлшемін, оттың тарау жолдарын;

мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;

ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;

конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орнын;

шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;

көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;

қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.

Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №1 жоғарылатылған шақыруды КҚЖБО-на ақпаратты хабарлайды. Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:

  1. штаб бастығы;

  2. тыл бастығы;

  3. объект әкімшілігінің өкілдері;

  4. қаланың өзара қызмет өкілдері.

Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.

Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ төрт жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.

1-ЖА .

Тапсырма: Адамдарды көшіру, өртті жою, жануды көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу. Аймаққа ӨСБ-11 2 ГТҚҚ буыны 2 РС-70 dн = 19 мм беріледі.

2-ЖА .

Тапсырма: жануды жою, өрттің көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу. Аймаққа ӨСБ-11 берілген 4 РС-70 dн = 19 мм, оқпандары беріледі.

3-ЖА көрші бөлме.

Тапсырма: Көрші бөлмелер мен шатырды мүмкін болатын жанудан қорғау. Аймаққа ӨСБ-11 күштерімен берілген 2 ГТҚҚ буыны 2 РС-50 оқпаны беріледі.

4-ЖА зауыттың екінші қабатында ұйымдастырылады.

Тапсырма: 2-қабат бөлмелерін мүмкін болатын жанулардан қорғау. Аймаққа МЖ-1 күштерімен берілген 1 РС-50 оқпаны беріледі.

ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.

ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пен құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді КҚЖБО-на хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.

ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге үш РС-70 dн = 19 мм, 1 «Б» және қорғауға екі РС-50 оқпандарын беруді ұйымдастыруды.

Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСБ ӨСБ-11 бөлімше командирін тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.

Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:

  • барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;

  • шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;

  • бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  • үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;

  • өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ӨБП-ға ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; КҚЖБО-мен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;

  • қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;

  • өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;

  • жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;

  • жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлауға;

  • күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;

  • басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;

  • өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;

  • өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;

  • өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;

  • нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;

  • өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;

  • құнды материалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды және полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шешімдер қабылдауға;

  • өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.

Өрт сөндіру үшін қоымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:

-шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;

-оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;

-арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;

Су автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.

ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-мен байланыс үшін АЦ-40 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүргізеді.Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.

Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы тахниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.

1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша тәлімдемесі» №446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.

3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.

4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.

5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.

6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.

7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығынсыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
4.2 2-ші қабатта зауыт бөлмелерінде өрт кезінде жобалау.

Өрт зауыт бөлмелерінде пайда болды, өрттің келесі даму шарттарын қабылдаймыз:

-сыртқы ауа температурасы + 200;

-қоймада адамдардың көп мөлшерде болуы;

-өрттің сызықты тарау жылдамдығы л =1,2 м/мин;

-өрт бөлмелерде туындады.

Нысанның жедел-тактикалық қатынаста меңгеру қорытындысында келесілер анықталды, зауыт бөлмелерінде өрт пайда болған кезде қатты түтінденуден аса қиын жағдай туындайды және ғимаратқа үлкен материалды шығын әкеледі. Өрт ауыртпалығы 100 кг/м2 дейін құрайды.

Өрттің үлкен ауданы өрт зауыт бөлмелерінде ортасында пайда болған жағдайда болуы мүмкін, өрт әртүрлі материалдармен максималды жылдамдықпен тараған кезде.

1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан ӨСБ-11 сөндіруге оқпандарды бергенге дейін).

tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР

мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин.;

tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;

tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;

tСБ – жиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);

tсл–өрт орнына жету уақыты

tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин.

tСВ =2+ 1 + 1 + 1 + 3 + 5 = 13 мин.

2. Өртің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:

L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1,2 + 1,2*3 = 9,6 м

мұндағы: 1 = 10 мин0,5Vл жылдамдығымен өрттің тарау уақыты, анықталмаған кестелі көлемінің температуралық режимінен.

Оқпандарды берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.

3. Өрт ауданын анықтаймыз:

SП = а*b [2.9]

мұндағы, а – өрт шебінің ені;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет