32
4.3 Электр қауіпсіздігі
Пайдаланылатын
жабдық пайдалану кезінде, сондай- ақ электр
тогының зақымдануынан ақаулар туындаған кезде персоналды қорғауға
кепілдік беретіндей құрастырылуы және дайындалуы тиіс.
Жабдықтың жұмысы кезінде оператор жанасатын конструкция
элементтерін диэлектрлік материалдан орындау немесе оларға қорғаныш
диэлектрлік жабынды жағу ұсынылады.
Тұтастай алғанда жабдықтың, сондай-
ақ жеке блоктардың жерге
тұйықтау немесе нөлдеу өткізгіштерін қосуға арналған арнайы клеммалары
немесе басқа да құрылғылары болуы тиіс.
Жабдықтың барлық ток өткізгіш бөліктері қоршалуы және пайдалану
кезінде оларға жанасу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылуы
тиіс.
Жабдықтың оқшауламасы сынаманың алдын алатын жеткілікті
диэлектрлік беріктілікке, сондай- ақ шамадан тыс токтардың пайда болуына
және жылу тесігінің пайда болуына кедергі келтіретін
жеткілікті электр
кедергісіне ие болуы тиіс.
Ақау болған жағдайда жабдықты бастапқы қорек көзінен
қоректендіруді ажырату құрылғысы арқылы дереу ажырату мүмкіндігі
көзделуі тиіс. Егер қуат көзін ажырату құрылғысы осы шартты
қанағаттандырмаса, апаттық қорғаныс құрылғысын қарастыру керек.
Егер лазерлік құрылғының құрамына лазерлік генерацияға қажетті
қоректендіру көзі кірмеген жағдайда, техникалық құжаттамада (ТШ,
паспорт) қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оның лазерлік
бұйымдармен үйлесімділігі бойынша қоректендіру
көзіне қойылатын
талаптар көрсетілуге тиіс.
Жабдықтың қажет болған жағдайда электр тогымен зақымдану
мүмкіндігінің ескерту белгісі болуы тиіс.
33
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін сабақ барысында
қолдану өте тиімді. Мен диплом алды практикадан өту барысында сабақ
беруде бұл әдістерді пайдаланып сабақ өтіп, іс жүзінде нәтиже бар екендігін
аңғара түстім. Алматы мемлекттік электртехникалық білім беру орнында
студенттердің көмегімен жүргізілген зерттеулер интербелсенді оқыту
әдістерінің кәсіптік білім беру саласындағы
ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесі 80 пайызды құрады және де зерттеу
жұмысын толық дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетуге болатынын
айқындап отыр.
Студенттерге білім беру барысында белсенді және интербелсенді
әдістер олардың білім алу үрдісін дамыту мақсатында соның ішінде:
шығармашылығын шыңдауға, таным белсенділігін арттыруға,
дербестікке
үйретуге, пікір алмасуға, өз ойын тиянақты, нақты жеткізе білуге, қабілетін
бағалауға, тиімді қарым-қатынас орнатуға деген мақсатында қолданылады.
Жұмыстың нәтижесінде жеткен жетістіктер:
- бір- бірімен өзара қарым- қатынастарды дамыту;
- студенттердің өзіндік идеялары мен пікірін айта алуы, баға бере алу;
- студенттер ұжымында бірлесе отырып жұмыс жасаудың рухани және
моральдық ережелерді терең үйренуі. Бұл арқылы
болашақ әріптестерімен
қарым- қатынасты тәжирибе жүзінде меңгере алуы;
- мінез- құлқының өзгеруі.
Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерінің негізгі қағаидаларын,
ұйымдастыру ережелері мен жүзеге асыру шарттарын іс-жүзінде қолдандым.
Соның нәтижесінде кәсіптік білім беру салаларында белсенді және
интербелсенді әдісті қолданудың ерекшеліктерінінің тізімі жасалды:
- Сабақты өмірмен байланыстыру.
- Ұжымдық қарым-қатынастың тиімділігі.
- Интербелсенді сабақтың құрылымы.
- Интербелсенді әдістің қағидалары.
- Интербелсенді әдістердің студент психологиясы,үлгерім ретіне қарай
қолданылуымен байланысты.
Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдалану әрбір педагогке
мақсатты түрде
тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Педагог сабақты жоспарлап, пәндік мақсаттарды
қоя отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру
мақсатын қалыптастырады. Осылайша,
тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және
әлеуметтендіру процестері білім алушының барлық білім беру процесін
дамытады. Интербелсенді оқытудың негізгі процестерін толыққанды жүзеге
асыру білім алушылардың жаңа білімін қарқынды пысықтауды және сапалы
меңгеруін, оқу, пәндік және арнайы іскерліктерін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: