1.4 Дидактикалық зерттеулерде оқытудың дидактикалық принципі ретінде қол жетімділік мәселесі және әдістері
Көрнекі оқыту - өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, адам анатомиясы физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам қаңқасы көрсетіліп, осы сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы мен маңызы, атқаратын қызметі оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында "Өсімдіктердің органдары" тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлеп және коллекциялар көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы, тарих пен география сабақтарында географиялық және тарихи карталар, картограммалар, диаграммалар, схемалар, кестелер, диапозитивтер пайдаланылады. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор. Физика мен химия пәндері кезінде жасалған эксперименттік тәжірибелері де көрнекілік оқыту әдістемесі деп атауға болады. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады. Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар немесе экрандап оқыту әдістеме деп те атайды. Фильмдер әдебиет,ана тілі пәндерінен көбірек қолданылады. Фильмдер сабақ кезінде түрлі дидактикалық мақсатта да пайдаланылады. Оны оқушылардың ынтасын арттыру мақсатымен материалды меңгерудің алдында көрсетуге де болады. Ара тұра оқушы білуге тиісті тақырыптардың кіріспесі ретінде оқу фильмдерінің мазмұны түсіндіріледі. Кей кезде фильм материалды өткеннен кейін көрсетіледі. Себебі ол өткен сабақты тереңірек ұғынып, пысықтау мақсатында да қолданылады. Фильмдерді материалды түсіндіру үстінде көрсету- педагогикалық тәжірибелерде көбірек тараған әдістердің бірі. Сабақ үстінде материалды біртіндеп түсіндіре отырып, осы тақырыпқа байланысты фильмдерден үзінділер көрсетуге де болады. Сабақ біткеннен кейін, мұғалім көрсетілген фильм туралы оқушылармен әңгіме жүргізіп, өткен тақырыпты тұтастай пысықтап қорытады. Оқу фильмдері сабақ тақырыбының мазмұнын кеңейтіп, оны толықтыра түседі. Киноны оқушылардың өздігінен меңгеретін жұмыстарына байланысты да пайдалануға болады. Бұл үшін алдымен мектеп жанындағы кино үйірмесі арқылы кино аппараттар мен жұмыс істей білуге тиіс.
Теледидар. Теледидар да техникалық оқу құралдарының бірі болып есептеледі. Оқыту әдісі бойынша теледидар дыбысты - экрандық көрнекі құралдардың қатарына жатады. Сондықтан оқыту құралы ретінде мұның да рөлі зор. Теледидар арқылы ғылым, техника және өнер саласынан көрнекті мамандардың сөздерін пайдалануға болады.
Радио. Дыбысты техникалық құралдардың бірі- радио. Елімізге радио хабарлары оқыту әдісінің бір түріне жатады.Көптеген мектептерде, оқыту мақсатына байланысты ұйымдастырылған өздерінің радио торабы бар. Жаңа салынатын мектептердің жобасы бойынша арнайы радио кабинеттері жабдықталады. Радио арқылы ғылымның әр саласынан мамандардың сөздері беріледі және дене шынықтыру, ән мен музыка сабақтары жиі хабарланады. Кей мектептерде радио сабақтары әсіресе, шет тілдерінен өте табысты өтуде. Радио хабары арқылы шет тілі сабақтарынан оқушылардың тілін дамытуға және мәнерлеп оқуға үйретуге болады. Радио арқылы оқушылар үшін әдебиет сабағына арнап музыкалық иллюстрацияларды дыбысты техникалық құралдар ретінде магнитофон жазбалары пайдаланылады. Оларға жазылған сабақтарды қайталап тыңдау арқылы оқушылар ана және орыс тілдерінде қатесіз сөйлей білуге дағдыланады.
Экскурсиялық оқыту. Экскурсия (лат.-серуен жасау ) - өзінің мазмұны жөнінен үш түрлі дидактикалық мақсатпен ұйымдастырылады: жалпы білімберу, өлкетану, тәрбиелеу. Экскурсия сабағының барысында өтетін тақырып әңгіме методы мен көрнекі оқыту методының ұласуы арқылы түсіндіріледі.Олай дейтін себебіміз, экскурсия кезінде әңгіме, лекция методтары өолданылады да, экспонаттап көрнекілік ретінде көрсетіледі. Демек, экскурсия әдістемесі әңгіме әдісі мен көрнекі оқыту әістерінің комбинациясы деуге болады. Мұнда ауызша түсіндіру мен көрнекілік әдістері теңбе- тең жүріп отырады. Экскурсия кезінде оқушылар көптеген материалдар жинайды, суреттер салады. Сөйтіп, оқушылар сабақ мазмұнын шешуге өздері тікелей қатысады. Бұл жөнінен экскурсия практикалық оқыту әдісімен тығыз байланысты.
Оқытуда көрнекілік әдістер. Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымның белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу;оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.
Демострация (көрсетілім тәжірибелер). Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды,процестерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілген құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады. Берілген әдіс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды. Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі рөл атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық игуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтп түінуді қамтамасыз етеді. Демонстрация әдіс сапасын көруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты. Заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданылады. Көрнекілік іс- тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластинкалық қапталған тарихи карталар, альбомдар,атластар жатады. Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Кестелер, диаграммалар, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.
Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекі құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі рөлі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі - иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, кестелер мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.
Бейне әдісі білімді игеріп қана қоймайды, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады. Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқылатын құбылыстардың көрнекілік рөлін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдатыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,-күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принцпте түсіндіру;
-түрлі іс-әрекет түрлерін алгоритмде орыналуын оқыту;
-шет тілі сабақтарында арнайы орта құру;
-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын бекіту, сабақтарында бейне құжатты қолдану;
-тест өткізуді ұйымастыру;
- алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, моельдеу, қажетті өлшемді жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
-сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компьютерлік есепке алу;
-оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.
Көпшілік жағдайда окушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне сүйене отырып, заттарды бірінен-бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялык экперементтің төрт түрін қолданады, бұлардың әрқайсысының өзінше методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:
1) Көрсетілім (демонстрациялық) тәжірибелер
2) Зертханалық тәжірибелер
3) Сарамандық сабақтар
4) Аралас типті сынақ тәжірибелер (сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу).
Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері пайдаланылады.Көрнекілік принцп химияны оқытуда мұғалімнің әртүрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелер және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, аппликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, және т.б.қолануына негізделген. Енді көмекші құралдарына келетін болсақ мұғалім үшін әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды қоса алуға болады[7].
Көрнекілік әдістерін маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістермен, оның ішінде дамыта оқыту үрдісімен ұштастырыла іске асыратын көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады.Себебі, сыныпты жалпы және әр баланы жеке химия сабағына деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді. Күнделікті химия сабақтарында тақырыпқа сай көрнекі құралдарды қолдануға мынандай талаптарды ескерген жөн:
1) Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2) Эстетикалық тәрбие беру де жөн.
3) Жүйелі жинақты тұруы тиіс.
4) Тақырыптың мазмұнын аша түсіп, толықтыратындай болуы керек.
Сабақты қайталау және пысықтауда тақырыпқа сай карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус пайдаланылады. Сабақтың үшінші бөлігі оқушылардың ой-өрісін, эстетикалық талғамын өсіріп, жақсы әсер ететін - үнтаспалар, диафильмдер, түрлі суреттерді есте сақтауға көмегі бар.
Химияны оқытуда оқушылар заттар қасиеттерін және құбылыстарды көру ғана емес, басқа анализаторлардың жәрдемімен де танып біледі.Бірінші және екінші сигнал системаларының әрекеттесуі арқылы қабылданатындардың бәрі көрнекілік құралдарына жатады. Заттарды қабылдау процесі оның бейнесін қабылдау процесінен басқаша болғанымен, суреттерді қабылдауда бірінші сигнал системасының едәуір рөлі бар. Сондықтан иллюстративті көрнекі оқыту құралдары да көрнекілік құралдарына жатады.
Мектеп оқушыларына химия пәнін оқыту кезінде шаршағандықты басу және оларды оқу үрдісіне тез араластыру үшін көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту өте қажет. Әсіресе жаңа білім мен білікті меңгерту сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.
Химияны оқытуда мынандай көрнекілік құралдар қолданылады:
1) Заттар үлгілері, жабдық заттары, физикалық және химиялық процестер( зат көрнекілігі )
2) Бейнелеу көрнекі құралдары-суреттер, диапозитивтер, оқу фильмдері, макеттер және басқа көлемдік көрнекі құралдары;
3) Шартты (символикалық) көрнекілік құралдары-диаграммалар, схемалар, графиктер және т.б.
Оқушылар мектептегі сабақтарда, мектептен тыс экскурсияларда және еңбекке үйренгенде оқу мақсаттары бойынша заттарды және процестерді бақылайды.Мектепте оқушылар мұғалім демонстрациялайтын заттар үлгілерін, приборларды және үлестірме материалдарды қарастырады.
Кейбір мұғалімдер көрнекі көрсету әдістемесі өте қарапайым деп ойлайды. Бұл оптимизмді тәжірибе дәледеді. Қөрнекі көрсеткенде оқу мәні жоғалып, тек танымдық құралына айналған оқиғалар аз емес. Көрнекі көрсетудің нәтижесі мұғалімнің іс – әрекеті көрнекі құралдармен дұрыс үйлескенде ғана пайдалы болады.
Көрнекі көрсетуде мұғалімнің іс-әрекетінің үйлесу сипатының әр түрлерін педагогикалық тиімділігі көрнекінің мақсатына, көрнекіленетін нысанның күрделілігіне (заттар, олардың бейнесі, үрдістер), оларды оқушылардың бақылай алуына және бақылаудың негізінде өз бетінше нәтиже жасай алуына байланысты.
Егер мұғалім көрнекіленетін нысанның қасиеті туралы ғана білім алып қоймай, сонымен қатар оқушыларды бақылау жасауға, үйретуге, ойын дамытуға және бақылаудың нәтижесін талқылай білуге баулуға тырысса, нысан күрделі және оқушылар білуге керекті белгілерді тани алатын болса, көрнекі құралдарды көрсетудегі мұғалімнің іс- әрекетінің үйлесу сипаты қалыптасады. Көрнекі құралдарды көрсетудегі мұғалімнің іс- әрекетінің үйлесу сипатының бұл түрінде оқушылар заттардың, денелердің, немесе үрдістердің көрінетін белгілері арқылы олардың қасиеттері туралы білімді игереді.Мұғалім оқушыларды бақылауын сөздің көмегімен жетекшілік етумен сипатталады.
Көрнекі құралдарды көрнекілеудегі мұғалімнің іс-әрекетінің үйлесу сипатының екінші түрі мұғалім оқытудың сөз әдістері арқылы көрнекіленетін заттарды немесе үрдістерді бақылауды оқушылардың осы күнге дейінгі алған білімдеріне сүйеніп, оларды көрнекіні көру кезінде байқалмаған қатынастар мен байланыстарға әкелуіне жетекшілік етеді.
Егер мұғалім көрнекілеудің мақсатын оқушылар өте қарапайым және оларды түсіну үшін олардың аналитикалық ой қызметін қажет етпейтін көрнекіленетін нысанды бақылау кезіндегі білімді ғана игерумен ғана шектесе немесе керісінше, сараптама өте күрделі болып, өз бетінше бақылау мен нәтиже шығару жеткіліксіз болса, онда көрнекі көрсетуде мұғалімнің іс-әрекетінің үйлесу сипатының үшінші түрі қолданылады.Бұл түр қабылданатын құбылыс пен заттардың қасиеттері туралы мәліметті оқушылар мұғалімнің баяндауынан біледі, ал көрнекі көрсету ауызша баяндаудың дәлелі ретінде жүруімен сипатталады.
Химия сабағында денелердің бейнелерін көрнекілеу әдістері.
Оқушылар дене мен оның бейнесін бірдей дәрежеде қабылдамайды.Бірақ та суреттерді көрнекілеу кезінде жоғарыда айтылғандай мұғалімнің іс-әрекетімен көрнекі құралдың үйлесу түрлерін қолдануға болады.
Химия пәнін оқыту тәжірибесінде денелердің тегіс және көлемді, стоционарлы,қозғалғыш бейнелерін қөрнекілейді.Олардың тек кейбіреулері оқушыларды дененің (үлгілердің, заттардың, кристалдың, құралдың, кұрылғылардың) сыртқы бейнесімен ғана таныстырылады.Оқушылар дененің қасиеті туралы қажетті білімді бақылау кезінде алады.Бұл жағдайларда мұғалімнің іс- әрекеті мен көрнекі құралдың үйлесуінің бірінші және екінші түрі қолданылуы мүмкін.Сонымен қатар, химия өнеркәсібінде қолданылатын құрылғылардың ішкі құрылысымен таныстыратын кесілген бейнелер көрсетілген кестелерді де көрнекілейді.
Химия пәнін оқытуда суреттердің, сызбалардың және молекулалар мен иондардың модельдерінің маңызы артып келеді.Жоғарғы және орта мектептерге қазіргі кең тараған ғылыми әдебиеттердегі атомдар мен молекулалардың бейнесі шындыққа толық сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ оқытудан бұл көрнекі құралдарды алып тастау дегеніміз заттардың құрылысы теориясына негізделген химиялық реакциялардың жүруін түсіндіруді қиындатады.Модельдеуде түпнұсқаның қандай да бір бөлігін бөліп, белгілеп оны шартты түрде тегіс немесе көлемді модельдер түрінде бейнелейді.Мысалы, атом ядросына қандай да бір қашықтықта электронның болуын оны шартты түрде әртүрлі қоюлықтағы бұлт тәріздес етіп бейнелеу керек.Егер электроннан атомның диаметрі немесе радиусынан арақашықтығын көрсету керек болғанда толық шеңбер немесе пунктир сызықтары қолданылады.Сонымен қатар, атомдағы электрондардың орналасу деңгейлеріне де қарастыру керек.Оқушылардағы атомдардың электрон орбитальдарының түрлері мен энергетикалық жағдайы арасында байланыс орнауы қажет.Сондықтан атомдардың, молекулалардың, иондардың әртүрлі сызбаларын қолданғанда оқушылардың санасына қандай да бір бөлшектің қандай қасиетті көрсететінін сызбада шартты түрде белгіленіп тұрғанын жеткізу керек.Бірақ, заттардың құрылыстық формуласын пайдалану қай кезде пайдалы, қай кезде зиян екенін білген дұрыс.Мысалы, ҮІІІ сыныпта гидроксидтерді алғаш оқыту кезінде олардың молекулаларының құрылысы қарастырылады және оқушылардың назары гидроксидтердің құрылысы мен қасиеттерінің ортақтығы, оларда гидроксил тобының болуына байланысты.
Сынып тақтасына сабақ кезінде сурет салғанша алдын ала суретті қағазға, картонға немесе фанерге дайындап , кейін нысанның толық бейнесін солардан құрауға болады.
Динамикалық графикалық құралдармен жұмыс істеу. Динамикалық көрнекі құралдарға жылжымалы немесе қозғалмалы бөліктері бар денелер немесе бейнелер жатады. Сондай-ақ бақыланатын нысанды бөліктерге бөлу мүмкіндіктері бар және оларды сол бөліктерден үрдіс кезінде құрауға болатындары да жатады.
Сынып тақтасына кестелік мәліметтерді немесе әртүрлі сызбаларды сызу және құрылымдық формулаларды жазбай-ақ эпидиаскоп (эпи-проекция) арқылы көрсете алады. Бұндай көрнекіліктерді ауызша баяндау, мұғалімнің іс-әрекеті мен көрнекі құралдың үйлесу түрлерінің біріне сәйкес келеді. Диапозитив пен диафильмдердің түгел сериялары мен ленталарымен емес, оқу үрдісі кезінде жеке кадрлар бойынша химиялық тәжірибелер мен кестелерді көрсеткен дұрыс. Егер мұғалімде диапозитивтер мен диафильмдердің сәйкес жиынтығы болмаса, фотосуреттерді пайдалануға болады.
Әдістемелік әдебиеттерде жазылғандай және педагогикалық практикада қолданылатын химия сабағында оқу фильмдерін көрнекілеудің әдістері төменде қөрсетілген:
Оқу фильмінің мазмұны алдын-ала түсіндірілмейді, бірақ оқушыларға оның мазмұнын қалай түсінгендерін көрсетілім аяқталғаннан кейін тексерілетіні ескеріледі;
Фильмді көрсетудің алдында мұғалім оқушыларға оның қандай бөліктерден тұратынын, оның мазмұны қандай екенін және олар фильмді көріп біткеннен кейін қандай сұрақтарға жауап беру керек екендігі ескертіледі.
Осы екі әдістің қайсысы тиімді екенін тексеру үшін жасалған эксперимент екінші әдістің дұрыс екендігін көрсетті.Әйтсе де, екінші әдіс бойынша фильм тамашалаған топтың қатысушысы фильмнің мазмұны бойынша қойылатын алдын ала жазып алса да, сеанс кезінде жазбаға қарамағандықтан, ұмытып қалған. Осы қиыншылықты ескере отырып, фильмді көрнекілеуді негізгі бөлімдерге сәйкес фрагмент бойынша көрсету тиімдірек деген қорытындыға келген. Фильмді қандай да бір бөлігін көрнекілеу алдында оның мазмұны оқылады. Мысалы, фильмді көру алдында оқушылар сыныпта ол заттың қасиеті жайлы тәжірибені бақылайды, ол туралы кітаптан оқиды, содан кейін ғана фильмнің бөлігін көреді;
Химия пәнін оқыту тәжірибесінде екі түрлі көлемді көрнекі құралдар қолданылады:оның түпнұсқасы белгілі жағдайда көруге болатын модельдер (кристалдар, құрылғылар және заводтық жабықтар және түпнұсқасын әзірше тікелей бақылауға болмайтын модельдер (атомдар, молекулаларжәне басқа заттарды құрайтын бөлшектер).
Достарыңызбен бөлісу: |