Дипломдық ЖҰмыс мамандығы : 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Тақырыбы


Шақырылған жерге ӨҚҚ-нің бөлімшелері жету уақытына әсер ететін автожолдарының сапасы мен мінездемелерін талдау



бет6/6
Дата07.07.2016
өлшемі5.22 Mb.
#183450
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

8.1. Шақырылған жерге ӨҚҚ-нің бөлімшелері жету уақытына әсер ететін автожолдарының сапасы мен мінездемелерін талдау
Өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің өрт алған орынға жету уақыты көпшілікте бағыттағы автожолдардың сапасы мен нақты өрт болып жатқан орынға жетіп орналасуына тығыз байланысты.

ҚР-ның автожолдарының ұзындығы 128 мың.км құрайды, оның ішінде 97,1 мың.км – ол жалпы қолданыстағы автожолдары, оның ішінде, 23,5 мың.км республикалық маңызы бар жолдар, 73,6 мың.км жолдары жергілікті жүйеге жататын жолдар болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автожолдары жүйесі негізгіде кәсіптік және шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында құрылып салынған.

Жалпы автожолдар жүйесінде тас жолдар 32,8% құрайды.

Алайда көпшілікте жолдардың сапасы экономиканың талаптарына сай болмай тұрады: республикалық маңызы бар жолдардың 80% және жергілікті жолдардың 97% тек III-V саннатығы жолдар деп есептелінеді. Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы бойынша негізінің – 25% құрап, оның ішінде, 4% ғана I техникалық санатына жатады . Қазақстанның барлық автожолдардың оннаң бір бөлігі топырақ жолдары және 1574 км автожолдары санаттарға бөлінуге келмейді.

1990 жылымен салыстырғанда Қазақстанда автожолдарының ұзындығы 10,3 мың.км созылған, оның ішінде тас жолдардың саны 5,3 мың.км ұзартылған.

Атап айтқанда, жаңа автожолдардың жартысы толық тас немесе басқа да түрдегі жолы деп есептелмей, топырақ жолдары болып тұр.

Автожолдардың ұзартылуы кейіңгі уақытта жергілікті маңызы бар көпшілікте ені 4,5 м бір жолды автожолдарын салу салдарынан болған.

Қазақстанның автожолдарының негізгі мәселелрі болып:


  • төмен техникалық көрсеткіштері (автокөлікке түсетін ауырлықтың есептеуімен, санаттары бойынша және т.б. себептерге);

  • 2 жолды автожолдарда апаттық және жолдарда өлімнің биік көрсеткіштеріне;

  • Республикалық және жергілікті жолдарды қамтамасыз ету эксплуатациялық техникасы мен олардың сапасы төмендіктен қамту төмен деңгейде болуына;

  • Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың төмен жағдайда болуы, осымен қатар, жергілікті бюджетпен көпірлердің жөндеу және құруына жеткііліксіз қаржыландыру;

  • Қазақстандағы автожолдарды жөндеу сапасы төмен болуы себептері, тиісті білікті мамандардың болмауы, жол салу кезінде сапасыз және мерзімі шыққан құралдарды қолданудан, осымен қатар, жол салу кезінде тендерлік саясатты өткізудегі орындаушылардың кәсіби тәжірибесі, автожолдарды жобалау және жөндеу жұмыстарының сапасы өте төмен болуында.

Мемлекеттің автокөліктенунен жол жүйесінің қалып қою, экономиканың бәсекелестігінің төмендеуіне, осымен қатар, автокөліктің жанар-жағай майын жұмсауды көп талап ететін энергия көп қамтуды талап етіп, жұмыс күшінің қозғалуын төмендетіп және кәсіпорындардың арасында байныстарды шектегу әкеп соқтырады. Осының салдарына, халықты медициналық, әлеуметтік және мәдениеттік инфраструктураларын қол жеткізушілікті төмендетіп, көліктік жеткіліксіздіктен, жедел қызметтерінің іс-қыймылын төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін.

Елді-мекендердің анкеталық мәліметтері бойынша, Алматы облысындағы елді-мекендері арасындағы автожолдарының сапасы мен сипаттарын көруге болады (8.3 Сүрет).


8.3 Суреті – Алматы облысы бойынша жолдардың түрлері


Автожолдардың көпшілігі асфальт, асфалтті-бетонды, асфальттык-гравийлік болғанымен, олардың сапасы қанағаттандырылықсыз, сондықтан, осы жағдай өрт алған орынға бағытталған уақытта өртке қарсы автокөліктердің жылдамадығына және жедел жетуіне әсер етеді.
8.2. Өрттің өркендеуінің ерекшеліктері мен өртке елеудің уақытша мінездемелері
2012 жылғы ҒЗЖ есебінде «уақыт елеуінің уақытының» болмысы анықталған болатын. Ары қарай зерттеуде қолданылатын кей ұғымдарды еске сала кетейік.

Шетелдік өрттен қорғау құрылымдарының материалдарында (статистикалық есептерде, мақалаларда, кітаптарда) «елеу уақыты»,, «жүйенің реакциясының уақыты», шақырылған жерге «келу уақыты», бөлімшелердің шақыру болған жерге «жүру уақыты» деген ұғымдарды кездестіруге болады. Бұл ұғымдардың байыбын 13 суреттің көмегімен көрсетейік:



өрттің тұтанып даму уақыты

өртті табу уақыты

tкелу

tсл


t1 t 2 t3 t4 t5 t6 t7 t

Сурет 8.1. – Өрттің өркендеуінің ерекшеліктері мен өртке қарсы қызметтерінің өртті елеуінің уақытша мінездемелері
Бұл жерде t1 – өрттің тұтану уақыты; t2өртті табу уақыты;
t3 – диспетсерлік пунктке өрттің шығуы туралы хабарлау уақыты; t4 – өртке қарсы бөліміне өрт шыққан жерге шығу туралы бұйрықтың келуі; t5 – кезекші қарауылдың деподан шығу уақыты; t6 – шақыртылған жерге келу уақыты; t7 –өртті ауыздықтауды бастаған уақыт.

ӨҚҚ бөлімшелерінің өрт шыққан жерге баруы – ол өрт болды деген хабар келгеннен бастап өрт шыққан жерге бірінші өртке қарсы бөлімшелердің жетуінің уақыт арасы.

Шақыруға (өртке) қызмет ету уақыты – бұл өрт басталғаны туралы келген хабардан бастап оны толық ауыздықтағанша кеткен уақыт аралығы.

Өртке қарсы қызметтің өрт туралы дабылды қабылдағанна бастап,өрт басталған жерге дейінгі жету жауап беру немесе реакция уақыты


откл. = t6 - t3. Егер шақырту өртке қарсы қызмет бөлімшешіне түссе, онда жауап беру уақыты диспетчеризация периодына қысқыруы мүмкін (сол кезде t3 = t4), дабылды қабылдау уақыты, қай бөлімшені жіберу керектігін шешу және шақыруға шығуға дайындық шамамен 1,5-2 минут көлемін алады. ӨҚҚ бөлімшелерінің жол жүру уақыты – алғашқы өрт сөндіру көліктерінің деподан бастап өрт болған жерге дейінгі жол жүру уақыты tслед = t6 - t5.

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық Регламентіне сәйкес, ӨҚҚ бәлімшелерінің өрт басталған жерге дейінгі уақыты ауылдық аумақтырда – 20минуттан кем емес, ал қала ішінде 10 минут болуы керек.

Біріншіден, бұл шамалар өрттің физико-химиялық мінездемелері мен өрттің өздігінше шарпу уақытына сүйеніп жасалуы тиіс. Өрттің өздігінше шарпу уақыты өрттің басталу уақытынан оны ауыздықтау басталған уақытына дейінгі кез tсв.р. = t7 - t1, және осы уақыттың негізгісі бөлімшелердің жетуі мен әскери жазуға кеткен уақытқа байланысты, ол 6 дан 8 минутқа бейінгі аралық. Өрттің өздігінше шарықтау уақыты сызықтық және көлемді болып бөлінетін өрттің шарпуының мінезіне бвайланысты.

Өрттің сызықтық таралуы кезінде от жалыны жанатын заттардың бетімен (мысалға, сұйықтық) белгілі бір бағыт пен жазықтықта (мысалы, төбемен немесе қабылғамен) шарпиды. Өрт ошағында тұтанатын жану жылуды бөлумен анықталады. Бұл жылу белгілі бір қашықтықта орналасқан өрт ошағына жақын тұрған жанатын заттар мен беткейлерге өтеді. Ол беткейлер өздігімен жанатын деңгейдегі температураға дейін жеткенде, олардың жануы, одан ары қарай шарпу шегі басталады.

Тұрғындық, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарда болатын өрт бөлменің жану жағдайымен, жанатын қатты заттармен, ішкі немесе сыртқы өңдеу және қаптайтын заттармен, карниздермен, және ғимараттң басқа да конструктивті элементтерімен шарықтауы мүмкін. Сонымен қатар, өрттің өркендей түсуі түрлі қуыс жерлер мен қатты, сұйық және газ тәріздес жанатын заттарды тасымалдайтын коммуникация жүйесімен шарықтауы мүмкін. Өрттің сызықтық таралуының негізгі параметрі болып оның сызықтық жылдамдығы мен көлемі болып табылады.

Өрттің шарықтауының сызықтық жылдамдығына әсер ететін негізгі факторладың бірі болып: өрт басталған бөлмедегі ауа массаларының ауысуы, олардың жанатын заттардың түрі, беткейінің түрі, заттардың қандай температураға дейін қызғандығы, бөлмедегі жанатын заттардың орындары, заттардың бөлшектенген деңгейі.

Өрттің көлемді таралуы ол бірінші болып басталған орт ошағынан белгілі бір қашықтықта өрттің жаңа ошағының пайда болуы. Өрттің таралуының негізгі себебі, бөлмедегі жылу бөлінуінің, ковекцияның және жылу өткізгіштегіне байланысты. Өрттің сызықтық таралуының белгілі бір мәнге дейін ұлғаюымен байланысты, бөлмен іші ысып тұрған жанатын заттарға толады, олар өздері жылу бөліп, қасында тұрған заттарды да ысытады. Жанатын заттардан басқа, жылуды бөлетін от алауы да бар. Жанатын заттар мен алау жаңа өрт ошағын туғызуы мүмкін. Бірнеше өрт ошағы болған жағдайда, өзара ысыту пайда болады, бұл жаңа заттардың жануына әкеліп, өрттің өршуіне мүмкіндік береді. Айтарлықтай ауа кіруінің себебінен от жалындай түсіп, өрт ауданы шарықтай түседі

Көптеген жағдайда оттықпен немесе газ жанарғысымен қиын тұтанатын заттар өрт болған жағдайда тез тұтанып, жанады. Ол заттың алдын-ала қызуымен сипатталады. Осындай жағдайларда өрттің көлемді таралуы байқалып тұрады, оның жылдамдығы сызықтық жылдамдықтан әлдеқайда көп болады.

Өрт өршуіне байланысты үш кезеңге бөлінген: бастапқы, негізгі (шарықтаған) және соңғы. Бұл кезеңдер жазықта немесе бөлмеде болған барлық өрт түріне тән.

Бастапқы кезеңіне өрттің тұтанған жерінен бастап бөлмені толықтай оттың алуына дейінгі кезең болып саналады. Бұл кезеңде температураның өсуі мен ондағы газ қысымының азаюы. Ойықтар арқылы кететін газдың саны жанатын газ тәріздес күйге көшкен материалдар мен заттар кіріп жатқан ауадан көп болады.

Өрттің бастапқы кезеңінде бөлмедегі ауа мен жанатын заттар көлемі ұлғаяды, қысым бірнеше ондық паскальға жетеді, соның салдарынан газ қоспалары құрылыс конструкцияларының тығыздалмаған түйіскен жерлері арқылы, есік арасындағы тесіктер арқылы, терезелер, ауа өткізгіштер арқылы және тағы басқа тесіктер арқылы шығады. От ауа оттегімен сақталып тұрады, оның концентрациясы бірте-бірте төмендейді. Егер бөлме басқалардан оңашаланған болса, мысалға терезелері бұзылмаған немесе олардың мүлде болмауы, есіктердің тығыз жабылып тұруы және ауа өткізгіштері жабылған болса, оның ішіндегі өртің азаюы немесе мүлдем тоқтауы мүмкін. Басқсша болған жағдайда өрттің бастапқы кезеңінің бөлменің айтарлықтай ауданын жаулап алу және конструкциялар мен материалдардың қызу қауіпі бар, орташа қысымдық температурасы 200-3000С дейін көтеріліп, түтінде көміртек оксиді мен диоксид құрамы өседі, бөлмені түк көрінбейтіндей етіп көк түтін басады.

Алғашқы он минутта (бұл орташа уақыты) жалын жанғыш материалдарды бойлай сызықтық арқылы тарайды. Осы кезде түтін бөлмені толтырып, бөлме ішіндегі коп материалдардың жану температурасына дейін көтеріледі, ол 250-3000С. Осыдан кейін өрт көлемдік кезең фазасына өтеді. Бұл фаза оттың бұкіл бөлмеге мезетте таралуымен мінезделеді.

Бөлменің көлеміне байланысты өрт жүгінің герметизациясы мен орнықтыру деңгейінің бастапқы кезеңі 5-40 минут жалғасады (кейде одан да көп, бірнеше сағатқа дейін). Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минут ішінде пайда болады.

Өрттің бұл кезеңі құрылыс конструкцияларының отқа беріктігіне әсер етпейді, өйткені температурасы аса жоғары емес.

Өрт жылдамдығының сызықты таралуы бірінші кезезеңдегі жану процессін екі есе бәсеңдете түсу фактсін көрсетеді.

Өрттің таралуының негізгі кезеңі орташа көлемдік температураның максимумға дейін көтерілгені болып есептеледі. Бұл кезеңдематериалдар мен жанғыш заттардың 80-90% жанып кетеді, бөлмедегі газдың қысымы мен температурасы уақыт аралығында онша өзгермейді. Тағы 10 минуттан кейін шынылану бұзыла бастап, таза ауа кіре бастайды, ол өрттің тез мезетте өршуіне әкеледі, сол кезден бастап келесі фазаға ауысады: бөлме ішіндегі температура 9000С дейін өсіп, жану максималды жылдамдыққа жетіп, 10 минут ішінде түгелдей жана бастайды.

Өрт басталғаннан кейін 20-25 минутта оның бірқалыпқа түсуі басталып, 20-30 минут жалғасады. Содан кейін, егер өрт басқа бөлмелерге тарамаса, кеми бастайды.өрттің дамуының бұндай тәртібі қалыптасқан деп аталады, кететін газдардың шығыны келген ауа мен жанған заттарға жақын шамаға тең.

Өрттің соңғы кезеңінде жану процессі аяқталып, температура ақырын төмендей түседі. Кететін газдар көлемі келетін ауа мен жанатын заттарға қарағанда азайады [18]

Сонымен, өртті сөндіруді ең алғашқы кезеңінде, жанудың максималды интенсивтілігіне жетпей тұрғанда бастаған жөн. Ол адамдарды қорғау үшін уақыт қорды сақтауға болады

Жану зоналары мен жылу әсерінің ықпалы және әрбір өрттегі түтін өздерінің көлемі, формасы және мінезі жағынан түрлі болады. Әрбір зоналардың үлкендігі мен оның интенсивтілігін анықтайтын параметрлер өте көп. Өрт практикасында өртті ауыздықтау үшін жұмсалатын күш пен қаражатты анықтайтын және өртті сөндіретін бөлімшелер жұмысының параметрлеріне мән беріледі.

Өртті сөндіру келесі кезеңдерден тұрады: ауыздықтау – бұл өртке қарсы бөлімшелердің келуімен басталады. Ауыздықтау үшін 5-15 минут уақыт аралығы жетеді. Ал өртті жою – бірнеше сағатты талап етеді.

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, өртке қарсы бөлімшелердің келуінің нормативті уақыты қала үшін- 10 минут, ал ауылдық аумақтарда 20 минут деген тұжырым дәлелденген болып есептеледі.



Қорытынды
Нормативті-құқықтық құжаттардың бар болғанымен, мемлекет территориясы мен халқы өртке қарсы қызметтерімен толық қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасының «Азаматтарды қорғау» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендерде өртті сөндіру ұсыныстарын шығару қажет.

Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өзекті әрі қиын болып бара жатыр. Өртке қарсы қызметтің жұмысын тиімді жоғарылату үшін бірнеше амал бар. Мысалы, материалды-техникалық базаны жоғары деңгейге жеткізу мен оны кеңейту. Бұл әдіс маңызы аз емес болғандықтан, қызметке ірі қаржылық құюларды талап етеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуы мен басқарылуына жатқызуға болатын басқа да тәсілдері бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі резервтерін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру амалдарын іздестіру керек және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам үздіксіз қатысуы керек.

Мемлекет шекарасындағы өртің шығуы жағдайының талдауы көрсеткендей, мемлекеттегі өрттер саны мен олардың салдары азайғанға қарамастан, бөлімшелердің оперативті шығулары ұлғайған. ӨҚҚ бөлімшелері табиғаттық немесе техногенді мінездегі, өртке байланысы жоқ, апаттық-құтқару жұмыстарына көп жұмылдырылады, бұл жағдайды МӨҚҚ жұмыстарын жоспарлау, ресурстарды бөлу кезінде, өртке қарсы деполардың орналасуының оптималды жері мен оны жабдықтаған кезінде ескеру қажет.

Келіп түсетін шақыртулар бірнеше параметрлер бойынша кездейсоқ сипаттамада болады: ТЖ шыққан жер мен уақытына байланысты, қызмет көрсететін оперативті бөлімшелердің қажеттілігі және оларға қызмет көрсетуге кететін уақыт ұзақтығы. Болжамалы-статистикалық әдістер мен математикалық модельдеу әдістерін қолдану шақырулар ағындарының кездейсоқтығын болжауға мүмкіндік беріп, өртке қарсы қызметін жоспарлау мен оның жұмысын болжауға көп әсерін тигізеді. Негізінен, өңірдегі шақырулар ағынының талдауы негізінде қысқа мерзім үшін (1-2 жылға) ӨҚҚ бөлімшелерінің шығуының жалпы болжауын жасауға болады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында өрттің жедел жағдайларының келесі бағыттарына талдау жасалды:

Шақырулардың структурасы;

Шақырулардың саңдарын жыл мезгіліне бөлу;

Шақырулардың сандарын жыл бойынша тәуліктерге бөлу;

Шақырулардың саңдарын қызмет көрсетудің уақыт мезгілдеріне бөлу;

Шақырулардың саңдарын «Автокөліктердің саны» сипаты бойынша бөлуді.

Талдау көрсеткендей, кейбір критерияларды жорамалдауға болады, яғни ол өрттер орын алу жағдайларына баға беруге мүмкіншілік беріп және тиісті шаралар қолдануға мүмкіншілік береді деп тұжырымдауға болады.

Әдебиеттер


  1. Брушлинский Н.Н. Системный анализ деятельности Государственной противопожарной службы. – Москва, 1998. – 252 с [Атлас]

  2. Брушлинский Н.Н., Соколов С.В., Вагнер П. Человечество и пожары. М.: ООО «ИПЦ Маска». 2007.142

  3. 2015жыл 1 қаңтар ҚР облыстары қалалары және аудандары бойынша халық саныъх

  4. «Нысандарды қорғауға өртке қарсы техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» регламенті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №16 Қаулысымен бекітілген);].

  5. ҚР СН 2.02-30-2005 «Өртке қарсы қызмет органдары нысандарын жобалау нормалары»

  6. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы Елбасының Жарғысы. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі туралы: 1996 жылғы 22 қарашада бекітілген

  7. «О состоянии пожарной безопасности Алматинской областиза период 2011-2014 годы»

  8. ҚСН 2.02.04-03 Елді мекендерді және кәсіпорындар аумақтарын өрттен қорғау

  9. Н. Брушлинский, Ю.М. Глуховенко, Е.А. Клепко, В.Б. Коробко Өрт тәуекелін бағалау негізінде қалалық муниципалдық құрылымдарды өрттен сақтауды қамтамасыз ету жүйесін басқару әдісі туралы.

10.Андреенко Н.Г., Тарасов-Агалаков Н.А. Обоснование радиуса выезда пожарных частей (команд) и численности оперативных отделений пожарной охраны городов // Пожарная безопасность. - М.: Стройиздат.- 1964.-Вып.3.-С.87-94.Алматы облысы бойынша 2011-2014 жылдары аралығында өрт жағдайы

11. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. Статистический сборник /Под ред. А.А. Смаилова/ Астана, 2010 – 110 с. - официальные сборники по итогам переписи населения 2009 года по областям Республики Казахстан

12. Департамент статистики Алматинской области сайт http://www.almatyobl.stat.kz, Алматинская область. Итоги национальной переписи населения 2009 г. Том 1. Статистический сборник/Под ред. Смаилова А.А/Астана, 2011-128с

13. Административно-территориальные единицы Алматинской области на 1 января 2014 года Статистический сборник, Департамент статистики Алматинской области, Алматы, 2014.

14. https://ru.wikipedia.org/wiki/

15. Атлас

16. Қазақстан Республикасы Президентінің 17.04.2014 ж №798 Жарғысы

17. Закон Республики Казахстан «О гражданской защите» от 11 апреля 2014 года № 188-V ЗРК

18. Гмурман В. Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учебное пособие для вузов. — 10-е издание, стереотипное. — Москва: Высшая школа, 2004. — 479 с.



19. Анализ оперативно-служебной деятельности ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС областей, городов Астана и Алматы за 2014 год

20. Ву Ван Тхюй организационное проектирование системы управления противопожарной и аварийноспасательной службой вьетнама, диссертации на соискание ученой степени кандидата технических наук Москва – 2013

21. http://www.atyrau-city.kz/ информационно-познавательный сайт города Атырау

22. Статистический сборник «Здоровье населения РК и деятельность организаций здравоохранения в 2011 г.» Астана, 2012, С.158-160





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет