2.2 Табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқыту мазмұны
Белгілі бір тілдік категорияларды оқу орындарында оқытудың ең алдымен мазмұны белгіленеді. Осы орайда табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқытудың мазмұнына төмендегідей мәліметтер шоғыры енеді. Алғашқы реттегі біздің міндетіміз – осы мәліметтерді екшеп алу. Олардың бір қатары төмендегіше:
Табу. Халық дәстүрінде әдет-ғұрып немесе ырымшыл ұғымдар бойынша кейбір атаулар діни немесе шаманизм сияқты ұғымда болған, сондықтан бұл сөздерді атауға мүмкіншілік болмаған, яғни оларды атауға тыйым салынған. Бұл сияқты әдет-ғұрып әр халықтың өз дәстүрі бойынша белгіленген. Қазан революциясына дейінгі дәуірде кейбір діндар қазақы адамдар өздерінің жақындарының және кейбір айуандардың аттарын атауға, сол сияқты шаман дініне байланысты «мейірімсіз рух» аттарын атауға тыйым салған. Міне, бұл жағдай тілде табу деп аталады.
Бұрын табу сөздерін жиі қолданған, әсіресе, қазақ әйелдері болды. Сол кездегі әдет-ғұрыпқа байланысты әйелдер күйеуінің және оның туыс, ағайындарының есімі болатын сөздерді айта алмаған. Мысалы, өзеннен су алуға барған жас әйел қасқыр жарып кеткен қойды көреді. Ол үйіне келіп, шариғат бойынша ет кесуге болатын арнаулы пышақты алып барып, қойды бауыздайды, бірақ оны үйге әкелуге шамасы келмейді. Ол үйіне қайтып келіп, осы оқиға жөнінде ойын атасына қалай түсіндірерін білмейді. Ақырында, ол мынадай сөздермен жеткізеді: Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, білемені жанымаға білеп-білеп бауыздап келдім, - дейді. Бұл сөйлемдегі табу сөздерінің талдануы мынадай: 1) Сылдырама – қамыс; 2) сарқырама – өзен (мұнда: өзен сарқырап ағатындықтан айтылған); 3) ұлыма – қасқыр немесе бөрі; 4) маңырама – қой; 5) білеме – пышақ; 6) жаныма – қайрақ. Әйелдің бұлайша жұмбақтауының себебі: осы сөздердің барлығы сол ауыл адамдарының аттары болуға тиіс.
Бұрын әйелдерге өзінің келін болып түскен ауылының кісілерінің еімін атауға, тіпті әйелдердің ерге шығу тойынан бұрын туған жас нәрестелердің атын атауға да тыйым салынған.
Сондай-ақ, бұрын жыртқыш хайуандардың атын атауға да тыйым салынған (бұны тек әйелдер ғана емес, жалпы барлық адамдар да атамайтын болған). Сондықтан қасқырды қарақұлақ т.б деп атаған. Ал олардың ұғымынша, қасқыр деп айтса, ол қалай да малды жарып кетеді, егер оны жаңағыдай астарлы сөзбен атаса, қасқырды теріс бағытқа сілтейді де, ол ауылдың табанына шабуыл жасай алмайды деген ұғымда болған.
Демек, мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Өткен замандарда адамдар арасында өмірді жете танып білмеу салдарынан зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деген қате түсінушілік болған. Адамзат өзі тудырған кейбір сөдерді күнделікті тұрмыста өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұндай тыйым салынған сөздердүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет, әсіресе, түркі халықтарының оның ішінде қазақ халқының өмірінде де кең тараған. Осындай тарихи оқиғаның нақты бір айғағы ретінде «Аталардың аты» деп аталатын мынадай бір аңыз әңгімені келтіруге болады.
Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір сүріпті. Бұлардың отырған ауылы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме дүкен құрып отырады. Бір кезде иттері жабыла үріп, шулап қоя береді. Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға жақта күйбеңдеп жүрген келінге:
– Шырағым, иттер неге үріп кетті, ибайқап келші, – деп жұмсайды. Келін жүгіре басып далаға шықса, ауылдың арт жағында үлкен бір аю түлкіні қуып барады екен де, иттері соған үріпті. Үйге қайта енбек болған келін:
– Япырау, мұның бәрі аталардың аты ғой, қалай айтсам екен? – деп қысыла – қысыла ішке кіреді.
– Иә, балам, иттер неге үріпті? – деп сұрайды ақсақалдардың бірі. Сасқалақтаған келін:
– Ауыл сыртындағы аршалы бетте Атекем Тәкемді зыттыра қуып бара жатыр екен, осы ауылдағы Жәкемдердің бәрі соларға қарап жүр, – депті.
Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Солардың әрқайсысына лайықтап (жолына,жасына қарай) өз тұсынан басқалай ат қоюға мәжбүр болған. Мәселен, қызға – қаракөз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға – кекілдім, айдарлым, тұлымдым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре жігіт, мырза аға, би аға делінген. Егер аты дөрекілеу болса, аттеріс деп те атаған. Сол тәрізді ата-ене, абысын-ажын, қайын аға, қайын жұрт, нағашы, жиен-жиеншарларға дейін шетінен ат қойып шығатын болған. Қелін ат қойғанда кездейсоқ түрде емес, ат қоятын адамдардыц мінез-құлқын, түұр-тұрпатын жан-жакты тексеріп, түрлі касиеттеріне қарай сәйкестендіріп атаған. Мәселен, тете емес кайнысын тетелес деп атамаған, тұлым қоймаған қайнысын тұлымдым демеген. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен аттас болып келсе, онда келін оларға да басқаша жаңа ат ойлап табатын болған. Мәселен, Жылкыбай болса мінгіш деп, Қойшыбай болса — азбан деп, Бүркітбай болса — үлкен құс деп, Тышқанбай болса— қаптесер деп, Қарабай болса — баран деп, Ақберген болса— шаңкан деп атайтын болған. Ауылды жерде әлі күнге дейін ескі салт-сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан адамдардың арасынан там-тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір кедесе калса, ескі ырым, діни ұғым бойынша емес, халықтың этикалық қалыптаскан көне әдет-ғұрпы түрінде жұмсалады. Ұят сактап, сыпайыгершілік білдіру иба тұту рәсімі ретінде қолданылады. Демек, табудың бұл түрінің мән-мағынасы түбірімен өзгеріп, көнеріп, біржола күнделікті колданыстан шыққан деуге болады.
Казак тіліндегі табудың бір түрлері табиғаттың дүлей күшімен, адамды опат қылатын ауру аттарымен, қаскүнем жыртқыш аң-жәндіктермен тікелей байланысты шыққан. Мәселен, революцияға дейінгі казақ аулында жай түсті десек, “адамға кырсығы тиюі мүмкін” деген наным бойынша, оны жасыл деп атайтын болған. Шешек ауруының атын атасақ, “жұғады”, “жабыса-ды” деген сенімге байланысты шешек ауруының атын тура атамай, әулие, қорасан, мейман, қонақ деп өзгеше атаған. Қасқырды қаскыр деп атасак, естіп қойып, “малымызға шабады” деп қорқып, оны итқұс, қара құлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды да жылан десек, “келіп шағады” деп үрейленіп, оны түйме, ала жіп, ұзын құрт деп айтқызған. Ұры алган, жоғалған малды ұрланды десек, “мүлдем табылмай кетуі мүмкін” деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал суалып бітті дегеннің орнына мал байыды, күн батты дегеннін орнына күн байыды, жиналған адамдар кетейік, қайтайық дегенніц орнына көбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді. Соның нәтижесінде осы ұғымдарға катысты бірнеше синонимдер пайда болған. Бұлар белгілі контексте әр түрлі стильдік мән тудырады.
Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен ғана байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу қолайсыздау, көңілге тиетіндеу болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталынды. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған соқыр сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық норма-фыныц күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатыстыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:
- Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулез немесе құрт ауру деудің орнына өкпе ауруы, рак немесе қылтамақ, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе соз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
- Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік атаулары басқа сөздермен алмастырылады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгедек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосаң деген сөздермен, аяғы ақсақ дегенді аяғының сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.
- Мағынасы айтушы мен тьңдаушыға бірдей соншама жағымсыз, дөрекі сөздер алмастырылады. Мәселен, нәжіс, қи несеп, үлкен дәрет, кіші дәрет, дәрет сындыру, ұлы жарақ дегендердің бәрі де белгілі контексте сыпайылық мән тудырады.
- Үйлену мен турмыс қүруга байланысты сөздер алмастырылады. Мәселен, тұрмыс құру, түрмысқа шығу, баласын құтты орнына қондыру, баласын аяқтандыру, қолына кұс қондыру, үйлі-баранды болу, отау тігу, бөпелі болу, аяғы ауыр тәрізді сөздср үйленуге байланысты айтылады.
- Қоғам өміріндегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер басқа сөздермен алмастырылады, Мәселен, аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, сөзге келу, бет жыртыспау, жасы үлғаю, қалтасы тесік, көзіне шөп салды, жаяу пошта, ұзын құлақ, аузының желі бар, ішінде бүкпесі бар, сымсыз телефон дегендер сыпайылық мәнде айтылады.
Эвфемизмдер - ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі. Сондықтан алдағы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып қалыптасатындығына ешбір шек келтіруге болмайды. Бұлар тілдегі синонимдерді молайтуға белгілі дәрежеде үлес қосып отырады.
Күнделікті қарым-қатынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермен алмастырып қолданатынымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм немесе какофемизм деп атайды. Дисфмизм — мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы қүбылыс. Белгілі контексте жөнімен дүрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру — сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудың бір жолы. Мысалы, Бұтартары мен шаңырак саларларын жауға берді (Қ. Оразалин) Өздерің бір-бір тулақтарыңа мініп-ақ шапқылап кетсендер (сонда) Хазірет пен Әбунүсіптің сол езбалдағының өзіне мынау отырған қошеметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта тыңдағансиды (Д.Әбілев). Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес кырт атанар маедің? (М. Әуезов). Осындағы бұтартар деген мінгіш, көлік орнына, шаңырақ салар күш көлік (түйе) орнына, тулақ -мінетін ат орнына, қырт- тантық, көк мылжың дегеннің орнына жұмсалынып отыр. Сол арқылы сан қилы жагымсыз эмоциялық мән тудырган.
Дисфемизм кеміту, қорлау, жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын бала, боқтан өзгені сөз кылды, боғымен жасты баламен ойнады, боқ басында қалды, боғын пышақтады, боғын ақтарды, боққа әлі келмейді, қолынан боқ келмейді, боққа татымайды, боқтық естіді, боғын боталы түйе қылды, боқжемеде қалды, боқтан да оңай, болар бала боғынан, боғы ботқа, өз басының боғын көрмей, біреудің шоғын көреді т б. Қазак тілінде бір сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар Бұлар белгілі контексте жөнімен дұрыс колданылған сөздердін орнын алмастырып айтуда қолданылады. Дисфемизмдер — әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады. Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын, іс-әрекетін, ой-өрісін бейнелеп, нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Адамның қоғамдық өмірінің қыр-сыры өте көп. Жылы сөз айтып, біреудің көңілін көтеруге болатындығы сияқты қатты сөз айтып, біреудіц намысына тиіп, ренжітуге де болады. Осының бәрі сөздің кұдіретті күшін танытады. «Басқа пәле — тілден», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» дегенде халық сөздің қоғамдык мәнін, күшін, кадір-қасиетін жете түсіне отырып айтса керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дисфемизмдер де адам баласының күнделікті қарым-қатынасында осал қызмет атқармайтындығы байқалады. Әсіресе, бұлар сөйлеу тілінде жиі қолданылады.
Алдыңғы айтылғандарға қоса айтарымыз, астарлы сөздер – эвфемизмдер де тарихи тұрғыдан алғанда, табу сөздер типіне жатады, өйткені оларға да бір сөзді екінші сөзбен ауыстыру тәсілі тән. Мысалы, қазан революциясынан бұрынғы кезеңде қазақ арасында эвфемизмге жататын мынадай сөздер болған: шайтан деудің орнына – сары бала, шешектің орнына дерт, өлімнің орнына қаза т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |