Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм
Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту. Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру
Барысы: ұйымдастыру
Ой қозғау
Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным-түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген. Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:
«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз».
(Олжас Сүлейменов)
Үй тапсырмасын тексеру.
2. 4. Табу, эвфемизм мен дисфемизм сөздерін халық ауыз әдебиеті үлгілерімен ұштастыра оқыту мәселесі
Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беруде қолданылатын әдебиеттің үлгілерінің бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Сондықтан балалардың қызығушылықтарын оятуда, сабақты әдебиетпен байланыстырып оқытуда осы ауыз әдебиетіне сүйенеміз, бұл тұста халық ауыз әдебиетін атап өтпеуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі.
Фольклордағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады.
Балалар поэзиясына қатысты ауыз әдебиетінің жанрлары бұл айтылғандармен бітпейді. Өтірік өлеңдердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, мақалдар мен мәтелдердің бала тәрбиесінде атқарар қызметі де аз емес. Бұлар, көбінесе, бала ұғымын , түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды жақсы, үлгілі істерге баулуда маңызды роль атқарады. Мысалы, жаңылташтарды айту баланың тіл тұстартуына, оның кекештенбей , жатық, асықпай сөйлеуіне көмектеседі.
Жаңылтпаштарда айтылуы қиын белгілі бір сөздер қайталанып, сол тпектес екінші бір сөздермен әдейі шатастырылады. Бала соларды айырып, орын ауыстырмай, шатастырмай айтуы керек.
Жаңылтпаштың сөздері, көбінесе, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды.
Немесе:
Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені құдаламады,
Мен оны құдаламадым,-
деп , соңғы екі жолы қайталанып айтылады.
Ерте кезде ойын - сауыұтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру , тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған.
Ғасырлар бой даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық шығармалардың үлгілері – тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды шығармаларды қолданудың маңызы зор.
Кез-келген мұғалімнің мақсаты – өзінің білім деңгейін көтеру, сонымен қатар оқушысының да сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденісін арттыру. Осы мақсатты іске асыру барысындағы міндетіміз сол тақырыпты игерумен қатар, кең ауқымды тапсырмаларды орындау, оқушылардың ойлау қабілетін машықтыру.
Бұны іске асырудың бір жолы – қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу. Оны іске асыруда оқушының дербес жұмыс істеу мүмкіндігін, көңіл қоя білу қабілетін дамытады. Тапсырмаларды құрастырып, ойластыруда жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап, танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Тапсырмаларды орындау жұмыстарын жүргізу барысы оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Мәселен, сондай жұмыстардың бірқатары төмендегіше:
1. Берілген халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінен дисфемизмдерді тауып, эвфемизмге айналдыр. Олардың білдіретін мағыналарын ашып түсіндір.
1. Атты қойшы, ашуы қатты қойшы
Түйелі қойшы – тұрған қойшы,
Төбесінен ұрған қойшы.
Өгізді қойшы – өлген қойшы,
Жем болғанда көрген қойшы.
2. Шаруаның бір түлік пірі – Шопан.
Келтірмей қу, пір ата, қойған топан.
Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,
Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан.
3. Ұры жете алмайтын жаяудыкін алады,
Сұрай алмайтын таяудыкін алады.
4. Соқыр тауыққа бәрі бидай.
5. Үндеместің нағыз өзін жібересің мылжың қып!
Сен көңілді көтересің шынардай ғып, дырдай ғып,
Сен дауысты шығарасың сыбызғы ғып, сырнай ғып.
6. Сілкіп салар сілем жоқ,
Кедейлікті жеңуге,
Келін шайпау, бала ынжық,
Жасым жетті шамам жоқ.
Содан соң оқушылар тақтада берілген ребусты шешеді. Ребустың шешімінде халық мақалы шығуы керек және сол мақалдың екінші жолын тауып, бүгінгі тақырыпқа байланысты тұстарын анықтайды. (Жақсы сөз жан сүйсіндірер, Жаман сөз жан күйіндірер). Содан кейін әр оқушы өз көзқарасы бойынша пікірлер айтады. Осы мақалдың бүгінгі тақырыпқа байланысын анықтап, өз ойларын білдіреді.
Сондықтан да бұл ізденімділік жұмыстар келешекте оқушылардың өз білімдерін тереңдетуіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде үнемі бір сарынды сабақтан гөрі оқушы сабақта әртүрлі әрекет, жұмыстар жасағанды ұнатады. Әр түрлі әдістер арқылы тереңдете және жеделдете оқытуға арналған. Пәндік деректер, тапсырмалар, өз ойларын, білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Оқушылар тақырып бойынша қажетті деректер жиынтығын есте сақтай отырып, қосымша мәліметтер ала алады. Мәселен, эвфемизм мен дисфемизмді оқытуда ауыз әдебиетінің түрлерін, үлгілерін оқушыларға таныстыруда ребус және сөзжұмбақтарды қолдануға болады. Сөзжұмбақ – әлемде кең тараған сөздерге қатысты ойын түрі. Ол адамның ойлау қабілетін дамытуға, білім көкжиегін кеңейтуге көмектеседі. 5-сынып оқушыларына бұл үлгілерді қолданудың маңызы зор.
Мысалы, тақырыпқа қатысты сөздерді меңгертуде эвфемизм мен дисфемизмге қатысты термин немесе мысалдарды қатыстырып төмендегідей сөзжұмбақ үлгілерін құрастыруға болады.
№ 1 сөзжұмбақ сұрақтары:
1. «Сөзуар» сөзінің дисфемизмін тап.
2. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатында шыққан құбылыс.
3. Берілген эвфемизмдерге керек сөздік қорымыз. «Құлағының ... бар».
4. Көру мүшесінен айырылған, жанары жоқ деген мағынаны беретін дисфемизм.
5. Әдепті сөздерді дөрекі сөздермен ауыстыра айту құбылысы.
6. «Өлді» сөзіне эвфемизм тап.
7. «Құлағы ауыр» сөзінің дисфемизмін тап.
№2 сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Эвфемизммен сөйлеу қандай әдетке жатады.
2. «Ұрланды» сөзінің сыпайы мағынасын табыңыз.
3. «Қысыр сөзде қырсық көп» халық ауыз әдебиетінің қай үлгісіне жатады.
4. Ескі діни наным-сенімдерге байланыстыра айтуға тыйым салынған сөздер.
5. Жәнібек ханның тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені.
6. «Түйелі қойшы – тұрған қойшы,
Төбесінен ұрған қойшы.
Өгізді қойшы – өлген қойшы,
Жем болғанда көрген қойшы». Халық ауыз әдебиетінің қай үлгісіне жатады.
7. «Ауру» сөзінің сыпайы түрін табыңыз.
8. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін сөздер.
Сөзжұмбақтарды құрастыру барысында жоғарыда айтылғандай ауыз әдебиетінің үлгілерін де пайдалануға болады.
Сөзімізді қорытындылай келе, 5 сынып оқушыларына табу, эвфемизм мен дисфемизмдерді халық ауыз әдебиетімен ұштастыра оқытуда мынадай түйін айтуға болады.
1. Сөзжұмбақтар оқушының сабаққа деген зейінін, белсенділігін, қызығушылығын арттыруға көп септігін тигізеді.
2. Эвфемизм мен дисфемизмді оқытуда сөзжұмбақтарды пайдалану оқушылардың материалды түсінуіне, терең меңгеруіне көмектеседі.
3. Оқушылардың білімін жан-жақты дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданудың маңызы зор.
ІІ тапсырма. 1. Өлең жолдарынан омоним бола алатын және эвфемизм мен дисфемизм сөздерді табу:
Кеше шал келмеді ме қайыр сұрап,
Белі аспанда, көзі ірің, мүкіс құлақ.
2. Дисфемизм сөзді эвфемизм сөзбен ауыстыру. Эвфемизм сөздің мағынасын түсіндіру.
3. Өлең жолдарынан көп мағынаға ие болатын сөзді табу, оны сөйлем ішінде пайдаланып, мысал келтіру.
Қосымша. Перифразаларға жататындар: қыз бала — тақия тігер, қырық жеті (архаизм); ер бала—ат ұстар, еркек кіндік; ақшам аз — қалтам таяз; арақ — ақаң, ақмағамбет, көк мойын, ащы су, зэм-зәм суы т. б. Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал келтірейік. Өтірікші — аузының желі бар; түсінеді — төбесі тесік;ұры — қолының жымқырмасы бар; ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды; ұрлану — қолды болу; өлді — келмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім қылу, о дүниеге аттану, мәңгі ұйқыға кету, жаны жаһаннамға кетті, өсек-сыбыс — сымсыз телефон, ұзын құлақ. Эвфемизмдер осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді. Егер діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфе-мизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сы-пайы болуға баулитыны байқалады. Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |