Дипломдық жұмыс Рухани жаңғыру аясында табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқытудың әдістемелік жүйесі



бет15/21
Дата31.03.2023
өлшемі178.88 Kb.
#471513
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
дипломдық жұмыс эвфемизм проверяется

Эвфемизм дегеніміз – дөрекі, жағымсыз, қолайсыз сөздерді сыпайылап, жанамалап өзгертіп қолдану тәсілі. Мысалға, атақты жазушы М.Әуезовтың “Абай” романындағы тентек Оспанның “Ой, бауырым, Абай” дегені үшін жаман ырым бастадың деп шешесінің жазалайтын жерін алайықшы:
1) Өлген адамды жоқтап жылағанда «ой, бауырымдап» жылайды; 2) басқа ауылдан келетін ағайын-туғандар өлім-жітімді болған ауылға жақындағанда «ой, бауырымдап» ат қояды. Сондықтан бұл – «жаман ырым» атанған. Міне, Қодар өлімін көріп, жас жанын жаралағандай болған балауса Абай қатты күйзелісті көтере алмай, жүйкесі құрығандай әлсірейді. Мұны үй іші ауру деп, қорқып отырғанда Оспанның «ой, бауырымы» жаман сұмдық болып, өлім шақырған сияқты көрінеді. Бұрынғы уақыт түгіл осы күнде де жақсы лепес – жарым ырыс деп қолданылады.
Кейде сөзді сыпайылық ретінде немесе қалжың ретінде ауыстырып қолданылатын жерлер кездеседі. Мысалы, дөрекілеу сөз өтірік айтпа дегеннің орнына қоспаңыз дейді. Өлді дегеннің орнына о дүниеге жөнелді; қайтыс болды т.б дейді. Бұлар да – эвфемизмдер. Сонымен, қазіргі қазақ тілінде негізінде, эвфемизмнің жаңа түрлерін де кездестіреміз. Мысалы, әйел деудің орнына жолдасым т.с.с
Сондай-ақ бүгінгі сөздіктерде төмендегідей деректер беріліп жүр: Эвфемизм (грек. Euphemismos – сыпайылап айту) – арнайы, жағымсыз, дөрекі сөздердің орнына қолданылатын сыпайы сөз. Мысалы, «ол кісі дүние салды» деген тіркес «өлді» деудің орнына, «ауыр аяқ», «жүкті» деген сөздер «буаз» деудің орнына қолданылады т.б. мәселен, Мағжанның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесінде Әзімбайға Шолпан айтқан: «Жақсы, көргенің рас шығар ғой, бірақ жақсы ағаңның көзіне қалай шөп сал дейсің?» - деген сөздерді алсақ, мұнда жазушы жас әйелді әдеппен сөйлетіп, оның көңіліндегі ойын қазақша қалыпты сөзбен орығытып, сыпайылап жеткізіп отыр.
Эвфемизм (грек. Eu жақсы, phemi сөйлеймін) – ауыс мағынаның ерекше бір түрі. Сөздің дәл мағынасында емес, ауыс мағынада қолданылуыан туады. Тұрпайы сөздер мен сөз тіркестерін сыпайылап айту. Мысалы, мылжың деудің орнына сөзі көп, сөзуар деу.
Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын) — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу.
Демек, мектеп бағдарламасына енген табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқытуда жоғарыда берілген бірер мағлұматтар да аталмыш категорияларды оқытудың мазмұнына енбек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет