Дипломдық жұмыс Рухани жаңғыру аясында табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқытудың әдістемелік жүйесі



бет18/21
Дата31.03.2023
өлшемі178.88 Kb.
#471513
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
дипломдық жұмыс эвфемизм проверяется

Тапсырма үлгілері. «Табу» сөздерді түсіндіруді мынадай тапсырмалар үлгісін беруге болады:
1. Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.
-Тентек жан-ау, мені тастап бара жаиқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б.Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың ғой.

  • Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.

Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:

2. Шығармашылық жұмыс.
«Туыстық қарым-қатынас» тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.
3. «Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп»

  • Тату, көп сөзінің антонимін табу.

  • Ат, аз сөздері қолданылуына қарай қандай мағыналар беретінін мысалмен дәлелдеу.

  • Берілген мақалда табу сөз бар ма? Болса қайсы? Мағынасын ашып түсіндір.

  • «Сатыға кім шығады?» ойыны бойынша өз отбасыларында табу сөздерді қолданып жүргендері болса, соны шапшаң жазу.

  • Сауалнама (автотест)

  • Ой толғаныс.

Ал, балалар, сендер осы сабақ барысында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде осы атауларды үйлеріңде айтасыңдар ма? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер?
4. Мағынаны тану.
I топ

  1. Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.

Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...
II топ

  1. Табуға мысалдар жазу.

  2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.

Үлгі
Жоғалған мал – қолды болды
Жылан – түйме, ала жіп – ұзын құрт.
III топ
1. Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.
2. Қазақтың салт-дәстүріне байланысты ой-толғау жазу.
3. Топпен жұмыс
Топ басшыларын шақырып тыйым сөздерден жарыс ұйымдастыру.
4.Таныстырылымды қорғау.
Ескі наным бойынша табиғаттағы адамға зиян келтіретін сөздерді жазу.
5. Ой қозғау.
Ескі дәстүрге байланысты тыйым сөздерді қолданып, мысалдар жазу.
Эвфемизм мен дисфемизмді оқытуда мынадай тапсырмаларды беруге болады:

  1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.

Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.

  1. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.

Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.

  1. Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.

Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес, ұятсыз.

  1. Дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше – жерленгенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)
Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
(тумай – жұмыртқаламай)
Шошқаға ерген балшыққа аунар.
( шошқаға - нашар, жаман адамға)
Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)
Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып – лақтап)
Қарғаның бір көзі оқта,
бір көзі боқта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет