Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»


Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты



бет4/10
Дата12.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#131043
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.3 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты


Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты - несиелік тәуекелдіні басқару, яғни қарыз алушының төлем қабілетін талдау, қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау, қарыз алушының рейтингін анықтау, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.

Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

- қарыз алушының төлем қабілеті мен қаржылық жағдайын анықтауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;

- ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;

- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;

- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;

- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;

- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.


Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты қарыз алушының төлем қабілеті мен рейтинг беру жұмысын автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол тәуекелдікті алдын ала болжап, банктің барынша зиян шекпеуін қадағалайды.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Басқарма АЖ-сі ақша құралдарын тиімді бақылау үшін, сонымен қатар тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.

АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.


АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.

Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:



  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;

  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;

  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;

  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;

  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;

  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;

  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;

  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.



Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.

АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

Басқарма ақпараттық жүйесі тәуекедікті басқару жұмысын автоматтандыру үшін арналған профессионалды-бағытталған кіші есептеуіш жүйе деп қарастыруға болады.

Басқарма АЖ-сі қаржылық есеп беруде көрінетін ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ету керек.

Банктің ақпараттық жүйесін құру. Қазіргі кезде банктерді басқаратын ақпараттық жүйе құру және қолдану қажеттілігі пайда болды. Банктің ақпараттық жүйелерде Informix, Ingres, Oracle және т.б мәліметтер базасын басқару жүйесі қолданылуы мүмкін. Банктік ұйымдардың ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді қолданушының қатынасын рационалды етеді. Банктік ұйымдар әр қолданушысына жеке ақпараттық жүйе құрып, оның желі абонентіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Мұндағы автоматтандырылған жұмыс орны - есептеуіш жүйе мен адам арасындағы негізгі байланыс құралы болып табылады.



1.4 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпарттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын бболып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын [Бралиева, 46-50бет].

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 1 - кестеде көрсетілген және онда есеп кешені, есептің атауы, есептің қолданылуы, кіріс және шығым мәліметтері қарастырылғ

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:



  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.


Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:



  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады.

Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.



Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:


  • Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;

  • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.

Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің

Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:


  • басқаруды ұйымдастыру құрылымы;

  • қызмет етуі бойынша нұсқаулар;

  • операторларға нұсқау;

  • қызметтердің орындалуы мен тәртібі;

Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:

  • объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;

  • нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;

  • барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;

  • ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау;

  • есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну.

Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс - әрекеттер көрсетілуі керек.

Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.

АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.



АЖ құқықтық қамтамасыздандыру – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады.

Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.


Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.

Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.

Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.

Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



  • Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;

  • Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;

  • Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;

  • Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:



  • есептеу техникасының құралдары;

  • телекоммуникация мен байланыс құралдары;

  • /ЛВС/ жабдықтау құралдары;

  • әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;

  • ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.

Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.

Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:


  • монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;

  • процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;

  • жедел сақтау 32 MBt және жоғары;

  • винчестер 600 MBt және жоғары;

  • UPS;

  • Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;

  • Windows 9x және жоғары операционды жүйе;

  • Принтер.

Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.
Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.

Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:



  1. өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,

  2. сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;

  • Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;

  • Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;

  • Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қарапайым блоктарды декомпозициялау;

  • Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;

  • Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.


Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады.

Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:



  • МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;

  • МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;

  • қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;

  • МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;

  • шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.

Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:



  • жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;

  • диалогтың икемді болуы;

  • абсолютті түсінікті болуы;

  • қолданудың қарапайымдылығы;

  • үйренуге жеңіл болуы;

  • жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;

  • жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;

  • тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.

Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық қамтамасыз ету келесі талаптарға сәйкес келуі керек: Microsoft Windows 2000 операциондық жүйесі, Microsoft Windows NT Server 4.0, Microsoft Windows Office, Delphi 7.0.

Ақпаратты қорғау мен программалық құралдарына қойылатын талаптар.
Ақпаратты қорғау деп – мәліметтер жүйесінде сақталынатын программа орындалуының басқару мүмкіндігі бар әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Жүйе келесілерден қорғалынуы керек:



  • ішкі ақпарат жүйесіне заңсыз кіруден;

  • қауіпті жағдайда ақпараттың бүлінуі;

  • байланыс каналдарынан мәліметтердің өту кезіндегі бүлінуі;

  • операторлардың механикалық қатесі.

Қорғау шаралары банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың ақпараттық жүйе қауіпсіздігін қорғау ережесі (18.05.01.ж. ҚР Министрінде №1143 тіркелген ҚР Ұлттық Банк Басқармасы жарғысымен 2001ж 31.03№80 бекітілген) бойынша атқарылады.



Лингвистиклық, әдістемелік және эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
Лингвистиклық қамтамасыздандыру – программаны, ақпаратты, техникалық қамтамасыздандыруды қолданушының, АЖ персоналының қатынас тілінің (тіл құралының) жиынтиғы мен ақпараттық жүйеде қолданылатын түсініктер жиыны.

Лингвистикалық қамтамасыздандыру ақпараттың және басқа элементтердің тілдік құралдарынан тұрады.

Лингвистиклық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:


  • ақпараттық база бірлігінің құрылымын сипаттайтын ақпараттық тілдер;

  • АЖ функциялау мен өңделу үрдісінде қолданылатын анықтамалар мен түсініктер жиыны. АЖ жұмыс орындары мен басқа жұмыс орындарында құжатты дұрыс толтыру үшін бірдей болу керек;

  • мәліметті манипулирлеу мен басқару тілдері;

  • автоматтандыру жүйесін жобалау мен ақпарат жүйесін жобалау тіл құралдары.

Әдістемелік қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.

АЖ әдістемелік қамтамасыздандыру – заң шығарушы, нормативтік актілер, қаржылық талдау, бухгалтерлік есеп, салық салу және білімнің басқа салаларындағы /инструкциялар/ мен аналитикалық ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін инструкциялар жиыны.

Эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.

АЖ эргономикалық қамтамасыздандыру – адам әрекетінің жоғары тиімділігі үшін тиімді шарттарды құру мақсатынмен өндірудің әртүрлі деңгейінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

Басқарма АЖ тиімді функциялау үшін міндетті түрде келесілерді өндіру керек:


  • басқарманың эргономикалық талаптарын қамтитын, осы талаптарды орындаудағы әдістерден тұратын құжаттар пакеті;

  • кадрларды таңдау жүйесі мен жұмысшылардыоқыту деңгейін қамтамасыз ететін техникалық және оқу-әдістемелік құжаттардан құралған әдістер кешені;

  • ақпарат жүйесінде адам әрекетінің жоғары тиімділігін қаматмасыз ететін әдістер мен әдістемелер кешені.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет