Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»



бет10/10
Дата12.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#131043
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

15-кестеге анықтама


Сатып алуға кететін шығындарды құрушы есептейді және ол техникалық тапсырма, техникалық жұмыс жобаларын жасауға кететін шығынжар соммасы болып табылады. Жобаны енгізуге кететін шығындар енгізу уақыты бойынша жобаны құраушылардың жалақысын ескерумен есептеледі. Байланыстыру шығындары жобаны енгізу шығындарына ұқсас жасалынады:

    • дербес компьютерлердің құны “Прайст-лист” құжатынан алынады;

    • жылдық пайдалану шығындары (16-кесте );

    • берілген есептеумен шұғылданатын жұмысшылар саны;

    • жұмысшылардың орташа жылдық мөлшерлемесі;

    • жобаны енгізілетін кәсіпорынның бухгалтериясы есептейді;

    • дербес коипьютерді пайдалану коэффициенті жасалатын есептер үшін 1-ден аспауы керек;

    • дербес компьютерге берілетін жұмыстардың алғашқы көлемінен пайыз ескеретін коэффициенті автоматты түрде есептелетін есептер көлемінің пайыз қатынасын біліреді;

    • дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры 17-кестеде есептелінген;

Дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры 16-кесте


Дербес компьютер түрі

1 ауысымда

ғы жұмыс сағатының саны



Ауысымдар саны

Жылдық жұмыс ауысым саны

ДК-дің жылдық жұмыс қоры

Pentium

8.2

1

270

2214




    • есептердің шығарылу уақыты эмприкалық түрде өңделетін формалар санын ескерумен есептелінеді;

    • енгізілетін ақпарат көлемі әрбір енгізілген форма бойынша ақпарат көлемінің қосындысы ретінде есептелінеді. Бір форма бойынша ақпара көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жылдың санына және бір жылдағы құжаттар саны көбейтіледі;

    • белгілердегі өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін пайдаланатын мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат көлемінің соммасы болып табылады. Өңделетін ақпарат көлемін Кбайтқа айналдыру үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп 8-ге бөлу керек;

    • шығатын ақпарат көлемі әрбір форма бойынша шығатын ақпараттар көлемінің қосындысы ретінде алынады. Әрбір форма бойынша ақпарат көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы белгілер саны құжаттағы жолдар санына көбейтіледі.

17-кесте

Бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытын есептеу





Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Саны

Күнтізбелік уақыт


Күн

366

Демалыс күндер

Күн

53

Мейрам күндер

Күн

8

Номиналды күндер

Күн

305

Жұмысқа келмеу

Күн




Еңбек демалысы

Күн

24

Ауырған күндер

Күн

11

Мемлекеттік міндет

Күн

0

Жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны

Күн

270

Мейрам алдындағы күндер

Күн

7

Нақты есепті жылдың жұмыс қоры

сағат

2204,4

Фбр = (жылдағы жұмыс күндерінің нақты саны – мейрам алды күндерінің саны) * 8,2 – мейрам алды күндерінің саны 7= (270-8)8,2+8*7= 2204,4 сағат.

Жұмысшылардың жобаны енгізбестен бұрын істейтін жұмыстарының еңбек сыйымдылығы (До) келесі формуламен анықталады:

До = Ч * Фбр (1)

Мұндағы, Ч – жұмысшылар саны, адам



Фбр – бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат

Яғңи, До = 5 * 2204,4 = 11022,0 сағат

Жоба енгізілместен бұрын жұмысшы жасайтын жұмыстар құны (Со), келесі формуламен анықталады:

Со = До * З [(1+д) * (1+с) + н] (2)

Мұндағы, До – жоба енгізбестен бұрын жұмысшының жұмыстарының еңбек сыйымдылығы;

З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;

Д – қосымша жалақыны ескеретін коэффициент;

С – зейнетақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;

Н – қосымша шығындарды ескеретін коэффициент.

Со = 11022,0 * 0,85 * [(1+0,7) * (1+0,14) + 0,33] = 21248,2116 = 21,25 мың тг Ақпаратты автоматты түрде өңдеу жағдайында жұмыстардың еңбек сыйымдылығы жұмысшыларға қалған жұмыстардан және ДЭЕМ пайдаланудан тұрады.

Жобаны енгізуден кейін жұмысшыларға қалған жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Дост) келесі формуламен есептелінеді:

Дост = До * (1 – р / 100) (3)

Мұндағы, До – жұмысшылардың автоматты жұмыс орнын енгізуден бұрын жұмыстарының жылдық еңбек сыйымдылығы, сағат;

Р – бастапқы көлемнен ДЭЕМ-ге берілетін жұмыстардың процентін ескеретін коэффициент.




Дост = 11022,0 * (- - 75 / 100) = 2755,5 сағат

Жобаны енгізгеннен кейін жұмысшыларға қалған жұмыстар құны (Сост) келесі формуламен септелінеді:

Сост = Дост * 3 * [(1 + д) * (1 + с) + н] (4)

Сост = 2755,5 * 0,85 * [(1+1,7) * (1+1,14) + 0,33] = 5312,0529 тг = 5,3 мың тг

ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары 18-кестеде келтірілген.

ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары


Шығын баптарының атауы

Құны (мың тг)

1

Ағымдағы және алдын ала жөндеудегі шығындар

5,4

Жөндеулер (ДЭЕМ құнының 5%)

12,96

2

ДЭЕМ тозуы (ДЭЕМ құнының 12%)

2,16

3

Материалдарға кететін шығын

0,54

4

Басқа шығындар

Жалпы пайдалану шығындары

21,06


Автоматты жұмыс орны жобаның жұмыс істеуімен байланысты жылдық пайдалану шығындарының үлесі (Свц) келесі формула бойынша есептелінеді:

Свц = Р реш * Т реш * Зэ / Тэем (5)

Мұндағы, Р реш – жыл ішіндегі есептер шешілуінің периоды;

Зэ – жылдық пайдалану шығындары, мың тг;

Тэем – ДК жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат;

Т реш – есепті шешу уақыты.

Егер жобадағы есептерді шешу периоды әртүрлі болса, онда ол екі қосылғыштың қосындысы болып табылады, яғни:

Свц = Свц1 + Свц2

Свц1 = (60 * 15 * 21,060) / 2214 = 8,5609 мың тг

Свц2 = (17 * 15 * 21,060) 2214 = 2,4256 мың тг

Свц = 8,5609 + 2,4256 = 10,9856 мың тг

Жобаны енгізген жағдайда ақпаратты өңдеуге шығатын жылдық шығын (Савт) келесі формуламен есептелінеді:

Савт = Свц + Сост (6)

Мұндағы, Свц – жобаны енгізу жағдайында ақпаратты өңдеудің пайдалану шығындары, мың тг;

Савт = 10,9856 +5,3 = 16,2865 мың тг

Автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден түсетін жылдық үнем (Сажо):


Сажо = Со – Савт (7)

Мұндағы, Со – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден бұрынғы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг;

Савт – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізген жағдайдағы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг.

Сажо = 21,25 – 16,2865 = 4,9635 мың тг



3.2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау
“Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруды анықтауда қарыз алушының рейтингін анықтау ” ақпараттық жүйесінің тиімділігі ретінде оның тағайындалуына сәйкестік дәрежесі мен жақсы икемділікті қамтамасыз ету мақсатымен есептеу және сұраныстарды қалыптастыру үрдістерін ұйымдастыруының дұрыс тағайындалуы, оның техникалық және методологиялық жетістігі және экономикалық тұрғыдан ақталатындығы түсініледі.

Ақпараттық жүйенің тиімділігі кезінде келесі көрсеткіштердің анықтамасын қамтиды: өнімділік, нақтылық, сенімділік, икемділік, интерфейстің достастығы, интерактивті режимде жұмыс істей алуы және т.б.

Ақпаратты іздеу жүйесінің жұмыс істеу жағдайлары үздіксіз өзгеруі мүмкін, әсіресе бұл тақырыптық аймақ, яғни нақты қосымшалар, өңдейтін ақпарат көлемі, сондай-ақ олардың мазмұнына қарасты шешілетін есептер тізімі. Бұл жағдайда берілген ақпаратты іздеу жүйесі оның элементтері арасында есептеу көлемін жедел түрде қайта бөлу қасиетін қамтамасыз етуге едәуір икемді, сондай-ақ жаңа есептер қосуға кеңейтілмелі болып табылады.

Сондай-ақ ақпараттық жүйенің тақырыптық ауданының мазмұнын өзгертуге қабілетін атап айту керек. Оны банкте ақпаратты өңдеу мен сақтау үшін мәліметтер қорында сапалық құрамы мен ақпарат көлемінен тәуелсіз пайдалануға болады. Мәліметтер қорының бүтіндігі оларды пайдалану кезі мен активті күйде тез сақталуын қамтамасыз етеді. Ақпаратты қамтамасыз етудің кешені жүйеге түсетін мәліметтерді унификациялауға мүмкіндік беріп, өңдеуді ыңғайлы түрде келтіреді.

Осы ақпараттық жүйенің сенімділігі жұмыс кезінде өз қасиеттерін ұзақ уақыт сақтай алуымен сипатталады. Барлық ақпараттық жүйе бір ғана мақсатқа бағындырылған – қарыз алушының төлемқабілетін жедел, үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жүйенің модульдік құрылуы оның логикалық байланысын және жалпы стратегиялық бағытталуын кеңейту мен жеке бөліктерінің жұмыс істеуінің оптималдылығына байланысты.

Қорытынды

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде « тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген.

Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.

Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.

Банк қызметіндегі тәуекелдік деп – банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін айтамыз.

Қорыта келгенде кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.



Қолданылған әдебиет тізімі


  1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.

  2. “Методические рекомендации по организации систем корпоративного управления и управления рисками в банках второго уровня, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан” 20 сәуір 2001ж. № 116.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.

  4. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.

  5. Принципы управления кредитным риском. Методические рекомендации Базельского Комитета по банковскому надзору, Базель, 2000.

  6. Велисава Т., Севрук А. Банковские риски, М.,1995.

  7. Вольравен К.Д. Управление рисками в коммерческих банках, М., 1997.

  8. Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности. Под ред. Титоренко Г.А.,-М.:Финстатинформ, 1997.

  9. Банки и банковское дело. Под ред. Д.э.н. профессора И.Т. Балабанова.-СПб:Питер,2001-304б

  10. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б

  11. Управление финансовыми рисками. Учебное пособие для подготовки к сдаче международного экзамена Financial Risk Manager (FRM), Москва, исследовательская группа “РЭА – Риск- Менеджмент” 2003-283б

  12. «Банковское дело» Лаврушина О.И. ФиС, 1998.

  13. «Банковское дело» Платонов В.И. Хиггнис М. Москва: Консалт Банкир, 1998

  14. «Банковское дело» под ред. Сейткасымова Г.С. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998ж

  15. Кондрашов Ю.Н. Введение в проектирование автоматизированных банковских систем, учебное пособие,-М.: Финансы и статистика,1996.

  16. Кураков Л.П. и др. Современные банковские системы. Учебное пособие. 3-е издание. Переработанное и дополненное. М:Гелиос АРВ,2000-320б.

  17. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы проблемаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.

  18. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б. Алматы: Издат маркет, 2004

  19. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.

  20. Н.Л.Гагарина. Банк ақпарат жүйесін өндіру/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.

  21. С.Б. Мақыш, А.Ә.Ілияс Банк ісі: оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2004.

  22. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.

  23. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.

  24. Липаев В.В., Потапов А.М. Оценка затрат на разработку программных средств. – М:Финансы и статистика,1998-180б.

  25. Ольшаный А.И. Банковское кредитование (российский и зарубежный опыт) –М: ИНИТИ, 1998.

  26. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.

  27. Солянкин А.А. Компьютеризация финансового анализа и прогнозирования в банке. М:Финстатинформ,1998.

  28. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.

  29. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет