Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау 5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша



бет19/20
Дата23.11.2023
өлшемі220.27 Kb.
#484213
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Реферат тақырыбы Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңін-emirsaba.org

Бірінші міндет: Зерттеу тақырыбы бойынша зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау ерекшеліктері туралы арнайы әдебиеттерге шолу.
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты жалпы және арнайы әдебиеттерге шолу жасадық. Зерттеушілер: В.Г. Петрова, В.В. Воронкова т.б ғалымдар арнайы мектеп оқушыларына сауат ашу кезеңінде: дыбыстық ерекшеліктерін,сөздік қорын, сөйлемдерді құрастыру жағдайын зерттеп анықтаған. Біздің отандық ғалымдар Қ.Қ. Өмірбекова, К.Ж.Бектаева, Г.А. Мовкебаева сауат кезеңін зерттеп, толықтырып, тереңдетіп жан-жақты зерттеп дәлелдеген.

Екінші міндет. Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындауда фонематикалық есту және дыбыстық талдау қабілетінің маңызы өте зор. Сондықтан осы зерттеу жұмысы балалардың фонематикалық түсініктерін тексеруге бағытталған.
Балалардың фонематикалық түсініктерін тексеру барысында мынадай көрсеткіштерге сүйендік:

  1. Тапсырманы орындау жылдамдығы;


  2. Нұсқауды түсінуі;


  3. Тапсырманы орындау іскерлігі;


Зияты зақымдалған балалардың фонематикалық түсініктерін, яғни дыбысты қабылдауы мен ажыратуын, жинақтауын және сонымен қатар дыбыстық талдауын анықтауға төмендегідей тапсырмалар берілді:



1.Фонематикалық қабылдауы мен ажыратуын тексеруге бағытталған тапсырмалар:
1-тапсырма. «А, О» дыбысын естігенде қолыңды көтер.
2-тапсырма. «У, Т » дыбысын естігенде шапалақта.
3-тапсырма. «Л, Т,» көк жалауды көрсет.
4-тапсырма. Буындарды қайтала: ат –ал от –ол, ут-ул. Буындарды талдау- жинақтау әдісімен айттық.
5-тапсырма. Сөздерді қайталап айтып бер: ата, ала, от, ол. Сөздерді буындарды қайталағанда талдау-жинақтау әдісін қолдандық. Оқушылардың жауаптарын хаттамаға жазып отырдым. Жауаптарын талдап кестеде құрастырдым.


Үшінші міндет Алынған натижелерді талдап, мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар берілді:
  • Мұғалім оқушыларды ең алдымен айнала қоршаған табиғаттағы түрлі дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен ажыратып, “дыбыс” деген ұғымның өзін түсіне білуге жаттықтыру.



  • Мұғалім әліппеге дейінгі кезеңде зияты зақымдалған оқушылардың фонематикалық есту қабілетін талдау – жинақтау әдісінін қолданып жұмыс жүргізу керек.




  • Мұғалім міндетті түрде логопедтің сабағына қатысып отыру керек. Логопедтің әдіс-тәсілдерін өзінің сабақ барысында, тәжірибесінде қолдану үшің.



  • Зияты зақымдалған оқушылардың айтылған сөзді ұғынуы үшін естігенін ықыласпен тыңдауға, машықтануын дайындай отырып, сауат ашу барысында дыбысты, буынды талдау дағдысын қалыптастыру жұмысын логопед жалғастырылады.




  • Ата–аналар мұғалімдер мен логопедтің сабағына қатысу керек. Өйткені мұғалім мен логопедтің күнделікті өтіп жатырған тапқыртарды қайталап бекіту қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет