Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»



бет12/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Рауана готовый (3)

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған

Күн тәртібінің элементтері

Уақыты
(сағ., мин)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық.

7.30-9.10

«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

9.10-10.40

«Табиғат аясында»
Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

10.50-12.50

«Ас - адамның арқауы»
Түскі ас

12.50-13.20

«Тәтті ұйқы»
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.

13.20-15.10

«Ұйқымызды ашайық»
Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары. Бесін ас.

15.10-16.00

«Алақай, ойын!»
Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

16.00-17.40

«Ас - адамның арқауы»
Кешкі ас

17.40—18.00

«Ертеңге дейін...»
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.

18.00-19.00

2.Ата-аналармен жұмыс жасаудағы жаңа технологиялар
Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту үдерісінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.
2. Ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу.
3. Педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
4. Өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.
5. Отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мазмұны:
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.
Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.
Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.
Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.
Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.
Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдын-алуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.
Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.
Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтерімен, т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.
Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.
Ата-ана - әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.
Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибиесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет