Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»


Жас ерекшілік аясындағы психологиялық білім



бет8/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Рауана готовый (3)

1.3.Жас ерекшілік аясындағы психологиялық білім
Оқу әрекетінің негізгі компоненті, оқу міндеттері болып табылады. Оқу міндеттері мектепке дейінгі оқытуда білім мазмұнын, дағды және біліктілерін, сонымен қатар ақыл-ой қабілеттері мен тәжірибелік әрекеттерін қамтиды.Мектепке дейінгілерді оқытудың алғашқы кезеңінде (кішкентайлар тобына) оқу міндеттері мен дифференциалды тәжірибелік әрекеттері көрінбейді. Балаларда біртіндеп оқу міндеттерін тапсырма және нақты сұрақтардың бақылау барысында қабылдай бастайды. Дидактикалық жағдайлардың пайда болуымен алғашқы біліктіліктері пайда бола бастайды:

балалардың әрекетінің нәтижесін продуктивті сабақтардың түрлерінде бағалау (нақты тапсырманың нәтижесінің мазмұнын салыстыру);сұрақтың сәйкестігі тақырыпқа және жағдайға, объектіге байланысты қабылдауы (М: сұрақ: «Құс не істейді, ол шұқығанда?»- ос кездегі әрекеті);сұрақ-тапсырманың зерттеу немесе баланы жасау әрекетімен сәйкестігі.


Екінші кезең, бұл балабақшадағы ортаңғы тобына қатысты, біртіндеп дифференциалды және оқу-танымдық міндеттері көріне бастайды.
Мектепке дейінгі ересек топтарында сабақта оқу міндеттері өте айқан оқу-танымдық көрініс береді, бірақ кейбір жағдайларда тәжірибелік міндеттермен байланыс сақталады. Негізгі орынға білім міндеттерін меңгеру жатады.Дидактикалық жағдайлардың негізі барысында балаларда оқу-танымдық міндеттері біліктілік және салыстыруды қалыптастыру:ереске тобында біртіндеп логикалық оқу міндеттерін күрделендіру;
оқу міндеттерін нақты көрсету, ақыл-ой тәсілдерін және тәжірибелік әрекеттерін меңгеру үшін.
оқу әрекеттерінің нәтижесін талдау, олардың арасында міндеттерді түсіну үшін байланыстың болуы, берілген әрекет тәсілдерін орындай алуы;
балалардың тәжірибесі мен олардың қызығушылықтарын сақтау.
Мектепке дейінгі жаста оқу әрекетінде жоспарлау компонентін меңгереді. Бұл біліктіліктің қалыптасуы үшін кішкентайлар және ортаңғы топ балалары тәрбиешінің берілген жоспарымен әрекет етеді. Тәрбиеші біртіндеп жоспарға балаларды да қосады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау тәсілдерін дамыту – ең негізгі ақыл-ой жағдайларын қалыптастыру өзбеттілікке және белсенділік.
Педагогикалық жағдайлардың қалыптасуы өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау оқу міндетерін орындау болып табылады: 1) тәрбиешінің талдауы сабақтың соңында орындалған міндеттермен, алынған нәтижелерді салыстыру; 2) балалардың алдындағы міндет — өзін-өзі бағалау нәтижесінің қорытындысымен жіберген қателіктер мен жетіспеушіліктерін түсіндіру.
Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау тек мектепке дейінгі ересек топтарындағы ғана ереже бойынша қалыптасады. Кішкентайлар және ортаңғы топтарда сабақтарда әрекет нәтижелерін дифференцалды бағалауға дайындай бастайды. Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау көбінесе оқу әрекетінің продуктивті түрлерінде кездеседі.

Танымдық қызығушылығын қалыптастыру жағдайында, мектепке дейінгі ересек тобында оқу-танымдық әрекетіне деген мотивтің болуы:


балалардың белсенді танымдық процесінің дамуына жағдай жасау;
біртіндеп білім мазмұнын күрделендіру.
Балалардың оқу білім және дағдыларын меңгеру ерекшелігі
Оқу дағдылары мен білімдері екі топқа бөлуге болады: 1) индивидуалды оқу-танымдық білімі, бұл оперативті білім, дағды және біліктілікті игеруі – ақыл-ой және тәжірибелік, осы процессті игеру үшін педагогпен балалардың өзара әрекеттің болуына жағдайдың жасалуы. 2) осы процессте дағды және білімдерінің өз құрбыларымен өзара әрекеттесуі.
Индивидуалды оқу-танымдық біліктілігінің жүйесін сенсомоторлық, мнемикалық, сөздік және балалардың интеллектуалдық әрекеттері, білімнің түрлі жақтарын игеруі, жалпылаудың тереңдігі мен деңгейі (білімді қабылдауы, оларды түсініп, меңгеруі, қолдану және пайдалануы), сонымен қатар тәжірибелік дағдылары мен біліктілігінің қалыптасуы.
Мектепке дейінгілердің ең негізгі оқу-танымдық біліктілігі бақылау болып табылады. Екінші оқу біліктілігі үлкендердің сөзін қабылдауы және оны түсінуі. Тәрбиешіні тыңдай білі және есту біліктілігін қалыптастыру, есту зейінің дамуына әсерін тигізеді. Дыбыстардың айтылуына көңіл аударуы. Бұның бәрі күнделікті өмірде әрүрлі жаттығулардың арқасында жүзеге асырылады.Сонымен, мектепке дейінгі жас кезеңінде, негізгі мектепке дейінгі балалардың индивидуалды оқу әрекетінің жалпы компоненті қалыптасады, бұл бір жағынан балалардың бағдарламаның элементарлы білімін, дағды және біліктіліктерін меңгеруге жағдай жасайды, кейінірек өте күрделі бәріне жалпы және нақты оқу дағдылары және біліктіліктерін меңгереді.Балабақшада оқыту процесі сабақта фронталды ұйымдастыру барысында өтеді. Біріге оқу әрекетін қатысу баладан құрбыларымен өзара әрекеттесуді және алдына қойылған оқу міндеттерін қабылдауды талап етеді. Оқытудың бірінші кезеңінде балалардың кейбіреулерінде қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші оқыту процесін кішкентайлар тобында балаға тікелей қарауымен ұйымдастырады. Педагогтан ерекше зейінділікті талап етіледі, балалардың оқу міндеттерін біріге шешеді (әңгімелесуде, ұжымдық бейнелеу әрекетінде, барлығы бірге бақылауда және т.б.)

Білім жүйесінің сұрақтары.


Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны мектепке дейінгі педагогикада балаларда нақты білім көлемін қоршаған заттар және құбылыстар туралы (жалпықоғамдық өмір, тірі және өлі табиғат және т.б.) және ақыл-ой әрекетінің тәсілдері – қабылдау біліктілігі, анализдеу, салыстыру, қарапайым жалпылай алуы. Балабақшаның тәрбиелеу бағдарламасында көлемі және мазмұны анықталған. Ақыл-ой тәрбиесінің жеткілікті дамуы алынған білімммен және оқыту әдістеріне байланысты. Сондықтан ақыл-ой тәрбиесіне тәрбиелеу мәселесі, ол оқыту және дамыту болып табылады. Ол алғаш рет Л. С. Выготскийдің еңбегінде қарастырылған болатын.Қазіргі зерттеулер бойынша алынған фактілер, негізгі жағдайлар Л. С. Выготскийдің еңбектері мектеп дейінгі жастағы балаларға қолайлы екендігі айқындалған. П. Я. Гальпериннің ақыл-ойды сатылап қалыптастыру әдісі мектепке дейінгі ересек жасына сай ұғымдарды қалыптастырады, оның көлемі керекті дағды мен біліммен шектеледі.Көптеген шетел зерттеушілері (Дж. Брунер, Ж. Пиаже, Б. Инельдер және т.б.) балалардың ақыл-ойларының дамуын қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі ретінде танып біледі. Мұндай жол тек балалардың даму деңгейін көрсетеді, бірақ бұл поцестің ішкі заңдылықтарын көрсете алмайды.Балалардың ақыл-ой дамуын нәтижесін оқытудың мазмұнын және әдістерін қайта құру жағдайында нәтижесін алды. Бұл қызығушылық әсіресе Д. Б. Эльконина, В. В. Давыдова зерттеулерінде орын алды.Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша балалардың ақыл-ой дамуының алғышарттары олардың кейбір жеке білім және біліктіліктерді меңгеруі болып табылады, біріншіден, нақты білім жүйесінің қандайда бір шындықпен байланысы, екіншіден жалпы ойлау әрекетінің формасы, осы білім жүйесінің негізінде жатыр.Балаларда ойлау процесін қалыптастыру мақсатында, бала өзіне жақын заттардың байланысын көрсете отырып, оны бір бүтінге айналдырады, сонымен балалардың логикалық схемалық жалпы танымдық әрекеті талданып шығады. Бұл схема танымдық әрекеттің негізгі стратегиясын көрсетеді. Осындай танымдық әрекеттің негізінде балаларда білім жүйесі заттар мен құбылыстардың әртүрлі өзарабайланысты аспектілері қалыптасады.Мектепке дейінгілердің оқыту жетістігі көбінесе оның меңгерген білімдерінің кеңдігі мен тереңдігінің өзараәрекетінен қалыптасады.Білімін жүйесін жүйелеу процесінде балаларда анық көрініс беретін танымдық әрекет стратегиясы қалыптасады.

Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.


Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды нысананы көздеп дәл лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
Бес-алты жасында саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.
Бес жастағы бала психикалық дамудағы елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет