Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»



бет11/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Рауана готовый (3)

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-дігін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.
Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.
Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.
Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.
Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.
Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет