Дәл осы өрт сөндіруші сұйықтарды екі кезеңді ұсақтау бағытындағы әдіс СӨСҚӨСМ (су себетін өрт сөндіруші құрам арқылы өртті сөндіру моделі) модульдік құрылғысыда жүзеге асырылады.
МПГ ТВВР типіндегі автоматты сулы ерітінділер негізіндегі сепкіш өрт сөндіруші құрылғылар СӨСҚӨСМ-ін модульдік құрастыру негізінде жасалып шығарады.
(сурет.3.1), ӨССЕ (өрт сөндіруші сулы ерітінді) арналған резервуар қасында орналасқан құрылғыларға арналған жұмыс газын іске қосушы балонда сақталған жағдайда /поз.9/;
Сурет 1 МПТРВ су себетін өрт сөндіргіш заттар арқылы өрт сөндіру моделі
Өрт сөндіргіш заттар ӨССЕ арналған резурвуарларда сақталады /поз. 1/.
ӨССЕ арналған резервуарда кезекші режимде шектен тыс қысым болмайды.
ӨССЕ-гее арнлалған резервуар:
Газдысұйық қоспаларды қалыптастыратын құрылғылар (ГСҚҚҚ)/поз. 2/;
- ӨССЕ-ге төгетін құрылғы /поз. 3/;
- сақтандырушы клапан /поз. 4/;
- қысым дабылдағышымен /поз. 5/
- жабдықталған.
Модульді орындалған құрылғылар үшін (орталықтандырылып жасалған құрылғылар дабылдағыш құрылғының іске қосылуы жобамен анықталады);
- ӨССЕ-ні төгетін құрылғы /поз. 6/;
- ӨССЕ-нің деңгейін бақылайтын құрылғы /поз. 7/;
- фильтрмен/поз.8/.
- құрылыс конструкцияларына бекіткіш (бекіткіштің орынлалу құрысы монтаж сызбасына сәйкес жобамын анықталады) /поз.13/;
Модульді орындалған құрылғылар үшін іске қосушы балон:
- тиекті іске қосушы құрылғы (ТІҚ) поз.10 /электрлік іске қосу үшін;
- жоғары қысымды иілгіш шлангпен /поз.11/ ӨССЕ-ден резервуарға жұмыс газын беру үшін;
- массаның азаюын бақылайтын құрылғымен /поз.12/ - жабдықталған;
Орталықтандырылып жасалған құрылғылар үшін жұмыс газы ғимаратта орналасқан 15 – 35 º С температуралы жұмыс газы батареяларында сақталады.
Жұқалап себу технологиясының ерекшелігі газдысұйық қоспаларды қолдану болып табылады. Ол құрылғының суландырғыштарына бір құбыр арқылы жеткізіледі. Бұл құрылғының сызбасын айтарлықтай қарапайым етеді және оның монтажы мен қолдануын жеңілдетеді.
Сұйықтық диспергиясының тиімділігін технологияның келесі ерекшеліктері қамтамасыз етіледі:
- алдын ала арнайы көлемде сепкіштерден ағызып алынған газдысұйық қоспаларды қалыптастыру (ПФГРС).
Бұл жоғары емес қысымда (0,3-1,0) МПа тамшылардың жоғары жылдамдығын (до 200 м/с) алуға мүмкіндік береді, бұл олардың тиімді ұсақталуына септігін тигізеді;
-сепкіштен шығу кезінде арнайы құрылғы көмегімен газдысұйықтарды ағызудың ерекше режимін жасау (газдысұйық қоспаларды ағызудың тығынды режимді стабилизаторы);
-сепкіш есебінде көбікті ағынмен соғатын форсунканың жұқа қиындысы қолданылады, оның резонанс туғызатын қуысы бар, ол акустикалық резонансты жүзеге асырады. Соның арқасында сұйықтықтың диспергиясын қамтамасыз етіп, оны өрескел дисперсті тұманға айналдырады.
Іске қосушы балонда ЗПУ іске қосылғанда жұмыс газы ПФГРС-ға келіп жетеді. Бұл сұйықгазды қоспаның қажетті концентрациясын алуды қамтамасыз етеді. Қалыптасқан газды сұйыққоспа орталық құбыр арқылы бөлшектегіш желіге келіп жетеді. Барлық сепкіштерге оптималды концентрациядағы газды сұйық қоспаны жеткізуді қамтамасыз ету үшін бөлшектеуші желінің әр торабының газды сұйықты қоспаны бөлшектейтін құрылғысы болуы керек (ПРГРС).
Ал ағынды екі бағытқа бөлу үшін стандартты үшайыр қолданылады. Ағынды үш не бірнеше бағытқа бөлшектеген жағдайда арнайы конструкциялы ПРГРС қолданылады. Нақ осы жоғары тиімділігінің арқасында және монтажы мен қолданудың қарапайымдылығы, сонымен қатар қол жетімділігін ескере отырып аталған құрылғыны перспективті деген қорытынды жасауға болады. Мол себепті осы модульдің негізінде сынақтар өткізу мақсатында лабораториялық құрылғы жасалды.
Модульдің базасында лабораторялық өртті сулы құраммен жұқалап себу арқылы сөндіру құрылғын жасау оны оқу мақсатында да, ғылыми зерттеу мақсатында да қолдануға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, курсанттармен, студенттермен лабораториялық жұмыс жүргізу құрылғы тораптарының жұмыс принципін түсінуге, онымен өз бетімен жұмыс істеуге көмектеседі.
Сонымен қатар бұл құрылғыда лабораториялық зерттеулер жүргізуге болады. Атап айтсақ берілген темодинамикалық параметрлерге сәйкес газдысұйықтардың дисперстілік деңгейін бағалауға, әр түрлі өрт сөндіруші қоспалардың өрт сөндіру тиімділігін зерттеуге, берілген әр түрлі параметрлердегі ағынның интенсивтілігін анықтауға т.б. мақсаттарда қолдануға болады.
Лабораториялық құрылғы келесі тораптардан тұрады:
Сурет 2. Лабораториялық құрылғының сызбасы
1 – сулы өрт сөндіруші заттарға арналған резервуар
2 –газдысұйық қоспаны қалыптастырушы құрылғы
3 – сифонды трубка
4 – сақтандырғыш құрылғы
5 – таратушы суқұбырына қосатын құрылғы
6 – фильтр
7 – сулы өрт сөндіруші заттарды құюға арналған саңылау
8 – тесігі бар тығын
9 – іске қосушы баллон
10 –қолмен іске қосатын тиекті- іске қосушы құрылғы
11 – ВВР-ден жұмыс газын резервуаға жіберетін жоғары қысымды иілгіш шланг
Құрылғыны іске қосатын блок екі түрлі орындалуда қарастырылады:
1) Электро-іске қосушысы бар құрылғыны іске қосушы блок. Аталған модульге дайындаушы завод тек Электро-іске қосушысы бар құрылғыны іске қосушы блокты ғана қарастырған. Жұмыс газды баллоны бар тиекті-іске қосу құрылғысы түрінде ұсынылған, құрылғының басты элементі тиекті-іске қосу құрылғысының қорабы, пиропатрон, поршень, сояуыш болып табылады.
Оның жұмыс істеу принципі келесідей: өрттің бірінші белгілерін байқаған жағдайда ППКП-ға өрт туралы хабарлағыштардан «Өрт» деген сигнал беріледі, Бұл өз кезегінде электрлік импульс туғызады, импульс тиекті-іске қосу құрылғысына беріліп, құрылғыны іске қосады. Электр импульсі пиропатронды белсендіреді. Ол іске қосылғанда поршенді алға қарай итереді. Сәйкес каналы бойынша поршеннің төбесі конус формалы сол себепті поршен өз кезегінде сояуышты басады. Сояуыш жұмыс газының баллоннан резервуарға, яғни жинақталған өрт сөндіруші заттарға өтуіне жол ашады. Жүйені іске қосудың аталған түрі өрт сөндіру сигнализациясын және әр жағдай сайын пиропатронды ауыстыруды қажет етеді. Сонымен қатар құрылғының жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс газы мен сулы өрт сөндіру заттарының көлеміне тәуелді. Құрылғы баллондағы газ таусылғанға дейін жұмыс істейді. Сондықтан біз құрылғының жұмыс істеу уақытына және пайдаланылған газ бен өрт сөндіру заттарының көлеміне әсер ете аламыз.
2) Қолмен іске қосылатын құрылғыны іске қосушы блок. Бұл мәселені шешу үшін мен аталған қондырғыны қолмен іске қосу құралын ұсынамын. Бұл қондырғыны ешқандай көмекші құралдарсыз, атап айтсақ дабылқаққыш, ППКП, пиропатрон, кез келген уақытта іске қосуға болады. Сонымен қатар өрт сөндіруші заттардың берілу уақытын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол тек тетікке басу уақыты мен баллонда қалған өрт сөндіруші заттардың көлеміне байланысты.
Сурет.3 Құрылғыны қолмен іске қосу тетігі
Өрт сөндіру заттарын сақтайтын ыдыс көлемі 50л болатын баллон түрінде ұсынылады. Ол кең балақты сифонды түтікпен жабдықталған.
Газдысұйық қоспаларды дайындау құрылғысы (сурет.3.4) Оның жұмыс істеу принципі келесідей. Газды камера 15, газды шлангтың - 3 бастапқы ұшына герметикалық жалғасқан; мойны бар кірме камера 12; өрт сөндіруші сұйықтықтан түтікше 19; ал бастапқы камера 14 қоректендіретін суқұбырға жалғанатын ұшымен 7; сонымен қатар герметикалық қосылыстар, әдетте, герметикалық резбалық қосылыстардан жасалған. Қайта жіберуші камера 13 сифонды трубканың 18 бастапқы басына бұралған, оның келесі басы өрт сөндіруші сұйықтық құйылған түтікке 1 салынған.
Сурет 4 Газды сұйық қоспаны дайындау құрылғысы
Құрылғыны іске қосуға дайындық кезінде ғимарат арнайы жабдықталады қажетті сепкіштер санымен 8 күзетіледі, датчик түрінде дайындалған дабылқаққыш 5 орнатылады, ол гимараттағы температураның көтерілуіне, түтіннің пайда болуына т.б. сезімтал әсерленеді. Ғимараттан шығатын жерде қоректендіруші құбырда 7 арнайы ыдыс 1 орнатылады. Ол жалғағыш 10 арқылы құбыр желісінің 11құбырына жалғанады. Дәл сол жерде жұмыс газының ыдысы 2 орнатылады. Сақтандырғыш құралды 4 дабылқаққыштың шынжырына 5 жалғап, шланг 3 арқылы ыдысты 2 қосады. Содан соң құрылғының қосалқы бөлшектерін газды сұйық қоспаны қалыптастыратын тораптың 6 көмегімен байланыстырады. Ол үшін қайта қосатын камераға 13 сифонды трубканы 18 бұрап кигізеді, оны ыдыс 1-ге кіргізіп, одан сон кірме камераны 12 ыдыс 1-дің мойнына 19 бұрайды.
Содан соң газды шлангтың 3 бастапқы ұшын газды камера 15 торабына 6 жалғайды, ал қоректендіргіш құбырдың кірме ұшын араластыру камерасына 14 жалғаймыз. Жалғауыш 10 арқылы ыдыс 1-ді суға толтырамыз. Құрылғы жұмысқа дайын. Қолмен іске қосу тетігіне басқанда, жұмыс газына жол ашылады, яғни газ камерасындағы 15 газ, газдысұйық қоспаны қалыптастыратын торап 6 іске қосылады. Көлбеу сыңалаудан 16 қалыптасқан газды агын қысымы ыдыс 1-дегі суды ығыстырып шығара бастайды, ол сифон трубкасы 18 арқылы ағып қайта жіберу камерасына 13 келеді, одан араластыру камерасы 14 ағып кетеді. Көлбеу саңылау 17 қалыптастырған басқа газды ағын әсерінен араластыру камерасында 14 бастапқы су ағынының тамшыларын бірнеше қайтара бөлшектеу жүзеге асады. Нәтижесінде судың көмірқышқыл газымен қосылған газды сұйық қоспасы пайда болады. Ол қоректендіргіш құбыр 7 арқылы сепкіштерге 8 жіберіледі, сепкіш гимаратқа шашып, оның көлемін тез толтырады. Өрт көзін жойып салқындатады. Нәтижесінде өрт сөнеді. Сифонды трубкалы тетікті іске қосу құрылғысы бар метал баллон жоғары қысымның көзі болып табылады. Оған көміртек диоксиді, ауа толтырылуы мүмкін. Аталған құрылғы курсанттар мен студенттерге суды жұқалап сепкіш өрт сөндіру құрылғысының жұмыс принципін көрнекі түрде көрсетуге, сонымен қатар құрылғыда лабораториялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
7 тарау. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік шаралары
Құрылыс және монтаждау жұмыстарын олындау алдында, жұмыс орнында монтаждаушыға нұсқаулықтар өткізілуі тиіс. Жұмыс істеп тұрған жағдайда сәйкес жауапты жұмыстардың жетекшісі (шебермен, прорабпен) нұсқаулық өткізіледі. Жаңадан келген жұмысшылар кіргізу нұсқаулығын жеке жұмыс орнындағы нұсқаулықты өткеннен кейі ғана жұмысқа жіберіледі.
Өте қауіптілігіне байланысты жұмыс сәйкес бағдарлама бойынша оқудан өткен, емтихандарды тапсырғандарды және сәйкес куәлігі бар тұлғалар жіберілуі керек. Мұндай жұмыстарға жататындар
а) жүк көтергіш крандармен механизмдермен қызмет көрсету және жүргізу;
б) газды және электрлік дәнекерді және металлды кесуді өткізу;
в) техологиялық жабдықтарды және металлоконструкцияларды монтаждау;
г) құрылыс-монтажды тапаншамен ату;
д) телефон канализацияларындағы және жер құрылғыларындағы жұмыстар;
е) биіктіктегі жұмыстар;
ж)қысым астында болатын сауыттарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар;
з) 1000 В жоғары және төмен электрқондырғыларына қызмет көрсету.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар учаскелік және басқару монтажы бойынша олардың жағдайына жауапкершілік бастықтарға, басқарудың бас инженеріне және участок бастықтарына (аға прорабтарына) жүктеледі.
Биіктіктегі жұмыстарға төсем немесе еден, жер деңгейінен 1,5 м-ден жоғарыда жұмыс жасап жатқан жұмыстар кіреді;
Биіктікте қалыпты және қауіпсіз электромонтажды жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғыларды (леса, подмосттар, сатылар және т.б.) қолдану керек. Істен шыққан сатылар мен лестерді, сонымен қатар осы бағытқа арналмаған кез-келген заттарды (жәшіктер, бөшкелер және т.б.) қолдануға тиым салынады.
Жарық түсіру мен күштік жүйелерді монтаждау кезінде, кернеулікте тұрған, ашық тоқ жүретін бөліктерін адамның кездейсоқ тиісіп кетуінен сақтау үшін қоршау болуы керек.
Ілінбелі люлькада немесе мостта тұрған адамдар кранның немесе арба қозғалысының алдында ерекше бір сигналмен ескертілуі керек.
Кранның қозғалысы басталғанға дейін барлық жұмысшылар орнатылған мұнаралардан қауіпсіз орындар мен мосттарға жойылады.
Монтаждау үшін бұйымдар мен материалдарды жоғарыға көтергенде, олардың құлау мүмкінділігінен арылту үшін бекіту немесе қоймалау қажет.
Монтаждау жұмыстары кезінде қолданылатын жылжымалы төбешіктер кем дегенде екі адамның жұмысын қамтамасыз ететін, қоршалған алаңы болуы керек. Егер 4 м аса биіктікте жұмыс (қалалық операциядан басқа) жүріп жатса және қоршауы бар төсемді жасау келмейтін немесе мүмкін болмаса, онда монтаждаушылар сақтандырғыш белбеулермен жабдықталуы керек. Көрсетілген белбеулерсіз жұмысшылар жұмысқа жіберілмейді. Сақтандырғыш белбеудің карабині бекітілетін орны алдын-ала жұмысты жүргізуімен немесе шебермен көрсетілуі керек.
Жұмысшыларға берілетін сақтандырғыш белбеулерді әр 6 ай сайын 5 мин. ішінде (300 кг) статикалық жүктемеге сыналу және паспорты болуы керек. Сақтандырғыш белбеуде сынақ өткізу күні мен белбеудің нөмірі болуы керек.
Биіктіктегі жұмыстар жоғарыда өрмелеу жұмыс стажы бар арнайы оқыған монтаждаушы, үшіншіден кем емес квалификациялы разряды бар, үшіншіден немесе электроқауіпсіздігі бойынша жіберілу топқа және жоғарыда өрмелеуге жіберу туралы куәлігінде белгісі бар монтаждаушыларға жүктеле алады.
Бетонды конструкцияларында және тасты ойықтарда, ұяшықтарда, тесіктерде броздарды жасаумен айналысатын жұмысшылар сақтандырғыш көзілдіріктерде жұмыс істеулері керек. Осы кезде өтіпе бара жатқан адамдарды ұшқындармен жаралауға қарсы шаралар қолдану керек. Ақаулы қолды және механикалық құрал-саймандарды қолдануға болмайды.
Қабырғалар мен жабындыларда тесіктерді жасау, сол сияқты сымдарды тартуды қойылатын сатыларда емес, керісінше лестар мен өтпелерде өткізу қажет.
Құрылысқа арналған құрал-саймандардың ағаш қол ұстағыштары қатты және тұтқалары ағаш түптерінен жасалып (кизил, бук, граб емесе қайын) тегістеп өңделіп және менімді бекіту қажет. Ұстағыштардың бетінде бүгіршіктердің және қабыршақтардың болуына жол берілмейді.
Құрал-сайманың жұмыс бөлігінде жарықтар, ойықтар және ақаулар болмауы керек. Соққылы әрекетті қолды құрал-саймандарында жіберілмейді: жұмыс соңдарының бұзылуы; оларды қолмен қысу жерлерінде үшкір қабырғаларды; артқы бөліктерінде жарықшақтарды, қирауларды болдыру; ұзындығы 150 мм кем емес құрал-саймандар қтұтқаларын
Қазіргі уақытта электрфицирлнген құрал-сайман электромонтажды практикада өте кең қолданыс табуда, сондықтан да олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау өте маңызды.
Электрфицирлнген құрал-сайманмен жұмыс істеуге өндірістік оқудан өткен тұлғалар жіберіледі.
Электроқұрал-саймандардағы барлық тоқ жүргізілген бөліктері толық жабылу керек, ал кезеңдік жөндеуді немесе әрдайым қарауды қажет ететін бөліктері қақпақпен жабылуы керек.
Қауіпті және аса қауіпті бөлмелерде жұмыс істеу кезінде 36 В жоғары емес кернеулікті қолды электроқұрал-саймандарды қолдану керек
Құрал-сайманды жүйеден дистанционды басқару және автоматты бір мезетте өшірілуін қамтамасыз ететін құрылғыны қорғанысты өшіретіні болған кезде (жерге қосу сымының үзілуі немесе оның корпусында қысқа тұйықталу болған жағдайда) электроқұрал-сайманды 220 В кернеулікке пайдалануға жіберіледі. .
Бөлмелердің аса қауіптілігі болмаған кезде 127 және 220 В кернеулікті электроқұрал-сайманды қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда міндетті түрде диэлектрлі қолғаптарда, калоштарда және төсемдерде жұмыс істеу керек.
Электроқұрал-сайманының корпусы арнайы тасымалы, майысқақ мыс шлангісінен немесе көп түйінді сыммен жерленуі тиіс. Жерлендіруші түйін ерекше бояумен сырлануы тиіс.
Электроқұрал-сайманының корпусын жерлеу үшін нөлдік жұмыс сымын қолдануға тиым салынады.
Жерге қосу сымының кескіні фаздық сымынан кескіні 80% кем емес болуы керек, минималды кескіні 1,5 мм2 рұқсат етіледі.
Электроқұрал-сайманының корпусына жерге қосу сымын жалғау жерге қосу винтінің немесе болтының астына жүргізіледі, ал жерге қосу құрылғысына – арнайы қосқыш контактімен (струбциналар, барашкалар немесе болттар) қысу қажет. (
Электроқұрал-сайманына қосу үшін вилканы немесе штепсельді розетканы жерге қосу сымын жалғау үшін арнайы контакттармен қолдану керек.
Электроқұрал-сайманмен жұмыс істеудің алдында жақсылап қарау қажет, өшіргіштің ақаусыздығын бірнеше рет қосып және өшіріп анықтайды.
Сымдарды термитті дәнекерлеу кезінде электромонтажды жұмыстар үшін міндетті техника қауіпсіздігінің жалпы ережесінен басқа, қосымша ережелерді қатаң сақтау қажет:
— дәнекерлеуді қолғаптарда, теріден жасалған бәтеңкелерде және бас киімдерде жүргізу; бас киімнің астынан шаштың түсіп қалмауын қадағалау;
- жұмыс жасап жатқанның көзін қорғау үшін көк әйнекті немесе ТИС әйнекті көзілдірікті қолдану;
- термитті патронмен жұмыс істегенде абай болу керек, өйткені оның жану температурасы 2000 С құрайды;
- термитті патрондардың суымаған ұшқындарын және жанбай қалған сіріңкені арнайы алдын-ала орнатылған жерлі алаңға немесе жанбайтын негізге тастау (бөлмеде жұмыс істеген кезде), ол жерде қандай да болмасын жеңілтұтанғыш материал болмау керек;
- жанып жатқан немесе суыған патронды қолмен түземеу және тиіспеу;
- термитті патронмен дәнекерлеу кезінде бүгіліп қарамау;
- су тиген патрондарды қолданбау, сонымен қатар жаңбыр жауғанда ашық аспан астында жұмыс істемеу; қызып тұрған патронға су тигенде жарылуы мүмкін, биіктікте дәнекерлеу жұмыстары кезінде жұмыс орнының астында тұруға және өтуге болмайды.
Дәнекерлеу тәсілімен кабельдерді және сымдарды ұштандыру және жалғау кезінде жұмысты брезентті ұзын жеңді қолғапта және сақтадырғыш көзілдірікте өткізу қажет. Дәнекрлеу шамдарымен жұмыс істеу кезінде орындау қажет:
- шамға, оларға есептелген жанармайды құю;
- құю тесігінің тығынын тоқтамағанша бұрау;
- жанармайды құймау және төкпеу, шамды бөлшектемеу;
- жанарғы арқылы бензинді беріп, дәнекерлеу шамын жақпау; жарылып кетпес үшін дәнекерлеу шамын тым аса қотармау;
- шам сөнгеннен және жанарғысы суығаннан кейін, содан соң ғана шамның резервуарындағы ауалы тығынды құю тесігі арқылы шығару.
Ақаулықтарды байқаған кезде (резервуардың тығызсыздығы, жанарғының резьбасы арқылы газдың шығуы және т.с.с.) тез арада шамды сөндіріп, оны жөндеуге беру.
Жұмыс істеп тұрған электромонтажды жұмыстарды қолданушылардың электроқондырғыларды техникалық пайдалану ережесін және қолданушылардың электроқондырғыларды кезінде техника қауіпсіздік ережесінің талаптарын сақтап орындау.
Құрылыс-монтажды тапаншаларынан жұмыс істеуге тәрбиелі және 18 жастан төмен емес техникалық білімді электромонтерлер, IV разрядтан төмен емес мамандығы бар, электромонтажды жұмыстарда 3 жылдан кем емес жұмыс істеген, арнайы оқу курсынан өткен және тапашаны қолдану құқығы бар тұлғалар жіберіледі.
Монтаждау учаскесінің жетекшісі айына 2 реттен кем емес тапаншалардың жинақталуын және жағдайын тексеру қажет және тапаншаларды беру мен қабылдауды тіркеу кітабына жазып отыруы тиіс.
Құрылыс-монтажды тапаншалармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі құрылыс-монтажды тапаншаларды қолдану туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болу керек.
8 тарау. Өрт автоматикасын енгізудің экономикалық түсіндірмесі
8.1. Өрт автоматикасын енгізудің экономикалық түсіндірмесі
Автоматты қондырғымен сөндіру нұсқауы кезінде негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау.
Өрт автоматикасы өртке қарсы қорғаудағы бағыттарды маңыздылығының бірі болып табылады, ол халық шаруашылығының экономикасына белсенді әсерін тигізеді. Оның әсері мынадан білінеді, оның көмегімен туындаған өрттердің дамуы үлкен өртке айналуын алдын алады, сондықтан да экономикалық зардаптардың көмегін төмендетеді. Статистика көрсеткіштері бойынша, өрт автоматикасымен жабдықталған объектілердегі өрттен болған зардап, орташа алынған онымен жабдықталмаған объектілердегі зардаптан 25 есе төмен. Есептеулер көрсеткендей, өрт автоматикасын енгізу ондаған миллион тенге мөлшерінде жыл сайын экономикалық тиімділікті береді.
Енгізілетін автоматты өртке қарсы қорғау қондырғыларының экономикалық бағасы салыстыру базасы тәрізді құралатын негізгі және қосымша көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады.
Өрт автоматикасының қондырғысымен экономикалық тиімді нұсқауды таңдау кезінде негізгі көрсеткіштер болып табылады:
-
Қондырғыларды енгізумен байланысты болатын капиталды салымдар К, АӨҚ немесе шығындардың жаңа немесе модернизациясын құру түрінде болып келеді.
Енгізу және басқа база үшін өрт автоматикасы қондырғыларын енгізу кезіндегі капиталды салымдар құрайды:
К = КС.С + КСУ + КПУ + ККНР + КПК + КОС. (29)
мұндағы КСС – тура шығыдарды мен жоспарлы жинақтарды қоса отырып, мешіт ғимаратының құрылыс құны;
КСУ – қондырғы мен жабдықтың бағасын қосатын барлық жабдықтар мен қондырғылардың сметалық бағасы, транспорттау және дайындау-қоймалық жүйелері бойынша шығындар – 4,2%.
КПУ – өрт автоматикасын жобалауға кететін шығын;
КПНР – қондырғыларға қызмет көрсету үшін мамандарды дайындауға кететін шығын;
КОС – өрт сөндіру қондырғылары үшін ғана сөндіру заттарының құны.
Ауыстырылатын қондырғылар үшін өрт автоматикасы қондырғыларын модернизациялау немесе ауыстыру кезінде:
К = КС.Б + КУБ + КУ + КОС, (30)
мұндағы КСБ – мешіт ғимаратына жабдықтарды орналастыру үшін баланстың құны;
КУБ – қондырғының баланстық құны;
КУ – қондырғыға немесе оның жеке тораптарына демонтаждау құны.
Енгізілетін қондырғылар үшін
К = КР.С + КСУ + КПУ + КПНР + КПК + КОС, (31)
мұндағы КРС – мешіт ғимаратын реконструкциялаудың сметалық құны, егер ол қажет етілсе.
2. Өрт автоматикасы қондырғыларына тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз етуге кететін шығындарға байланысты болатын пайдалану шығыны.
Өртавтоматикасы қондырғылары үшін жаңа бұйымдарды жасау кезіндегі дайындау-зауыты үшін пайдалану шығынын анықтаймыз.
Өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға кететін шығынды мына формула бойынша анықтаймыз:
С = СМ + СЗ.П. + Са + СЭ, (32)
мұндағы СМ – материалдарға және дұрыс пайдалану үшін қажетті материалдарға кететін шығын;
СЗП – қызмет көрсетуші тұлғаларға жалақысына жұмсалатын шығын:
СЗП = , (33)
мұндағы N – жеке лауазымды топтардың саны;
ЗОСН. – негізгі жалақы;
ЗДОП. – окладқа пайызбен қосымша жалақы.
ОС.С. – пайызда белгіленетеін арнайы сақтандырулар бөлінулері;
Са – аммортизационды аударулар.
3. Өрттерден болған экономикалық зардап.
Келесі жағдайларға дейін анықталатын шығын:
а) егер салыстыру базасы ретінде АӨҚ объектілерді пайдалану жағдайында қабылдануда. Тікелей тигізетін зардаптың көлемі 0,75 сағ азат жану уақытынан шығатын жағдай ғана бөлінеді;
б) енгізілетін нұсқау үшін қажетті жану уақыты қондырғының инерциондылығына және өрт бөлімшесінің келу уақытының суммасына тең ҚР бойынша орташа 10 мин. Осы жағдайлар үшін тікелей зардап бөлінеді;
в) егер еысанда АӨҚ болмаса, автоматты өрт сөндіру қондырғылары енгізіледі, тікелей зардапқа бөлінуіні өрт сөндірудің есептелген ұзақтылығы және қондырғылардың инерциондылығының суммасына тең өрттің азат жану уақытына шығады;
г) немесе нысанда өрт сөндіру қондырғылары аз инерциондықты және сөндіру ұзақтылығы есептелген аздығымен ауыстырылады. Тікелей зардап уақыт аралығынан бөлінеді, ол мынаған тең:
У = ИЗ – ИВ + (ТЗ – ТВ), (34)
мұндағы ИЗ, ТЗ – ауыстырылатын қондырғының есептелген сөндіру уақыты және инерциондығы;
ИВ, ТВ – қондырғының есептелген сөндіру уақыты және инерциондығы.
4. Т-спецификалық уақыт факторы негізгі көрсеткіштердің ішінде. Ол өрттен болған зардаптардың көлеміне байланысты және өрт автоматикасын енгізілетін варианттардың тиімділігін анықтайды. Бірақ уақыт факторы АӨҚ экономикалық тиімділігін бағалау кезінде қолдануға болады:
а) аймақтық немесе салалы масштабта өрт автоматикасын орнатуға капиталды шығындардың сатып алу мерзімін анықтау;
б) өрт автоматикасы бұйымдарының жаңа үлгілерін жасау және құру жағдайында қосымша капиталды салымдарды сатып алу мерзімін бағалау;
в) өрттен болған зардаптарды анықтау қиын болған жағдайда ауыстырылатын және енгізілетін қондырғылардың есептелген сөндіру уақытын және инерциондығын салыстыру;
г) қондырғыларды салыстырылатын нұсқаулардың қызмет мерзімін бағалау кезіндегі жеке негізгі көрсеткіші ретінде.
Екі нұсқаны салыстыру кезіндегі өрт автоматикасы қондырғыларын енгізуге капиталды салымдардың экономикалық тиімділігін салыстыру капиталды шығындардың экономиялығымен пайдалану шығындардың экономиялануын бір-біріне қою жолымен мына формула бойынша анықталады:
ЕН (35)
мұндағы Е – капиталды салымдардың салыстырмалы тиімділігінің коэффициенті, 1/жыл;
ЕН – капиталды салымдардың экономикалық тиімділігінің нормативты коэффициенті, 0,15;
С1, С2 – салыстырмалы нұсқау бойынша тапсырушының пайдалануға кететін шығыны;
У1, У2 – салыстырмалы нұсқау бойынша өрттен болған шығын.
Егер қондырғыларды енгізу қосымша капиталды салымдарға байланысты болса, мысалы модернизациялау немесе ауыстыру кезінде, сонымен қатар қондырғының сенімділігі жоғарылаған жағдайда, тиімділікті бағалау, салыстырмалы экономикалық тиімділігінің кері коэффициентінің өлшемі болып табылатын сатып алу мерзімімен сипатталады.
Т = ТН (36)
мұндағы Т – сатып алу мерзімі жылдарда, ТН – нормативты салалар бойынша қабылданатын нормативты сатып алу мерзімі, ал олар болмаған кезде 8,3 жылға тең.
Екі нұсқауды салыстыру кезінде өрт автоматикасы қондырғыларын енгізгеннен жылдық экономикалық тиімділік өлшемі мына формула бойынша анықтаймын:
ЭГ = [(С1 – С2) + ЕН (К2 – К1) + (У1 – У2)] ВГ, (37)
мұндағы ЭГ – экономикалық тиімділік;
ВГ – В=1 бір қондырғының нысанда енгізген жағдай үшін, салаға немесе нысанға қондырғыны енгізудің жылдық көлемі.
Жылжымалы құралдармен сөндіру нұсқауы кезіндегі негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау.
Жылжымалы құралдармен өрт сөндіру кезінде ол өртке қарсы бөлімшелері болып табылады, өрт сөндіру және жанудың таралуының алдын алу және жоюға, өрт оқпандарын енгізгенге дейін өрттің дамуының басталған уақыты маңызды орын алады.
Сәйкес формуламен минутпен өрттің азат жану уақытын анықтаймын.
СВ = ОБН + СООБ + СЛ + БР = 2 + 1 + 7 + 6 = 16 мин.
Жобаға сәйкес өрттің азат жану уақыты 3 минуттан кейін өрттің температурасы 200 0С аса құрайды. Осындай температурада мешіттің барлық бөлімшелеріне от тарайды. Бөлмелердің жалпы ауданы 150,25м2 құрайды
Өрттен болған шығынды анықтаймын:
У1 = 10000 150,25 = 1502500 т.тенге
8.2. Нұсқауларды салыстыру және экономикалық тиімділікті таңдау
Негізгі көрсеткіштердің өлшемін анықтап болғаннан кейін, экономикалық тиімді нұсқауды таңдауға және талдауға кірісеміз. Әрекет етіп тұрған типтік әдістемеге сәйкес бұл таңдау салыстырылатын нұсқаулардың ішінде біреуінің минимумге келтірілген шығындардан құрылады.
Нұсқаудың экономикалық тиімділігін анықтау ЕН және ТН нормативты мәндерімен салыстыру нәтижесінде құрылған.
Шешім нұсқауының экономиялығын дәлелдеп анықтағаннан кейін, экономикалық тиімділіктің жылдық өлшемін есептеуге болады.
ЭГ = [(С1 + ЕН К1 + У1) – (С2 + ЕН К2 + У2)] В2, (38)
мұндағы С1 – бірінші нұсқаудың инженерлі-техникалық шешімді реализациялау сферасындағы күнделікті шығыны – 520 000 т.
ЕН – капиталды салымдардың экономикалық тиімділікті салыстыру коэффициенті – 0,12;
К1 – бірінші нұсқау бойынша капиталды шығындар – 238 000 тн.;
С2 – екінші нұсқаудың инженерлі-техникалық шешімді реализациялау сферасындағы күнделікті шығыны – 138 000 тн.;
У1, У2 – өрттерден болған материалдық шығындар
У1 = 1502500 тн.
У2 = 2259000 тн.
К2 – екінші нұсқау бойынша капиталды шығындар – 98 000 тн., ВГ – жаңа инженерлі-техникалық шешімді тәжірибеге енгізудің жылдық көлемі – 1.
[(С1 + ЕН К1 + У1) – (С2 + ЕН К2 + У2)] В2 = [(152000 + 0,1298000 + 35852) – (138 000 + 0,1238000 + 229)] 1 = 506230 тн.
Алынған өлшемдер автоматты өрт сөндіру қондырғысын енгізу экономикалық тиімді болатынын куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |