Агроөнеркәсіп кешенін тиімді дамыту бойынша инновацияларды белсендіру жолдары
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында экономиканы цифрлы технологиялар негізінде дамытуды тапсырдған болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттырудың төрт бағыты анықталды [2].
Бірінші – заманауи негізде нүктелі жер өңдеу. Алқаптардың электронды карталары, нақты метеодеректер, сенсорлар және датчиктер, ғарыш мониторингі және басқа да шешімдерді пайдалана отырып, дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізу аясында агроқұрылымдарда нақты технологияларды енгізудің экономикалық моделін әзірлеу, оны субсидиялаудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлау, қанатқақты шаруашылықтарды анықтап, фермерлерді Ауыл шаруашылық университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ауыл шаруашылығын цифрландыру, технологиялар әзірлеумен айналысатын әлемдік компаниялармен бірлесе оқыту.
Екінші – шаруашылықтарда нүктелі жер өңдеу технологиясының экономикалық моделін әзірлеп, оларға үйрету және кеңінен тарату, Ауыл шаруашылық техникасын жедел жаңарту. 2022 жылға дейін Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің техникаға деген инвестиция көлемін 240 млрд. теңгеге дейін жеткізу мақсатында биылдың өзінде 20 млрд. теңгеге ұлғайту.
Үшінші – мал шаруашылығын дамыту. Мал басының 57-60 пайызы үй шаруашылығында шоғырланғандықтан, өнімнің 72 пайызы да осы жерде өндіріледі. Сондықтан ұсақ фермерлердің ірі бордақылау алаңдары бар шаруашылықтармен кооперациясын ынталандыру арқылы мал өнімінің сапасы мен тауарлық көрсеткіштерін жақсартып, ет экспортының көлемін арттыру.
Төртінші – суармалы жерлерді үдемелі игеру. Қазір суармалы жер көлемі 2,5 млн.-нан 1,1 млн. гектарға қысқарды. Оны шартты түрде алқапқа айналдыратын болсақ, 7,0-8,0 млн. гектар жер айналымнан шыққанын көрсетеді. Егер кем дегенде 1 га суармалы жерден 15 центнер өнім алатын болсақ, жыл сайын 1 млн тоннадан астам астық алынбайды. Сондықтан 65 мың гектарға су беруді қайта қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жоспарланған [120].
Агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалары мен буындарының қалыпты қызмет атқаруы және тұрақты дамуы көп жағдайда инновациялық қызметпен тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп кешені ұйымдарының инновациялық қызметі инновацияларды жасау мен таратудың белгілі бір жұмыстарының өзара байланысқан жиынтығы. Бұл қызметтердің негізгі түрлері келесілер:
Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ);
Технологиялық жұмыстар;
Өндірістік дайындау, және өнеркәсіптік және далалық сынақтар жүргізу;
Патенттер, лицензиялар, және ноу-хау алу;
Агроөнеркәсіп кешені ұйымдарында инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында инвестициялық қызмет;
Инновациялық өнімдер мен бұйымдарды дайындауға қажетті сертификаттау және стандарттау;
Инновациялық өнімдер өндіру нарығының ұйымдары және маркетинг;
Агроөнеркәсіп кешені ұйымдарының қызметі үшін кадрлар дайындау және қайта дайындау;
Агроөнеркәсіп кешені ұйымдарының инновациялық қызметін, біз, ғылыми зерттеулер мен талдаулардың жаңа және жақсартылған өнімдерге, материалдарға, жаңа технологияларға, ұйымдар мен басқарудың жаңа түрлеріне айналған тұрақты ағымы деп анықтаймыз. Сонымен қатар бұл, ғылыми қызметтің бөлінбейтін жиынтығы болып табылады, және агроөнеркәсіп кешені ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына бағытталған, өндірістік қызметті жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық шешім қабылдау жоспары болып қарастырылады және инновациялық инфрақұрылымының инновациялық активті формаларын пайдалану жоспары болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіп кешені ұйымдарының инновациялық қызметі нақты жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде білім алу және оны коммерциялық тарату және инвестициялық қайтарым. Айтылған кезеңдерді біртіндеп жүзеге асыру – инновациялық циклды қалыптастырады.
Инновациялық циклдың тұйықтылығы, инвестордың қаржылық қорын пайдалана отырып, қажетті зерттеулерді, талдауларды өткізуді қамтамасыз етеді, жобаны коммерциялық жүзеге асыру аяқталғаннан кейін инвестор қаражатын қайтарып беру және инновациялық процеске жаңа инвестиция тарту.
Өнім өндіру процесінде, инновациялық өнім өндіруші кешен ұйымы, инновациялық өнім, әр түрлі стадияда болады; Мысалы: аяқталмаған өнім, жартылайфабрикат, тауар [121].
Агроөнеркәсіп кешенінің ұйымдарының инновациялық қызметі функциясының өздеріне тән айрықшылықтары бар. Сондықтан оларды басқару тәсілдерінің де өз ерекшеліктері бар. Маңызды ерекшеліктері – әртүрлілігі. Инновация және инновациялық қызмет түлері, бұл агроөнеркәсіп кешенінің құрамына технологиялық және өндірістік бағыттан экономиканың әртүрлі салалары кіреді; ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өндірісі, комбикормалық және микробиологиялық өндіріс, машина жасау белгіленген салалар және нарықтық инфрақұрылым, сонымен қатар ғылым және инновациялық инфрақұрылым, бұлардың бәрі бір мақсатқа жұмылдырылады – өндіру, өңдеу және өнімді өткізу.
Агроөнеркәсіп кешенінің ұйымдарының инновациялық қызметінің айрықша ерекшелігі ретінде өндіріс процесінде өндіру құралдарымен қатар тірі организмдер: жануарлар мен өсімдіктер де қатысатындығын қарапайым заңдарға бағыныңқылық және әртүрлі факторларға байланысты болып отыратындығын айтуға болады.
Ауыл шаруашылығындағы кеңейтілген өндіріс экономикалық және қарапайым – биологиялық процестермен қабаттасс жүріп отырады. Осыған
байланысты, инновациялық қызметті жүзеге асыру барысында тек экономикалық заңдарды ғана талап етіп қана қоймай, табиғи заңдарды да ескеру қажет.
Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық қызметінің ерекшелігі ең маңызды ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кешенінің қызметімен анықталады. Ал ауыл шаруашылығы мекемелерінің қызметі анық түрде маусымдық сипатқа ие, және жоғарғы көрсеткіштегі тұрақты ие еместігімен ерекшеленеді. Бұл ұзақ мерзімге бағытталған жоспарлар қабылдауға әсерін тигізеді, жоспарлар қабылдауды қиындатады, экономиканың басқа да салаларындағы операцияларды инновациялық тәуекел жобаларды алуға деңгейді бағыттайды.
Инновациялық қызметтің негізгі ерекшелігі гоеграфиялық факторлар әсеріне де байланысты, өңдеу өнеркәсіптерінің орналасуы, мақсатты шешім қабылдауға шетелдік мемлекеттердің көзқарастарын ескеру, отандық шикізат рестурстарын өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін пайдаланудың тиімділігін анықтау т.б. сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені қызметнің инновациялық қызмет салаларына әсер етуші;
ел аймақтарының диференциясы, өнім өндіру жағдайлары және тұтыну;
шаруашылықты басқарудың ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің әр жақтылығы, басқару жүйесіне әсер етеді, агроөнеркәсіп кешеніне тұтастай және әрбір жеке субъектілер бойынша;
өндірістің территориялық жағынан бөлуінің жоғарғы деңгейі.
Агроөнеркәсіп кешені қызметінде инновацияны жүзеге асыру барысында келесі жағдайларды ескеру керек [122].
Агроөнеркәсіп өз табиғаты бойынша таза нарықтық бастауда толықтай ұйыдастырыла алмайды, себеп: аграрлық өнеркәсіп көптеген факторларға тәуелді, соның ішінде экономикалық факторлар, табиғи және жаратылыстану факторлары (ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген бағаның сұранымының төменгі көрсеткіштері, пайдаланылған ресурстардың жоғарғы мобильділігі, тұрақты баға диспаритеті, фермерлер кірістерінің перманенттік тұрақсыздық). Осымен бірге біздің Қазақстанда аграрлық сектордың нарықтық емес боуының себебі субъективті факторлардың туындауымен байланысты, әр түрлі атаулармен нарықта пайда болған экономикалық қатынастар аграрлық сектор саласында келесі факторларды белгілейміз:
Аграрлық сектор саласында толықтай анық теориялық мағлұматтардың болмауы, трансформациялық жоспарлы аграрлық сектордың формаларының болмауы, шаруашылықта терең бекіген, меншіктің жаңа құрылымы, жер айналымының мінездемесі, ауыл шаруашылығы өндірісін өркендетудің нақты формаларын енгізу, нарықтық ауыл шаруашылығы спецификасын ескере отырып осы факторларды белгілейміз.
Аграрлық бюрократия саласында жүргізіліп отырған реформаларға қарсылық көрсетудің болуы, аграрлық басқару саласында сын пікірлер айтатын қызметкерлердің болмауы, аграрлық өзгерістер уақыт талабына сай жаңаша ойлайтын заңды аграралық базалы өзгерістер уақыт талабы бойынша бір жағынан, ал екінші жағынан трансформациялық процестердің келеңсіз көрініс
табуы, жүргізіліп отырған инновациялық саясаттың өзгерту асыра қолданудың жалпылай түріне қарсы тұру;
Тиімді емес, мемлекеттік саясат, мемлекетті экономикалық саясатты басқарудан шеттету, аграрлық сферада заңдар қабылдау оны басқару және бақылаудан мемлекеттің шет қалуы;
Ішкі саудада:
Дұрыс ойластырылмаған бағанырықтандыру елге бақылаусыз енгізілген арзан ауыл шаруашылық өнімдері, жиі басқа мемлекеттердің субсидиялауымен енгізілген және демпингтік мінезі өзгешелігі ауыр халдегі отандық аграрлық өндірісті одан әрмен қиындатып қиратушы дұрыс ойластырылмаған ішкі сауда либерлизациясы осындай жағдайлар тікелей әсер етіп, агроөнеркәсіп кешенінің функционалды ұйымдарының қызметіне тікелей әсер етіп, мемлекеттік басқарудың ерекше формаларын қолдануды талап етіп отыр.
Аграрлық өндіріс кешенінің инновациялық қызметін мемлекет тарапынан бақылаудың қажеттілігінің туындауы, олардың қаржы жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің нашар болуы, сонымен қатар, ішкі келеңсіз факторлардың әсері болып отыр.
Атап өтуіміз керек, агрөнеркәсіп кешені ұйымдарының инновациялық қызметін мемлекеттік басқару әлемдік практикаға сәйкес болуы керек. Агроөнеркәсіп кешен ұйымдарына қатысты басқару Европалық модель үлгісі бойынша инновацияны жүзеге асыру, налогтық каникуль, ҒЗТКЖ шығындарын есептеу, тікелей қаржылық субсидиялауды жүзеге асыру. Азиялық модель бұл салада дамудың еркін экономикалық зонасында жеңілдетілген налогтік режимді ұсынады, ұйымдарға ұзақ мерзімге кредиттер беруді дамыту;
Мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі бағаттары болып аграрлық өндірістік кешенде қазіргі кезде қолданылатын :
Инновациялық қызметтің
Нормативтік-құқықтық түрін жетілдіру;
Интеллектуалды жеке-меншікті қорғау және оның механизмдерін талдау мен жетілдіру;
Инновациялық қызметті комплексті қолдау системасын құру;
Бәсекеге қабілеттілік күшейту ғылыми сиымдылықты өнімді экспорттау;
Инновациялық процестің нифраструктурасын дамыту т.б.
Отандық агроөнеркәсіп кешендерінің инновациялық қызметін мемлекеттік қолдаудың нақты формалары келесілер:
агроөнеркәсіп кешені ұйымдарына проценсіз ссуда бөлу;
негізгі құралдарға жеделдетілген амортизация құқығы;
агроөнеркәсіп кешені ұйымдарына льготтық салық төлемдеріне құқық беруі;
инновациялық техниканы енгізу үшін төленетін кеден салығының төмендетуі;
аграрлық өнеркәсіп кешен ұйымы қызметінің инновациялық қызметін сақтандыру [123].
Біздің пікірімізше, агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының сәтті инновациялық қызмет атқа руының маңызды шарттарының бірі – жаңа сапаға көшу және тиісінше кәсіпорындар қызметінің жаңа параметріне – икемділікке қол жеткізу болып табылады, ал бұл кәсіпорын жүйесінің жай күйінің көп нұсқалық жағдайында агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары басшыларына оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорының іскерлік саясатының икемділігі, сондай-ақ техникалық жаңару жеделдігі, жаңа техникамен технологияларды игеру (өндірістік үдерістің жылдамдығы немесе үнемділігі емес) нарықтағы агроөнеркәсіп кәсіпорындарының сәттілігінің шешуші факторы болып табылуы мүмкін.
Ұсынылған іс шараларды жүзеге асыру біздің ойымызша, агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен ұйымдарының инновациялық қызметін белсендірек жүргізуге мүмкіндік беруі ықтимал.
Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарында жаңа енгізілімдерді жасау мен енгізу аграрлық нарықта компаниялардың күштерін қайта бөлуге едәуір ықпал етуі, сатып алушылар үшін бәсекелестікте жаңа элемент енгізіп қолдануға мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл бәсекелестік өзінің сипаты жағынан сала ішілік бәсеке түріне жатады. Зерттеулер көрсеткендей, бір сала ішіндегі формалар арасындағы бәсекелестік өзінің ауқымы және қолданылатын құралдары жағынан әр түрлі салалар монополияларының бәсеке күресінен едәуір кең екендігі айтылған. Себебі сала ішілік бәсенде ғылыми-техникалық және өткізу бәсеке тәсілдері, географиялық және әр тараптанушының бәсеке әдістері белсенде қолданылады.
Агроөнеркәсіп кешенің маңыздылығымен, осы кешеннің тұрақты ұдайы өндірісін мемлекеттік басқару функциялары мен және принциптерімен анықталатын осы кешеннің барлық салалары мен буындарының мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың басым бағыттары Қазақстан Республикасында қалыптасқан қазіргі жағдайда аграрлық салалардың тұрақты дамуын қолдауды қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаржылық ресурстардың мөлшері сол басымдылықтарға байланысты болып табылады.
Бұл бағыттардың алғашқыларының бірінің негізгі мақсаты аумақтық биологиялық жүйелердің, табиғи климаттық жағдайлардың әлеуетін барынша тиімді пайдалану болып табылатын Қазақстанның және оның аймақтарының ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендірудің бейімделген жүйесін стратегиясын жүзеге асыруды ынталандыру болып табылады. Бұл агроөнеркәсіп кешеннің тұрақтылығын нығайтудың аз шығынды бағыты болып табылады.
Био жүйе дегеніміз белгілі бір сфераларды таралуымен біріккен өзін-өзі қолдайтын және өзін-өзі жаңартатын табиғи жолмен қалыптасқан өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы. Негізгі міндет шаруашылық жүргізудің табиғи сфераларының тұрақтылығын қамтамасыз ететін тұтастай жүйе ретіндегі биосфераны сақтап қалу. Бұл міндетті орындау шаруашылық жүргізуде келесі факторларды жан-жақты ескеруді білдіреді:
Азық-түлік өнімдері өндірісінің құрылымын, технологиясын және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етілуін таңдағанда топырақтық, климаттық, метеорологиялық және тағы да басқа табиғи жағдайларды ескеру;
Аграрлық ландшафтық ұтымды архитектурасын, яғни егістік табиғи алқаптар, орман жамылғыларының арасындағы қатынастарды сақтау қажеттігі;
Экологиялық факторды барынша мол ескеретін өсімдік шаруашылығында икемді технологияларды қолдану қажеттігін ескеру. Бұл ауа-райының жайлы жылдарында жерді аударып және аудармай жыртуды ауа-райы құрғақшылық жылдарында топырақтық жоғарғы бетін ғана өңдеумен ұтымды ұштасыруды, суғару мен минералды тыңайтқыштарды енгізуде мелиорацияның барынша үнемді тәсілдерін пайдалануды білдіреді. Қазіргі кезде қолданылатын жүрген өсімдік өсіру технологияларында азот тыңайтқыштарының 50-60%-і, фосфор тыңайтқыштарының 70-80%-і және калий тыңайтқыштарының 50%-і, суғару кезінде 60-90%-і жоғалады;
Реттелмейтін жағдайларда (құрғақшылық аяздар, дымқылдану топырақтық қышқылдануы мен тұздығының артуы, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері, мал аурулары т.б.) жағдайларға төзімді өсімдіктер түрлері мен сұрыптарын жасап шығаруды талап ететін өсімдіктер кешенінің әр алуандылығын қамтамасыз ететін тұрақтылықтың әлеуеттерін барынша толық пайдалану мүмкіндігі [124].
Жер шарында қолда өсірілетін өсімдіктердің 30 мың түрінен және 1,5 миллион табиғи жағдайда өздері өсетін өсімдіктер түрінен 20 түрі ғана монодақыл ретінде әлемдегі барлық жыртпалы егістіктің 90%-і алқабында ғана өсіріледі. Өсімдіктердің мұндай әр алуандылығының әлеуетін толық пайдалану қажет, себебі әр түрлі өсімдіктер сумен қамтамасыз етілуге, жылуға және тағы басқа табиғи жағдайларға әр түрлі асинхронды биологиялық ритмдерге, әр түрлі даму циклдарына, әр түрлі бейімделу реакцияларына ие. Мұның барлығы бір алқапта және қатар орналасқан басқа алқаптарда өсірілетін өсімдіктер түрлері мен сұрыптарының түсімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, әр түрлі аймақтарда жемшөптердің, дәнді дақылдардың, жем азағы түрлерін, азық- түлік түрлерін олардың табиғаттың жағдайының өзгеруіне байланысты әр түрлі әсерде болуына байланысты, осы аталған жағдайлардың ортақ оптимальді бірігуінің өзі, олардың өнімділігін сақтандырады.
Өсімдіктердің әр түрлілігі – адаптивтік сеоекцияның, өсімдік және тұқым шаруагылығының жаңа түрлерін өсіріп шығарудың зор ресурсы.
Тұрақтылық әлеуетін жоғарлату, өндірістің энергосиымдылық тиімділігі төмендетуге қол жеткізу үшін, жыртылған алқаптар көлемін азайтып сандық мөлшерін төмендету керек. Бұл дақылдардың орташа салмақ үлесі жыртылған алқаптар бойынша 40%-н жоғары болса, зақымдалу шапшандылығы эрозиялық процестері 10-100 есе артық болады және бұл қаратопырақтық процестің қалыптасуына кері әсерін тигізеді, яғни қаратопырақтың эрозиялық зақымдалу шапшандығы 10-нан есеге артық болады.
Ірі қара мал басына берілетін жем шөп азықтарының құрамындағы қатты және жасыл дән азықтарының үлесін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасына
сұранысты қысқарты, энергосиымдылық, жер өңдеу, малға берілетін азық шаруашылығының тұрақтылық әлеуетін ұлғайту, пішен мен жайылым алқаптарының өнімділігін арттыру үшін жұмсалатын шығындарды төмендете отырып іске асыру және басқалар. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің мол өнімділік пен тұрақтылық әлеуеті мемлекет тарапынан берілетін көмекке зәру, бұл өнімдері зиянды әр түрлі аурулардан, арам шөптерден қорғау үшін өсіру технологиясын, селекция, биологиялық және микробиологиялық әдістерді ұштастыра отырып жүргізу керек. Бұл жағдайда өнімді жоғалтуда 30-40%-ке төмендетуге болады. Ірі қара мал басының өнімдерінің тұрақтылық әлеуетін жоғарылату, мемлекет тарапынан көңіл бөлу және қолдау аясында әр түрлі шараларды қолдана отырып, жоғары өнімді мал басының түрлерін әсіресе климаттық жағдайларда төзімді әр аймақтарға байланысты, жоғары коэффициентті азықтарды қорыту мүмкіндіктері мол мал басы тұқымдарын көбейту арқылы тиімді пайдалану керек. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқару және қолдау тұрақты дамыту, екінші маңызды бағыт – бұл нарықытық қарым-қатынасқа тауар өндірушілердің қалыптасуына жағдай туғызу. Бұл үшін жергілікті және республикалық әкімшілік басшылар экономикалық жүйелерді, методтарды, мемлекеттік басқарудың әр түрлі әдістерінің көмегімен агроөнеркәсіп кешенің құрылымдық салаларын бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға бағыттауы керек, және ол өнімдер жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық нарықтарға шығаруға бағыттау керек.
Мемлекеттің рөлі, агроөнеркәсіп кешені шаруашылықтарындағы өндірісті бірқалыпты орналастыру. Бұл үшін ең қажетті шаралар:
Мемлекеттік сұранысты қалыптастыру, республикалық және аймақтық азық-түлік фондтары өзара бәсекеге қабілетті болуы шарт;
Қорларға өткізілетін өнімдердің шартты бағаларының кестесін тағайындауы керек; бағаның негізі болып, көзделген баға есептеледі, және ол баға нормативті өзіндік құнды, дивиденттерді, сақтандыру полистерінің шығындарын жаба алатындай мүмкіндікте болуы керек, және өндірісті ұлғайту үшін жеткілікті кіріс әкелетін, азық-түлік өнімдерін өндіруші қорлардың негізгі массасын қалыптастыру үшін қосымша фондтар құру керек;
Ауыл шаруашылығы техникасын лизинг бойынша алу жүйесін анықтау, жанар жағар май материалдарын сатып алуда, электроэнергия, минералды тыңайтқыштар, сақтандыру төлемдерінің тағы да басқа төлем түрлерінің дотациялық және компенсацияларын өтеуге төленетін қаражатты жабуға жеткілікті болуын анықтау керек;
Нарықтық инфрақұрылым қалыптастыруда, әсіресе информациялық, ғылыми- консультативтік, маркетингтік және де басқа қызмет көрсету салаларының артықышылығын енгізу.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді айнала қоршаған монополиялық құрылымдардың тиімсіз қысым көрсетуіне қарсы тұрып, нарық механизмі шеше алмаған өндірістегі қарама- қайшылықтарды келесі көрсетілген жағдайда:
Сапалы антимонополиялық заңның көмегімен; ауқымды көлемдегі айыппұлдарды өтеу үшін, тұрақты баға енгізу, қарым-қатынастардың шартты негіздері мекемелермен біріккен акционерлік қоғам құру сельхотехника және де басқа өндіріс құрал-жабдықтары ауыл шаруашылығы шикізат өнімдерін қайта өңдейтін т.б біріккен акционерлік қоғамдар құру.
Ауыл үшін ауадай қажет өте қатты тауарларды өндіретін жаңа мекемелер
ашу;
Тиімділігі жоғары кооперативті жүйе қалыптастыру әсіресе кредиттік,
матераилдық қайта өндеу кооперативтері оларға қажетті қолдау көрсету.
Кредиттік фондтар құру, агроөнеркәсіп кешені қызметінің спецификасын ескере отырып, олардың субъективтерін кредиттеу.
Үшініш бағыт – аграрлық кешені қызметінің тұрақты әлеуетін жоғарылатып, материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету, табиғи- климаттық әлеуетіне және нарықтық қарым-қатынасқа бағытталған аграрлық өнеркәсіп кешенінің 1-ші сферадағы мекемелеріне қолдау көрсету, бейімделген шаруашылық, экологиялық техника, инновация негізінде шығарылған, материалдық қолдауға мұқтаж экзогендік негіздегі шаруашылықтар;
Өндірістік әлеуетін қалпына келтіріп, трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібін дамытуға бұл салаларға 1 жыл шамасында 2,5-3 млрд теңге құю керек.
Мекемелердің өз қаражатында ондай инвестицияны таба алмаймыз. Тұрақты қаржыландырып отыратын сәйкестендірілген инвесторлар (отандық және шетелдік) олардың капиталын осы салаға пайдалану қажет. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл салаларда қаржыландыру 10%-тік деңгейде ғана жүзеге асып отыр. Мұндай деңгейдегі қолдаумен агроөнеркәсіп кешенінің қаржымен қамтамасыз ету тұрақтылығына ауылдық жерлерде қол жетімсіз болып отыр. Сондықтан, ауыл шаруашылығының сұранысын нақты анықтау керек, олардың жабдықтарға деген сұранысын, табиғи климаттық және нарықытық жағадйларға төзімділігін ескере отырып орындау керек. Қанағат тұту сатыларын қадағалап, осының негізінде қаржыландырудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру керек: жеке, заемдық, бюджеттік, мемлекеттің инвестиция саясаты көмегімен. Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін қолдау қажет, лизинг қаражатын алуға және оны тиімді пайдалануға кооперативті негіздегі, МТС-тар құруға, дотацияларды дифференциялау, льготтық кредиттер және салықтық төлемдер, инновациялық және экологиялық негіздегі бәсекеге қабілетті өнім өндірушілерге тиімді көмек көрсету т.б.
Экономиканы цифрлы технологиялар негізінде дамыту агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттар және оларды тиімді іске асырудың басты қадамдарын қарастырарлық.
Мамандардың болжауынша, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25 пайызы мемлекет пен бизнестің, қоғамның өзара ықпалдаса дамуын қамтамасыз ететін цифрлы технологияларды енгізуге көшеді. Ақпараттық технологиялар, инновациялық идеялар сәт сайын жаңарып жатқан үрдістен еліміз де қалыспай, заманға сай жұмыс атқаруда. Былтыр желтоқсанда
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, іске асыруға бюджеттен 384,2 млрд. теңге қарастырылды.
Қазір аграрлық саланы жандандыру мақсатында аталған бағдарламаны негізге алып, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ауқымды іс-шара жүзеге асырыла бастады [64].
Бірінші кезекте әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін молайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Аграрлық секторды «Ақылды технологиялар» арқылы дамыту қазіргі өзекті мәселе.
Мұндағы цифрлы технологиялар климаттық өзгерістерді болжау, Ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін, мал басы өсуін бақылау, топырақ құнары мен ылғалын анықтау, Ауыл шаруашылық жүйесін автоматтандыру, өнімді арақашықтан сату, тауар биржаларымен электронды келісімшарттар жасау, маусымдық жұмыстарды орындау сызбаларын жасау, зиянкестерге қарсы шара қолдану, өнімділікті ұлғайту, сапасын бақылау, өнімнің «алқаптан тұтынушыға» дейінгі аралықтағы жүйелерді жеңілдету, алатын өнім көлемін болжау және шығындар мен пайданы есептеу, білікті мамандар тапшылығын азайту агрокешенді жедел дамытуға, тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Дамыған елдер цифрлы жүйелерді қолдану арқылы экономикалық өсімді 80-85 пайызға арттырып отыр. IТ-технологияны өндіріске енгізу шығындарды
20 пайызға азайтады. Қазақстандық фермерлер де GPS-жүйелері, мобильді қосымшалар, жоғары технологиялы датчиктер, алгоритмдер, спутниктік бақылау сияқты технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуі қажет. Бұл үшін заманауи талапқа сай үздіксіз білім беру жүйесі керек. Осы мақсатта университет жанында жаңа білімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ашық курстар, мектептер, тұрақты семинарлар өтетін агробизнестің және фермерлердің жоғары мектептері жұмыс істейді.
Бүгінге дейін Қазақстанның аграрлық саласы инвестиция тартуға қызығушылық тудырмады. Оған өндірілетін өнімнің көлеміне, сапасына әсер ететін факторлардың көптігі, ауа райына тәуелділік, топырақ құнарлылығының төмендеуі, тауар айналымының ұзақтығы, мал шаруашылығында 3 жылдан кейін ғана тауар айналымының басталуы, өнімді өсіру, жинау, сақтау кезеңдеріндегі шығындар, инновациялық технологияларды уақтылы қолдану мүмкіншіліктерінің болмауы кері әсер етті.
Саланың ақпараттық-технологиялық деңгейін арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін «Агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық жүйесі» қорын құру маңызды. Цифрлы технология фермерлерге озық әдістерді үйренуге, өндірістің бірыңғай стандарттарын қадағалауға қолайлы жағдай туғызады. Бүгінде Бразилияда ауыл шаруашылығына барлық қаржылық құралдардың 20- 40 пайыз құнынан бөлісуге келетін аграрлық түбіртектер кеңінен қолданылуда.
Әлемде азық-түлік өндіруде 2-орында және ірі азық-түлік экспорттаушы мемлекеттер қатарында тұрған Бразилия John Deere зауытының қондырғылары
арқылы егістіктің жағдайы туралы ақпараттарды беруге қабілетті. Компанияның егістік алқаптарын түсірген түсірілімдері зерттеу шығынын 90 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Аустралияда сәйкестендіру жүйесі арқылы мал өнімдерін қадағалау мүмкіндігі ұлғайды. Бұл түрлі аурулар пайда болған кезде әсер ету және таралу қарқынын төмендетуге ықпал жасайды.
Соңғы уақытта бизнес-құрылымдардың да қызығушылығы артып келеді. Мысалы, Швейцарияның Nestle компаниясы заманауи техниканы енгізу және өнімді сақтау бойынша Батыс Африканың 10 мың фермерін оқытты. Нәтижесінде компания сапалы өнім алуға, ал фермерлер жаһандық нарыққа және өнімді жоғары бағада сатуға қол жеткізді. 2010 жылы әлемде ауыл шаруашылығы саласында 20 жоғары технологиялы компания болса, оларға тартылған инвестиция көлемі 400 мың АҚШ долларын құраған.
2013-2016 жылдары 1300 жаңа технологиялық стартаптар инвестицияланып, бүгінде жылына 500 жоғары технологиялық стартаптар құрылуда. 2015 жылы әлемдік ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 4,6 млрд. АҚШ долларына жетті.
Агростартап құруда АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада, Израиль өте белсенді.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында көрсетілгендей, экономиканың цифрландыру деңгейін анықтайтын The Boston Consulting Group рейтингісі бойынша Қазақстан 85 мемлекеттің арасында 50-ші орынға тұрақтаған.
Алдын ала есеп бойынша 2025 жылға қарай цифрлы жүйенің ел экономикасына тікелей әсерінің қосымша құны 1,7-2,2 трлн теңгені құрамақ. Еліміздің цифрлы экономика құру жолында технологиялық және психологиялық тосқауылдар тұрғанын түсінеміз. Сондықтан Ауыл шаруашылық өнімдерді делдалдардың таратуына қарсы тұратын шараларды қолға алу қажет. Өнімдерді делдалсыз сату қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 1,3 есеге көтереді. Алып-сатушылар қатарын қысқарту арқылы сауданың қосымша ақысын 15-20 пайызға төмендетуге болады, бұл өнім бағасын біршама азайтады [119].
Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – әкімдіктерге, ауылдық кәсіпкерлерге «онлайн» режімде консалтингтік қызмет көрсету, білім саласы қызметкерлеріне, мектеп директорларына, ата-аналарға, түлектерге білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну негізінде кәсіби бағдарлануға көмектесу, студент, магистрант, докторант және ғалымдарға ауыл шаруашылығы саласының жағдайы туралы қажетті талдау материалдарын орналастыру, әлемдік деңгейдегі білікті мамандарды тартуға, идеялар мен жаңа технологияларды енгізуге, озық инновациялық тәжірибелермен алмасуға бағытталған көпфункциялы платформаға айналу.
2017 жылы Азия Даму банкінің, Мичиган штаты мен Нидерландтағы Дельф университеттерінің қолдауымен Су ресурстарын интеграциялық басқару орталығы (Су хабы) құрылды. Бұл үздік инновациялық технологияларды қолдану негізінде проблемаларды кешенді шешумен айналысады. Біз спутник арқылы модельдеудің цифрлы жүйелерімен Астана мен Алматы қалаларын су
алу туралы ақпаратты ерте анықтау және жедел әрекет ету шараларын қолдануда қанатқақты жобаларды жүзеге асыруда.
Жайылым жерлердің 30 пайыздан астамы тозғандықтан, бүгінде республиканың жем-шөп қорының жай-күйін кешенді бағалаудың заманауи жүйесін енгізу мәселесі өзекті. Жер хабы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, цифрлы алгоритмдік талдау жүйелерін қолдану арқылы жайылымдық жерлердің тозуын бағалау әдістемесін енгізу бойынша жобаны іске асыруда.
Былтыр Агрохаб мамандары АҚШ пен Италиядан келген сарапшылардың көмегімен 5 облыста жайылымдардың жай-күйін бағалаған қанатқақты жобаны орындады.
Еліміздің барлық жайылым жерлерін бағалау үшін бұл жүйені енгізіп, өзімізге бейімдеу жоспарлануда. Университет базасында 2017 жылдың желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігінің 35 қызметкері бағалау әдісін практикалық жұмыста қолдану үшін америкалық ғалымдардың әдіснамасына сәйкес оқытылды.
Ең күрделі мәселелердің бірі – фитосанитариялық тәуекелдер. Мысалы, 2011 жылдан бастап бактериялық күйік – жеміс өсімдіктерінің қауіпті ауруы тез таралды. Ауру тіркелгеннен кейінгі таралу ауданы 40 есе өсті. Бұл мәселені шешу үшін Корнель университетінің мамандары жұмылдырылды, олардың көмегімен бактериялық күйікке төзімді селекциялық материалды пайдалана отырып, «вируссыз тәлімбақ» жасау жоспарланған.
Карантиндік нысандардың тізіміне «жатаған у кекіре» арамшөбі кіреді. Қауіпті арамшөптерді оқшаулау және жою үшін тек АҚШ пен Италияда пайдаланылатын жаңа технологиялар қолданылады. 2017 жылы италиялық жаңа технологиялар және тұрақты ресурстар жөніндегі агенттік пен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының қатысуымен жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері зерттелді.
Дәнді дақылдардың жағдайы туралы ақпаратты уақтылы алу фермерге тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Мичиган штатының университетімен бірге өсімдіктердің, жануарлардың және қоршаған ортаның жай-күйін тез, нақты талдай алатын мобильді сенсорлық жүйелерді пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолмен алынған деректер осы университеттің ғалымдары әзірлеген алгоритмдерді пайдалана отырып, «бұлтты серверде» өңделеді. Олардың негізінде фермерлер мобильді қосымшалар арқылы ұсыныстар қабылдайды. Бұл жүйені бейімдеу жобасы 2018-2019 жылдарға жоспарланған.
Қазақстанда құрғақ кезеңдердің қайталануының жиілігі жоғары, яғни 5 жыл ішінде орташа есеппен 2 жылда құрғақшылық орын алады. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азия Даму банкі, Ислам банкі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылған Климаттық хаб GIS технологиялардың, Су және Жер хабтарымен бірлесе отырып, машиналық талдамаларды өңдеу үшін Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы деректерді жинайды.
Колумбия университеті мен Годдард орталығының (NASA) осы хабтың жұмысына қатысуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Еліміздің ауыл
шаруашылығын цифрландыруға белсенді атсалысып, оң ықпал жасайтын
«Цифрлы АӨК» қанатқақты жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз.
Қазір Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында Агротехнологиялық хаб өкілдігі құрылуда. Болашақта бұл өкілдіктерді барлық аймақтарда ашуды қолға алу қажет. Бүгінде университетіміз еліміздегі аграрлық ғылым, білім және өндірісті шоғырландырған ірі орталыққа айналуда. Нақты әрі жүйелі іс-шаралар арқылы университеттің жаңа білім, ғылым, идеяларды тарататын, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың басты алаңы болуға мүмкіндігі мол деп сеніммен айта аламыз [125].
Бүгінгі күнде Қазақстанда АӨК-ті ауқымды цифрландыру үшін екі үлкен бағыт анықталып отыр. Олар:
АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру;
Өндірістік саланы технологиялық қайта жарақтандыру.
Цифрландыру АӨК-ті мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытудың маңызды құралы болып табылады, олар:
АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі,
өткізу нарығын және экспортты дамыту,
мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі,
су және биоресурстарды тиімді басқару.
Аталған бағыттар бойынша АӨК-тегі 101 мемлекеттік қызмет көрсету мен оған байланысты процестер автоматтандырылуы қажет.
2019 жылы Ауыл шаруашылығы өнімдерін «егістіктен үстелге дейін» қадағалау жүйесі енгізіліп, оған мал шаруашылығы, өсімдік және балық өнімдерін бақылау кіретін болады.
Конкурстық рәсімдердің 100% электрондық форматқа көшуі мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, аңшылық және балық шаруашылықтарындағы су қоймаларын және суды пайдалану жүйесінің ашық өту құқығын арттыруға септігін тигізеді.
Технологиялық қайта жарақтандыру аясында ІТ-технологияларды нақты егіншілік пен SMART фермаларда пайдалануды дамыту үшін бизнес өкілдерін тартуға жағдай жасалынатын болады.
Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістік тиімділікті айтарлықтай жақсартуға және кешенді түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын кемінде 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге мыналар жатады: егістіктердің электронды карталары, ауа райының нақты деректері, сенсорлер мен датчиктер және космониторинг.
SMART-технологияларды енгізу мал басына мониторинг жүргізуге, жылыжайларды дербес басқаруға, онлайн режимде шығындарды есептеп талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
АӨК-ті цифрландыруға фермерлерді тарту 3 топқа бөлінеді:
Бірінші топ – «цифрландыру пионерлері». Бұл қажетті инфрақұрылымы бар және өз өнімдерін қазірдің өзінде цифрландыруға дайын фермерлер.
Екінші топ – техникалық жабдықталу деңгейі жоғары және жоғары технологиялық жабдықты енгізетін фермерлер. Цифрландыруға шешуші қадам жасау үшін олар қолдау мен ынталандыруды қажет етеді.
Үшінші топ – техникалық жабдықталу деңгейі төмен және технологиялық тәртіпті сақтауға дайын емес фермерлер.
Әрбір топ үшін жетілдірілген озық шаруашылықтарды пайдалана отырып, эталондық модельдері жасалынатын болады.
Сондай-ақ, ІТ-бизнестің ашық көздер технологиялары мен деректер базасына қолжетімділігіне негізделген агротехнологияларды дамытуға кеңінен қатысуы үшін жағдайлар жасалатын болады.
Ашық мәліметтерге сүйене отырып, бизнес бәсекелестік ортада жеке IT- платформаларын енгізіп, әртүрлі мобильді қосымшаларды жүзеге асыруы мүмкін.
Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудағы «мемлекеттік-іскерлік» қарым-қатынас форматы серіктестік қарым-қатынастарды, бастапқы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ нарықтағы бизнес- қоғамдастықтың жетістіктері мен жобаларын жүзеге асыруды көздейді. Министрліктің бастамасы бойынша әрбiр әзірленген жобаның дәйектiлiгiн, қаржылық шығындарын, өзектiлiгiн және өндiрушiлiгiн бағалауға және талдауға мүмкiндiк беретiн бизнес, халықаралық ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың өкiлдерiнен тұратын сарапшылық кеңес құрылады.
АӨК-ті цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд. теңгені құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |