ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда жүргізілген зерттеулер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың әлеуметтік маңызы зор секторларының бірі. Себебі ол халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асырушы бірден-бір сала. Сонымен қатар аграрлық сектор көптеген өнеркәсіп орындары мен қызмет түрлерінің дамуына өз үлесін қосады. Осындай ел экономикасы үшін маңызы зор саланың қазіргі жағдайы кімді болса да ойландырары анық. Агроөнеркәсіпте жүргізілген реформадан кейін жер және мүліктік қатынастар қайта құрылды, шаруашылықтар құрылымдық жағынан өзгерді, олардың ұйымдық-құқықтық тұрпаты жаңаша сипатқа ие болды. Нарықтық үлгідегі шаруа қожалықтары, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер құрылды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік коплексін мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып, агроөнеркәсіптік өндірісті тұрақтандыру және жетілдіріп дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін Қазақстан республикасында қамтамасыз ету, халықтың азық-түлік пен қамтамасыз етілуін жақсарту, Ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларының арасындағы байланысты жақсарту, Ауыл шаруашылығы қызметкері мен өндіріс саласындағы қызметкерлердің кіріс табысының айырмашылықтарын жақындату, отандық өнім өндірушілерді қолдап-қорғау.
Ауылдық жерлерді мемлекеттік реттеу үшін қаржыландыру саясатын қолдау және шаралар жүргізіп отыру, және қаржысына бағыттау Қазақстан Республикасында заң актілерімен, мемлекеттік, салалық (секторальдық) және аймақтық бағдарламалармен, ал жыл сайынғы қаржыландыру көлемі заңда республикалық бюджет туралы заң бойынша және маслихат шешімімен жергілікті бюджет сол жылғы қаржы бюджетіне сай болуы керек. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу және ауыл тұрғындарын жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету мемлекеттің келесі негізгі мақсаттарынан туындайды.
Қазіргі заманғы Қазақстанның басты міндеттерінің бірі – тәуелсіз азық- түлікпен қамтамасыз етуді калыптастыру. Тәуелсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету – кез-келген мемлекеттің негізгі қызметі, яғни ұлттық экономиканың ішкі ресурстық көздері есебінен азық-түлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету, бұл дегеніміз тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің азық-түлікке деген қажеттілігінің өсуіне сәйкес, өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ете отырып, азаматтарға қалыпты өмірлік қызметті қаматамасыз ету.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі өндірісі мен қайта өндеуді арттыру арқылы азық-түлік дербестігін жақсарту мүмкіндігі бар. Аймақтардың аумақаралық экономикалық қарым-қатынастарын нығайту қажет, ол өңірлердің көрші аймақтарға артық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға және аз көлік шығындарын жұмсай отырып табыс табуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ
аймақтағы аймақаралық экономикалық қарым-қатынастарды нығайту, халықты арзан азық-түлікпен қамтамысыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Біздің еліміз, барлық өнім түрімен қамтамасыз ете алады, бұл өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері, бұл үшін елімізде барлық қажетті ресурстары бар, ол еңбек және жер ресурстары, сонымен қатар мемлекет агроөнеркәсіп кешені дамыту бағдарламасын әзірлеп, оны жүзеге асырып жүр.
Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде елдің Ауыл шаруашылығында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуі орын алды.
Алайда, еліміздің Ауыл шаруашылығында әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.
Ауыл шаруашылығы салаларын тұрақты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімдерінің ұлттық бәсекелес басымдықтарын дамыту мақсатында Қазақстанда бейімдеуге болатын шетелдік Ауыл шаруашылығын қолдау тәжірибесін зерттеу маңызды болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің Ауыл шаруашылығы тәжірибесі саласындағы мемлекеттік саясат оны дамыту үшін өзекті фактор екендігін көрсетеді.
Әлемнің әр түрлі елдерінің Ауыл шаруашылығын қолдау тәжірибесін талдау көптеген елдердің субсидиялауды Ауыл шаруашылығы өндірісін қолдаудың түйінді құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті. Алайда алдыңғы қатарлы Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елдер (Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Бразилия және т.б.) өндірушілерді тікелей субсидиялауды қолдамайды.
Даму Карталары негізгі мәселелерге толыққанды талдау жүргізіле отырып жасалған және дамудың келесі бағыттары бойынша нақты шаралар қарастырылған: ауыл шаруашылығы кооперациясы; аграрлық қайта өңдеу; агроөнеркәсіп кешені қарқынды техникалық қайта жарақтандыру; азық өндірісі (азық теңгерімі); көтерме-тарату орталықтары; егістікті айналымға тарту; шалғайдағы қой шаруашылығы; аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту; сиыр еті өндірісі; мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.
Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялардан қолжетімді, қайтарылатын несиелермен барынша қамту мәселесі қарастырылуда.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Карталарын енгізу агроөнеркәсіптік кешенді сапалы жаңа деңгейге көтереді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады, отандық азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтады және саланың экспорттық бағыттылығын күшейтеді.
Бүгінге дейін Қазақстанның аграрлық саласы инвестиция тартуға қызығушылық тудырмады. Оған өндірілетін өнімнің көлеміне, сапасына әсер ететін факторлардың көптігі, ауа-райына тәуелділік, топырақ құнарлылығының төмендеуі, тауар айналымының ұзақтығы, мал шаруашылығында 3 жылдан кейін ғана тауар айналымының басталуы, өнімді өсіру, жинау, сақтау кезеңдеріндегі шығындар, инновациялық технологияларды уақтылы қолдану мүмкіншіліктерінің болмауы кері әсер етті. Саланың ақпараттық- технологиялық деңгейін арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін
«Агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық жүйесі» қорын құру маңызды. Цифрлы технология фермерлерге озық әдістерді үйренуге, өндірістің бірыңғай стандарттарын қадағалауға қолайлы жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |