Дипломдық жоба Маңғыстау облысындағы аргоөнеркәсіп саланың мәселелерін кешенді зерттеуге арналған


Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқарудың Қазақстандағы ерекшеліктері



бет5/11
Дата21.11.2022
өлшемі419.97 Kb.
#465377
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
послед — копия

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқарудың Қазақстандағы ерекшеліктері

Шет елдердегі ауыл шаруашылығының дамуының әлемдік тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу тек қажеттілік емес, сонымен бірге заңдылық екенін көрсетті.
Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға, агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік-техникалық қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, Агроонеркәсіптік кешендегі кәсіпорындардың шаруашылық қызметін ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік билік органдарының ұйымдасқан қызметін жүзеге асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылық органдардың жалпы құзыретін басқару.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегеніміз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекетпен жүргізілетін шаралар кешені [59]. Мемлекеттік реттеудің объектілері болып өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі саласындағы аграрлық қатынастар.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Нақты алғанда мемлекеттің экономикалық және басқа процестерге әр түрлі қатысуы туралы айтылады.


Орталықтандырылған мемлекеттік басқару әміршілдік-әкімшілдік жүйедегі тоталитарлық мемлекетте болған.
Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.
Меншік нысанының көптігіне байланысты нарықтық экономика жағдайында өндіріске экономикалық әсер ету шаралары ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік реттеу шаралары да қажет. Нарықтық экономикаға өту кезінде әкімшілік әдістерді алып тастап, оларды экономикалық әдіспен ауыстыру емес, екі әдісті де қолдану. Бірақ экономикалық әдісті әкімшілік әдістен басымырақ ұстау дұрыс көрінеді.
Осыған орай, агроөнеркәсіптік өндірісті нормативтік-құқықтық реттеудің ролі арта түсуде.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың түсінігіне әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, О.С. Колбасов экологиялық жүйені басқаруға байланысты, мемлекеттік басқару деп – нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметін түсіндіреді [60]; Ю.С. Шемшучепко, басқару деп – басқарушы жүйенің (басқару субъектісінің) басқару жүйесіне (басқару объектісіне) әсер етуі туралы ілім деп түсіндіреді; Г.В. Атаманчук мемлекеттің қоғамдық жүйеге ғылыми негізді, жоспарлы, үздіксіз, биліктік әсер етуі деп түсіндіреді.
Бұл анықтамалар бұрынғы біздің мемлекетімізде болған әміршілдік- әкімшілдік жүйеге сәйкес келеді.
Көп ғалымдардың ойынша, бұл мәселені тау-кен құқығына қатысты талдаған Н.Б. Мухитдиновтың көзқарасы дұрыс. Ол мемлекеттің басқарушылық белсенділігін анықтау үшін «әсер ету» деген терминнен кеңірек
«атқарушылық билік ету қызметі» деген терминді қолданған дұрыс деп ойлайды. Оның дәлелі басқару тек қоғамдық қатынастардың қатысушыларының әсер ету ғана емес, сонымен олардың арасындағы байланысты реттейді деген ойға негізделген [63].
Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу және басқару Қазақстан Рсспубликасы Президентінің қабылданған «Қазақстан Рсспубликасының 2013-2015 жылдарға мемлекеттік ауыл шаруашылық азық- түлік бағдарламасында» анықталған мақсаттар мен міндеттерге тікелей байланысты. Онда мемлекеттік ауыл шаруашылық азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің ұтымды жүйесін құру және бәсеке қабілетті өнім өндіруге негізделген Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп көрсеткен.
Бағдарламадағы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  • елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • агробизнестің ұтымды жүйесін құру; ауыл шаруашылығы өнімін сату мөлшерін арттыру және оның ішкі және сыртқы нарықта өңделуін арттыру;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру.

Ауыл шаруашылығы азық-түлік бағдарламасының ұтымдылығын бағалау үшін агроөнеркәсіптік кешеннің сапалық жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.
Агроөнеркәсіптік кешенде шешілуге тиісті міндеттер Қазақстан Рсспубликасы Президентімен бекітілген «ҚР 2017-2021 жылдарға аналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» анықталған. Ондай негізгі міндеттер:
Біріншісі. Ауыл шаруашылығының өңдеуші секторын дамыту, яғни өнімді қымбат бағаға сатуға мүмкін болатындай етіп өңдеу.
Екіншісі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеуде осыған қажетті қызметтерді топтастыруды көбірек пайдалану қажет. Ең алдымсн оны тамақ және тоқыма өнеркәсібінде қолдану. Әр аймақта мамандандырылған топтастыруларды дамыту бойынша шаралар кешенін жасау және қолдану.
Үшілшісі. Ауыл шаруашылығы өндірушілерді ақпараттық-маркетингтік кеңестік көмек көрсетуді кеңейту бойынша жұмыстарды күшейту қажет.
Төртіншісі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оларды өңдеу сапасының халықаралық стандарттарын енгізу, яғни экологиялық таза, қазіргі заманға сай технологияларға көшу.
Бесіншісі. Фермерлер үшін өткізу нарығына және қайта өңдеуші кәсіпорындарға жол ашу.
Алтыншысы. Ауыл шаруашылығын несиелендірудің ұтымды әдістері мен нысандарын ойлап табу.
Жетіншісі. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау. Ауыл шаруашылығында еңбекті басқару және ұйымдастырудың жаңа әдістеріне үйрету бағдарламаларын жасау және қабылдау.
Сегізіншісі. Ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға артықшылық беру, ауыл шаруашылық ғылыми зерттеулер жүйесін жетілдіру.
Тоғызыншысы. Үлкен және орташа ауыл шаруашылық өндірушілерінің көптеп пайдалануына қарамастан, жаңадан пайда болатындарына да дамуға мүмкіншілік беру.
Оныншысы. Ауылдағы мәдени бұқаралық бағыттағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту қажет. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту [64].
Аграрлық қатынастарды мемлекеттік реттеу кезінде табиғи-климаттық факторлардың ор түрлілігін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыру бойынша, ауыл шаруашылық өнімі бағасының тұрақсыздығын болдырмауға байланысты шаралар қабылдау қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі.
Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді.
Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс- шаралардың бірі – өңірлерде кластерлік жүйелерді іске асыру, бұл аймақ экономикасын тұтастай көтеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасы дамудың жаңа деңгейіне өтті. Экономикалық дамудың жаңа деңгенінің айтарлықтай ерекшеліктеріне – әлемдік сауда ұйымдары, тауарларды еркін сауда нарығына шығару, әлемдік нарық сегментіндегі бәсеке және экономикалық қарым-қатынаста елдердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы жатады. Қазақстан Республикасы бұл қарым- қатынастарда ең соңғы орында емес. Соңғы жылдардағы республика экономикасының дамуы жоғары экономикалық өсу қарқынымен, 10%-дан жоғары жалпы өнімді шығарумен сипатталады. Мұндай жағдайда аймақтық экономика тұрақтылығы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікке табысты қолайлылық жағдай орнатуға тәуелді болады.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электрэнергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді [65].
Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерін экспортқа шығару есебінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Жақын арада республика экспортының негізгі бағыттары: бидай, мақта талшығы, ет, жүн, қаракөл терісі, былғары және тон-тері шикізаты болып қалмақ. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өндеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіндегі нарықтық экономиканың дамуы және әлемдік дағдарыс кезінде экономиканың аграрлық секторының жағдайын шиеленістіре түсетін мемлекеттік қаржылық қолдаудың күрт қысқаруы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспаритетінің күшейе түсуі тәрізді бірқатар факторлардың жағымсыз әсерімен өте қолайсыз, дағдарысты қалыпта жүргізілуде. Соның салдарынан бүгінде ауылдық тауар өндірушілердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен және өндірген өнімдерін өткізу жүйесі мардымсыз дамыған жағдайда.
Реформа барысында шешімін таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылық субъектілерін байланыстарды жаңаша калыптастыру қажетгілігін тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалык жағынан қамтамасыз ету, оның өнімдерін өткізуді және өңдеуді жоғары деңгейде ұйымдастыру –шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдістерін барынша
жетілдіруді және ол байланыстарды реттеудің экономикалық механизмін жасауды талап етеді. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетуші салалардың толғағы жеткен мәселелерін шешу мүмкін емес.
Материалдық өндіріс қарқындап өскен сайын өнеркәсіп көп ауыл шаруашылық салаларында шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық- техникалық, техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын орындарға деген қажеттілік арта түседі. Осындай қажеттілік негізгі өндірістен кызмет көрсетуші сала дамымай, бірде-бір кәсіпорын, бірде-бір халық шаруашылық негізгі саласы өркендей алмайды. Айта кететін бір жағдай халық шаруашылығының әрбір саласынын дұрыс өркендеуі үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының деңгейі өте жоғары болуға тиіс, яғни қызмет көрсетуші өндірістің жұмысы дұрыстап дамымаса, халық шаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорыны өркендей алмайды, басқаша сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының нәтижесі қызмет көрсетуші салалардың өркен өсуімен тікелей байланысты [66].
Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық ресурстар ең жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістік заттық субъективтік факторлары қамтылады.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық дамуының ең басты міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен, сондай-ақ ауылдың жедел әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Ал, даму жердің экономикалык құнарлығын арттырудан, өнімділігі жоғары жаңа техниканы барған сайын кеңінен енгізуден, электрлендіруді, химияландыруды, мелиорациялауды, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының жем-шөп өндірісінің өнім өндіру, индустрияландыруды, өндірістік процестерді тікелей пайдаланудан, ауыл шаруашылығы ғылымын өндіріспен ұштастырудан көрініс табады.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарын ең алдымен ауыл шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттары құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары, двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар, тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады. Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі:
Біріншіден, ол табиғат климат жағдайына тәуелді.
Екіншіден, өндіріс циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығын маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте мұқтаж.
Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер нарығында шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен [67].
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық ресурстарды жеткізушілердің монополиялық әрекетінен үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет.
Еліміздің кластерлік жүйелерді жүргізу деңгейі – түпкі өнімге дейінгі өндірісті іске асыру сызбалық құрылымдарда ғана көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілуді. Ал кластер ішіндегі құрылымдық жүйелердің қарым- қатынастарын ұйымдастыруды жетілдіру, кластер кәсіпорындары мен ғылыми әлеует, интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қоры арасында байланыстырады дамыту жолдары толық қарастырылмаған.
Сондықтан, жұмыс жүргізуші кластер пайдасынан осы аймақ тұрғындарына, адам ресурстарын жетілдіру қорына бөлу мәселелері де жоқ. Ал бұл қордың дамуы, яғни кластердің техника, технологиялық факторларынан басқа адам капиталының рөлі, кластердің дүниежүзі бәсекеге қабілеттігін арттырудың ең негізгі факторы болып табылады. Аймақтық кластердің даму стратегиясы жаңа білім, инвестициялық жобаларды енгізу, оқыту арқылы аймақтағы стратегиялық мақсаттарда ынталандыруға бағытталған. Яғни, Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында кластерлеу алғышарттары мен мүмкіндіктерін анықтау, қалыптастыру және дамыту мәселелерін өндеу соңына дейін толық қамтылған жоқ.
Әр аймақ басқа аймақтарға қарағанда өзінің жеке артықшылықтарын ұтымды пайдалануы керек және жекелешелеп экономикалық кластерлерінің тұрақты дамуына жол ашу қажет.
Аймақ экономикасын дамытуда кластерлік бағытта қолдану жөнінен ғылыми басылымдар көздеріне шолу жүргізілгенде, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан экономикасын дамытуда кластер түсінігі экономикалық категория есебінде және басқару объектісі ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін көрсетеді [68].
Аймақтар тарапынан кластерлік даму технологияларын қолдану кәсіпорындар, мемлекет және білім беру ұйымдары арақатынастарының тиімді жүргізу механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай-ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға бағытталады.
Жаһандану нарығы жағдайында жоғары тиімділікке ие аймақтың экономикалық стратегиясын өңдеу, жұмысшыларды оқыту және оларды дайындау, ғылыми және технологиялық мүмкіндіктерін жоғарылату, халықаралық нарықта даму және сол аймақтың экономикалық көтерілуін қамтамасыз етіп отырады.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы аграрлық секторда нарықты дамыту кепілі – мемлекеттің ықпалын күшейту. Мемлекет ауыл шаруашылық тауарларына деген сұраныс пен ұсынысқа, агроөнеркәсіп кешеніндегі салааралық айырбас
оның салаларында табыс табу үшін жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасауы керек. Бұл бағыттарда арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау және оларды жүзеге асыратын институттар құру қажет. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі өндірістік қорды ұтымды пайдалануына байланысты. АӨК мемлекеттік реттеу бағдарламасының мақсаты ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті салаларында экономикалық өсуді және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері өндірісін тұрақтандыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Атқарылатын іс-шаралардың атауына келер болсақ, олар: ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін банкроттық рәсімдерін қолдануды жетілдіру; республикалық астық ресурстарын басқару жөніндегі заң шығару базасын әзірлеу; мемлекеттік астық ресурстарын тиімді басқаруды және еліміздің астық ресурстарының мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету; лизингтік негізде ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-трактор паркін жаңарту жөнінде шаралар әзірлеу және жүзеге асыру; аса қауіпті зиянкестермен ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының жаппай көбеюінің таралуын алдын алу және олармен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру; мал дәрігерлік кызмет көрсетудің нормативтік - құқыктық базасын жетілдіру; Оңтүстік аймақта мақта өсіруді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу және жүзеге асыру; асыл тұқымды мал өнімдерін және элиталық тұқымдар өндіруді лицензиялау жөніндегі мәселелерді қарау; ауыл шаруашылық өнімдерін ең жоғары деңгейде сату мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда маркетингтік зерттеулер жүргізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру; АӨК санаттық жүйесін жетілдіру; суландыру, топырақ бетін құрғату мен тазарту жүйелерін жетілдіру; жер қатынастарын жетілдіру; ауылдық жерде шағын несие беру бағдарламаларын жүзеге асыру [69].
Аграрлық саясат – мемлекеттің жалпы және экономикалық саясатының құраушы бөлігі. Аграрлық саясат – саясаттың өзге құраушыларымен: сыртқы сауда, өнеркәсіптік, экологиялық, әлеуметтік және т.б. тығыз байланыста құрылады. Аграрлық саясат аграрлық кешеннің (ауыл шаруашылық өндірісі, агробизнес құрылымдары, ауыл шаруашылық нарықтары, ауылдық қоғамдастықтар және т.б.) қызметімен байланысты мәселереді кешенді шешуде мемлекет қолданатын принциптер мен шаралардың жиынтығы ретінде анықталады.
Мемлекеттік аграрлық саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:

  • тұрақтылық: тағайындалған мерзім ішінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің алдында мемлекеттің міндеттемелерін орындауы;

  • нақтылық: мемлекеттік қолдау тікелей ауылдық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы дамуын қолдауда бюджеттік қаражаттарды делдалдық ұйымдардың алуына жол берілмейді;

  • кепілденген: оның жекелеген бағыттары мен бағдарламаларына енгізілген, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша мемлекет міндеттері;

  • құзіреттілікті шектеу және бәсекелестіктің теңдей шарттарын сақтау: республикалық бюджеттен алынатын қаржылық қолдау жергілікті бюджеттің қаржылық қолдауымен толықтырыла алады, бірақ тек өздерінің бағдарламалары бойынша;

  • халықаралық міндеттемелерді есепке алу: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда Қазақстанның халықаралық келісімдер бойынша, оның ішінде, оның әлемдік сауда ұйымына қатысуынан туындайтын, міндеттемелері ескеріледі;

  • теңдей қол жеткізімді: шаруашылық жүргізудің барлық үлгілері, шаруа қожалықтары мен тұрғындар шаруашылығын қоса ескергенде, олардың барлығының бюджеттік қолдауда теңдей құқы бар;

  • АӨК нарықтық орнының бұзылуына жол бермеу;

  • жанама тұтқаларды максималды қолдану мүмкіндігі және тікелей әсер ету құралдарын минималды қолдану;

  • АӨК қолдау үшін бөлінген қаражаттардың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету;

  • реттеу шаралары жүйесінің қазіргі макроэкономикалық жағдайларға, нарық конъюнктурасына, әлемдік қарқынға баламалығы.

Экономиканың агро азық-түлік саласының негізгі қызметін келесідей тұжырымдауға болады: тұрғындардың жоғары сапалы тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін жеткілікті сан мөлшерінде және қол жеткізерлік бағамен қанағаттандыру. Кең мағынада, бұл өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтиды. Осыған байланысты, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық- түлік өндіру мен нарығына мемлекеттік ықпал ету жүйесі ретінде, экономикалық саясаттың өзге бағыттарының ресурстық базасына «орнатылған» болуы қажет [70]
Мемлекеттік аграрлық саясатты жасауда келесі мәселелерді ескеру маңызды: жерді иелену, пайданалу және қолдану және де ауыл шаруашылық өндірісінің өзге де факторларымен туындайтын, қатынастар; материалды- техникалық ресурстарға, ауыл шаруашылық өнімдеріне, шикізаттарға және азық-түліктерге сұраныс пен ұсыныс; нарықтың инфрақұрылым жағдайы; ауыл шаруашылық өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің бағасына қатынасы; ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің табысының өзге тұрғындар топтары табысына қатынасы; тұрғындардың негізгі әлеуметтік-демографиялық және территориялық топтар үшін азық-түліктердің заттық және экономикалық жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет