Дипломдық жоба Маңғыстау облысындағы аргоөнеркәсіп саланың мәселелерін кешенді зерттеуге арналған


Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік саланы дамыту мәселелері



бет8/11
Дата21.11.2022
өлшемі419.97 Kb.
#465377
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
послед — копия

Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік саланы дамыту мәселелері

  1. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ





    1. Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік басқаруға байланысты нормативтік, құқықтық ұсыныстар

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенді мемлекеттік басқарудың нормативтік-құқықтық кең көлемді базасы қалыптасқан. Солардың ең бастыларының бірі – Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Ол азаматтық, сондай-ақ аграрлық өндірістік қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік акт болып табылады және ең маңыздысы елдегі көзделген аграрлық түрлендірулерді жүзеге асыруға және жеделдетуге мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенін және оның орталық буыны – ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау факторларын қарастырмас бұрын ең алдымен ауыл шаруашылығы өндірісінің халық шаруашылығының басқа салаларынан айрықшаланатын келесі ерекшеліктерін атап өткен жөн: жер негізгі өндіріс құрал-жабдығы болып табылады; жұмыс маусымдық сипатқа ие; еңбек үдерісі тірі ағзалармен байланысты; жұмыс периоды өндіріс периодымен сәйкес келмейді; инвестиция салу мерзімі және тиімділікке қол жеткізу мерзімі арасында үлкен алшақтық бар; агроөндіріс өніміне сұраныс баға тұрғысынан икемді емес; капитал сиымдылығының жоғары болуы; пайдалылық деңгейінің төменділігі; табиғи-климаттық жағдайларға қатаң тәуелділік.
Аталған ерекшеліктер келесі талаптарды ескере отырып аграрлық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін туындатады.
Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігі тұтастай алғандағы экономикалық қауіпсіздіктің маңызды құраушысы.
Екіншіден, халқының 43% - ауылдық елді мекендерде тұратын ел үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Еңбекпен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс, әлеуметтік қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауылдық елді мекендердегі барлық әлеуметтік мәселелерді өз мойнына алу үшін мемлекеттің қаржысы жеткіліксіз, сондықтан ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай жасауы тиіс.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласының дамуы нәтижесінде экономиканың барлық салалары үшін едәуір мультипликативті тиімділікті ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы зор көлемде ет және дәнді дақылдар өндіруші, ішкі сұраныстарды қамтамасыз етуші генератор болып табылады.
Ауыл шаруашылығының басқа өндіріс салаларымен байланысының деңгейі өте жоғары.
Төртіншіден, Қазақстан мемлекетінде ауыл шаруашылығын дамытуға және отандық тауарларды сыртқы нарыққа жылжытуға қажетті табиғи ресурстардың бәрі бар. Болашақта ауыл шаруашылығы саласы көрнекті де маңызды құнды валюта нарығының көзіне айналуы мүмкін. Ол үшін мемлекет барлық жағдайларды қамтамасыз етіп, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату,транспроттық-коммуникация салаларының барлық проблемаларын шешіп, республикалық деңгейде ғана емес сыртқы нарыққа шығару жұмысын да қамтамасыз етуі қажет.
Аграрлық секторды жүйелеуді кешенді түрде қарастыру қажет, агроөнеркәсіптік кешенді агроөнеркәсіп кешеннің барлық жүйелерін есепке ала отырып жүргізілуі керек.
Агроөнеркәсіп кешен үш функционалды сфераны біріктіреді:

  • Ауыл шаруашылығына қажетті өндіріс өнімдерін шығару мен оларға тән қызмет көрсету сапасын жақсарту саласы;

  • ауыл шаруашылығы;

  • агросала мен агроөндірістің тұтастануы, бұл сала шикізат дайындау, сақтау, өңдеу ісімен шұғылданады, ауыл шаруашылығы шикізат өнімдерімен агроөнеркәсіп кешеннің ең соңғы өнімдерін тарату ісімен шұғылданады [100].

Осы жағдайды есепке ала отырып, мемлекеттің агноөнеркәсіп саласындағы ең негізгі экономикалық функцияларын бөліп қарастыра аламыз:

    • Ірі, орташа және ұсақ шаруашылықтарды жүйелі түрде біріктіріп, олардың меншіктік формасының әр түрлігіне байланысты жағдайларды ескере отырып, сонымен қатар шаруашылықты басқару формаларының әрқилығына байланысты оларды тиімді бөлуді, яғни өндіріс салаларының тиімді бөлуіне көмек көрсету;

    • Агроөнеркәсіп кешендегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласының арасындағы бағалар паритетін қолдау және қамтамасыз ету.

    • Аграрлық секторды қолдап, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдаланып инвестиция деңгейін жоғарылату;

    • Нарық принциптерінің әдемі үйлесімділігін мемлкет тарапынан әсер ететін олардың өтілімділігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін коммерциялық құрылымдар жағынан серіктестердің монополизмге қозғалысының бағыттарын жеңіп шығуға талпындыру;

    • Отандық тауар өндірушілерді қорғау жүйесі.

Экономикалық функцияларды ескере отырып агроөнеркәсіп кешенін басқарудағы келесі жағдайларды белгілеп алайық:
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасы ауыл територияларында агроөнеркәсіпті кешендендіріп дамытуды мемлекеттік реттеу келесі принциптермен жүзеге асырылады:

    • агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың және экономикалық деңгейі жағынан мүмкіндіктері бар ауыл территориясындағы агрокешендерді дамытудың кең ауқымдылығы;

    • агроөнеркәсіптік кешенінің халықаралық келіссөздерге сай болуы, яғни ауыл шаруашылығы өнім-деңгейінің санитарлық және фитосанитарлық нормалардың талаптарына сай болуы;

    • мемлекет тарапынан өткізілген шаралардың анық болуы;

    • мемлекеттік қолдау көрсетудің елді мекендерге жеткізілуі; отандық агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың түрлері;

    • ішкі нарықтың бәсекелестігін жауапкерсіздіктен қорғау;

    • мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы айырмашылықтар үстемдігі;

    • агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық елді пункттерді мекендеген халықтардың экологиялық қауіпсіздіктерін қорғау;

    • қоғамдық біріккен кәсіпкерлік ассациациялармен ұйымдаса жұмыс жүргізу;

    • мемлекеттік реттеудің шараларының тиімділігі;

    • ауылдық аймақтар және агроөнеркәсіп кешендерін дамытуға жыл сайынғы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың қажетті көлемін қамтамасыз ету;

    • агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерінің әрекеттесу формасының оңтайлы түрін дамыту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.03.2011 жылғы № 242 қаулысы бойынша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге бөлінетін мақсатты ағымдық трансферттерді пайдалану ережелері» бекітілді.
Қазақстан Республикасының осы қаулысына байланысты қаржыландыру мал шаруашылығын оның ішінде асыл тұқымды мал басының үлес салмағын ұлғайту үшін және ауыл шаруашылық өнімдерін республикалық бюджетте бағдарлама бойынша көрсетілгендей өнім шығарушылар өнім сапасын жақсартуы үшін қаржы бөлінуі керек. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге бөлінетін мақсатты ағымдық трансферттерді пайдалану ережелері» [101].
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып, агроөнеркәсіптік өндірісті тұрақтандыру және жетілдіріп дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін Қазақстан республикасында қамтамасыз ету, халықтың азық-түлік пен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларының арасындағы байланысты жақсарту, ауыл шаруашылығы қызметкері мен өндіріс саласындағы қызметкерлердің кіріс табысының айырмашылықтарын жақындату, отандық өнім өндірушілерді қолдап-қорғау.
Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу мақсатында келесі шаралар пайдаланылады:

  • Агроөнеркәсіп комплексі мен ауыл шаруашылығын қаржыландыруды дамыту;

  • Агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қаржыландырып отыру;

  • Сатып алу және баға интервенциясын өткізіп отыру;

  • Арнайы ұйымдарды құру;

  • Агроөнеркәсіп кешен тауарларының экспорт пен импорттын қадағалау, тепе-теңдігін реттеу;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету;

  • Агроөнеркәсіп кешенін маркетингтік қамтамасыз ету;

  • агроөнеркәсіп кешенді ғылымдық және нормативтік әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция тарту;

  • Ауыл тұрғындарынын көші-қон саясатын реттеу;

  • Салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік техникалық шараларды мемлекеттік реттеу. Осы шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен анықталады.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарына тоқталайық (Сурет 6)



Сурет 6 – Қазақста Республикасында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары


Ескерту – автормен [102] әдебиет материалдары негізінде жасалған


Осы жоғарыда аталғандардың ішіндегі басым құралдарының бірі АӨК ақшалай және қаржылық қолдау саясаты болып табылады (Кесте 15).

Кесте 15 – 2017 - 2020 жылдары АӨК дамытуға жұмсалған бюджет қорының құрылымы





№ к/н

Қаржыландыру бағыты

Үлесі, %

1

Субсидия

28

2

Несиелер

20

3

Инвестициялар мен инвестициялық жобалар

30

4

Өсімдік, жануар және оларды өңдеу қызметі

20

5

ҒЗҰКЖ және кеңестер

2

6

Барлығы

100

Ескерту – автормен [103] әдебиет материалдары негізінде жасалған

Ауылдық жерлерді мемлекеттік реттеу үшін қаржыландыру саясатын қолдау және шаралар жүргізіп отыру, және қаржысына бағыттау Қазақстан Республикасында заң актілерімен, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалармен, ал жыл сайынғы қаржыландыру көлемі заңда республикалық бюджет туралы заң бойынша және маслихат шешімімен жергілікті бюджет сол жылғы қаржы бюджетіне сай болуы керек. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу және ауыл тұрғындарын жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету мемлекеттің келесі негізгі мақсаттарынан туындайды:



  • Ауылдық аймақтарды әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарын жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету;

  • Азық-түлік қауіпсіздігін мемлекет тарапынан қамтамасыз ету;

  • Бәсекелеске қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін және оларды өңдеуден өткізу үшін экономикалық ахуал құру.

Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік тұрғыдан басқару мақсатында мына шараларды қолдану керек:

  • Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтарды қаржыландыруды дамыту;

  • Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;

  • Сатып алу және баға интервенциясын жүргізу;

  • Арнайы мамандандырылған ұйымдар құру және олардың қызметін реттеу;

  • Агроөнеркәсіптік кешенін экспорттау және импорттау үшін шығарылған товарларын реттеу;

  • Агроөнеркәсіптік кешенінің техникалық жабдықталуы;

  • Агроөнеркәсіптік кешенінің информациялық-маркетингтік жабдықталуын қадағалау;

  • Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми және нормативтік әдістемелік жағынан қамсыздандыру;

  • Әлеуметтік және инженерлік инфраструктура саласын дамытуға инвестиция тарту.

  • Көші-қонның, ауылдарды ауылдармен алмастырудың тиімді жолдарын тауып ұйымдастыру;

  • Қазақстан Республикасында заң актілеріне сәйкестендіріле жүргізілетін шаралар: салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік, техникалық және басқа да шараларды реттеу [104].

Ауыл территорияларын қаржыландыру үшін бағытталған іс-шараларын заң актілеріне сәйкес мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарлама бойынша, ал жыл сайынғы қаржыландыру көлемі республикалық бюджет заңымен және маслихат кеңесінің шешімімен тағайындалады.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл өңірлерін дамытуды мемлекеттік реттеу, азық-түлік сапасын және қауіпсіздігін қорғау, нарықтық агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақтылығын реттеуге бағыт-бағдар көрсету, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және ауыл қызметкерлерінің өмір-сүру деңгейін жақсарту үшін жағдай жасау, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы шикізат өнімдерін өңдеу мен тағам өндірісі (ішімдік және темекі өнімдерінен басқа), ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық жабдықтауды жақсарту, және әлеуметтік инженерлік инфраструктураны дамыту.
Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аймақтарын мемлекеттік реттеу жұмысының мақсаты:

  • Ауылдық аймақтарда инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарын жайлы өмір сүруіне жағдай жасау;

  • Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Агроөнеркәсіп кешенімен ауылдық аймақтарда тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету;

  • Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және олардың өнімдерінің өңдеуден өтуіне экономикалық жағдай құру.

Осыған байланысты аграрлық саясат мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенінің қалыпты қызмет атқаруымен байланысты кешенді мәселелерді шешуіне әкелетін принциптер және іс-қимылдар жиынтығы деп анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді мәселелерге ауыл шаруашылығы өндірісі, агробизнес құрлымы, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығы, азық-түлік өнімдерін тұтыну ауылдық қауымдастықтардың дамуы т.б. жатады.
Аграрлық саясатты қалыптастырғанда келесі мәселелерді ескеру маңызды:

  • Жер және басқа да ауыл шаруашылығы өндірісі факторларын иемдену және пайдалану бойынша қалыптасатын қатынастар;

  • Материалдық техникалық ресурстарға ауыл шаруашылығы өнімдеріне шикізат пен азық-түлікке сұраным мен ұсыныс;

  • Нарық инфрақұрылымының жай күйі;

  • Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері бағаларының ара қатынасы;

  • Ауыл шаруашылығы тауарларын өнірушілер және халықтың басқа топтары табыстарының ара қатынасы;

  • Ауылды елді мекендердегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы;

  • Азық-түліктің негізгі әлеуметтік демографиялық және халықтың аумақтық топтары үшін азық-түліктің табиғи және экономикалық қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі.

  • Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығымен шұғылданатын елді мекендер территориялары экономикалық өсімге бейімдеу, оларды дамытудың маңыздылығы жоғары.

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерінің санитарлық және фитосанитарлық нормаларының халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендірілуі;

  • Мемлекет саясатының жүргізілген саясатының анықтығы;

  • Мемлекеттік қолдау шараларының тұрақты мекен-жайларға жеткізілуі;

  • Отандық агроөнеркәсіптік кешендерінің бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері;

  • Ішкі нарықта жауапкершіліктері нашар бәсекелестерден қорғануын қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының деңгейлері арасындағы олардың басқару мүмкіндіктерін ара жігін анықтау, жіктеу, талдау;

  • Агроөнеркәсіп кешені, ауылдық жерлердің тұрғындарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік реттеу іс шараларының тиімділігі;

  • Агроөнеркәсіп кешені және ауыл территориясын тұрақты дамыту және мемлекет тарапынан көрсетілетін жыл сайынғы көмекті ұйымдастыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ара қатынастарының оңтайлы түрлерін дамыту [105].

Аграрлық саясаттың зерттеу аясы нарықты экономика механизмдермен реттелмейтін және өзінің шешілуі үшін мемлекеттің қатысуын талап ететін аграрлық-өнеркісәп кешеніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қызмет атқару тәсілі бойынша мемлекет тарапынан аграрлық саланы тікелей және жанама реттеу тәсілдерін бөліп қарастырады. Тікелей әсер ету тәсілдері экономика субъектілерінің дербес экономикалық таңдауға емес, мемлекеттік талаптарға негізделген реттеу түрін білдіреді. Мысал ретінде салық заңдылықтарындағы өзгерістерді, азық-түлік сапасын бақылау саласындағы әр түрлі әкімшілік шектеулерді айтуға болады. Тікелей әсер ету тәсілдері экономикалық нәтижелерде тез арада қол жеткізі мүмкіндіктеріне орай барынша тиімді болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«электрондық Үкімет» порталы арқылы электрондық қызмет түрлерінің 3 түрін ұсынады: Ауыл шаруашылық техника бұйымдарын бар не жоқ екенін анықтайтын анықтама; шетелдік карантин рұқсат қағазына анықтама;
дайындау, өңдеуден өткізу, сату және ветеринарлық препараттарды шығару, сақтау, өткізу, жем және оған қосымшалар т.б.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру жолында арнайы заңдар қабылданған. Олар мыналар: «Астық туралы»,
«Өсімдікті қорғау», «Тұқым шаруашылығы», «Су кодексі», «Өсімдіктер шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» және де басқа нормативтік актілер.
Қабылданған заң «Аграрлық кешен мен ауыл аймақтарын мемлекеттік реттеу туралы» - Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеудің құқықтық ұйымдастырушылық экономикалық әлеуметтік негіздерін жүзеге асырады, агроөнеркәсіп кешендерінде және ауылдық территорияларды дамытуды мемлекеттік реттеуді заңдастырады.
Қазақстан Республикасының 11 желтоқсан 2006 жылғы Президентінің Жарлығымен агроөнеркәсіп кешенінің дамуын жақсарту мақсатында және оның ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында мемлекетің 100% қатысумен Ұлттық «Казагро» акционерлік ұйым құрылды.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыру үшін қызмет түрін көрсететін соның ішінде институционалды қызмет түрін көрсетіп, лизингтік программаларды іске асыратын, дәнді дақылдарды сатып алу және ауыл шаруашылығы, сал шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өткізу ісімен айналысатын, ауыл тұрғындарына микронесие беретін, ұлттық холдингке 7 акционерлік қоғамның акциялар пакеті берілді. Оның міндеттері: экспорт инфрақұрылымын дамыту өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау және инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын сақтандыруға кепілдік бөлу, дәнді дақылдар және мақта өнімдерін өткізуді міндеттеріне алып агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық – маркетингтік тұрғыдан қолдау көрсетіп, олардың әрқайсысы мемлекеттік саясатты белгіленген бағытпен жүргізіп отыру. 100% мемлекет қатысуымен және жарғылық капиталы 65 миллион теңге болатын «КазАгрофинанс» АҚ құрылды.
Бұл АҚ–ның қоғамның негізгі мақсаты машина-трактор парктерін құрудың программаларын жаңарту, лизинг аясында көмек беру. АҚ «Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау көрсету» таратылып, оның бір бөлігі «КазАгрофинансқа» беруге тапсырылған болатын.
Акционерлік қоғамның негізгі мақсаты және қызметінің негіздері болып агроөнеркәсіп кешендерін Қазақстан Республикасында дамыту болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірішілердің финансқа яғни қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндіктерді туғызу керек. АҚ
«КазАгрофинанс» келесі қызмет салаларын көрсетеді: Қазақстан Республикасы территориясында 8 жыл бойы ауыл шаруашылығы техникасына қаржы лизингін қамтамасыз етіп келеді. Қазақстанда көптеген аймақтарында машина- тракторлық парктерді жақсартуға тәуелді ұйымдар үшін 14 облыстың филиалдар мен кішігірім мекемелер құрылды.
АҚ «Агрофинанстың» қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

  • ауыл шаруашылық техниканы қаржылық лизингтеу;

  • ауыл шаруашылық техниканы арнайы технологиялық жабдықтармен жабдықтау;

  • мал шаруашылығы субъектілерін арнайы техникалық жабдықтармен жабдықтау, ауыл шаруашылық азық-түлік өнімдерін ұқсату;

  • машина-технологиялық станциялар құру;

  • мақсатты қарыздар беру;

  • алыс шетел техникасын сатып алуға;

  • Басқарушы субъект ауыл шаруашылығы өнім өндірішілеріне, жеке өндірішілерге (мемлекеттік жарғылық капиталынсыз) машина технологиялық станцияларға, сервис- орталық.

Оның қызмет көрсету салаларының негізгі принципі болып біркелкі қол жеткізу, яғни агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің техника-технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуге қол жеткізілулі болуы, бірақ, іс- тәжірибе жүзінде іске аспай отыр. Осының бәрі қол жетімді болып, қаржылық лизинг жүзеге асырылу үшін, көптеген кедергілер болып тұр, атап айтқанда, Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі құнды бағыттар шараларына сай болуы керек [106].
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламаларын жүзеге асыруға, сонымен қатар машина-технологиялық станциялар (МТС), ауыл-шаруашылығы тауарларын өндірішілерге қызмет көрсету, ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру, жөндеу жұмыстары, техникалық сервистік, гаранттық қызмет көрсету, Ауыл шаруашылық техника құрал жабдықтары мен қосымша бөлшектерін таратуғамүмкіндіктер туғызу.
«КазАгроқаржы» АҚ құрал жабдықтарды қайта өңдеу бағдарламасын лизинг жобасында іске асырады.
Экспортқа шығару бағдарламасы аясында қайта өңдеу құрал-жабдықтары лизингін қаржыландыру үшін Еуропа елдерінен негізгі серіктестері болып Голландия, Чехия, Италия елдерін атауға болады.
Аграрлық сектор мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда акцинерлік қоғам
«Аграрлық несие корпорациясы» ұйымын құрды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұйымының негізгі міндеті болып, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, яғни кредиттің қолжетімді жүйесін құру, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, әсіресе ауылдық кәсіпкерлердің несиеге қол жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп шығаруда, жоғары бәсекеге қабілеттілігін дамыту және осының барлығы тиімді, ашық, таза түрде жүргізіліп асырылуы тиіс.
Ауылдық кредиттік серіктестік үшін келесі шарт бойынша:

  • Кредиттің ауқымы 1-ші топ бойынша 1:6, 2-ші топ бойынша 1:4. Ең соңғы ауыл шаруашылығын несиелеу серіктесіне берілетін несие сомасы оның жарғылық ккапиталға саяған жарнасына байланысты болады.

  • Несие беру мерзімі 1- ші топ бойынша 1-7 жыл, ал 2-ші топ бойынша 1-5 жыл;

  • Жылдық проценттік көрсеткіші 8-9%, соңғы қарыз алушы (4 процент) копорация алады, 4-5% -н ауылдық несиелік серіктестігі алады.

«КазАгроқаржы» АҚ келесі бағыттағы қызметтерге атсалысады (Кесте 16):

Кесте 16 - Мемлекет саясатын жүзеге асыратын негізгі бағытта агроөнеркәсіптік кешенін тиімді дамытуды қолдау





Ұйым

Бағыттары

«Азық-түлік
корпорациясы» АҚ

Қазақстан Республикасы дүние жүзілік нарыққа бидай өнімдерінің және оны өңдеуден өткізуден
маңызды экспортер болып табылады және азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Казагрофинанс» АҚ

Бәсекеге қабілетті, экспертті бағыт-бағдарлауға, пайымдауға қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құрып, қаржылық қызмет көрсету техникалық-
технологиялық жаңартуларды жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдарлар беру.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Қолжетімді несие алу жолының негіздерін жасау, ауыл кәсіпкерлерінің дүние жүзілік нарықта бәсекелестікке қабілеттілігін қолдау үшін
қолжетімді несие беруді қолдау.

«Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау» АҚ

Мирокредиттік және сақтандыру салаларын дамыту арқылы, ауыл шаруашылығына қаржылық және сақтандыру жағынан қол жеткізу мүмкіндігін
қамтамасыз ету.

«Мал шаруашылығы өнімдері» АҚ

«Міндеттемелерді


орындау кепілдігі қоры» АҚ

Мал шаруашылығы өнімдерін және оларды экспорттаудың әлеуетін жақсартуға, дамытуға олардың жеке секторлармен тиімді серіктесін қызмет көрсетуіне, мал шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығарудың негізгі
бағыттарын ұйымдастыру.

«КазАгроГранд» АҚ




«КАзАгроМаркетинг»
АҚ




Ескерту – автормен [107] әдебиет негізінде құрастырылған

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ несиелеудің жаңа бағыты бойынша бірлестіктерді несиелеудің ауыл шаруашылығына инфрақұрылымында жеңілдік жағдайларын құру, ауылдық кооперативті бірлестіктер, оларды дайындау, өңдіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу (ауыл шаруашылық өнімдерін) қамтамасыз ету қызметі. Осылардың бәрін несиелеу үшін жеңілдіктер қарастыру т.б. Ауыл шаруашылық тұтынушы кооперативтерінің қолдаушылары болып фермерлік, үй-шаруашылық, ауыл шаруашылық өнімдерін (ет, сүт, жемістер, күнбағыс майлары, дақылдары, мақта т.б.) және өнімді қайта өтеу мекемелері.


Жылдық проценттік мөлшері 5% жеңілдікпен берілетін несиелер ауыл шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жеміс-жидек, сонымен қатар балық, май өнімдері ұн тағамдарын және жүн) көптеп өңдеуге бағытталған жобаларға беріледі. Бұндай жоба бойынша несие алу үшін құрамында 10-нан аса қосалқы шаруашылықтары бар және олар өз өнімдерін өндіретін болуы керек, яғни кооперативтік негізде жұмыс істеуі керек.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері 79 агроөнеркәсіп кешенге 5,67 млрд. теңге несие берілген. 60 аса кішігірім заводтар мен цехтар ашылып, олар өз өнімдерін өңдеуден өткізген. Жаңа 4 мың жұмыс орны ашылған.
Үшінші бағдарламаның мақсаты мен міндеті – кәсіпкерліктің ауыл шаруашылық емес салаларына несиелер беру. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғары көтеру мақсатында жұмыс орындарын ашу, олардың кірістерін көбейту, ауыл тұрғындарының еңбекпен шұғылдануына жағдай жасау.
Несие субъектісі болып жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұларға қойылатын талаптар: бизнестің өтілі 1 жылдан кем болмауы керек;
тіркеуде ауылдық жерде болуы; инвестиция салатын бизнес ауылдық жерде.
Негізгі кредиттік бағыттар мыналар:

  • Жеңіл және тамақ өндірісі;

  • Балық өнімдерін тарату, өсіру және өңдеу;

  • Бизнеске инвестиция тарату ауылдық жерде;

  • Туризмдерді дамыту, қонақ үйлер бизнесіжәне жол беккеттеріндегі сервис;

  • Селолық сауда пунктерін және қоғамдық тамақтану пунктерін ашуды кеңейту [108].

Несиелік ресурстар құрылыс және оны қайта құрылымдау, құрал- жабдықтар алуға (5-7 жылға дейін), сонымен қатар, айналымдағы қорды 1 жылға дейін толықтырып отыруға беріледі. Проценттік ставкасының жылдық марапаттауы 9,5%. Несие бойынша қамтамасыз ету жылжитын және жылжымайтын мүліктер арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттер, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін терең өндіруден өткізетіндері жеңілдікті кредиттер алуға 7%-пен салық төлеу бойынша қосылған құн бойынша. Қазақстан экономиканың аграрлық секторын қолдау деңгейі бойынша салыстырмалы түрде орташа көрсеткіштерге ие. АӨК жалпы қолдауға ауыл шаруашылық қалыптасуларға бюджеттен төленетін төлемдер мен қосымша қолдау шаралары да (мәселен, тарифтік қорғау) жатады.
Өңірлер деңгейінде АӨК дамыту үшін стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жағдайында негізгі басымдылық әлемдік экономиканың дамуының инновациялық қарқынын ескере отырып, өндірісті әртараптандыруға беріледі. Осыған байланысты Қазақстанның АӨК «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік
бағдарламасы (ИИД МБ) және т.б. негізінде инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Төмендегі суретте Қазақстаннның АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қолдау механизмі көрсетілген (Сурет 7)
Агробизнес 2020

      1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру;

      2. АӨК субъектілері үшін тауардың, жұмыс пен қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

      3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту;

      4. АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру (ҚР АШМ ҚР ҮҚ 18 2013 №151)


БЖК 2020

  1. Жаңа бизнес бастамаларды қолдау;

  2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

  3. Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау;

  4. Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту (ҚР ЭД және СМ ҚР ҮҚ 13 сәуір 2010 ж. №301)

АӨК
субъектісі
Экспорттаушы 2020

  1. Экспорттаушыларды сервистік қолдау;

  2. Шығындарды қайтару бағдарламасы;

Сауда экспорттық операцияларды қаржыландыру.
(ҚР И және ЖТМ ҚР ҮҚ 20
маусым 2011 №679)


Жұмысбастылық 2020



  1. Өзін өзі жұмыспен қатығандарды, жұмыссыздарды және аз қамтылған халықты оқыту және көмектесу;

  2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу;

  3. Еңбек ресурстарының әртараптылығын арттыру

(ҚР ЕХӘҚМ ҚР ҮҚ 31 наурыз 2011
№316)
Дағдарыстан кейінгі сауықтыру
бағдарламасы

  1. Әрекет етуші бәсекелес өндірісті сауықтыру (с.і. қаржылай);

  2. Мүмкін болатын

максималды жұмыс орнының санын сақтап қалу
(ҚР ҚМ ҚР ҮҚ 4 наурыз 2011ж. №225)

Өнімділік 2020

    1. Кәсіпорындарда басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру;

    2. Әрекет етушілерін әртараптандыру (техникалық қайта жарақтау) және жаңа бәсекеқабілетті өндірістерді қалыптастыру

(ҚР ИЖТМ, ҚР ҮҚ 14 наурыз 2011 №254 )

Сурет 7 – АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау


Ескерту – автормен [109-114] әдебиеттер негізінде жасалған



АӨК-ті дамытудың басты бағыттарының бірі аграрлық қайта өңдеу. Бұл бағыт бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді және алғаш рет қайта өңдеу кәсіпорындарының деректер базасы қалыптастырылды.
База кәсіпорынның ағымдағы жағдайын бағалауды, оның қуатын, жүктелуін, өнім номенклатурасын, сондай-ақ дамуды тежейтін проблемаларды қамтиды.
Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып 435 кәсіпорынға қатысты қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Бұл – сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі, қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу, олар бойынша Аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарын орналастыру сызбасы, оның ішінде әр облыс бойынша, аудандар бөлінісінде әзірленді.
Аграрлық қайта өңдеу Картасына сәйкес 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту қажет. Бұл қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9- дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
АӨК-ті дамытудың өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің техникалық жарақтануы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау техникаларды қолдану мерзімінің 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр. Көптеген техникалардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Бұл ретте аталған тракторларды жөндеу мен жанар-жағармай шығыны 20%-ға өсіп, және ең бастысы жалпы жиналымның шамамен 14% немесе шамамен 200 млрд. теңгені жоғалтуға әкеліп соқтырады.
АӨК-ті қарқынды техникалық қайта жарақтандыру Картасы аясында ауыл шаруашылығы техникаларын қарқынды қайта жарақтандыру мақсатында отандық ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін инвестициялық субсидиялар механизмін өзгерту, түпкілікті мөлшерлемесі 5%-ға дейін отандық ауыл шаруашылығы өндірісіне жеңілдетілген несие беру бағдарламасын енгізу көзделіп отыр.
Өкінішке орай, соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеп келе жатқаны байқалады. Соның салдарынан себілген элиталық тұқым үлесі 2014 жылғы 6,3%-дан 2016 жылы 3,5%-ға дейін төмендеді.
Алайда, тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштар қолдану бойынша қабылданған шаралардың арқасында биыл бұл жағдайды дұрыстай алдық. Биылғы жылғы астық түсімінің сапасы өткен жылдың өнімінен бірнеше есе өсті.
Тұқым шаруашылығы Картасында субсидиялау механизмін жетілдіру, тауарлы егістерге 1-репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалануға біртіндеп көшу ұсынылды.
Тұқым шаруашылығы Картасын жетілдіре отырып, сұрып алмастыру мен сұрып жаңартуды жылдамдатуға, өнімнің түсімділігі мен сапасын арттыруға және жалпы жиналымға 8,3 млн. тоннаның қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өсімдіктерді қорғау Картасын әзірлеу барысында әр облыс бойынша егістердің фитосанитариялық жай-күйі айқындалды. Ластанған алаңдар мен нақты өңделген алаңдар анықталды. Мәселен, арамшөптер бойынша 4,7 млн. га, ал зиянкестер мен аурулар бойынша 1,5 млн. га өңдеумен қамтылмаған. Осының бәрі 1 млн. тонна жалпы өнім ысырабына әкеліп соқтырады.
Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің препараттар сатып алуға жұмсаған шығындарын олардың құнының 50%-ы мөлшерінде жаңа схема енгізілетін болады. Бұл өңделетін алаңды 2 есеге жуық, яғни, 1,9 млн. гектардан 3,4 млн. гектарға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қажетті пестицидтерді өз уақытында сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қабылданған шаралардың негізінде пестицидтерді енгізу көлемі 1,3 есе ұлғайды және соңғы бірнеше жылда алғаш рет тыңайтқыштарды себу 14% -ға жетті.
Агрохимия Картасы шеңберінде топырақтың агрохимиялық жағдайын ескере отырып, субсидияланған тыңайтқыштарды енгізу туралы талапты белгілеу көзделген.
Бұдан басқа субсидияланатын қажетті тыңайтқыштардың нақты тізімі анықталады. Аз сұранысқа ие тыңайтқыштар алынып тасталады. Бұл субсидияларды 1 млрд. теңгеге дейін босатуға сонымен қатар, Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін 10-15%-ға немесе 1,4 млн. тоннаға дейін жалпы өнімді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мал басын толыққанды, теңгерімді азықпен қамтамасыз ету – мал шаруашылығын тұрақты дамытудың шешуші факторы болып табылады. Қазіргі уақытта табиғи жайылымдар мен шабындықтар, далалық азық өндірісі және құрамажем өнеркәсібі азық базасының негізін құрайды.
Қатты жемшөп базасын құру үшін өсімдік өнімділігін арттыру жылдық және көпжылдық шөптерді, сүрлемді егістіктерді, агроөнеркәсіптік компаниялар арқылы бюджеттік несиелендіруді қоспағанда, егілген көҮҚылдық шөптерді жаңартып, тиімді және өңірлік дақылдар мен сорттарды субсидиялау есебінен қарастыру сондай-ақ құрамажем өндіруге арналған жемшөп пен компоненттерді форвардтық сатып алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорциясы» АҚ-ға бюджеттік несие беру ұсынылады.
Азық өндірісі мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін 15-20 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларын өндірушілерден тұтынушыға дейін ілгерілету стихиялы режимде жүзеге асырылады. Сауданың ұсақ форматы бұл тиімсіз алыпсатарлар, олардың кесірінен баға 2 және одан да көп есеге өседі.
Бұл жағдайды өзгерту үшін әр облыс орталығында көтерме – тарату орталықтарының желісі қажет.
Аталған көтерме – тарату орталықтары мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатында (табиғи жер гранты, инвестициялық субсидиялар, кредиттер, инфрақұрылым жүргізу) құрылатын болады. Ол үшін ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кооперативтердің өз өнімдерін өткізу қызметін көрсетуі бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданады.
Соңғы 25 жылда егістік алаңы 10,6 млн. гектарға азайды, олар тыңайған жерлер мен басқа алқаптарға ауыстырылды. Мал шаруашылығы өсіміне байланысты жайылымдарды ұлғайу Картасы аясында егістіктің 1,9 млн. гектарын айналымға енгізіледі. Бұл жерлер бірінші кезекте азықтық дақылдар мен басқа да сұранысқа ие дақылдарды (майлы дақылдар, жасымық) өндіру үшін пайдаланылатын болады.
Соңғы жылдары іске асырылып жатқан шаралардың арқасында мал шаруашылығы тұрақты даму сипатына ие: жыл сайынғы өсім шамамен 3%-ды құрайды, ал мал басы 5 жыл бойы 15 млн. бас шамасында.
Іске асырылмаған әлеуеттің негізгі себебі қой басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы және жайылымдардың жоқтығы болып табылады. Ал, жүнге келетін болсақ, бүгінгі күні жүн өңдейтін кәсіпорындар шамамен 12,7%-ға жүктелген. Бұл ретте жүннің 10%-ы ғана өңделетінін атап өту керек.
Осыған байланысты, мал шаруашылығы Картасында шалғайдағы қой шаруашылығын дамыту, қызмет көрсету және сатып алу орталықтарының құрылуы, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа зауыт салу қарастырылған.
Нәтижесінде қайта өңделген жүн көлемі 9 есеге, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 80%-ға артады. Бұдан басқа, ұсақ малдың терісін қайта өңдеу кәсіпорындардың қолданыстағы қуаттылықтарын 50% дейін жүктейді.
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, дақылдардың түсімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыру үшін өндірістің, білім мен ғылымның тығыз интеграциясы, отандық ғылыми зерттеулерді әзірлеу және енгізу, шетелдік тиімді технологияларды трансферттеу, елдің аграрлық нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау және қайта даярлау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді жеделдетіп инновациялық дамыту жоспарланып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тиімділігін арттыру және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуын ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы 65 субсидия түрі қайта қарастырылды. 11 тиімсіз субсидия түрі алынып тасталып, 40 түрі бойынша өлшемшарттары өзгертілді, ал қалған 14 түрі өзгеріссіз қалды.
Мысалы, егер, сиыр еті бойынша бұрын субсидияны 175 бордақылау шаруашылығы алып келсе, бүгінгі күні субсидиямен 522 шаруашылық немесе 100% қамтылып отыр [115].
Осының бәрі сол бұрынғы қаражат шеңберінде, яғни, бастапқы бюджет шығындарын ұлғайтпастан жүзеге асырылды және негізінен ұсақ шаруашылықтар қамтылды. Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялардан қолжетімді, қайтарылатын несиелермен барынша қамту мәселесі қарастырылуда.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Карталарын енгізу агроөнеркәсіптік кешенді сапалы жаңа деңгейге көтереді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады, отандық азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтады және саланың экспорттық бағыттылығын күшейтеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауылдағы ауыл шаруашылығы кооперациясына кем дегенде 500 мың жеке қосалқы шаруашылықты (ЖҚШ) кеңінен тарту міндетін жүктеген болатын [116].
Қазақстан Республикасының 2015 жылы қабылданған «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңы кооперацияны дамыту алдындағы тұрған бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді: біріккен аграрлар өз пайдаларын өзара бөлісуге құқықты болды, ревизиялық одақ институттары дамуы үшін жағдайлар жасалды, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) қызметіне жыл сайын аудит өткізуге мүмкіндік туды. Кооператив құжаттарына сәйкес арнайы салық режимі қалыптасты, олардың қызмет түрі нақты анықталды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативі – табыс алу, кооператив қатысушыларының тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ кооператив жарғысына сәйкес өзге де мақсаттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалар өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрған ұйым.
ҚР ауыл шаруашылығы кооперациясы – ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) жүйесі болып табылады [117].
2018 жылдың 1 сәуіріне 62 мыңнан астам фермер бірігіп 2 849 кооператив құрған. Бірақ та ауыл шаруашылық министрінің мәліметі бойынша бұл агроқұрылымдардың бестен бір бөлігі (570 кооператив) әрекет етпей отыр, ал 40% тек ресми түрде құрылған. Бұның себебі жердің жетіспеуі, өндірілген өнімді өңдеу мен өткізумен байланысты мәселелердің бар болуы. Ал ауыл шаруашылық кооперация – еңбек өнімділігін арттыруға, саланың бәсекеқабілеттілігін, техникалық жарақтандырылуын, табыстың артуын, сондай-ақ үстеме шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы АӨК алдында тұрған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан бірқатар әрекеттер жасалуда. Мәселен, ӘКК бұқалардың жем- шөбінің шығынын төмендету үшін және сүт өндірісімен айналысатын кооперативтерге шамамен жарты миллиард тенге жұмсаған.
АӨК өндірісінің тиімділігін арттырудың басты құралы болып екі механизм саналады: көлденеңінен және тігінен (зәкірлік) құралған кооперация, яғни шағын және орта шаруашылық серіктестерді және олардың өңдеу кәсіпорындарымен құрған кооперативтерін қамтиды. Кооперативтер ассоциация құра алады немесе іріленеді, ал ЖҚШ – жеке кәсіпкер, шаруа және фермерлік шаруашылық формасында кооперацияға қатыса алады.
Мұндай кооперация моделінің жетістігі әлемдік тәжірибеде, соның ішінде Жаңа Зеландия, Нидерланды, Швеция, Дания, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттердің сүт кооперативтерінің тәжірибесі көрсетіп отыр, онда шағын және орта фермерлер ірі кооперативтерге бірігіп, өздерінің тиімділігін арттырып, нарықты көптеп жаулап алуда. Осылай қалыптасқан кооперативтер кейінен арнайы интернет порталға тіркеледі, содан соң бұл олардың аталмыш нарықты басқару, талдау, мотивациялау, оқыту және атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін бағалау құралына айналады (Сурет 8).

      1. Еңбек өнімділігінің төмендігі

      2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, яғни өңдеу

өнеркәсіптерінің толық жүктелінбеуі


6. Тауарлы- матери- алдық құндылықтар- ды сатып алу, тасы- малдау, сақтау және қолданудағы үстеме
шығындардың (ұйым- дастыушылық және маркетингтік) көптігі
Ауыл шаруашылық кооперация
3. Ауыл шаруашылық
техниканы оңтайлы
пайдаланбаумен қатар, техникалық жарақтандырудың
төмендігі


5. Өнімді өндірудің төмен табыстылығы, соның ішінде
маркетингтік ақпараттың жетіспеушілігінен, өткізу
нарығына енудің шектеулілігі, АШТӨ шашыраңқылығы
4. АШТӨ көпшілігінде құзыретті мамандардың жоқтығы және білімінің,
машықтығының, қабілеттілігінің жетіспеушілігі

Сурет 8 – АӨК дамытудың ауыл шаруашылық кооперациясы арқылы шешілетін басты мәселелері

Ескерту – автормен [118] әдебиеттің мәліметтері негізінде құрастырылған


Біздің еліміз үшін де бұндай ауыл шаруашылық кооперативтерінің құрылуы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен өткізуді орталықтандыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында шағын шаруалар, сауда фирмалары мен аграрлары кооперативтерге біріге отырып, өзара тиімді іс-әрекеттер жасайды, шығындарын анағұрлым қысқартады, материалдық-техникалық базаларын нығайтады, жалпа ЖІӨ-дегі үлесі артады. Бұл жаңа әдіс ауыл шаруашылық кооперациясын дамытуға және еліміздің АӨК-нің нәтижесін арттыруға көмектеседі.


Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін ауыл шаруашылық кооперациясын жетілдірудің шаралары мен құралдары төмендегі суретте көрсетілген (Сурет 9, 10)










Бағдарлама басшысы: ҚР ауыл шаруашылығының Вице-министрі








Сурет 9 – Агрокооперацияны дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың


жобалық тәсілі

Ескерту – автормен [118] әдебиеттің мәліметтері негізінде құрастырылған



Сурет 10 – Агрокооперацияны дамыту бағдарламасын жүзеге асыру


жобалары

Ескерту – автормен [118] әдебиеттің мәліметтері негізінде құрастырылған


Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі 6 жобадан тұрады. Бұдан басқа да шешімін талап ететін бірқатар мәселелер мен міндеттер бар. Атап айтсақ, жер мәселесі, салық салу, қаржыландыру және т.б.


Ауыл шаруашылық кооперативтерді құру арқылы еліміздегі өңдеу өнімдерінің экспортын Елбасы жолдауында айтып өткендей 2,5 есе асыруға мүмкіндік бар.
Еліміздің АӨК дамыту үшін және мемлекетпен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығында бүгінгі күнге дейін қолданылып келген индикаторларды өзгерту қажет.
Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімде жасалған талдауларды қорытындылай келе, ескі индикаторларды жаңа бағдарламалардың қабылдануына және жүзеге асырылуына сәйкес ауыстыруға ұсыныс жасаймыз. Олар:

  • Құрылған кооперативтердің саны;

  • Құрылған кооперативтің құрамындағы құтысушылар саны;

  • Еңбек өнімділігінің өсімі;

  • Өнімді өткізгеннен кейінгі түсім көлемі;

  • Ауыл шаруашылық кооперативтерінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі.

Бұдан басқа барлық әрекет етіп жатқан мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауыл шаруашылық кооперативтерге субсидия берудің теңдей шарттарын қалыптастыру, бұрыннан әрекет етіп келе жатқан инвестсубсидияны ары қарай жалғастыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу ұйымдарының ҚҚС субсидиялауды, сондай-ақ жергілікті бюджет қорының есебінен мал шаруашылығын тауарлы-нақты субсидиялауды жалғастыру. АӨК субъектілерін несиелеу мен лизинг бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды қайта қалыптастыру керек.
Жоғарыда айтып өткен ауыл шаруашылық кооперативтері дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасында да осындай құрылымдарды тіркеуге алу үшін арнайы сайт-порталдар ашылу қажет. Мұндай портал әрбір бірлестік құрамындағы қатысушылар туралы ақпарат көздерін жинауды автоматтандыруға, мониторинг жүргізуге, олардың нәтижесін бағалауға, еңбек өнімділігін анықтауға және жұмыс орындарының санағын жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлемдік бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығару үшін және өз халқымызды сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өсімдік және мал шаруашылығының өнімі туралы толық ақпарат беретін IT-платформаны қалыптастыру керек. Бұл платформа өндірілген өнімнің штрих-коды, QR-коды және басқа индикаторлары арқылы қайда және қашан өндірілгенін, кіммен және қайдан, қашан бақылаудан өткені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді [119].
Қаржы Министрлігі – елімізге сырттан келу-кету жолдарын реттер еді. Бұл жүйеде жергілікті атқарушы органдар да өз қызметтерін атқаруы қажет. 2019 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
АҚ өсімдік шаруашылығында егіс жұмыстарын өткізу үшін 176 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін біріктіретін 11 ауыл шаруашылық кооперативін жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеге қаржыландырған және мал шаруашылығында шикізатты өндіру мен дайындау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу үшін 7390 фермерді біріктіретін 304 Ауыл шаруашылық кооперативін жалпы сомасы 20,2 млрд. теңгеге қаржыландырған.
Ауыл шаруашылық кооперативтеріне қатысушылар ет және сүт бағытындағы 156 мыңнан астам бас ірі қара мал сатып алған.
Егерде өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, онда мәселен, Ақтөбе облысында шамамен 5 мың фермерлік шаруашылықтың бірігуінен тұратын 202 ӘКК бар. Олар 1 612 тонна ет және 53 тонна сүт өндірген. Ақтөбе облысында 14 «зәкірлік» ет кластерінің жобасы әрекет етеді және тағы 11 мың бас етті ірі қара сатып алу жоспарланып отыр.
«Зәкірлік» кооперация өндірілген өнімді өткізуге зор әсерін тигізуде. Сондықтан да ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мен дамытудың мультипликативті әсеріне талдау жасау қажет. Атап айтқанда, бірігудің ет және сүт өнімдері көлеміне, құрылған жұмыс орындарының санына, сұраныс пен бағаға әсер ету деңгейін анықтау қажет.
АӨК дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның 8 міндетінің 4-еуі Холдингтің қатысуымен іске асырылуда. Оның ішінде: шағын және орташа шаруашылықтарды кооперацияға тарту; ішкі нарықты толтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту; мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану; Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін (АШТӨ) техникамен және химизация құралдарымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

  • егістік жұмыстарын жүргізуге арналған өсімдік шаруашылығында 176 АШТӨ-ні біріктіретін 11 Ауыл шаруашылық кооперативі жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге қаржыландырылды, ал мал шаруашылығында 7 390 фермерді біріктіретін 11 Ауыл шаруашылық кооперативі жалпы сомасы 20,2 млрд теңгеге қаржылындырылды;

  • 176,4 мың тонна жоғары протеинді бидай, 143,2 мың тонна арпа сатып алынды; 24 мың тонна астыққа, 1,3 мың тонна күнбағысқа және 420 тонна қарақұмыққа форвардттық келісімшарттар жасалып, қаржылындырылды;

  • Саны 121 мың тоннаға астық, майлы өсімдік өнімдері және өсімдік майының экспортқа сатылуы жүзеге асырылды.

  • 40,2 млрд теңге сома тұратын 2000-нан аса бірлік техника АШТӨ-ге лизингке берілді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет