Әдебиеттер тізімі
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
Дәріс-7.
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
1.Зерттеу жоспарының формалары
2.Зерттеу логикасы құрылымын жасаудың кезеңдері
Ғылымның диалектикалық дамуы, фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке зандылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.
Сондықтанда, адынған нәтиженің сипатына байланысты барлық ғылыми зерттеулер төмендегі негізгі топтарға бөлінеді: ізденушілік; фундаментальды; қолданбалы және әдістемелік.
Жоғарыдағы зерттеулердің әрбір тобы өз кезегінде зерттеулердің жоспарлылығын талап етеді.Жоспарлылық - ғылыми шығармашылықтың негізгі факторы болып табылады.Зерттеу жоспарыньң бірнеше формалары бар:
Алдын-ала жоспарлау - зерттеу жұмысының мақсатын және нысанын анықтайды, оның жалпы мазмұны мен мәнін, тұжырымын, зерттеу мақсаттарының шешілу принциптерін, әдістемесін, жұмыстың көлемі мен орындалу уақытын көрсетеді. Сол себепті, зерттеу жұмысының алдын-ала жоспары - зерттеу тақырыбын нақтылаудың аяқталу элементі болып табылады.
Зерттеу жұмысының жеке жоспары - зерттеу жұмысының мазмұны мен кезеңдерінің орындалу тәртібі, мерзімдері көрсетілген тізім жүйесі.
Зерттеудің жұмыс жоспары - қабылданған, ұсынылып отырған болжамды тексеру және өрбіту мақсатында жасалынған кешенді жұмыстар тізімі.
Зерттеудің жұмыс жоспарының басқалардан өзгешілігі, мұнда зерттеу жұмыстарының барлық негізгі кезеңдерінің орындалу құралдары, жолдары мен әдістері көрсетілінуде.
Кез келген ғылыми ізденістердің тиімділігі, көбінесе зерттеу жұмысының шын мәні мен нәтижесіне алып келетін кезендерінің дұрыс түзілуіне, яғни, зерттеу логикасына байланысты болады.
Зерттеу логикасын түзу - өте күрделі жұмыс.Өйткені, зерттеу логикасы жұмыстың бірден-бір маңызды кезеңдерін құрай отырып зерттеу процесіне үзеңгілестік жасайды. Дегенмен, зерттеу логикасын түзу үшін соңғы нәтиженің моделін жасап алу қажет болады. (Мысалы: кітап мазмұны).
Зерттеу логикасы құрылымын жасаудың үш кезеңін атауға болады.
Бірінші кезең - зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсатын ннықтауға дейінгі, болжамды құру кезеңдері, жалпы төмендегі логикалық схема түрінде берілуі мүмкін: проблема ----- тақырып----нысаны (объект) ----- пәні ----- ғылыми фактілер ---- жетекші идея---- жорамал-----зерттеу мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың екінші кезеңінің логикасы зерттеу әдістерін таңдаудан, зерттеу қорытындысын тұжырымдауға шейін төменгі .схемада жасалынуы мүмкін:
әдістерді таңдау ----- жорамалды тексеру ----- алдын ала қорытындыларды конструкциялау-----оларды практикады тексеру----- тәжірибе жасау, нақтылау -----шешуші қорытынды жасау.
Үшінші, қорытынды кезең - зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру және жұмысты әдеби көркемдеп баспаға дайындау. (Оқулық, оқу құралы, әдістемелік құрал және т.б.)
Жоғарыдағы педагогикалық зерттеу логикасы зерттеу бағдарламасына сүйенетінін айта кету керек.
1.Зерттеу бағдарламасы
2.Проблема және зерттеу тақырыбын анықтау
3.Зерттеудегі болжау
Зерттеу бағдарламасы зерттелінетін процесті білудің жан-жақты методологиялық ыңғайы мен әдістемелік тәсілдерін теориялық тұрғыдан дәйектеу боп саналады.
Тек қана терең ойластырылған зерттеу бағдарламасы педагогикалық зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге кепіл бола алады.
Бағдарламаның, стратегиялық құжат - деп, саналатындығы да осыдан, өйткені бұл құжатқа қарап кез келген уақытта зерттеу тұжырымдамасын, зерттеушінің, проблеманың шешіміне байланысты, алға қойған міндеттерін аңғаратын болуы керек.
Зерттеу бағдарламасы, салыстырмалы түрде, нақтылы, аяқталған, төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс:
Методологиялың бөлігі - проблеманың көкейкестігін тұжырымдау; мақсатын көрсету; зерттеу нысаны мен пәнін анықтау; зерттеу болжамы мен міндеттерін тұжырымдау.
Әдістемелік бөлігі - тексеруге қажетті жиынтықтарды анықтау; ақпараттар жинауға байланысты пайдаланылатын әдістерді сипаттау; ақпараттарды жинақтау логикасы, құрылымын түзу; ақпаратарға талдау жасау т.б.
Көрініп тұрғандай, зерттеу бағдарламасында зерттеу логикасы құрылымының жоғарыда аталған үш кезеңі сипат алады.
Зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі статы мен зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жұмыс зерттеу проблемасын айқындау мен тақырыпты таңдаудан басталады.
Проблема және зерттеу тақырыбын анықтау .
Шын мәнісінде, зерттеу тақырыбы - проблема (шешілмеген мәселе) мазмұнын құрау керек. Сол себепті де, тақырыпты таңдау оны тұжырымдау, зерттеу проблемасын анықтау болып саналады.
Ғылыми проблема, өз бетінше алдыға тартыла бермейді.
Ол, практика мен ғылыми әдебиеттерге, олардың жай, күйіне терең, талдау жасау нәтижесі, таным процестері, қарама-қайшылықтардың тарихи кезеңдеріндегі күйлері болып саналады.
Проблема көзі - болып, көбінесе, практикада туындайтын қиындықтар, конфликттер т.с.с, табылады.
Осы себепті, оларды шешу қажеттілігі, практика алдына қойылған міндет. Олар: оқушылар жүктемесін азайту; білімділік пен тәрбиелелік арасындағы айырмашылықты жою; және т.с.с, болуы мүмкін. Сондықтан, практикалық міндеттерден ғылыми проблемаға көшу үшін кем дегенде, екі жағдайды ескеру:
а) алға қойылған практикалық міндеттерді шешу үшін - қандай ғылыми білім қажет екенін анықтау;
ә) ғылымда ондай білім бар, жоғын анықтау - қажет.
Егер мұндай білім бар болса, онда оларды іріктеу, жүйелеу, қолдану қажет, яғни, ғылыми проблема теориялық негізде пайда бола қоймайды.
Ғылыми, техникалық танымдағы және оқыту процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру қажет.
Проблема маңызы - дүниенің даму зандылықтарын ашуға көмектессе, мәні - ғылыми білімді түзуге көмектеседі. Сондықтан, проблеманың мәні - ғылыми фактілермен олардың теориялық танылғандағы қарама-қайшылықтар және бір-біріне таласқа түскен ғылыми теориялар.
Мысалы: политехникалық білімнің мобильдігі жөніндегі пікір. Бұл білім негізінде меңгерілген мамандықта мобильді сипат алады деген тұжырымға алып келді. Десекте, әрбір мамандық өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты функционалдық сауаттылықты қажет ететіні мәлім.
Проблеманың әрмен қарай дамуы мен шешілуі, зерттеу нысаны мен пәнін анықтау болып табылады.Таным нысаны және-пәні бірдей нәрсе деп түсіну дұрыс болмаған болар еді, өйткені, бұл екі ұғым көп жағдайда бірін-бірі алмастырады.
Зерттеу нысаны - алдын-ала берілген, ал пәні іздеуді, нақтылауды қажет етеді.
Зерттеу нысаны - оқу бағдарламасында, оқу процесінде тұжырымдалған, зерттеу меи пәннің мақсаттарына сййкес зерттелінетін белгілі бір шындық. Мұндай объективті облыстар қатарына оқытушының, оқушының практикалық іс-әрекеті немесе олардың ғылыми сферадағы проблемасы болып саналады.
"Зерттеу нысаны" ұғымын объективті шындық ұғымы - деп қарастыруға болмайды. Таным нысаны ретінде - "таным процесіне", қатысты, өзара байланысы, қатынасы, қасиеттері анықталған нақтылы - объектіні түсіну керек.
Аталған тұжырым өз кезегінде зерттеу міндеттеріне жауап берерлік қағида, пікір және нақтылы жауаптарды түзеді.
Практика - кез келген зерттеу жұмыстарының соңғы мақсаты мен шындық критерийі болып табылады.
Айқындалған қағида мен әдістерді ендіру - ғылыми зерттеудің қажетті элементі болады, онсыз зерттеу жұмысы аяқталынбаған сипат алады.
Ғылыми - педагогикалық зерттеу нәтижесі әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқауларды оқу процесіне ендіру болып саналады.Жоғарыдағы мәселе, орындалған жұмыстың әдеби тұрғыдан дайындалуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |