Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет7/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Лекция Ғылыми

Бақылау сұрақтары:

  1. ҒЗЖ жоспарлаудың мақстаы?

  2. Жұмыс жоспарының түрлері?

  3. ҒЗЖ жоспарында қандай мәліметтер болуы қажет?

  4. Орындаушылардың құқығы мен міндеттері?

Дәріс-6.


Тақырыбы: Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері

1.Ғылыми проблеманың пайда болуы


2.Ғылыми шындық, шатасу мен таңғажайыптылық

Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру.


Осыған байланысты технология, ақпараттану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру проблемасы:біріншіден; студенттердің, педагогтардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болса: екіншіден; адамға іс - әрекетке ой - арманына, дүниеге көзқарасына, талапшыл талғам, пікір түюге бейімделуге, жалпы интеллект қалыптасу үстіндегі дүниетаным, ұғымталдық сана құдіретін сезінуді үйрету; үшіншіден; елімізде күш алып келе жатқан білім беру саласын реформалау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан толық қанды қамтамасыз ету үшін, осы саладағы педагогикалық зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін айтарлықтай көтеру, олардың мектеп практикасына нақты әсерін күшейту болып табылады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ғылыми іс-әрекет, адамның басқа іс -әрекеті сияқты қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады. Бұл, өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру принциптерін анықтайды.
Ғылым - адамдардың арнайы іс- әрекеттері нәижесінде табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтанда, ғылым негізі білім болып саналады.
Білім - шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан- онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті, білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс - әрекет болып табылады. Яғни, ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.
Сол себепті де, ғылымның мақсаты - сырттан көрініп тұрғанның ішкі, нақтылы қозғалысын, яғни, зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады.
Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:
1. ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы;

2.заңдар;

3.негізгі ұғымдар;
4. қағидасы (теориясы);
5. мұраты (идеясы);
Ұғымдар, заңдар, принциптер, мұрат, ережелер - ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі.
Қағида - зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды береді. Ұғымдар жиынтығы - пікірді түзеді.
Сондықтан, принцип - танымда методологиялық және гнесологиялық роль алады. Принципті - білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.
Ғылымның бірден - бір пайдасы, алдын - ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Ғылымның, сол себепті де, ақиқат нәрсе емес екендігі де осыдан. Қандайда тәжірибе жөнінде әңгіме қозғалмасын, сіз өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте - ақ сенімсіздік пайда болады. Дегенмен, біз мұнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай да, пайда, қайыр болмаған болар еді.Мысалы, энергияның сақталынуына байланысты дене қозғалғанда массасы өзгереді. Масса мен энергия эквивалентті болғаны себепті, қозғалыстағы дене ауыр тартады.
Десекте, Ньютон басқаша пікірде болған еді. Ол масса әрқашанда тұрақты қалып отырады деген. Жоғарыдағы шындық анықталғанда, барлық ғалымдар Ньютонның пікірі дұрыс еместігіне байланысгы. «Сұмдық! Физиктер өздерінің қатесін тапты! Не себепті . олар өздерін дұрыс санаған?» - деп жағасын ұстағандар болды. Айтылған мысалда эффект аз, бұл жағдай тек дене жарық жылдамдығына жақын қозғалыста ғана білінетіні хақ. Осы себепті, ғылымда қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенеді және онда оның орындалу шарттары ескерілуі тиіс. Сондықтан, біз ғылымнан пайда болсын десек болжам жасауымыз қажет - ақ.
Ғылым тәжірибелер хаттамаларына айналмасын десек, біз заңдар, заңдылықтарды алға тартуымыз керек. Сондықтанда-ғылымда, оның орындалу шарттары алдын - ала, бағынатын заңдары, заңдылықтары ескерілуі тиіс.Мысалы: Симметрия туралы. Симметрия дегеніміз не? Сырт қарағанда адамньң оңы мен солы бір - біріне симметриялы. Олай болса, оларды өзара ауыстырып қойған жағдайда бұрынғы қалыпты сақтауы тиіс.
Белгілі неміс ғалымы Герман Венль (1885-1935) симметрияның тамаша анықтамасын ұсынғаны белгілі. Бұл анықтама бойынша: Симметриялы дене - деп, оны қалай қарай өзгерткенде де, нәтижеде, бастапқыда неден бастасаңыз сол болып шығуы керек – деген. Бұл қағида математикалық фигуралар үшін солай - ақ шығар, бірақ физика үшін басқаша болған болар еді. Яғни, дененің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыруы жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, жеткен нүктеміз бастапқы тұрған орнымыз.
жол

А----------------------В

Екінші мысал; Бір кесек борды саусақтарымызға қысып ұстап тұрайық. Саусақтарымызды ажыратуымыз сол - ақ екен, бор төмен қарай құлағанын көреміз. Бор неге құлады?, - деген сауалды әртүрлі аудиторияға қоятын болсақ, төмендегідей жауап алған болар едік.
Аудитория. Жауаптар.Мектепке дейінгі балалар. - өйткені саусақтар ажырады;
Мектеп оқушылары. - өйткені Жерге тартылады;
Студенттер. - бор Жердің гравитациялық өрісінде орналасқан;
Жер жүзінің ең жақсы физиктері. - біз өкінішке орай әлі мұны
біле алмаймыз. Өкінішке орай, бұл ащы шындық тек гравитациялық құбылысқа ғана қатысты емес, ғылымның басқа салаларында да біздің ғалымдарымыз дәрменсіздікті мойындауға мәжбүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет