Бақылау сұрақтары
1.Интеллектуалды меншіктегі объектілерге патент алу
2.Идеяны материалды түрде көрсету
3. Идея материалды түрде көріну бағыттары
Әдебиеттер тізімі
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
Дәріс-15:
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмыстарын көркемдеу ,баяндауға дайындау
1.Баяндама және оны дайындауға қойылатын талаптар
2.Мақала жазу тєртібі
Ғылыми - зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу - зерттеу жұмысының негізгі элементі болып саналады.
Зерттеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінін дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге болмайды.
Стилистика - стиль туралы ілім. "Стиль" деп белгілі бір жалпыхалықтық тілдің ауқымындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз.
Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді атауға болады:
Ғылыми стиль - ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама - дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.
Публистикалық стиль - газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация - жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді.
Тыныс белгілері - айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.
Тыныс белгілері - сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің көмекші қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған тексті сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгүрттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі де мүмкін.
Тыныс белгісінін дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасына, сондай-ақ бүкіл сөйлемнің мағынасына байланысты.
Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жәй сөйлемдерден соң, сондай-ақ біріңғай мүшелердің әрбір сұрауларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.
Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындайды.
Нүкте мынадай орындарда қойылады;
1. Нүкте аяқталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден соң қойылады.
2. Басқы әріптерінен қысқарған кісі аттарынан, газет-журнал аттарынан соң нүкте қойылады.
3. Цифрлар арқылы таңбаланатын санамалы номерлерден кейін нүкте қойылады.
4. Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қойылғанда, олардан соң нүкте қойылады.
Презентация даярлау құралы Microsoft Power Point
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация — бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну — осының бәрі презентация болып табылады.
Кез-келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын рөлі зор. Презентация өткізуде көрнекті құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғызды. 1995 жылдан бастап есептеу техникасын кез-келген презентацияны даярлау мен өткізуге кеңінен қолдана бастады.
Интернет дистанциялық презентациялар өткізудің ең қолайлы құралы болып табылады. Бүгінде Интернетте автоматты режімде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады.
Екінші жағынан алғанда презентация деп-айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point колданбалы программасы. Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез-келген кезеңінен (идеясы мен іс жүзінде алынған нәтижелеріне дейін) ұсынып, көрсетуге болады.
Power Point -тың басқа программалармен байланысы
Power Point программасының әр түрлі текті объектілерді құруға арналған өз құралдары бар. Сонымен қатар қолданушы Microsoft Office дестесінің кез-келген компонентінде (Word, Excel) дайын тұрған материалдарды пайдалана
Достарыңызбен бөлісу: |