Бақылау сұрақтары:
Зерттеу жұмысының мақсатын анықтау?
Жұмыстың міндеттерін түзу жолдары?
ҒЗЖ жоспарлау принциптері?
ҒЗЖ жоспарлау типтері?
Әдебиеттер тізімі
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.
10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.
Лекция 4.
Тақырыбы: Зерттеу объектілері мен әлістері.
Зерттеу объектілерін анықтау.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, ҚР Конституциясы, қаулы-қарарлары, философтардың, психологтардың, педагогтардың материалдары,; Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу –тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшыкадрларды дайындаудың озық тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета, хронометраж, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; “Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі” - әдістемелік оқу құралы; “Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері” монографиясын дайындау.
Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар келесі бағыттарда ұйымдастырылады: жастардың кәсіби дайындығы бойынша жинақталған тәжірибелерді оқып үйрену; оқушыларды кәсіби оқыту бағдарламаларын эксперименттік тексеру; әдістемелік нұсқауларды тексеру және оларды оқу процесіне ендіру.
Алға қойылған шешуде практикада орын алған әлеуметтік жағдайларға және алдыңғы қатарлы озықт тәжірибелерге сүйену қажет.
Ю.К.Бабанскийдің тұжырымдауы бойынша әлеуметтік практиканы талдау: біріншіден – зертеу бағытындағы маңызы бар мәселелердің оқыту практикасында лрын алатынын; екіншіден – эксперимент көлемін мейлінше тарылту; үшіншіден – ғылыми болжамға байланысты практикалық дәлелді алуға нақтылы септігін тигізеді.
Озық тәжірибелерді үйренуде ғалымдар төмендегілерді:
алғашқыда, тәжірибелі оқытушылар, оқыту шеберлерінің озық тәжірибелік элементтерін анықтау;
алынған тәжірибеге обьективті баға берерлік критерийлерді және тәсілдерді таңдау;
осы критерийлер және тәсілдер арқылы олардың тиімділігін анықтау;
теориялық тұрғыдан тәжірибені дәйектеу және оны жетілдіру;
жетілдірілген тәжірибені эксперимент тұрғысынан тексеру;
алдыңғы тәжірибелермен салыстырарлық оның оқу-тәрбие мазмұнындағы тиімділігін анықтау;
таңдалып алынған тәжірибеге сипат бере отырып, оны қалыптасқан тәжірибеден ерекшелігін анықтау, оған ғылыми-педагогикалық сипат беруді ұсынады.
Тәжірибелерді талдау жасауда бақылау, әңгімелесу, анкета, әртүрлі құжаттарға талдаулар және т.с.с. әдістер жиынтығын пайдалануға болады. Мұның ішінде өте мұқият дайындықты, әзірлеуді анкета мазмұны қажет етеді. Оларды дайындау барысында:
сенімді ақпарат бере алатын, зерттелетін құбілісқа нақтылы сипаттама беретін сұрақтарды таңдай білу;
тура және жанама сұрақтар ескерілуі;
сұрақтарды түзгенде жауапқа бағдар берілмеуі;
сұрақтың екі жақтылай мәні болмауына;
жабық сұрақтары шектеулі анкеталар және респонденттің өз пікірін білдіруге мұрсат берерлік сұрақтардың түзілуіне;
алдын-ала сұрақтардың жауап беруге ыңғайлы, жеңілдіктерін бақылауға байланысты жағын респонденттермен жұмыс жүргізуге және осының негізінде ішінара өзгерістер жасауға назар аудару керек.
Химия бағыты бойынша барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі – бір объект немесе объектілерді зерттеу арқылы жүргізіледі. Объектілер ретінде: штамм, сорт, түр немесе популяция, биоценоз, флора фауна немесе белгілі-бір аймақ, территория, топырақ су немесе атмосфера т.б болуы мүмкін. Объектілерді сипаттау барысында морфометерлік көрсеткіштер; көлемі, салмағы, физика-химиялық сипаты, таралу аймағы, климаттық жағдайы мен зерттеу аймағының картасы, схемасы келтірілуі мүмкін.
Зерттеу әдістерін сипаттау барысында орындалу барысының кезеңдері жазылады. Керекті жағдаында корпативтік құжаттарда пайдаланады. Егер жұмыс барысында белгілі және жалпы қабылданған әдістерді қолданған жағдайда сілтемелер жасау қажет. Ал ғылыми зерттеу жұмысын орындау барысында ізденуші қзінің әдістемесінің шығарған жағдайда ол пайдаланған әдістемесінің толық сипаттамасын жазуи керек. Сонымен қатар зерттеу барысында қолданылған техникалық құрал жабдықтар сипаттамасы мен аппараттардың маркасы көрсетіледі.
Осы бөлімде зерттеу жұмысына кеңесші аналитикалық жұмыс жүргізген орынды көрсетуге болады.
Мысалы, Объектілер және зерттеу әдістері.
Зерттеу объектілері ретінде ОҚО топырақ жабынының өндірістік аймағындағы экологиялық жағдайы қарастырылады.
Анализге алынған топырақ құрамының бақылау пробалары алынған лабораториялық зерттеулерден өткізді. СТ РК ИСО 5667-1-2006,1499-2066, сонымен қатар жалпы қабылданған А.Резников (1979) әдістері қолданылған.
Өсімдіктер түрлерін анықтауға Иллюстрированный определитель растений Казахстана (1969) және Флора Казахстана 1-9 том (1961-1969).
Өсімдіктерді жинау тәсілі жалпы қабылданған Скворцовтың тәсілі бойынша жинақталды.
Экологиялық, тіршілік формаларын анықтау, авторлардың аты, тегі, жылдарын анықтап жазу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |