Дискурс теориясының негіздері


ЛЕКЦИЯ: Дискурсивті талдау және дискурстың когнитивтік сипаты



бет6/7
Дата13.04.2024
өлшемі80.78 Kb.
#498613
1   2   3   4   5   6   7
ДискурсЛекция17

10 ЛЕКЦИЯ: Дискурсивті талдау және дискурстың когнитивтік сипаты.

  • Бұл ментальды кеңістік қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың
  • барлығының бірдей түсіндірмесін талап етпейді, бірақ концептуалды,
  • семантикалық талдаулар арқылы тілдік тұтынушының когнитивтік қазынасы
  • үнемі жаңарып, толығып отырады. «Концептуалды жүйе үнемі даму мен
  • оперативті қозғалыс үстіндегі динамикалық құрылым, ол түрлі каналдар
  • арқылы алынған ақпараттар, оларды ой адамдарының қабылдап, түсініп,
  • қайта өңдеуі арқылы қайта жасалып, жаңғырып тұрады» [5. 167-168]
  • қоршаған әлем туралы ақпарат алудың бірден-бір тәсілі – «өзара ауызша
  • және тілдік формада концептілер ауысу» [5. 169] болып табылатын қарым-
  • қатынас процесі. Коммуниканттар арасындағы үздіксіз когнитивті қор
  • ауыстыру белгілі бір сөйлесімдік ұжымдағы ортақ тілдік дүние бейнесінің
  • толықтырылуы мен нақтылануын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан да
  • коммуникация адамның дүниені тануындағы бірден-бір негізгі шарттылық
  • болып есептеледі.

11 ЛЕКЦИЯ: Дискурс - тұтастықты білдіретін семантикалық бірлік.

  • дискурс ұғымының шешендік өнер, герменевтика,
  • мәтіннің интерпретациясы және теориясы, семиотика, тіл философиясы
  • салаларында соңғы елу жыл ішінде кең қолданысқа ие болғанына
  • қарамастан, термин ретіндегі әлі ортақ дефинициясының болмауы оны
  • көптеген талас пікірлердің арқауына айналдырды.
  • Когнитивті психологияда дискурсты пропозиция, фрейм,
  • «скриптілерді» концептуалды талдаулар теориясы аясында қарастыру
  • адамның ақыл-ойы білімдер жиынтығын қалай қабылдап, қалыптастырып,
  • сақтап, ұсынып, пайдаланатынын ұғынуға жол ашты. Әдебиеттануда дискурс
  • автор стилін эстетикалық бағалау тұрғысынан сипаттау, түсіндірмелеу,
  • талдау тұрғысынан зерттеледі. Лингвистикада дискурс лингвистикалық
  • мәтін, мәтін талдам, ауызекі сөйлесімді талдау, шешендік талдау,
  • функциональды талдау тұрғысынан қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет