- Дискурс талдау теориясын түбегейлі зерттеудің проблемаларын айқындап, шешімін іздеу қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Оған дәлел ретінде дискурс терминінің әлі де нақты анықталмауы, ғылымаралық сипатының басымдығы, мәтіннен ажырату шарттары, дискурстық бірліктердің лингвистикалық табиғатының және мәтін ішінде бөлшектеу алгоритімінің нақты белгіленбеуі т.б. мәселелердің зерттелу қажеттігін көрсетуге болады. [3.3].
- Қазіргі дискурс теориясы, «дискурс» термині сияқты, антикалық риторикадан бастау алады, дегенмен дербес сала ретінде ХХ ғ. 60-жылдарында ғана мәтін лингвистикасы деген атауға ие болған көптеген зерттеулер аясында қалыптасты. Бұл лингвистиканың шектеулі сөйлеу аясынан (сөйлем) шығып, негізгі белгілері ойдың аяқталуы, бірлігі, байланысы және т.б. болып табылатын мәтін жасайтын сөз сөйлеудің синтагматикалық жүйені талдауға өткен кезеңі болды.
- Тіл білімінде мәтін туралы, мәтін талдау мәселелері өткен ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап лингвистика тарихында елеулі жетістіктерге жетті. Мәтіннің ақпараттық құндылығына, оның таңбалық, тілдік және қатысымдық, мәденитанымдық, когнитивтік ерекшеліктеріне қарай зерттеу бағыттары да сан қырлы болып келеді.
Дәріс 3. Дискурсты зерттеудің әдіс-тәсілдері. - Дискурсты зерттеудің әдіс-тәсілдері Тіл білімінде ауызекі қатысымды (устная коммуникация) зерттеуге деген қызығушылық болғанмен де, оны зерттеу тек қана өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ғана нақты ғылыми сипат алып, адамның коммуникативтік қызметінің ауызша түрі зерттеле бастады. Прагмалингвистиканың дамуымен ғана ауызекі қатысымды зерттеу ғылыми түрде мүмкін болып, ол алдына келесі мақсаттарды қойды: 1) дискурсты, оның түрлерін, тілдік ерекшеліктерін зерттеу; 2) дискурсқа қатысушылардың интенциясын, коммуникативтік стратегиясын және тактикасын анықтау; 3) дискурсқа қатысушы адамдардың әрқайсысының сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу; 4) дискурстың лексико-грамматикалық құралдарының семантикалық ерекшеліктерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |