7 ЛЕКЦИЯ: Дискурсивті талдаудың қалыптасу тарихы. - Ғылыми айналымға алғаш Зеллиг Харрис енгізген (1952) дискурстық талдау термині бастапқыда жарнамаға қатысты қолданылған болатын. Кейіннен ХХ ғасырдың 70-жылдары дискурстік талдауды дәстүрлі лингвистикамен байланысты қараған американдық және еуропа ғалымдарының еңбектерінде кеңінен жұмсала бастады. Ал 80-90-жылдары аталмыш мәселеге арналған алғашқы іргелі еңбектер жарық көрді. Дискурс ұғымы тіл біліміндегі антропоцентристік бағытты ұстанған көптеген арнаулы салалардың (психолингвистика, социолингвистика, паралингвистика, нейролингвистика, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика т.б.) дербестенуіне байланысты айрықша маңызға ие болды. Аталмыш салалардың іштей жіктелуімен бірге интерграциясы осы дискурс ұғымының төңірегінде шоғырланды деуге болады. Осымен байланысты әлі күнге дискурсқа берілген анықтамаларды аяқталған, толыққанды, дәл деп санауға болмайды.
7 ЛЕКЦИЯ: Дискурсивті талдаудың қалыптасу тарихы. - Біздіңше, дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдағанда коммуникативтік ситуацияға және оған қатысушыларға байланысты экстралингвистикалық, этномәдени факторлар сондай-ақ коммуниканттардың мақсат-ниеттері басшылыққа алынуы тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда оқырман автордың сол мәтінді дайындаған сәттегі қиял-дүниесін елестетуге тырысады. Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну бөгде адамның ойлау дүниесіне еріксіз және ерікті түрде ену деуге болады. Ал өз кезегінде адресант сол дүниені керекті нұсқада жасау үшін тілдегі семантиканың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.
8 ЛЕКЦИЯ: Дискурсты зерттеудің әдіс-тәсілдері. - Дискурсты зерттеп, талдауға алгоритм сай келеді. Бірақ ол алгоритм мәтінді талдаудағы алгоритмнен басқа болуы керек. Өйткені екеуінің зерттеу объектісі екі басқа. Дискурс – коммуниканттардың фонация, кинесика сияқты экстралингвистикалық факторларды ескергендегі сөйлеуінің жиынтығы. Осы факторларды зерттеу үшін – үнді жазатын аппаратура қажет. Екі жақты дискурсты талдаудың алгоритмі төмендегідей болуы мүмкін: 1) қарым-қатынас ситуациясын анықтау; 2) дискурс типін анықтау; 3) дискурс құрылымын анықтау; 4) коммуниканттардың рөлін анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |