12 ЛЕКЦИЯ: Дискурстағы коммуникативтік ықпал ету технологиясы. - Саяси дискурс: манипулятивтік технологиялар.
- Дискурстағы коммуникативтік ықпал ету құралдары. Айтылым
- кімге бағытталған, сөйлеуші (жазушы) өзінің адресатын қалай елестетеді,
- автордың адресатқа әсер ету мүмкіндігі қаншалықты – айтылымның стилі,
- композициясы соған байланысты құрылады. Әрбір айтылым жанры
- айтылымның кез келген саласында оның жанрын айқындап беруге
- қатысатын адресаттың типтік концепциясына ие болады.
- Айтылым адресаты айтылым жауап ретінде кімге немесе кімдерге
- арналса, соған сәйкесуі мүмкін. Күнделікті сөйлеуде, хат жазысқанда
- адресат және қарсы жақ (айтылым кімге жауап ретінде айтылды) бір-бірімен
- сәйкес келуі қалыпты жағдай, яғни: менің жауап қайтарған (жауап қайтаруға
- мәжбүр еткен), сонымен бірге мен қарсы жауап (тіпті болмағанда белсенді
- түсінілім) күткен жақ – әрі менің адресатым. Сөз болып отырған дербес
- сәйкестіктер негізінде бір ғана жақ түрлі ролді орындай алады. Осы түрлілік
- айтылым үшін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |