К дыбысының артикуляциясы. Каппацизмнің негізгі түрлері және түзету жолдары. Хатизм және оны түзету. К дыбысының артикуляциясы. К дыбысының жасалауы мынадай, ерін қалпы іргелес дыбысқа байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керекХитизм және оны түзету. X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва, хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән. Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы артикуляцияны бекіту жүзеге асады. Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл қолданады
Достарыңызбен бөлісу: |