Дислалия тіл кемістігі туралы Дислалия


Р, Р' және Л, Л' дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары



бет40/60
Дата02.01.2022
өлшемі54.03 Kb.
#454301
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
тутықпа жауап

Р, Р' және Л, Л' дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары Р жэне Р' дыбыстарының айтылуындағы түрлі кемшіліктері ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Кемшіліктің екінші түрі параротацизм деп аталады.Р дыбысы - жасалу механизмі мынадай Еріннің қалпы іргелес дыбыстарға байланысты, әсіресе келесі дауысты дыбысқа тәуелді. Мысалы, ра, ро, ру буындарын салыстырғанда белгілі қашықтық сақталады.Тіл қасық пішендес болады. Оның бүйір шеттері түп азуларға тиеді, алдыңғы шеті альвеолға көтеріледі, онымен тиіседі жэне дем ауасымен тербеледі.Жүмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді Дауыс пердесі тұтасады.Жұмсақ Р1 дыбысының айтылу артикулясияда жұпталған кіі і аңынан тіл үстінен қосымша көтерілуімен, аздап ілгері ығысуымен срокшеленеді ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс р дыбысын еліктеу негізінде қалыптастыру: дыбысты құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дірілді дыбыстармен (мотор үні, күн күркіреу) бекітуге тырысады. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасын, қалпын, қимылын бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады. Л және Л дыбыстарын айтылудың кемшіліктері және түзету жолдары Л жэне Л дыбыстарын айту кемшіліктері ламбдацизм деп аталады. Олардың басқа дыбыстармен алмасу кемшіліктері параламбдацизм деп аталады.Л дыбысының жасалу механизма мынадай Ерін қалпы іргелес көбінесе кейінгі дыбыстарға байланысты, мысалы: ла, ло, лу буындарын салыстырғанда байқалады.Төменгі, жоғарғы күрек тістер жақын орналасады.Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл бүйірлері азуға тимейді, содан дем шығатын қуыс қалады. Ол көбінесе бір жақты, әсіресе сол жақта болады. Тіл түбі көтеріледі, сондықтан тіл ер пішінді болады.Жұмсақ таңдай көтеріліп, мүрын жолын бітейді.Дауыс перделері жабылып, тербеледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет