Диссертация «экономика ғылымдарының магистрі»


Коммерциялық банктердің несиелік саясатының теориялық негіздері



бет2/8
Дата09.01.2024
өлшемі204.5 Kb.
#488743
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қырбасова Ш.Д.

1 Коммерциялық банктердің несиелік саясатының теориялық негіздері


1.1 Несие саясаты мәні, функциясы мен рөлі

Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.


Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Ұдайы өндіріс процессі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процесске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қала ды. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процессінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процессінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды [1].
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.
Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі нақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы –сол қаражаттың бір нақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субфенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтымсыз сипатқа ие.
Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жәке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несилік қатынастар субьекті сіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несилік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес, мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адам заттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды үғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді [2].
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынатардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процессінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар-кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде болулары керек несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2 - несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет б.т. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет.
Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитормен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субьектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе обьектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығың ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығн білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғары да айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастыралық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар мен несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді.Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді [3].
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қармағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналстыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы-несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы:
Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысу мен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процессін өркендете түсу керек.
Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитор мен экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредитрға қарай кері қозғалатын обьекті болып табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады[4].
Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: «қарыз», «жалға беру», «несие». Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Экономикалық теория түсінігінде «қарыз» бен «несие» түсініктері мағыналары жағынан тепе - тең. Көбінде бұл түсініктер бірін - бірін анықтайды. Несие – қайтару негізінде берілетін ақшалай немесе тауар түріндегі қарыз, әдетте үстеме пайыз төленеді. Е.В.Соколов өз еңбегінде: «Қарыз – несиелік қатынастар формасы, бір жақ екінші жаққа ақшалай немесе табиғи түрде қарыз беру» - деп жазды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің өозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты, себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуіде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғым білдіреді. Несиенің ақшалай капиталдан ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар, несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай ақ халық арасындағы несие өорын құру және оларды қайтарылуы, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрлымы бір брімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілері болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке салықтарға байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа сұранысы бар тұлға. Қарыз беруші қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда. Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына қатысты саясат орын алуда. Несинің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалды. Натуралистің несие теориясы 18 - ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А.Смит пен Д.Рекардо салды. Одан әрі оны француз экономистері Ж.Сэй, Ф.Бастия және американдық Д.Мак – Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несиенің обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысы емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымның жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табысының көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама - қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байлық пен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Д.Ж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, кпитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер, А Ган. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол «Өндіргіш капитал » болып табылады, ал банктер – «Несие фабрикасы».Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды. Міне осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.
20 ғасырдың екінші жартысында ақша - несие реттеуінің кенсиандық емес мектебінің пайда болғаны белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П.Самуэльсон, С.Харис, Э.Хансен, Л.Ледокер, Дж.Гэльбрейт болды. Дж.Кейнстің «несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы» туралы идеясын дамытты. Несиенің қазіргі уақыттағы экономикалық жүйеде кеңінен қолданып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталсақ, «несие- тауарларды немесе ақшаны несиеге беру» деп қарастырсақ. Бұл жерде, несие – тауарлармен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берулуін білдіреді.
Енді несие қазіргі уақытта экономикалық жүйеде кеңінен қолданылып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталып өтсек, несие – тауарларды немесе ақшаны несиеге беру. Бұл жерде несие – тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін білдіреді. Ал капиталдық несие – бұл қарыз капиталының нағыз қозғалысы. Ол капиталдық қарыз алушыға қайтарымдылық және пайыз төлеу шартымен беріледі. Бұл жерде несиенің екі түрлі шартпен берілетіндігі қайтарымдылық және пайыз төлеу туралы айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет