Диссертация «экономика ғылымдарының магистрі»



бет4/8
Дата09.01.2024
өлшемі204.5 Kb.
#488743
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қырбасова Ш.Д.

1.3 Несие саясатының түрлері
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие –қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие саясаты несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытшұа бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие саясатынан несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақш капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие саясатының құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20 жылдарынан 90- жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие саясаты құрылды.
Загрузка...
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие — өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие – қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие – қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша-есеп және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі күрделі, әр көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады: орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары.
Несие саясаты несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несие саясаты несие механизмі көмегімен жүзеге асырылады.
Жалпы несие саясаты мынадай сипатта болуға тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

  •  нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несие саясаты несиелік қызметтің келесідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Несие саясаты несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • несиелік портфельді басқару;

  • несиелеуге бақылау жасау;

  • құзыретті бөлу принциптері;

  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;

  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несие саясатын іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

  • несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер.

Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Тұтыну несиесiнiң әлеуметтiк маңызы. Тұтыну несиесi тұрғын халықтың мәдени тұрмыс қажеттiлiгiн өтеудегi маңызды құрал болып табылады.
Тұтыну несиесiнде қарыз алушылар жеке тұлғалар, ал қарыз берушiлер несие мекемелерi, сонымен бiрге әртүрлi меншiк формасындағы кәсiпорындар мен ұйымдар болып табылады. Тұтыну несиесi ақшалай және тауарлы түрiнде берiле алады.
Әр елдiң жеке тұлғаларды несиелеу саласында әртүрлi заңдары болады, алайда ол заңдарды бiр ғана жағдай бiрiктiредi – ол: тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн арттыру мақсатында несие жеткiлiктi көлемде қол жетерлiк, қарапайым болуы тиiс.
Бiздiң елiмiзде (1987 жалға дейiн) тұтыну несиесiнiң көбiне екi түрi қолданылып келдi: ұзақ мерзiмдi пайдаланатын тауарларды сатып алуға несие беру және тұрғын – үй құрылысына (жеке және кооперативтiк) несие беру. Несиенiң бiрiншi түрi жанама сипатта болды, себебi оны Мемлекеттiк Банкiнiң қатысуымен түрлi сауда ұйымдары берiп отырған, несиенiң екiншi түрiн тiкелей несие мекемелерi (Мемлекеттiк Банк пен Құрылыс банкi) берiп отырған.
Тұтыну несиесi тауарлар мен қызметтердiң құны толық төленiп бiткенге дейiн қолдана беруiне мүмкiндiк бередi, нәтижесiнде тұрғын халықтың өмiр сүру деңгейiн арттырады.
Тұтыну несиесi түрлi мақсаттарға берiледi: қозғалатын мүлiк (автокөлiк, жиhаздар, тұрмысқа қажеттi заттар) және қозғалмайтын мүлiк сатып алуға, сонымен бiрге әртүрлi қызмет түрлерiн (тұрмыстық, медициналық) төлеуге берiледi.
Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қойып жеке тұлғаларға берiлетiн бак ссудаларын ипотекалық несие деп атайды. «Ипотека» гректiң сөзiнен алынған, ол ссуданың қамтамасыз етуге берiлген жердiң шекарасын белгiлеу үшiн жерге қағылатын «ағаш қазық» деген мағынаны бiлдiредi. Тұтыну несиесi мен Ипотекалық несие ұқсастығы сонда, екi жағдайда да бак тұтынушыларға, яғни жеке тұлғаларға несие бередi. Сондықтан бұл жағдай ипотекалық несиенi тұтыну несиесi қатарына жатқызуға негiз болып табылады. Алайда қамтамасыз ету формасы, несиелердi пайдалану саласы әртүрлi болады. Ипотекалық несиенiң маңызы «тұтыну несиесiне» қарағанда кеңiрек, мысалы ауыл шаруашылығы мен құрылыста көп пайдаланады.
Тұтыну несиесiнiң объектiлерiне байланысты жiктелуi. Қарыз алушылардың тұтыну несиесiн банк тәжiрибесiнде бiрiншi белгiлерi бойынша жiктеуге болады:
Несиенi пайдалану бағыттары бойынша елiмiзде тұтыну несиесiн азаматтардың кезек күттiрмес мұқтаждарын өтеуге, тұрғын үй салуға немесе күрделi жөндеулер жүргiзуге, ұзақ тұтынатын жеке меншiк мүлiктер сатып алуға және т.б. мақсаттарға бередi. Бактер сонымен бiрге автокөлiк, iрi қара мал сатып алуына, азаматтардың жекелеген категорияларын шаруашылық жүргiзуiне ұзақ мерзiмдi ссудалар бередi[7].
Несие келiсiмiнiң субъектiлерi бойынша:
бактiк тұтыну ссудалары;
тұрғын халыққа сауда ұйымдарының беретiн ссудалары;
бактiк емес типтегi несие мекемелерiнiң беретiн ссудалары (ломбардтар, несие кооперативтерi, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, өзара көмек көрсету кассалары, бiр затты пайдаланушыға беретiн пункттер);
қарыз алушылардың жұмыс iстейтiн орындарында берiлетiн тұтыну ссудалары;
жеке адамдар беретiн жеке тұтыну ссудалары.
Неселеу мерзiмдерi бойынша тұтыну ссудалары:
қысқа мерзiмдi (1 күннен 1 жылға дейiн)
орта мерзiмдi (1 жылдан 3 – 5 жылға дейiн)
ұзақ мерзiмдi (3 – 5 жылдан жоғары)
талап еткенге дейiнгi несиелер деп бөледi.
Несиенi беру тәсiлдерiне қарай тұтыну ссудалары:
мақсатты
мақсатты емес (овердрафт, кiдiртуге болмайтын қажеттiлiктерге) деп екiге бөлiнедi.
Қамтамасыз етiлуiне байланысты:
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген (бланктiк)
қамтамасыз етiлген (кепiл, кепiл болушылық, кепiлдеме, сақтандыру) деп бөлiнедi.
Өтеу әдiстерiн байланысты:
бiр мезгiлде өтелетiн ссудалар және төлемдердiң мерзiмдерiн ұзартып отыру арқылы өтелетiн ссудалар деп бөлiнедi.ъ
Сыйақы ставкаларын алу әдiстерiне қарай:
қарыз берген кезде сыйақыны ұстап қалатын ссудалар;
несиенi толығымен өтеу кезiнде алынатын сыйақы ставкалары;
несиенi пайдалану мерзiмiнде тең бөлiктермен сыйақы ставкаларын төлеп отыратын ссудалар (тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе алдын ала келiсiлген кесте бойынша)[8].
Қаржылардың айналым сипатына қарайссудалар бiр жолғы және қайталанатын (револьверлiк, ролловерлiк) болып бөлiнедi. Револьверлiк несие тобына, әдетте, овердрафт формасындағы бiркелкi активтi пассивтi шоттар бойынша берiлетiн немесе клиенттерге бiркелкi несие карталары бойынша берiлетiн несиелердi жатқызады. Жеке тұлғалардың талап еткенге дейiнгi шоттары бойынша несие желiлерi әлемдiк банк тәжiрибесiнде аз тараған, бiрақ несие карталары бойынша берiлетiн несиеге ұқсастырып пайдаланады. Клиенттер өзiнiң шотындағы қаржылар қалдығынан артық сомаға чек жазып беруiне болады (чектiк несие), алайда овердрафт қолданғаны үшiн банкке сыйақы төлейдi.
Сонымен, жоғарыда көрсетiлген тұтыну несиесiнiң жiктелуi оның түрлерiнiң сан алуан болатындығын дәлелдеп отыр, бiрақ жiктелу оынен шектелiп қоймайды. Сондықтан оны басқа да белгiлерi бойынша жалғастыруға болады.
Төлемдердiң мерзiмдерi ұзартылған несиелердi тiкелей және жанама банк несиесi деп бөлуге болады. Тiкелей банк несиесiн берген кезде ссуданы пайдаланушы клиент пне банк арасында несие келiсiмi жасалады. Жанама банк несиесiнде клиент пен банк арасында делдал болуымен сипатталады. Мұндай делдал ретiнде көп жағдайларда бөлшек сауда кәсiпорындары қатысады. Несие келiсiмi тауар сататын дүкен мен клиент арасында жасалып, сауда орны өз кезегiнде банктен ссуда алады. Несиелеудiң мұндай формасының кеңiнен тарап отырғандығын, американдықтардың автокөлiгiн сатып алуына арналған ссудалардың 60 пайыздан астамы жанама түрде алынып отырған несие екендiгiн нақты мәлiметтер көрсетiп отырған болса, бiздiң елiмiзде мұндай статистикалық деректер жоқ. Алайда, барлығымызға мәлiм, соңғы кездерi тұрғын халықты сауда ұйымдары арқылы несиелеу белсендi түрде қанат жаюда. Тұтынушылар қымбат тұратын тауарларды (автокөлiк, тоңазтқыш, кiр жуу машиналары, компьютер және басқа да ұзақ мерзiм пайдаланатын таурлар) төлем мерзiмiн ұзартып сатып алуда.
Тұтынушылардың қажеттiлiктерiн тiкелей және жанама түрде банктен несиелеудiң өзiндiк ерекшелiктерi мен терiс жақтары да болады. Бiрiншiден, тiкелеу банктен несиелеу, жанама несиелеуге қарағанда ерекшелiгi – оның несиелiк процестi ұйымдастырудағы қарапайымдылықта. Мұнда несиелеу объектiсi нақты анықталады, берiлiп отырған ссуданың экономикалық тұрғыдан алғанда мақсатқа сәйкес екендiгiн анықтау мүмкiн болады, суданы пайдалану барысында бақылау жасалып өтелуiн банк тiкелей қадағалап отырады. Аталған процестердiң барлылғы да қарыз алаушымен несиелiк қатынастарды реттеп отыруға нақты жағдайлар туғызады.
Екiншiден, банктiң тiкелей несиелеуiмен байланысты терiс жақтарына жанама түрдегi несиелеуге қарағанда тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң жоғары болуы жатады. Мұндай қорытындыны қалай негiздеуге болады?
Бiрiншiден, елiмiзде жеке азаматтарды несиелеудiң қазiргi кездегi тәжiрибесi бiрқатар күрделi жағдайлармен байланысты:
ссуданы беру алдындағы кезеңде, жеке клиенттердiң несиенi қайтару қабiлетiн түгелдей барлық банктер тексере бермейдi;
б) клиентiң несиелiк қабiлетiн анықтау барысындағы әдiстердiң көбi дерлiк iс жүзiнде қалыптасқан талаптарға сай келмейдi;
в) несиенiң қамтамасыздығы көбiнесе сөз жүзiнде қалып қояды, яғни нақты қамтамасыз етiлмейдi.
Екiншiден, елiмiздегi қалыптасқан макроэкономикалық жағдай (экономикалық, саяси, әлеуметтiк тұрақсыздық, инфляция т.б.) банктiң жеке азаматтарды несиелеуде дұрыс ұйымдастыруына терiс әсерiн тигiзедi.
Тұрғын халықты жанама түрде несиелеу банкке тәуекелдердiң (несиелiк, валюталық, нарықтық, сыйақылық) әсерiн қысқартуға мүмкiндiк туғызады. Жанама түрде несиелеукезiнде клиент банкке несие сұрап бармай-ақ, өзiне қажеттi тауарларын сауда орындарынан сатып алуына болады[9].
Жанама түрде несие берген кезде рыноктың қатысушыларына өзара дилерлiк шарттармен сауда индосаментiн кепiлге қою арқылы жүзеге асырылады. Неисе берудiң мұндай түрiнде банк қосымша шығындарсыз өзiнiң несие портфелiн ұлғайтуға мүмкiндiк алады. Қазақстан Республикасында тұтынушыларды тiкелей несиелеу олармен жеке әңгiмелесудi қажет ететiн болғандықтан, ол қосымша шығындармен байланысты болады. Сондықтан да дилерлiк келiсiм шарт пен сауда индосаменттерiн сатып алу арзанға түседi.
Тұтыну несиесiнiң құралдары . Несие құралдарына байланысты тұтыну несиесi чекпен және несиелiк карточкалармен берiледi. Несие басым жағадйларда төлемдердiң мерзiмiн ұзарту негiзiнде берiледi. Чекпен берiлетiн несиенiң келесi түрерi болады: овердарфтық, кепiлдемелiк, арнайы. Тұтынушыларға чекпен несие берудiң мiндеттi шарты – қарыз алушының чектiкшотының болуы. Несие бұл шоттағы қалдықтың жоқ болуы жағдайында берiлуi тиiс. Чекпен несие беру кезiнде алдын ала келiсiлген лимит көлемiнде чектер төлеуге алынады. Ол лимит коммерциялық банктердiң несие беру мүмкiндiгiне, клиенттiң несиелiк қабiлетiне, банктiң қызмет түрлерiне деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып келедi. Чектiк тұтыну несиелерi шотқа кәдiмгi салымдардың түсуi барысында немесе арнайы жарналар аудару арқылы өтеледi. Чектiк шоттарды көбiне овердрафтық шоттар деп атайды.
Тұтыну несиесiнiң тағы бiр түрi – банктiң несиелiк карточколары. Несиелiк карточкалардың чектiк несиеден айырмашылығы: олар чектiк шоттарға негiзделмейдi және мұнда үш жақ қатысады – карточка иесi, банк және сауда орындары. Арнайы симфолдары бар пластикалық карточкалар қарыз алушыға (тұтынушыға) берiледi және де банктiң карточка иесiне несиенi пайдалануға кепiлдеме беретiндiгiн дәлелдейдi. Несие карточкасы клиенттiң банкпен депозиттiк операцияларының жағдайы тұрақты болған жағдай да берiледi. Несие карточкасы бойынша несиелiк лимит орнатылады[10].
Тұтыну несиесі — бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие.
Тұтыну несиесінің негізгі міндеті — тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан — тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан — тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытт а нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапония-да тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда — 30%, ал
Ұлыбритания мен АҚШ-та — 60%-дан астам1. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма-қол төлеу шартымен сатылады.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты — клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер — бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі — 36 ай.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады. Бұл төлем карточкаларының көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Экономиканың “қызып кеткен”, ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейуі жағдайында қарама-қарсы саясат жүргізіледі: қолма-қол төлемнің үлесі жоғарылайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
КСРО-да тұтыну несиесі 60-70-жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1-2% жылдық мөлшерлемемен 6-24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Түрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды, тұрмысқа қажетті тауарларды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдердн несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма - қол ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай және тауарлай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей немесе жанама банкілік несие нысанын қабылдауы мүмкін. Тікелей банкілік несие берілгенде банк пен несие алушы алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама банкілік несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік қатынастарды делдал болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда кәсіпорындары болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиент арасында жасалып, ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады. Мұның көп таралғандыған, мысал келтірсек, қазіргі қазіргі уақытта қазақстандықтарға автомобиль сатып алуға берілетін 70% - дан астам ссуда жанама несие түрінде беріледі.
Тікелей және жанама тұтыну несиесі өзінің кемшіліктері мен артықшылықтарына ие. Біріншісі, ол банктік несиені жанамадан ерекшелейтін - бұл несиелендіру объектісін дәл бағалауға мүмкіндік беретін несиелендіру процессін ұйымдастырудың қарапайымдылығы. Мұның бәрі, әрине банк пен қарыз алушының арасында несие қатынастарының ұйымдастырылуында жақын орын алады.
Елдегі макроэкономикалық жағдай да банктің жеке клиенттерінің несиелендіруін ұйымдастырғанда кері әсері болады.
Біздің елімізде тұтыну несиесінің кең таралуына негізгі кедергі - клиенттің төлеу мүмкіндігінің төмендігі. Көбіне клиент өзінің жалақысы есебінен несиені өтей алатынын дәлелдей алмауы.
Жалпы Қазақстанда 2012 жылы тұтыну несиесіне 27,5 млрд теңге жұмсалған, ал 2008 жылы 140 млрд теңге жұмсалған. Яғыни 2008 жылмен салыстырғанда 5 - есеге дейін тұтыну несие көлемі төмендеп отыр. Себебі қаржы дағдарысының әсері Қазақстанның коммерциялық банктеріне өте кең көлемде әсер етті. Ал қазір тұтыну несиесіне қойылып отырған 17 – 27 пайыздық ставка көлемінде болып отыр. Әрине бұл қарапайым халыққа өте жоғары пайыз қойылым.
Экономикасы дамыған елдерде ІЖӨ - мен салыстырғанда тұтынушылық несиелендіру көлемі мен тұтыну қаншалықты маңызды екенін атап өту қажет. Мысалы: Нидерландыда бұл көлем ІЖӨ-нің өзінен де жоғары. Италия сияқты бұдан да консервативті елдер де бар, әрі онда тұтынушылық несиелендіру көлемі ІЖӨ - нің 40% - ын құрайды және бұл тұтынушылық несиелендіру нарығында ІЖӨ - ге қомақты пайыз.
Қазақстан банкілерінен ең принципалды ерекшелігі - сатып алушы несие алу үшін тек анкетаны толтырады. Ешқандай басқа құжаттар (табыс туралы анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі) керек емес.
Сонымен қатар жеке куәлігі, РНН, СИК және қайда жұмыс істейтіндігі қанша жалақы алатындығы турысында мәлімет қажет болады.
Мысалы: Біз «Планета электроника» магазинінен «Каспий банк» АҚ қатысуымен 250 000 теңгеге UE46D6530WS маркалы самсунг теледидарын сатып алдық.
Бұл несиені алуға қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік

  • РНН

  • СИК

Қалған мәліметте қай жерде жұмыс істейсін, қанша жалақы аласын, тағы басқа мәліметтер несиені алу барысында банктің маманы толық мәліметті компютердегі бағдарламаға енгізеді. Несиені алу барысында біз 150 000 тенге көлемінде бастапқы сомманы төлеп тастадым, бірақ бастапқы сумманы төлемесемде болады.
Бұл жерде банк маманынын есептеп беруі бойынша мен бастапқы 150 000 теңгені төлегенен қалған 100 000 теңгені 13 айға 7692 теңгеден төлейтінімді түсіндірді. Сонда банкке және маған қаншалықты деңгейде тиімді соны қарастырып көрейік. Мысалы: «Каспий банк»АҚ «Планета электроника» магазинімен алдын ала келісім шартқа отырады, бұл жерде «Планета электроника» магазині банкке 10 пайыздық жеңілдік береді. Сонда 250 000 теңгенің 10 пайызы 25000 теңге болады, яғыни 225 000 теңге самсунг теледидердың нақты магазиндегі бағасы.
Ал банк 13 айға 100 000 тенгені несиеге беруіне байланысты 25 000 теңге пайдаға кенеліп отыр. Бізге келер болсақ біріншіден 150 000 теңге бастапқы сумманы төлегенен кейін 100 000 теңгені 13 айға бөліп төлеген өте тиімді болып келеді. Жалпы біз сатып алған Самсунг теледидары Ресей елінде жасалып шығарылады, алайда Ресей нарығында бұл теледидардың бағасы 240 000 тенгені құрайды.
Әрине Ресей елінен Қазақстан нарығына жеткізіліп берілуіне байланысты шығын, арадағы делдалдар қосатын бағаны, магазин қосатын бағаны түбінде қарапайым қара халық өз мойнына алып отыр. Былай ойлап қарасақ ай бойы қара термен тапқан қарапайым халықтың табысы біріншіден шет елге, екіншіден делдалға,үшіншіден банктің пайызын төлеуге кетіп отыр деген сөз.
Осы жерде мысалы ретінде және бір банктің тұтыну несиесін беру жағдайын қарастырайық. Мысалы: «Алсер» компютерлік магазинінен 100 000 теңгеге «Хоум Кредит Банк» АҚ қатысуы негізінде ноутбук алғым келеді.
Бұл несиені алуға қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік

  • РНН

  • СИК

Қалған мәліметтер қай жерде жұмыс істейсін, қанша жалақы аласын, тағы басқа мәліметтер несиені алу барысында банктің маманы толық мәліметті компютердегі бағдарламаға енгізеді.
Айта кететін жайт бұл жерде «Хоум Кредит Банк» АҚ 100 000 теңгелік ноутбукті 6 айға ешқандай бастапқы суммасыз, 20 000 теңгеден төлейсіз деп банк маманы сізбен келісім шартқа отырады. Енді ойлап қараңыз мысалы: Біз 100 000 теңгелік ноутбукті 120 000 теңге есебінде қайтаруым қажет, сонда магазинде ноутбук 100 000 теңге тұрса 10 пайыздық жеңілдік банкке берілсе, ноутбуктін магазиндегі таза бағасы 90 000 теңгені құрайды. Тура айтар болсақ банк бұл жерде 30 000 теңге табысқа кенеліп отырғандығын көреміз.
Ал егер 10 пайыздық жеңілдік берілмесе банк 20 000 теңге табысқа кенеледі. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдардың тарапынан қатаң реттеуге ұшырауда. Біздің елімізде ол Ұлттық Банктің жұмысы. Шет елдің мемлекеттік реттеуін екі түрге бөліп қарауға болады: беру және пайдалану деңгейінде. Беру деңгейінде мемлекет не тұтынушыларды несиелеуді қолдайды, не тежейді. Банктердің және қаржы компаниялардың бұл жұмысына несиелік шектеулердің ережесі қолданылады.
Бірнеше жыл бұрын жағдайы Қазақстандағыдай болған «Азия жолбарыстары» деп аталатын үш елден мысал келтірейік: Тайланд, Малайзия және Индонезия. 80-ші, 90-шы, 2001-шы жылдары осы елдердің ІЖӨ өте мықты өсім болды, шамамен жылына 7-8% және оның өсім процесі тұтынушылық несиелерді кең көлемді пайдаланумен тікелей байланысты.
Бүгінгі күнге, Азияның осы аймағы, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді қоса алғанда, нарықты револьверлік несие карточкалары бойынша жүргізеді, ал 20 жыл бұрын ол төлем карточкаларының әлемдік нарығының елеусіз сегменті еді.
Инфляцияның көрсеткіштері, ставкалар тұрғысынан жергілікті қаржылық бақылау органдарының саясаты және нарықтың ғаламдық шарттары сияқты базалық индикаторларды ескеру қажет, яғни ақы төлеу арналарының болуын ескеру қажет. Нақты бір іспен айналысу индикаторлардың бірі болуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстандық банкілермен несиелендіру тәжірбиесі өзінің несиелендіру объектілерін кеңейту, ссудаларды беру шарттарын жеңілдету, сонымен қатар осының барлығын іс жүзінде асыру керектігі байқалады. Макроэкономикалық тұрақтылық, жалпы алғанда инфляцияның алдын алу тұрғындарға банк ссудаларын кең қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу көрсеткендей, барлық әлем елдерінде тұтыну несиесі - бұл тұрмыс тауарларын сатып алуға тұрғындарға берілетін және коммерциялық несие формасында тұтыну қызметтерін және банкілік ссудалар. Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - тұрғындарға тауар сатуды қолдау. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланыста: бір жағынан тауар айналымы өскен сайын несие көлемі өседі, өйткені тауарға сұраныс несиеге сұранысты туғызады, екінші жағынан - тұрғындарды несиелендірудің өсуі төлем мүмкіндігі сұранысы. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта тауарлар нарығының толықтығы жағдайында байқалады.
Бұл несие түрін әлтүрлі елдерде салыстыру оның даму деңгейінің әртүрлілігін көрсетеді. Италияда және Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыздарының сомасы осы елдердегі жалпы ішкі өнімге шаққанда 10% деңгейінде, ФРГ және Францияда-30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ та 60%- дан астам. Тұтыну несиесі ең алдымен қымбат тауарларды сатып алғанда пайдаланылады: автомобильдер, электротұрмыстық тауарлар, жиһаз т.б. тауар қымбат болған сайын, несие жиі қолданылады.
Қазіргі кезде көптеген батыстың экономистерінің кітаптарында айтылады несиенің екі жағы бар, біріншіден – егер несиені бизнеске салып түбінде қосымша құн алып келсе ол жақсы несие деп аталады, екіншіден – егер несиені керексіз немесе моданың өзгеруіне байланысты түрлі үй жиһаздарын, теледидар, ойын приставкаларына жұмсайтын болсаңыз бұл керексіз несиенің түріне жатқызуға болады.
Сонымен қатар экономикамызда бағаның көтерілу саясаты орын алып отыр. Байқап қарасаныз магазиндердегі баға екі еселеніп көтерілуі орын алса, екінші жағынан инфляцияның әсеріде өте жоғары. Әрине жалпы экономкамызда несие нарығының кең етек жайғандығы дұрыс бірақ банк тарапынан несие беру процесінде халықтың әлеуметтік жағдайын ескерсе нұр үстіне нұр болар еді.
2008 жылдары Қазақстанның коммерциялық банктері шет елден 2 пайызға несие алып ішкі нарыққа 13-14 пайызбен несие беріп халықты мәз - мейрам қылған болатын. Себебі халық алған несиесіне той өткізіп керегін алып несиемен өмір сүруге әдеттене бастады.
Ал коммерциялық банктер несие беру талабын өте төмендетіп жіберіп ақыр аяғы банктердің қаржы дағарысына тап болуына алып келді. Менің ойымша банк жүйесі шет елден үлкен тәуекелге бармай ішкі нарықтан сонымен қатар қарапайым халықтан қаржы тарту жүйесін дамыту керек деп ойлаймын.
Қазіргі депозит жүйесінде де шикі жақтары көп, себебі қарапайым халық депозитке ақша салуға қызығушылығы жоқ. Мысалы мен 30 000 теңгені депозитке салу негізінде жылына 3000 теңге пайда көреміз, әрине бұл жүйе мені мүлдем қызықтырмайды.
Қазіргі жағдайды қарастыратын болсақ экономикамызда дайын тауар өндіру көрсеткіші өте төмен. Біз сырттан тауарды алып келіп үстіне екі еселеп баға қойып және оны тұтыну несиесі ретінде беріп отырмыз. Әрине бұл жағдай, бұл экономикалық құбылыс халықтың жағдайын жақсарту орнына төмендетуі айдай анық.
Менін ойымша мысалы дамыған елдерде қарапайым халық осы тұтыну несиесі негізінде өмір сүруге әдеттенген, яғыни халықты пайызы өте төмен пайыздық несиемен қамтамасыз еткен. Ал біздін банктер көбіне несиенің пайызын инфляцияның көрсеткішіне теңестіріп тұтыну несиесінің өзін 20 пайыздан жоғары несиемен қамтамасыз етуде. Менің оыйымша тұтыну несиесімен қамтамасыз етуді мемлекетте қолға алса болады. Арнайы банк құрып пайызы төмен 4 - 5 пайыздық несиелер берсе, бірішіден халықтың жағдайы жақсарса, екіншіден тауар өтімділігі жоғарлайтын еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет