1.2 Несие саясатының элементтері және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар
Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несие – бұл фексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы.
Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Комерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несинің банктік несиеден айырмашы лығы мынадай:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құрамына қосылады.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
мақсатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
коператифтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
Тағайымдалу және пайдалану сипатына қарай:
негізгі нормаларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
кепілхатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
Қамтамасыз етілмеген:
сенім (бланктік) несиесі.
Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Сонғы қабылданған актифтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютасымен.
Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін жеке жұмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау және көмек көрсету.
Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені таурларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді.
Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен жалығу жағдайында көрінеді.
Қазақстан Республикасында тұтыну несиесi кеңiнен дамып отырған несиеге жатады. Екiншi деңгейдегi банктер тәжiрибесiнде тұтыну несиесiнiң мынандай түрлерi қолданылуда:
автокөлiктiк несие;
ұзақ мерзiмде пайдаланылатын таурлар сатып алуға берiлетiн несие;
тұрғын үйдi жөндеуге берiлетiн несие;
кейiнге қалдырылмайтын қажеттiлiктерге (оқу, емделу, демалу, және т.б.) берiлетiн несиелер.
Мұнда автокөлiктiк несие бойынша жаңа және жүрiлген автокөлiктердi банк несиесi көмегiмен алуға болады.
Ұзақ мерзiмде пайдаланытын тауарларға мыналар жатады:
жиhаз;
сантехника;
аудио – видео және тұрмыстық техникалар;
компьютер және оргтехника;
басқада тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйдi жөндеу жұмыстарына: үйдiң iшiнде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргiзу жатады.
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесiн алуға қажеттi құжаттар тiзiмi мынадай:
Қарыз алушының анкетасы.
Жеке куәлiгi (көшiрмесi).
СТТН (көшiрмесi).
Соңғы 12 айға бөлiнiп көрсетiлген жалақы және басқа да табыстары туралы жұмыстан берiлетiн анықтама.
Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
Отбасы құрамы туралы анықтама.
Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлiк, жұбайыңыздың жеке куәлiгi).
Кепiлге қоятын мүлiктiң құжаттары.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жеткшi банк – Казкоммерцбанктiң тұтыну несиесiн беру шартын 1 – кестеден көруге болады.
Кесте 1 - «Казкоммерцбанк-тiң» тұтыну несиесiнiң түрлерi мен шарттары
№
|
Несиелеу шарттары
|
Тұтыну несиесiнң түрлерi
|
Автокөлiк несиесi
|
Ұзақ мерзiмдi тауар сатып алу несиесi
|
Жаңа
|
Ескi (пайдаланылған)
|
1
|
Несие мөлшерi
|
Автокөлiк құнының 80 % дейiн.
|
Автокөлiктi бағалау құнының 80 % на дейiн.
|
10 000 АҚШ долларына дейiн (немесе эквивалент)
500 000 АҚШ долларына дейiн (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлiк болса)
|
2
|
Бастапқы жарна
|
Автокөлiк құнынан 20 %
|
3 жылға дейiн жүрген шетел автокөлiгi н сатып алуда 20 %;
3 жылдан 5 жылға дейiн жүрiлген шетел автокөлiгiн сатып алуда 30 %;
5 жылдан 10 жылға дейiн жүрiлген шетел көлiгiн сатып алуда 50 %;
3 жылға дейiн жүрiлген ТМД елдерiнiң автокөлiгiн сатып алуда 30 %;
3 жылдан 5 жылға дейiн жүрiлген ТМД елдерiнiң автокөлiгiн сатып алуда - 50 %
|
|
3
|
Несие мерзiмi
|
Шетелдiк автокөлiк үшiн 5 жылға дейiн;
ТМД елдерiнiң атвокөлiгi үшiн 3 жылға дейiн
|
3 жылға дейiн
|
2 жылға дейiн
|
4
|
Несие валютасы
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
АҚШ доллары немесе теңге
|
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесiн алуға қажеттi құжаттар тiзiмi мынадай:
Қарыз алушының анкетасы.
Жеке куәлiгi (көшiрмесi).
СТТН (көшiрмесi).
Соңғы 12 айға бөлiнiп көрсетiлген жалақы және басқа да табыстары туралы жұмыстан берiлетiн анықтама.
Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
Отбасы құрамы туралы анықтама.
Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлiк, жұбайыңыздың жеке куәлiгi).
Кепiлге қоятын мүлiктiң құжаттары.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз. Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы[5].
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндетемелер, тұрғындардың жинақ кассасының салымдары болып табылады.
Халықаралық несие - валюталық және пайда төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Офердрафт несиесі - клиенттік шартынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Офернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, беретін несие.
Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пай даланатын несие.
Сенім несиесі (траст) – банктің сеніміне кірген қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Несиелеу обьектісіне қарай:
Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материадар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
Ломбарттық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
Театрлар және демалыс орындарының кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
Тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
Қазақстан Республикасында несиелеудің келесі түрлері дамыған:
Ұлттық банктің несиелері:
аукциондық - Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан - 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие[6].
ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі.
бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыру.
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға.
импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт.
ипотекалық.
несиелік желі негізінде-қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі.
концорциялық - несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығы мен бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие.
тұтыну мақсаттарына.
банкаралық.
Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резерфтер құру тәртібі туралы ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардан келесі бөлінулерін белгіледі:
стандартты-қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күмән туғызбайтын несие;
стандартты емес - несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;
қанағаттанарлықсыз - ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емес ұзартылған несие.
күдікті - қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен бастап ұзартылу мерзімі 60 күннен 90 күнге дейінгі несие;
шағынды - ұзарттыру мерзімі 90 күннен артық несие.
Банктердің қарыз портфелінің жіктеуі, оның сапасының жоғарлауы және несиелік қызметтің болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резерфтер құру мақсатын көздейді және банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді[6].
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтыну несиесi экономикада үлкен рөл атқарады. Сондықтан оған мемлекет тарапынан реттеу шаралары жүргiзiледi. Несиенi беру деңгейiнде және оны пайдалану деңгейiнде реттеу тұтынушыны сыйақы ставкасының мөлшерi, несиенiң мерзiмi тағы басқада, шаралар арқылы ынталандыру немесе несиелеу тәртiбiн қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |